- •1,2. Қазақ тілінің дауысты дыбыстар жүйесінің түркі тілдеріндегі дауыстылар сәйкестігімен байланысы.
- •9. Қазақ тіліндегі қатаң дауыссыз дыбыстар және олардың қыпшақ тобы тілдерімен сәйкестік құрауы
- •11. Қазақ тіліндегі ұяң дауыссыз дыбыстар және олардың қыпшақ тобы тілдерімен сәйкестік құрауы
- •12. Етістіктің өткен шақ тұлғаларының тарихи қалыптасуы.
- •13. Хх ғасырдағы түркітану саласындағы жетістіктер
- •14.Етістіктің осы шақ тұлғаларының тарихи қалыптасуы
- •15. Қазақ тіліндегі үнді дауыссыздардың қыпшақ тобы дауыссыздар жіктелісіндегі орны
- •16. Салыстырмалы-тарихи әдіс және лингвистикалық түркология
- •21 Сұрақ Етістіктің салт, сабақты және болымды, болымсыздық категориялары
- •23 Сұрақ Түркі тілдеріндегі езулік дауыстылардың сәйкестігі
- •24 Cұрақ Етістіктің есімше тұлғасының тарихи қалыптасуы
- •25 Cұрақ . Түркі тілдерін топтастыру мәселесі: ең жаңа классификациялар (г. Ахатов, а. В. Дыбо, о. Мудрак)
- •31. Түркі тілдерінің классификациялау мәселесі және м. Қашқаридың « Диунаи лұғат ат түрк» еңбегі.
- •32. Етістіктің дербес грам категория рет ерекшеліктері
- •33. Үстеу және оның сөзжасам жүйесі
- •34. Түркі тілдерін топтастыру мәселесі: Радлов және Корштың класиф
- •35. Сілтеу есімдіктерінің тарихи қалыптасуы
- •36. Тілдердің даму жолын тарихи тұрғыдан зерттеудің ретроспективті және проспективті бағыттары.
- •39. Алтай дәуірі және «Алтай гипотезасы туралы түсінік».
- •40. Түркі тілдерін топтастыру мәселесі: в.А.Вогородскийдің, а.Н.Самойливичтің , й.Рамстедтің классификациялары.
- •46. Батыс хун тілдері жіктелісі
- •47.Түркі тілдері дамуының орта орта түркі дәуірі
- •48. Сұрау есімдіктерінің таррихи қалыптасуы
- •51.Алғашқы түбір және қазіргі тілдергі «өлі түбірлер» туралы.
- •52. Орта түркі жазба мұраларының түркі жазба тілдерінің қалыптасуындағы орны.
- •53. Тіл дамуындағы заңдылықтардың сөздің морфологиялық құрамына тигізетін әсері.
- •55.Ондық сан есімдер.
- •66. Сан есімнің басқа сөз таптарынан айырмашылығы
- •68. Түркі тілдеріндегі фузия
- •69. Кейбір сан атауларының этимологиялық негізі
- •70. Есімдіктердің қалыптасу, даму жолы
- •76. Моносиллабтардың морфонологиялық құрылысы
- •77. Көптік категориясының тарихи қалыптасуы
- •78 Сурак Кыпшак тобы тилдериндеги тарихи дыбыстык сайкестиктер
- •79Сурак Казак тили жане турки тилднринин морфологиялык курылымы:
- •80 Сурак Салыстырмалы тарихи адисти колданудын басты шарттары
- •81. Салт-сабақтылық мән және етіс категориясы
- •82 Генеалогиялық классификация жасаудың негізгі ұстанымы.
- •83. Септік категориясының тарихи қалыптасуы
- •84. Сын есімнің қалыптасуында адъективтену процесінің атқарған рөлі
- •86. Сын есім жасайтын жұрнақтар.
- •87.Дара және күрделі сан есімдер
- •88. Түркі тілдерін зерттеуде қолданылатын әдіс – тәсілдер
88. Түркі тілдерін зерттеуде қолданылатын әдіс – тәсілдер
Салыстырмалы-тарихи тіл білімі − тіл дамуының тарихи заңдылықтарын, тілдердің генетикалық және тарихи өзара байланысын, әлемнің лингвистикалық картасының қалыптасу жолдарын, халық тарихын оның тілінің тарихымен ұштастыра зерттейтін іргелі ғылым саласы. Оның аясына лингвистикалық түркология, моңғол компаративистикасы, тұңғыстану және маньчжуртану, жапонтану және корей тіл білімі, түркі тілдерінің тарихи-салыстырмалы грамматикасы, түркі тілдерінің тарихи морфологиясы, түркі тілдерінің тарихи-салыстырмалы синтаксисі, қазақ тілінің тарихи лексикологиясы, қазақ тілінің тарихи-салыстырмалы грамматикасы т.б. жеке ғылым салалары да, осы ғылым салаларын бір арнаға тоғыстыратын салыстырмалы-тарихи алтай тіл білімі де енеді.
ХІХ ғ. алғашқы жартысында Ф. Бопп, Р. Раск, Я. Гримм, А.Х. Востоков, В. Гумбольдт, А. Кун, О. Шрадер, О. Бетлинг, П. Шафарик, А. Шлейхер, Ф. Миклошич т.б. ғалымдардың іргелі зерттеулері арқылы қалыптасып, дүниежүзілік ауқымда қарқынды дамуға бет бұрған салыстырмалы-тарихи тіл білімінің келелі табыстары, сондай-ақ ХІХ ғасырдың 70-80 жылдары бой көтерген жасграмматизм (младограмматизм) бағыты өкілдерінің жетістіктері туыстас тілдердегі параллель элементтер арасында немесе жеке тілдегі белгілі бір элементтің әртүрлі тарихи қалып-күйлері арасында заңды түрде қайталанатын дыбыстық сәйкестіктерді қамтитын ‘дыбыстық заңдылық’ ұғымын туыстас тілдерді зерттеуде қолданатын қатаң ғылыми-әдіснамалық тұғырға айналдырды.
Тарихи-салыстырмалы әдіс жекелеген тіл семьялары мен туыстас тілдер тобының тектілдік қалып-күйін танытатын тілдік моделдерді қайта жаңғырту, ірі макротоптар мен туыстас тілдер тобының топшаларға, одан әрі жеке тілдерге бөліну процесі және олардың ары қарайғы дербес дамуын зерттеуде, сондай-ақ белгілі бір генетикалық тілдік бірлестікке енетін тілдердің тарихи-салыстырмалы сипаттамасын жасауда басты құрал қызметін атқарады. Оның құрамына: тіл бірліктерінің генетикалық шығу тегін айқындау; өзара салыстырылушы тілдердің әртүрлі деңгейлерінде орын алатын жүйелі сәйкестіктер мен сөзжасамның, сөз құрылымының қалыпты үлгіден ауытқуын (анамалия) анықтау; тектілдік тұлғаларды (архетип) моделдеу; тілдің бастапқы және аралық қалып-күйін жаңғырту, қалпына келтіру; тілдік құбылыстардың хронологиялық және кеңістіктегі таралымдық шегін (локализация) айқындау; осылардың негізінде тілдердің генеалогиялық классификациясын жасау және оны қайта қарау, өзгертулер мен толықтырулар енгізу амалдары енеді. Оның құрамына ететін сан алуан амал-тәсілдердің ішінен ең бастылары қатарына Г.А. Климов мыналарды жатқызады: а) тілдік фактілерді генетикалық тұрғыдан теңдестіру; ә) тілдік туыстықты негіздеу; б) архетиптерді (тектілдік формаларды) жаңғырту; в) тілдік құбылыстарды хронологизациялау және локализациялау; г) тілдік семьяның тарихи-салыстырмалы грамматикасы жасалуының логикалық біртұтастығына қызмет ететін тілдерді генетикалық тұрғыдан топтастыру48.
Cалыстыру тәсілі – тілді біртұтас жүйе тұрғысынан қарастыруға негізделеді, көбінесе туыс тілдер жүйесінің тарихи дамуындағы заңдылықтарды фонетика-фонологиялық және морфологиялық деңгейлерде анықтауда, дәлірек айтқанда генетикалық тегі бір сөзтүрлендіруші формалар мен сөзжасам тәсілдерін, түбір морфемалар мен қосымшалар құрамындағы дыбыстар мен фонемаларды зерттеуде қолданылады. Салыстырудың негізіне әдетте ежелгі жазу дәстүрі бар тіл алынады. Мысалы, үндіеуропа тілдері үшін санскрит тілі, түркі тілдері үшін - көне түркі тілі, моңғол тілдері үшін- көнемоңғол жазба тілі, маньчжур тілдері үшін – чжурчжэн жазба тілі, жапон тілі үшін – кандзи жазба тілі, корей тілдері үшін – хангыль, ханчча жазба тілі. Көне жазба ескерткіштерінің сыртында осы күнгі тілдер мен диалектілердің мәліметтері де тіл тарихын зерттеуде фактологиялық материалдар қызметін атқара алады.
Тарихи-генетикалық әдістің көмегімен тұтас жүйе оның құрылым-құрылысы емес, тілдік жүйенің элементтері ғана генезис тұрғысынан біржақты салыстырылады және олардың қазіргі тіл жүйесіндегі функциясы ескерілмейді. Тілдердің тарихилығына негізделетін генетикалық әдіс бір тілдік семьяға енетін, ортақ бір тектілден өрбіген туыстас тілдердің элементтерін салыстыруға мүмкіндік бергенімен, тұтас тілдік жүйелердегі типтік ұқсастықтарды, сондай-ақ ол тілдердің басқа да тілдермен болған қарым-қатынасының нәтижесін жан-жақты, толық ашып көрсете алмайды. Осы орайда типологиялық зерттеулердің кейбір нәтижелері тілдер туыстығын зерделеуде белгілі бір алдын алушы межелік қызмет атқарып, қазіргі заманғы компаративистиканың тәжірибелеріндегі алыс реконструкцияларда, яғни төркіндес тілдердің материалдары бойынша тек тұлғаны қалпына келтіру ісінде салыстырмалы-тарихи қайта жаңғыртудың тұғыры ретінде қолданылады
Реконструкция тәсілі ─ салыстырмалы-тарихи әдістің құрамдас бөлігі.
Реконструкция (лат. re- жаңғырту мәніндегі қосымша, constructio – құру) - тілдік құбылыстар мен формалардың тіл дамуының бұрынғы кезеңдері мен тектілдік күйіне тән түр-тұрпатын, әртүрлі деңгейдегі жүйелік қатынастарын қайта жаңғырту үшін жеке тілдердің өз ішінде, тілдер тобы мен семьяларының арасында қолданылатын тәсілдер жиынтығы. ‘Реконструкцияда көзделетін түпкі мақсат, негізгі мүдде ─ тіл жүйесіндегі тарихи өзгерістерді ашып көрсете отырып, олардың бастапқы негіз тілге-тектілге қатысын айқындау; тіл деңгейлерін (диахрондық фонология, морфология, лексикология, синтаксис) тарихи сипаттау; тілдің эволюциялық дамуының жалпы теориясын жасау сияқты жалпы лингвистикалық проблемалардың шешімін табу болып табылады’49.
‘Реконструкция үшін зерттеудің бастапқы сатысында көне тілдер мен ескі (архаикалық), яғни жорамал ретіндегі тектілдің қасиеттері, ерекшеліктері біршама сақталған деп саналатын тілдердің материалдары лингвистикалық талдаудың арқауына алынатын болса, кейіннен басқа да тілдердің фактологиялық материалдары талдауға түседі. Қажет жағдайда тілдік семьяның жекелеген бұтақтарының тектілдерін жаңғыртуға тура келеді. Зерттеу барысында тілдік құбылыстардың, тілдік формалардың ең көне тұрпаты туралы бұрынғы түсінік өзгеріп, соның салдарынан тектілдің моделін басқаша етіп, қайтадан құрастыру қажеттігі туындап отырады’- дейді алтайтанушы-түрколог В. А Дыбо50.
Көне жазба дәстүрі бар тілдерді зерттеу үшін тиімді саналатын филологиялық әдіс – ішкі реконструкция әдістемесінің бір түрі. Ол көбінесе тарихи жазба ескерткіштердің хронологиялық шектеулігіне байланысты тіл тарихын зерттеуде қолданылады. Әйтседе, әртүрлі тарихи кезеңдерге жататын көне жазба мұралары бар тілдер үшін архетиптердің хронологиясы мен кеңістіктегі таралу шегін біршама нақты анықтау үшін филологиялық әдіске салыстырмалы-генетикалық зерттеулер де жүгінеді. Мысалы, үндіеуропа тілдерінің әртүрлі топтары үшін санскрит, көнепарсы және авест тілдерінде жазылған мәтіндерді талдаудың маңызы зор’51.
Э.Р.Тенишев тектілдік форманы жаңғыртудың түркі тілдерінің тарихы үшін айрықша маңызын: ‘Тектілдік сұлбаны (схема) реконструкциялаудың танымдық ғана емес, ғылыми-әдіснамалық маңызы зор. Ол жекелеген түркі тілдерінің тарихын зерттеуде бастапқы нүкте қызметін атқаруы керек. Тілдегі кез келген дыбыстың немесе тілдік форманың жалпы сипатын, дыбыстық немесе тұрпаттық өзгерістердің бағытын айқындау үшін олардың о бастағы көне қалып-күйін білу керек. Онсыз түркі тілдері тобына енетін қандай да бір тілдің тарихын зерттеу мүмкін емес’ деп атап көрсетеді
89-сұрақ. Сан есімнің мағыналық түрлері және этимологиясының негіздері
Есептік (bіr «бір», еkі «екі», üч «үш» tört «төрт», bеs/bеš «бес», jеgіrmі «жиырма», jеtmіš «жетпіс», mïŋ/mіŋ«мың», tümеn «он мың).
реттік (ekinti«екінші», onunč «оныншы», altïnč «алтыншы»,besinč/besinči «бесінші»)
жинақтау (üčegü«үшеуі»)
болжалдық сан есімдер (jüzčе «жүздей», eki-üčbïŋ «екі-үш мың»)
Ғ.Айдаров көне түркі тілінің оннан кейінгі санау тәртібін бесінші топ ретінде қарастырып, аралас сан есімдер деп атайды.
Сан есімдердің жасалу, қалыптасу тарихы әр алуан. Мәселен, тіліміздегі миллион, триллион сөздері батыс елдерінен енсе, «он мың» мәніндегі түмен сөзі монғол тілінен енген деген жорамал бар. Г.И.Рамстедт алтай тілдері фактілерін салыстыра отырап, бірнеше сан есімдердің қалыптасуына жеке-жеке талдау жасайды:түрк. bir ~ моңғ. büri ′барлық, бәрі, әрбір′; түрк. eki<*ek-<*hek- <*pek- ′ілесу, еру′ ~ кор. pęgim ′жақын маңдағы, келесі′ <*pek- + -im,кор. pęgim t`ę ′жақын маң′> түрк. ekinti ′екінті, түстен кейін′; түрк. beš ′бес′ ~ чув. pilək ~ pillək ~ тұңғ. лам. bilän ′білек′;түрк. *alty ′алты′ <al- ′алу′+ -ty;түрк. jeti < je- ′жеу′;түрк. sekiz < s (cал.: моңғ. ese ′жоқ′) + ekiz, ikiz ′егіз′ (<eki+-z) ~ моңғ. ikire ′егіз′;түрк. toquz ′тоғыз′ ~ моңғ. toqur/tokir ′бүгілмейтін, икемсіз саусақтар′, мұндағы-z мен sekiz сөзіндегі –z бірдей;
90-сұрақ. Жақ пен тәуелдік қосымшалары арасындағы тарихи тектестік
Белгілі бір заттың иеленуші үш жақтың біріне меншіктілігін білдіруде тәуелдік категориясы арқылы меншіктеуші жақ пен меншіктелуші зат қатар көрсетіледі. Тәуелдеу категориясы бір заттың екінші затқа меншіктелуін ғана білдіріп қоймайды, сонымен бірге оның қай жаққа қатысты екендігін де білдіреді.
Э.В.Тенишев түркі, моңғол және тұңғыс-маньчжур тілдерінің материалдарын салыстыра отырып, түркі тілдеріндегі бірінші жақ жіктіктің -man/-mun, -m/-n, тәуелдіктің -m жалғауларының шығу тегін жіктеу есімдігінің арғыалтайлық 1-жақ жекеше *min ′мен′ тұлғасынан;түркі тілдеріндегі екінші жақ жіктіктің -san/-sïn/-sïŋ/-ïŋ /-n, тәуелдіктің -ŋ/-n жалғауларының шығу тегін ′сен′ жіктеу есімдігінің арғыалтайлық ІІ жақ жекеше *sinтұлғасынан; түркі тілдеріндегітәуелдіктің үшінші жағының -ï/-sï/-ïnжалғауларының шығу тегін қалпына келтірілген арғыалтайлық *in ′ол′ жіктеу есімдігінен таратады.
Г.Й.Рамстедт пікірі бойынша, о баста түрк., моңғ., тұңғ. *min ′мен′, моңғ. *tіn және түрк., тұңғ. *sin ′сен′, түрк., моңғ., тұңғ., кор. *іn ′ол′ тұрпатта болып келген жіктеу есімдіктерінің түбір-негіздері соңындағы -n дауыссызын моңғол, тұңғыс-маньчжур тілдері атау септігінде тарихи ерте дәуірлерде жоғалтуының салдарынан, моңғ., тұңғ. bi ′мен′, моңғ. či ′сен′ (көне моңғ. *ti ), тұңғ., маньч. si ′сен′, маньч. i ′ол′ тұлғалары қалыптасқан. Ал түркі тілдерінде екпін күшінің немесе деиктикалық күшеютудің салдарынан *min және *sin жіктеу есімдіктері män және sän тұлғаларына өзгерген.
Жіктік және тәуелдік жалғауларының шығу тегін мен, сен, ол жіктеу есімдіктерімен байланыстыратын Г.Й.Рамстедт және В.Л.Котвич пікірлерін қолдай отырып, Н.А.Баскаков алтай тілдеріндегі жіктік және тәуелдіктің 1-жағының көпше түріндегі қосымшалардың шығу тегі түркі тілдері үшін: bі(1-ші жақ жекеше түрдегі жіктеу есімдігінің негізі) + z (көптіктің көрсеткіші) тұлғасында жаңғыртылатын biz жіктеу есімдігіне, немесе бірінші жақтағы bi(<*min) және екінші жақтағы si (<*sen) жіктеу есімдіктерінің бірігуінен жасалатын инклюзивті biz <bi+si ‛мен және сен’ есімдігіне барып саятынын айтады. Н.А.Баскаков жіктік және тәуелдік қосымшаларының екінші жақтағы көпше түрінің құрамын түркі тілдері үшін: sаn~sun (2-ші жақ жекеше түрдегі жіктеу есімдігі) + көптіктің көрсеткіші -lar- > -sïnlar- sïnlar-sïņ(l)ar-(sï)ņ(l)ar деп көрсетеді. Демек, түркологиядағы «тәуелдік жалғауларының арғы тегі жіктеу есімдіктеріне барып саятыны туралы» пікірдітолық қалыптасқан ғылыми пікір деп санауға болады.
6
1
2
3
4
5.
6
7
8
9
10.
11
12
13
14
15
16
17
18
3
19
20
3.
2
21
22
23
1
2
1
24
25
26
27
28
29
103
104
30
31
32
33
34 Языки мира. Тюркские языки. –Бишкек: Кыргызстан, 1997. –С. 91, 93; Кононов А. Н. Грамматика языка тюркских рунических письменностей ҮІІ-ІХ вв. –Ленинград: Наука, 1980. –С. 60.
35 Кызыласов И. Л. Рунические письменности Евразийских степей. –Москва, 1994. -С. 137; Левитская Л. С. Историческая фонетика чувашского языка. –Москва, 1966. –С. 9.
36 Айдаров Ғ. Күлтегiн ескерткiшi. –Алматы: Ана тiлi, 1995. –232 б.-Б.170.
37 Баскаков Н.А. Алтайская семья языков и ее изучение. М., 1981. С.43
38
39
40
41
42
43
44
45
46
47
48
49
50
51
