Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тарихи грамматика!!!! Саттилик кыздар!!!!!!!!!!...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
234 Кб
Скачать
☆

55.Ондық сан есімдер.

Ескерткіштер тіліндегі күрделі сан есімдердің құрылымы қазіргі түркі тілдерінің көпшілігінен өзгешелеу екені белгілі. Көне түркілер белгілі бір күрделі сан есімді айту үшін бірінші бірлік сан есімді, содан кейін айтылып отырған ондық сан есімді емес, одан кейінгі ондықты қолданған (аltï оtïz «жиырма алты», йеті йегірмі«он жеті» т.б.). Сондай-ақ кейбір ондық сан есімдер құрамындағы дербес лексемалық деңгейдегі морфемалардың жігі айқын көрінеді (sekiz оn «сексен», tоquz оn «тоқсан»). Мұндай ерекше белгілердің кейбірі хакас және сары ұйғыр тілдерінде кездеседі.

№

VI-IX ғасыр ескерткіштері тілінде

Қазақ тілінде

1

Bir

bir

2

іkі/еkі

еkі

3

Üč

üš

4

Tort

tört

5

bеš /bеs/bіш /bіs

bеs

6

Аltï

аltï

7

jеtі/jіtі

žеtі

8

Sеkіz

Sеgіz

9

Tоquz

Tоγuz

Ондық сан есімдер

№

VI-IX ғасыр ескерткіштері тілінде

Қазақ тілінде

10

Оn

Оn

20

jіgіrmі / jеgіrmі

jіgіrmе / jіgіrmä

Žïjirma

30

Оtuz

оtïz

40

Qïрq

Qïрq

50

еlіg / іlіg

Еlüw

60

аltmïš /аltmïs

Аlpïs

70

jеtmіš / jеtmіs

jіtmіš / jіtmіs

Žеtmіs

80

sеkіz оn

Sеksen

90

tоquz оn

Tоqsan

Жүздік, мыңдық, он мыңдық сан есімдер

1

2

3

4

Сaн

VI-IXғасыр ескерткіштері тілінде

сaн

Қазақ тілінде

100

Jüz

100

Žüz

1000

bïŋ / bіŋ, mіŋ / mïŋ

1000

Mïŋ

10 000

tümеn/tümän

10 000

tümеn

56-сұрақ Түбірлер мен қосымшалардың синкретизмі жайлы

Тілдің морфологиялық құрылысының даму ерекшелігі туралы айтқанда бір ескеретін жай — түбірлердің синкретизмі мәселесі. Бір кезде П.М.Мелиоранский Күлтегін еекерткішіне байланысты бірсыпыра қосымшалардың есім түбірге де, етістік түбірге де жалғануының себебі сірә түбір атаулының омонимдес болуынан шығар деген ой айтқан еді. Кейінгі уақытта да түркі тілдеріндегі есім, етістік түбірлердің омонимдігі проблемалық мәселе ретінде жиі сөз болып жүр. Түбірлердің бұл ерекшелігі көбіне контекст құрамында айқындалады. Э.В.Севортян келтірген материалдар негізінде қазақ тіліндегі мынадай ұқсас түбірлерді керсетуге болады: аң түбірінен қазақ тілінде аңсыз (байқамсыз) сын есімі, сол түбірден аңда (кейде аңлау), аңса, аңду етістіктері жасалған. Бұлармен түбірлес аңсар сөзі аңсарым ауды тұрақты тіркесінде ғана сақталған. Қат — етістік, қат — зат есім (қат-қат жинау, қат-қат зат), осы түбірден: қатай, қатыр, қатқыл, қатаң, қатқақ — әрі етістік, әрі есім жасалған. Қат — етістік (тамаққа май қат), осы түбірден: қатық — зат есім (тамақтың қатығы жоқ). Егер осы келтірілген мысалдарды байырғы түбірлер деп қарасақ, есімдер мен етістіктердегі түбір сәйкестігін – бір ғана түбірден (немесе фонетикалық құрамы бірдей түбірлерден) әрі есім, әрі етістік жасалғанын көреміз. Есім мен етістік негіздерінің синкретизмі туралы айтқанда, олардың арасындағы мағыналық байланысты ұмытуға болмайды. Г.Рамстедт алтай тілдеріндегі қосымшаларды екі топқа бөледі:

суффикстер (о бастан-ақ тек қана қосымша болып келе жатқандар)

аффикстер (дербес сөздің өзгерісі нәтижесінде қалыптасқан қосымшалар)

Сонымен қатар Г.Рамстедт тілдің дамуы барысында аффикстердің суффикске (жұрнаққа) айналуы болып отыратынын ескертеді. Ежелгі қосымшалардың түбір құрамына еніп, бұрынғы мәнін, қолданылу активтігін жоғалтып, аморфтық күйге ауысуы болып отырады. Мұндай жағдайда ескірген қосымша үстіне жаңа қосымша жалғанады, кейде бұрынғы «өлі» қосымша мен «жаңа» қосымша бірігіп, күрделі қосымшаға айналады. А.Н.Кононов әуел бастан-ақ қосымша болған деп түркі тілдерінде ұшырасатын мына тәрізді кішірейткіш мәнді қосымшаларды атайды: -л: көгал, -с//ш: көгіс, -қ, -к: жолақ, сопақ, бұршақ т.б. Осы дара қосымшалардың сөз құрамында өзара бірігуінен күрделі қосымшалар қалыптасқан (-алақ//-елек, ымтыл//-імтіл, -ғылтым//-гілтім). Демек, түркі тілдеріндегі қосымшалардың жеке, дербес сөздердің түрлі өзгерістерге түсуі арқылы қалыптасқанын мойындай отырып, бірсыпырасының о баста-ақ қосымша болғандығын жоққа шығаруға болмайды. Түбірлердің синкретті болуы сияқты қосымшалардың өздері де алғашқы қолданылу кезеңінде синкретикалық болуы ықтимал.

57-сұрақ Үстеу тудыратын қосымшалар

Түркі тілдеріндегі қимыл-әрекеттің жай-күйін, сапалық қасиеттерін білдіретін сөз табы – үстеулердің табиғаты тым күрделі, сөйлем ішіндегі синтаксистік қызметі де нақтылы сөйлем мүшелеріне байлаулы емес, етістікпен қабыса байланысып, пысықтауыш қызметін атқарса, кейде заттанып,бастауыш, толықтауыш қызметінде жұмсалады. Морфологиялық тұлғасын өзгертуге де бейім келеді, яғни есім сөздерге тән қосымшаларды қабылдап түрленеді. Сондықтан түркі тілдеріндегі үстеулерді кей жағдайда зат есім, сын есімдерден, есімдіктерден ажыратып алу қиындықтар тудырып жатады. Ескерткіштер тіліндегі үстеу тудыратын қосымшаларды қазақ тіліндегі үстеу қосымшаларымен салыстырсақ, қазақ тілінде көне түркі тіліндегі қайсы бір қосымшалардың кездеспейтінін, кейбірінің дәл сол қалпын сақтағанын, я болмаса дыбыстық азды-көпті өзгерістерге түскенін төмендегі кестеден байқауға болады:

Үстеу тудыратын қосымшалар

№

VІ-IX ғасыр ескерткіштері тілінде

Қазақ тілінде

1

-γаru, -gеrü. ilgerü→il+gerü «ілгері», birgeru→bir+geru «бері қарай (оңға қарай)», qurїγaru→qurї+γaruь «кейінге қарай», jїrγaru→jїr+γaru «солға қарай»

-γаrï/-gеrі: ilgeri→il+geri,

žoγarї→*žo+γarї.

Ø

-qаrï/-kеrі: tïsqарï→tïs+qаrï,

іškеrі

2

-ŋаru/-ŋеrü: ortusїŋaru→ortusї+ŋaru «ортасында», jontïŋaru «жылқысына қарай»,

ebiŋerü «үйіне қарай»:

Ø

3

-rа, -rе, -rü: аsrа→ аs+rа«астыда, төменде», ičire→iči+re«іші», tašra→tašra+ra«тысы, сырты»

-rі (kеrі→*kе+rі)

4

-jа, -jе-:qurïja→qurï+ja «батыста»

birije→biri+je «оңы, оң жақта», jїraja→jїra+ja «солы, сол жақта»

Ø

5

-а,-е: üzе→*üz+е «үстіде», еkіn аrа→ еkіn *аr+а «екеуінің арасында»

-а,-е

6

-čа,- čе: оtčа→оt+čа «отша (от сияқты)», bоrčа→*bоr+čа «боранша (боран сияқты)»

tаγča→tаγ+ča«таудай»

subčа→sub+čа «суша»:

-šа/-šе: bаlаšа→баlа+šа (балаша қуану), ijtšе→ijt+šе (итше ырылдасу), еrеkšе→еrеk+šе, еkеkšе→еrkеk+šе (еркекше киіну), оŋаšа→*оŋа+šа,

7

-tï/-tіtükеtі→ *tükе+tі«түгел»

edgüti→edgü+ti «жақсылап, мұқият»

Ø

8

-lа/-lе bіrlе→bіr +lе «бірге»

-lа/-lе (bіrlеsіp→bіr+lе(sіp)

9

-tеg > tеg «тек, текті, тектес»:

böriteg→böri+teg «бөрідей», qojteg→qoj+teg«қойдай», körmesteg→körmes+teg «көрместей», bilmezteg→bilmez+teg «білместей»

-dаj/-dеj,-tаj/-tеj:

böridej→böri+dej,

qojtdaj→qoj+daj, körmestej→körmes+tej, bilmestej→bilmes+tej.

10

-сег,-сïγ: čïγödsеg→öd+sеg «уақытша, белгілі бір уақытта», аdïnčïγ→ аdïn+čïγ «айрықша, ерекше»

Ø

11

-qu,/-kü,-qï/-kі,- γï/-gü:

bаšγu→bаš+γu «басқы», körgü→kör+gü «бағынышты»

-γï/-gі, -qï/-kі: аlγаšqï→аlγаš+qï, bаsqï→bаs+qï, žаzγï→žаz+γï,kеškі→kеš+kі, sоŋγï→sоŋ+γï

12

-ïn,/-іn, -ün/-un: qоpïn→qоp+ïn «көбісi»,küzün→küz+ün «күзде», jаdаγïn→jаdаγ+ïn «жаяу,жаяулап», jаlïŋïn→jаlïŋ+ïn «жалаңаш-жалпы»

Ø

13

-dаn/-dеn, -tаn/-tеn: öŋden→öŋ+den«алдынан»

-dаn/-dеn,-tаn/-tеn, -nаn/-nеn: аldаn→*аl+dаn, аrttаn→аrt+tаn, аstïnаn→аstï+nаn; žоγаrïdаn→žоγаrï+dаn, tömеnnеn→tömеn+nеn, üstіnеn→üstі+nеn

14

-dа/-dе, -tа/-tе: аntа «сонда, содан соң»,bunta→ bun+ta «сонда,мұнда»

-dа/-dе, -tа/-tе: bunda→ bu(n)+da, munda→ mu(n)+da

58-сұрақ 4. Ең жаңа дәуір (ХХ ғ. басынан бастап бүгінге дейін)

Қазақ тілінің жаңа дәуірі (ХХ ғ. басынан бастап бүгінге дейін) ауызекі және жазба тілдің, сондай-ақ жазба әдеби тілдің демократиялық даму мазмұнымен және оның құрылымдық бөліктерінің жетілдірілуімен, жазу ережелерінің, лексика-грамматикалық нормаларының тұрақтануымен, функционалды стилдерінің дамып келе жатқан көп жанрлы көркем әдебиет, ғылыми-көпшілік және қоғамдық-ағартушылық әдебиет негізінде саралануымен сипатталады. Бұл дәуірде түркологияның жеке бір саласы ретінде қазақ тіл білімі қалыптасты. Қазақ тілі Н.А.Баскаковтың генеалогиялық классификациясы бойынша Батыс хун тілдерінің Қыпшақ тобына, оның ішінде Қыпшақ-ноғай топшасына енеді. Қыпшақ тобының негізгі фонетикалық белгілері: сегіз не тоғыз дауысты дыбыстың болуы; қосымшаларда еріндік дауыстылардың қолданылмауы; ерін үндестігінің әлсіздігі; созылыңқы дауыстылардың болмауы; ғ, г дыбыстарының сөз соңында өзгерістерге түсуі (й, у, в); сөз басындағы й ~ ш ~ дж дыбыстарының алмасып келуі. Қазақ тілін ең жас тілдер қатарына жатқызуда С.Е.Маловтың негізгі критерий етіп алған фонетикалық заңдылықтарының бірі – қатаң дыбыстардың ұяң дыбыстарға ауысуы (асты ~ алды, берті ~ берді т.б.), екіншісі ‒ ілгерілеу заңдылығы, яғни тіл арты, тіл ортасы ғ/г дыбыстарының ілгерінді артикуляциямен айтылатын у, й дыбыстарына өзгеруі немесе редукцияға ұшырап түсіп қалуы (тағ ~ тау, кішіг ~ кішіт т.б.). ХІХ екінші жартысында қалыптасып, бүгінде функциональдықтұрғыдан жан-жақты дамып отырған қазақтың ұлттық жазба әдеби тілі өз бастауын көне түркі, орта түркі, шағатай китаби тілі жалпытүркілік жазба тіл дәстүрлеріне алады.

59-сұрақ А дауысты дыбысының сәйкестіктер жүйесі

Қазіргі түркі тілдерінің, орта ғасыр түркі тілдерінің деректері негізінде, кей тілдерде ä фонемасының қолданылмауына байланысты мамандар таза түркілік фонема ретінде е дыбысын таниды, ä дыбысы кірме элемент ретінде қарастырылады. К.Мұсаев Сібір түркі тілдері дауыстылар жүйесінде ä дыбысының қолданылмауын, олардың араб әліпбиін пайдаланбауымен, сондықтан да ол тілдер араб-парсы ықпалына ұшырамағындығымен, түркілерге ä фонемасының келуін түркі халықтары мен парсылардың тығыз қарым-қатынаста болып, парсы мәдениетінің түркілер арасында кеңінен таралуымен байланыстырады28.Ә (ä) дыбысын түркi тiлдерi фонологиялық жүйесiнiң дамуындағы кейiнгi құбылыс ретiнде таныған Н.А.Баскаков көне түркiлiк дауыстылар жүйесiне аталған дыбысты қоспайды, Иран субстратының ықпалына ұшыраған жалпытүркiлiк вокализмдер жүйесiнiң деформациалануы нәтижесiнде қалыптасқан ä дауыстысының қолданыс аясы оғыз тобындағы әзiрбайжан, гагауыз, қарлұқ тобындағы ұйғыр, өзбек, қыпшақ тобындағы татар, башқұрт тiлдерiмен ғана шектелетiнiн көрсетеді29. Орхон, Енисей, Талас ескерткiштерi тiлi мен қазiргi қыпшақ тiлдерi моносиллабтар жүйесiнде дауысты фоно-корреляттардың толық құрамы мынадай сәйкестiктердi қамтиды:

1. a ≈ ä сәйкестiгi: *at ≈ ät → atï ≈ ätij «жасы үлкен туыс», «әке, ата»;

2. a ≈ e сәйкестiгi: *an ≈ en → ančula ≈ enšile «еншiлеу, атау, иемдену»;

3. a ≈ ï сәйкестiгi: taš ≈ tïs «сырты, тысы»;

4. a ≈ o сәйкестiгi: anï ≈ onï «оны», ol «ол»;

5. a ≈ u сәйкестiгi: anï ≈ unï «оны», ol «ол»;

Аталған сәйкестiктердiң барлығы дерлiк қыпшақ тiлдерi арасында да, бiр тiл iшiнде де қолданылды, кейбiр сәйкестiктер ескерткiштер тiлiнiң өз iшiнде де қолданылады: а ≈ о сәйкестiгi: ol ≈ anï «ол», «оны»; а ≈ е сәйкестiгi: jana ≈ jeme «және»; e ≈ i сәйкестiгi: el ≈ il «ел»; ü ≈ ö сәйкестiгi: ügüz ≈ ögüz «өзен». Ескерткіштер тіліндегі дауысты дыбыстардың қазақ тіліндегі өзгерістері төмендегідей дыбыс сәйкестіктері кешенін құрайды.

a ≈ e сәйкестiгi: *an ≈ en → ančula ≈ enšile «еншiлеу, атау, иемдену»;

a ≈ ï сәйкестiгi: taš ≈ tïs «сырты, тысы»;

a ≈ o сәйкестiгi: anï ≈onï «оны», ol «ол»;

а≈ä сәйкестiгi. at(ï) ≈ at(a) ≈ ät(ij), ескерткіштер тілінде: at(ï) «немере, туыс» (~ тат. тілінде ät(ij), қаз., ққалп., қырғ., ноғ., құм.) at(a) түрінде тұлғаланып «әке, баба» мағынасында және жалпы егде жастағы ер адамдарға қатысты қолданылады (ЭСТЯ I, 200); Орхон, Енисей, Талас ескерткіштері тіліндегі бірбуынды түбірлер мен түбір-негіздер құрамындағы а фонемасының ä фонемасына ауысуы қыпшақ-ноғай тобындағы тілдерден гөрі қыпшақ - бұлғар тобындағы тілдерде жиі кездесетіндігін байқауға болады: башқ. bäj(läm) «тоқу», bäj läneš «байланыс», jäj «жаз», jäš «жас», jäš(en) «жай, жасын», säs «шаш», ~ қаз., ққалп., ноғ. baj(lam), baj(lanïs), žaz, žaj, šaš. Қазақ говорларында езу дауыстылары а, ä дыбыстарының бірінің орнына бірінің қолданылуы тамырын кең жайған құбылыс.103 Қазақ әдеби тілінде де а, ä дыбыстарының қатар қолданылуы кездеседі (қар(т), қар(ия) ≈ кәр(і); ар(ы) ≈ әр(і); бар(ы), бар(лығы) ≈ бәр(і) т.б.), бірақ негізгі құбылыс диалектілер арасында фонологиялық мән жүктемей (жана ≈ және, жаң(ағы) ≈ жәң(егі), ащы ≈ әщі, ажал ≈ әжел, шарт ≈ шәрт, шам ≈ шәм, қатты ≈ кәтті) іске асады. Қазақ тіліндегі ä фонемасының негізгі таралу аймағы Оңтүстік Қазақстан өңірі аталғанымен, солтүстік, батыс (Маңғыстау, Қостанай, Көкшетау) аймақтарда да а ≈ ä сәйкестігі жиі ұшырасады.104 а≈е сәйкестiгi. *an ≈ *en, an(čula) ~ en(šile) «еншілеу, атау» ~ қаз. enšile; jan ≈ žeņ «жеңу» ~ қаз., ққалп., қырғ., қ.балқ. žeņ, башқ. еņ, тат. žijņ. Қазақ тілінде жіңішке айтылатын моносиллабтар қырғыз, қарақалпақ тілдерінде жуан айтылса, қазақ тілінде а фонемасымен қолданылатын сөздер башқұрт, татар, ноғай тілдерінде жіңiшке е фонемасымен қолданылуы да кездеседi. Ескерткіштер тілі мен қазіргі қыпшақ тілдеріндегі а, ä, е дыбыстарының алмасып қолданылуы аталған дыбыстардың түп-төркіні бір екеніне дәлел бола алады. Қыпшақ тілдері ішінде ескерткіштер тіліндегі жуан а дауыстысын толық сақтап қалған тіл – қазақ тілі. Қазақ тілінің өз ішінде де түбірлес моносиллабтар құрамында а ≈ е сәйкестігі диалектілік ерекшеліктерде біршама жиі ұшырасады: жана ≈ және, айал ≈ әйел, ажа ≈ әже, жаудыра ≈ жәудiре, шартық ≈ шәртiк, қауза ≈ кеузе т.б. Ал әдеби тілде аздау кездеседі: қақ/қау ≈ кеп/кеу, кеб(у), қаудыра ≈ кеудіре ≈ кәудiре, дам(ыл) ≈ дем(іл), қар(т)/қар/ия ≈ кәр(i), ант(ала) ≈ ент(еле), ал(аңда) ≈ ел(еңде), шат(ына) ≈ шет(іне) ≈ сет(іне)30 т.б.

а≈ï сәйкестiгi. көне т. taš(ï) ~ tïs «сырты» ~ қаз тілінде tïs, tïs(ta), tïs(qarï); ққалп., ноғ., қырғ. tïs; тат., башқ. tïš.

а ≈ ï сәйкестігі екі-үш сөз құрамында ғана кездескенімен қазіргі қыпшақ тілдерінің өз ішінде біршама жиі кездеседі. Мысалы, қазақ тілінде: шат(ына) ≈ шыт(ына), дақ ≈ дық (көңілінде дық қалды), қақ ≈ қық/қый, қал(жың) ≈ қыл(жың), саңқ ≈ сыңқ, шарт ≈ шырт, жалт ≈ жылт т.б. Жергілікті ерекшелікке байланысты а ≈ ï сәйкестігінің аясы кеңейе түседі: дар(дай) ≈ дыр(дай), даб(ыл) ≈ дыб(ыл) арс(и) ≈ ырс(и), қал(жыңбас) ≈ қыл(жыңбас), тыр(мыс) ≈ тар(мыс), сал(қал) ≈ сыл(қыл), тан(ым) ≈ тын(ым), сал(быр) ≈ сыл(быр), мар(дымсыз) ≈ мыр(дымсыз)31. Қазақ тiлiнiң өз iшiнде де а ≈ ï сәйкестiктерiнiң кездесуiне байланысты зерттеушiлер а, ï фонемаларын тектес дыбыстар қатарында қарастырады32.

Қазіргі түркі тілдерінің ішінде жалпытүркі тілінде а дыбысымен қалыптасқан моносиллабтардың қысаң ï дыбысымен қолданылуы негізінен чуваш, якут, тува тілдеріне тән: чув. pïl «мед», ïlttan «золото», pïr «идти» ~ қаз., ққалп., тат., башқ., құм., қар., қ.-б. bal, altïn, bar/υär; а≈ï сәйкестігі түркі тілдері фонетикалық жүйесінің дамуына байланысты қалыптасқан көне тарихи құбылыстардың бірі. М.Рясянен а ≈ ï сәйкестігін орал ~ алтай тіл бірлестігі аясында қарастырады33.

а ≈ о сәйкестiгi: көне т. an(ï) ≈ on(ï) ~ қаз., ққалп., ноғ. onï «оны» Тат., башқ. тiлдерiнде көне түркiлiк оl жiктеу есiмдiгiнiң табыс септiк формасы anï а ≈ u сәйкестiгiн түзiп қолданылады: unï. Қыпшақ тобындағы тiлдерде anï жiктеу есiмдiгi тұлғалық өзгерiске ұшырағанымен осы сөзбен түбiрлес сiлтеу есiмдiгi кеңiнен қолданылады: аnа (ана адам), аnаw.

60-сұрақ Сын есім және оның шырай категориясының тарихи қалыптасуы

Заттың, құбылыстың, кейде іс-қимылдың қалыпты жағдайдағы сан алуан сын-сипаттық қасиетін білдіретін сөздердің лексика-грамматикалық тобы сын есім сөз табын құрайды. О баста заттық-сапалық біртұтас мағыналы атау сөздің бертін келе заттардың, құбылыстардың типтік белгілеріне қарай зат атауларына, өзіне тән қасиетіне байланысты сындық белгілердің атауына ажырауының нәтижесінде зат есім мен сын есім жеке-жеке сөз табы ретінде қалыптасқанын лингвист-мамандардың көбі мойындайды.

Түркі тілдерінде сапаның, сынның әдеттегі қалыптан аздап жоғары немесе төмен екенін білдіретін қосымшалардың арасынан ең жиі кездесетіні – -(j)raq/-(j)räk, -arïq/-araq, -raq/-räk/-rek. Қазіргі түркі тілдерінде салыстырмалы шырай аффиксі саналатын бұл жұрнақтардың көне формасы ретінде түркітанушылар *-(j)raq тұлғасын көрсетеді және оны хакас, шор, тува тілдеріндегі ‘аз­аздап’ деген мағынадағы araχ/āraq шылауымен байланыстырады: хак. аraχ, тув., шор. āraq: χïzïl аraχ 'қызылырақ, қызғылтым', kök аraχ 'көкшіл', sarïγ аraχ 'сарғыш, сарғылтым', kičig аraχ 'кішірек', uzun аraχ 'ұзынырақ'; тув. saryg āraq'сарғыш, сарғылтым', kök āraq 'көкшіл', čoltaq āraq 'қысқалау'; шор тілінде āraq шылауы және оның жұрнақтық -araq тұлғасы қатар қолданылады: qïzïl а:raq ~ qïzïlаraq ~ qïzïlаrïq 'қызылырақ', qïsqa а:raq ~ qïsqaаraq ~ qïsqaаrïq 'қысқарақ,қысқалау'; алт. -arïq/-erik/-örik: agarïq 'ақшыл', sargarïq 'сарғыш, сарғылтым', qïzarïq 'қызылырақ', kögörik 'көкшіл'; басқа түркі тілдерінде -raq/-räk/-rek: әз. кödäräk 'қысқалау', башқ. tarïraq 'тарырақ, тарлау', гаг. kürürak 'кішірек', қараим. jaχšïraq/jaqsïraq 'жақсырақ', ққалп. alaraq 'аздаған аласы бар', қырғ. qatïraq 'қаттырақ', ноғ. qïzïlïraq 'қызылырақ, қызғылтым', құм. teηrek 'тегістеу, жалпақтау', қаз. alasaraq 'аласарақ', қбалқ. agïraq 'ақшыл', тат. maturraq 'сұлуырақ, әдеміше', түркім. ovnugraq 'ұсақтау', чув ǎžǎraχ 'жылырақ'.

Түркі тілдерінде сындық белгінің анық, айқын еместігін білдіруге -(j)raq/-(j)räk жұрнағынан басқа да -(ï)mtïl, -šïl, -ïl, -ïlt, -ïltïm, -ïldïm т.б. көрсеткіштер қатысады. Ал бояудың, өңнің, түстің қанықтығын, сапалық, сипаттық белгінің айқындылығын негіздің толығымен қосарлануы (башқ.: harï-harï 'сары-сары', jäšel-jäšel 'жасыл-жасыл'; қаз. uzïn-uzïn, bjik-bjik) немесе негізгі сын есімнің алдынан түбір­негіздің алғашқы буынына –p дауыссызы жалғанған тұлғаның қосарлануы (әз.: gapgara, gïpgïrmïzï, sapsarï, gupguru; қаз.: qap-qara, qïp-qïzïl, sap-sarï, qup-qurγaq) білдіреді.

61. Орхон-енисей, Талас-Шу жазба ескерткіштері тілі мен қазіргі қазақ тілі арасындағы дыбыстық сәйкестіктер. Орхон, Енисей, Талас ескерткіштері тіліндегі дауыстылар жүйесі қазіргі қыпшақ тобындағы дауыстылар жүйесінің құрамынан ерекше ажыратылмайды. Басты ерекшелік – қазіргі тілдерде ä дыбысының дербес фонема ретінде қолданылуында ғана. Қазіргі түркі тілдерінің көпшілігінде қолданылатын ä дауыстысы Орхон-Енисей ескерткіштері тілінде де қолданыста болғанын, көне түркi әлiпбиi дауыстылар жүйесi 9 фонемадан тұратынын көрсететін еңбектер бар34 . Қазақ ғалымы Ғ.Айдаров өз еңбектерінде тек е дауыстысын ғана қолданса(Айд.I, Айд.II), И.Л.Кызласов, Л.С.Левитская тәрізді белгілі түркітанушылар ä, е дыбыстары бір фонеманың варианттары ретінде қатар қолданыста болған деген пікірде35.Қазақ говорларында езу дауыстылары а, ä дыбыстарының бірінің орнына бірінің қолданылуы тамырын кең жайған құбылыс. Қазақ әдеби тілінде де а, ä дыбыстарының қатар қолданылуы кездеседі (қар(т), қар(ия) ≈ кәр(і); ар(ы) ≈ әр(і); бар(ы), бар(лығы) ≈ бәр(і) т.б.), бірақ негізгі құбылыс диалектілер арасында фонологиялық мән жүктемей (жана ≈ және, жаң(ағы) ≈ жәң(егі), ащы ≈ әщі, ажал ≈ әжел, шарт ≈ шәрт, шам ≈ шәм, қатты ≈ кәтті) іске асады. Қазақ тіліндегі ä фонемасының негізгі таралу аймағы Оңтүстік Қазақстан өңірі аталғанымен, солтүстік, батыс (Маңғыстау, Қостанай, Көкшетау) аймақтарда да а ≈ ä сәйкестігі жиі ұшырасады.

а≈е сәйкестiгi. *an ≈ *en, an(čula) ~ en(šile) «еншілеу, атау» ~ қаз. enšile; jan ≈ žeņ «жеңу» ~ қаз., ққалп., қырғ., қ.балқ. žeņ, башқ. еņ, тат. žijņ.

а≈ï сәйкестiгi. көне т. taš(ï) ~ tïs «сырты» ~ қаз тілінде tïs, tïs(ta), tïs(qarï); ққалп., ноғ., қырғ. tïs; тат., башқ. tïš.

а ≈ о сәйкестiгi: көне т. an(ï) ≈ on(ï) ~ қаз., ққалп., ноғ. onï «оны» Тат., башқ. тiлдерiнде көне түркiлiк оl жiктеу есiмдiгiнiң табыс септiк формасы anï а ≈ u сәйкестiгiн түзiп қолданылады: unï. Қыпшақ тобындағы тiлдерде anï жiктеу есiмдiгi тұлғалық өзгерiске ұшырағанымен осы сөзбен түбiрлес сiлтеу есiмдiгi кеңiнен қолданылады: аnа (ана адам), аnаw.

е ≈і сәйкестiгi. Орх. jer/jir, Е. jer ~ қаз., ққалп., қырғ. žer; тат. žijr; башқ. jer «жер».

е≈ä сәйкестігі. Орх., Е. je(me) ≈ žä(ne): jaņïlïp ülesikiņin jeme bunta urtïm «Жаңылып көшкенiңдi және сонда айттым» (КТк. 10)36 ~ қаз., ққалп. žäne, тат., башқ., jänä, қар. janï «және,тағыда».

е ≈э сәйкестігі. э тұлғасы негізінен қырғ., құм., ноғ. тілдеріне тән. Орх., Е., Тал. еkі «екі», el/il «ел, ру-тайпа», eņ «ең», er «еркек; батыр» ~ қырғ. эkü, эl, эņ, эr., құм. эkij, эr

62. Фонетикалық зандылыктар, буын және екпін. Үндестік заңы алтай тілдерінің, оның ішінде түркі тілдерінің дыбыстық жүйесіндегі басты заңдылық болып табылады. Үндестік заңы бойынша сөздер не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке, не еріндік, не езулік болып келеді. Терең веляр немесе постпалаталдық дауыссыздардың дауыстылардың жуан, жіңішкелігіне қатысы дауыссыздар үндестігі деп аталады. Мәселен, түркі тілдерінде k және g жіңішке дауыстылы сөздерде, q және g (немесе γ) жуан дауыстылы сөздерде ғана кездеседі. k немесе g дауыссыздары бар қосымшалар –kä, -gä, -qa, -γa түрінде болады, көне түркі sü-g ‘әскер’, at-ï-γ ‘ат’; il-gärü ‘ілгері’, qurï-γaru ‘артқа, батысқа қарай’; ödkä ‘уақытына қарай’, taluyqa ‘теңізге қарай’.

Бір сөзде тек жіңішке (палатал) немесе жуан (велар) дауыстылар ғана кездесуі палаталдық үндестікке, алдыңғы буындағы езулік немесе еріндік дауыстылардың ортаңғы (немесе жоғарғы) дауыстыларға қатысы лабиалдық үндестікке барып саяды. Мысалы: aγalar ‘әкелер’ / oγolor ‘балалар’. Кейбір түркі тілдерінде тек палаталдық үндестік орын алады. Мәселен, түрікмен, қазақ, ноғай, татар тілдерінде қосымшалар ä/a немесе ә/ï дауыстыларымен ғана кездеседі (-lar көптік қосымшасы тек -lär/-lar формасында кездеседі; үшінші жақтағы қосымша -ә немесе -ï болып келеді, ü немесе –u кездеспейді).

Терең веляр немесе постпалаталдық дауыссыздардың дауыстылардың жуан, жіңішкелігіне қатысы дауыссыздар үндестігі деп аталады. Мәселен, түркі тілдерінде k және g жіңішке дауыстылы сөздерде, q және g (немесе γ) жуан дауыстылы сөздерде ғана кездеседі. k немесе g дауыссыздары бар қосымшалар –kä, -gä, -qa, -γa түрінде болады, көне түркі sü-g ‘әскер’, at-ï-γ ‘ат’; il-gärü ‘ілгері’, qurï-γaru ‘артқа, батысқа қарай’; ödkä ‘уақытына қарай’, taluyqa ‘теңізге қарай’.

Н.Поппе түркі тілдерінде дауыссыздар ассимиляциясының екі түрі кездесетінін айтады. Мысалы қазақ тілінде екінші дауыссыз дыбыс алдыңғы дауыссыздың себебінен ассимиляцияға ұшырайды: қаз. attar < at + -lar. Бірінші дауыссыздың екінші дауыссыз дыбыстың әсерінен ассимиляцияға ұшырауы якут тілінде кездеседі: akka ‘атқа’ < at + -ka), ekke ‘етке’ < et + -ke(-ke бағытты білдіретін қосымша); ïččït ‘итші’ < ït ‘ит’ + -čït (-čït мамандықты білдіретін зат есім қосымшасы); appït ‘атымыз’ < at + -bït (тәуелдіктің қосымшасы).

Түркі тілдерінде, соның ішінде қазақ тілінде екпін сөздің соңғы буынына түсетіні белгілі. Екпіннің соңғы буыннан алға қарай жылжуы сын есімнің интенсив формаларынан да айқын байқалады: қап-қара, сап-сары, шіп-шикі, қып-қызыл, аппақ, т.б. сөздер құрамында екпін алдыңғы күшейтпелі буынға түседі. Қазақ тілінде екпіннің алдыңғы буынға қарай жылжуы, әсіресе, лепті сөйлемдер құрамында байқалады.

63. Сөз құрылысының агглютинацияға байланысты ерекшелігі. Морфологиялық құрылыстың негізі – аффиксация. Олай болатын себебі – типологиялық жағынан жалғамалы агглютинациялы топқа жатады. Мәні мен қызметі әр түрлі аффикстер бір-біріне қабаттасып, қосарланып жалғана береді. Түркі тілдерінің морфологиялық құрылымының өзіндік ерекшеліктері олардың аглютинативтік қасиетінен туындайды. ‘Аглютинацияның мәні мынада, - деп жазады, мәселен, көрнекті моңғолтанушы Г.Д.Санжеев, - қандай-да бір сөз оның негізіне белгілі бір суффикстің жапсырылуы, яғни жалғануы арқылы өзгеріске түседі. Ал негіз ешқашан өзгеріске түспейді, бастапқы қалпын сақтайды’

Аглютинативтік тілдерде әр бір сөз морфологиялық тұрғыдан сөздің түбірі, лексика-грамматикалық сөзжасамдық қосымшалар (аффикстер), функционалдық-грамматикалық сөзжасамдық қосымшалар, сөз түрлендіруші қосымшалар сияқты құрылымдық элементтерден тұрады.

Аглютинативтік тілдерде сөздің одан әрі бөлшектенбейтін және өзгермейтін бөлігі, нақты заттық мағынаға ие түбір біріншілік, туынды емес, өлі болуы мүмкін, яғни тек түбірлік ядродан тұруы, мысалы: түрк. kel- 'келу'/ (С+Г+С), je- (<jej-) 'жеу' /С+Г+(+С)/, ol-(<bol-) 'болу, істелу,жасалу, құрылу' / (С)+Г+С, e- (<jer-/-jir-) 'болу' / (С+)Г(+С) немесе екіншілік, туынды болуы, яғни түбірлік ядродан және өлі сөзжасам аффикстерінен құралуы мүмкін, мысалы: qyz-yl, jur-(g)ek т.б.37.

Егер дауысты дыбысты ‘Г’, дауыссыз дыбысты ‘С’ әріптерімен белгілесек, түркілік түбірлер дыбыстық құрамы тұрғысынан бір буынды (Г, СГ, ГС, СГС, ГСС, СГСС) немесе екі буынды (СГСГ, ГСГ, ГССГ, СГССГ), ал негіздер түбірге сөзжасам жұрнақтарының үстемеленуіне байланысты көпбуынды болуы мүмкін. Мысалы, Г: Көне түркі ескерткiштері тiлiнде ö түбiрiнен тараған бiрнеше түбiр-негiздер ұшырасады: ö → ög → ögüt «кеңес, үгіт » (ДТС, 382) ö → ög → ögle «талқылау»); ö → ök → ökün «өкін».

64. Сөздерді сөз таптарына бөлу тарихы. Түркі тілдеріндегі сөздерді тапқа бөлу Гиганов, Қазамбек, Бетлинг зерттеулерінен, ал қазақ тіліндегі сөздерді тапқа бөлу түрколог Н.И.Ильминский еңбектерінен басталады. Ол 1860-1861 жылдарда Қазақ университетінің ғылыми жазбаларында жарияланған «Материалы к изучению киргизского наречия» деген еңбегінде сөздерді тоғыз түрлі тапқа бөледі. Сөздерді таптастыруға қатысты елеулі пікірлер 30-жылдардың орта тұсынан бастап көріне бастады. 1936 жылы «Ауыл мұғалімі» журналында (№5-6, 38-б) жарияланған С.Жиенбаевтың «Грамматикалық категориялар туралы» мақаласында сөздерді тапқа бөлуде орныққан үш принцип (семантикалық, синтаксистік, морфологиялық) бар екенін жазады.

Сөздерді тапқа бөлуде профессор Қ.Жұбанов оларды түбір тап, шылау тап, одағай тап деп үшке бөліп, басқаларын осы үшеуінен таратады. Мұндағы өзгешелік терминдік жағында. Автор есім дегеннің орнына түбір тап деген термин қолданған. Бірақ автордың қолданған темині ғылымда орнықпады. Сөздерді тапқа бөлу С.Аманжолов еңбектерінде де қарастырылған. Ол қазақ тіліндегі сөздерді тұлғасы мен лексикалық-грамматикалық белгілеріне қарай екі салаға бөліп қарайды. Терминдік, классификациялық ала-құлалықтарға қарамастан, отызыншы жылдары қазақ тіліндегі сөз таптарының негізгі түрлері, әрқайсысына тән лексикалық-грамматикалық белгілер практикалық грамматика дәрежесінде айқындалып ашылды. Сол негізге сүйеніп, кейінгі кезеңдерде тіліміздің морфологиялық жүйесі терең де жан-жақты зерттелді.

Түркі тілдерінің өте көне дәуірінде осы күнгідей сан салалы, жіктелген сөз таптары айқын көрінбеген. Орхон-Енисей жазбаларының тілінде қазіргі қазақ тіліндегі сөз таптарының бәрі бірдей кездеспейді. Бар болған күнде де, осы күнгі тіліміздегідей дамыған, сараланған дәрежеде емес. М.Томанов ол тілде бір-бірінен айқын сараланған сөз таптары зат есімдер мен етістіктер екендігін жазады. Есімдер тобында басқалардан айқын жігін ашқаны – сан есімдер. Ал сын есімдер мен үстеулер, шылаулар қалыптасқан, сараланған сөздер есебінде көрінбейді. Олай болса, бүгіндегі сын есімдер мен шылаулардың салаланған топтары кейінгі дәуірде қалыптасқан болып шығады. Мұны олардың морфологиялық құрылымдары да дәлелдейді. Айталық, шығу тегі тұрғысынан қарағанда шейін (шек+ін), сияқты (сиық+ты), арқылы (арт+қа+лы), бойы (бой+ы), жөнінде (жөн+ін+де), шамалы (шама+лы) тәрізді септеулік шылаулардың есімдермен тектестігін, дейін (де+й+ін), қарай (қара+й), гөрі (көр+е) шылаулары бойынан олардың етістіктермен тектес екендігін байқауға болады. Сөз таптарының бірден пайда болмай, тілдің тарихи дамуы барысында біртіндеп жасалатындығы үстеулердің сөз табы ретінде жасалып қалыптасуынан да анық көрінеді. Мысалы: бірге, бірден, кешке т.б.

65. Түркі тілдеріндегі фузия. Г.Й.Рамстедт қосымшаның басқы дыбысының негіздің соңғы дыбысымен кірігуін фузия деп атайды және оның барлық алтай тілдері үшін маңызы ерекше екенін атап көрсетеді. Фузияны ассимиляция заңына бағынатын, ілгерінді және кейінді ықпалдарға қатысы бар құбылыс ретінде қарастыра келіп, Г.Й.Рамстедт алтай тілдерінде қосымшаның басқы дыбысы негіздің соңғы дыбысына, немесе керісінше, негіздің соңғы дыбысы қосымшаның басқы дыбысына ыңғайласуы, бір- біріне әсер етуі орын алатынын айтады. Мысалы: түрк. at-qa, atima; моңғ. jabu-ǯu’ жүріп келе жатып′, gar-šu ′кетерде′; түрк. ba-j-u ′байлап жатып′ (түбір ba- ), ba-g ′байлам, түйін′, baj-la ′байлау′; кор. pa ′арқан, жіп′ (<*pag); түрк., моңғ. bag-la ′байлау′. Түркі тілдерінде ba- ′байлау′ түбір-негізі якут тілінде –j- форматы арқылы ұзарып, baj- тұлғасында етістіктің негізін құрайды. Алтай тілдерінде негіздің соңғы дыбысы қосымшаға қосылып кетуі немесе түсіп қалып, негіздің қысқаруы да көптеп кездеседі: моңғ. jabu-gad, жаңа моңғ.jaw-ād; кор. isi-da ′болу′, кейіннін is-ta, қазір itta38.