- •1,2. Қазақ тілінің дауысты дыбыстар жүйесінің түркі тілдеріндегі дауыстылар сәйкестігімен байланысы.
- •9. Қазақ тіліндегі қатаң дауыссыз дыбыстар және олардың қыпшақ тобы тілдерімен сәйкестік құрауы
- •11. Қазақ тіліндегі ұяң дауыссыз дыбыстар және олардың қыпшақ тобы тілдерімен сәйкестік құрауы
- •12. Етістіктің өткен шақ тұлғаларының тарихи қалыптасуы.
- •13. Хх ғасырдағы түркітану саласындағы жетістіктер
- •14.Етістіктің осы шақ тұлғаларының тарихи қалыптасуы
- •15. Қазақ тіліндегі үнді дауыссыздардың қыпшақ тобы дауыссыздар жіктелісіндегі орны
- •16. Салыстырмалы-тарихи әдіс және лингвистикалық түркология
- •21 Сұрақ Етістіктің салт, сабақты және болымды, болымсыздық категориялары
- •23 Сұрақ Түркі тілдеріндегі езулік дауыстылардың сәйкестігі
- •24 Cұрақ Етістіктің есімше тұлғасының тарихи қалыптасуы
- •25 Cұрақ . Түркі тілдерін топтастыру мәселесі: ең жаңа классификациялар (г. Ахатов, а. В. Дыбо, о. Мудрак)
- •31. Түркі тілдерінің классификациялау мәселесі және м. Қашқаридың « Диунаи лұғат ат түрк» еңбегі.
- •32. Етістіктің дербес грам категория рет ерекшеліктері
- •33. Үстеу және оның сөзжасам жүйесі
- •34. Түркі тілдерін топтастыру мәселесі: Радлов және Корштың класиф
- •35. Сілтеу есімдіктерінің тарихи қалыптасуы
- •36. Тілдердің даму жолын тарихи тұрғыдан зерттеудің ретроспективті және проспективті бағыттары.
- •39. Алтай дәуірі және «Алтай гипотезасы туралы түсінік».
- •40. Түркі тілдерін топтастыру мәселесі: в.А.Вогородскийдің, а.Н.Самойливичтің , й.Рамстедтің классификациялары.
- •46. Батыс хун тілдері жіктелісі
- •47.Түркі тілдері дамуының орта орта түркі дәуірі
- •48. Сұрау есімдіктерінің таррихи қалыптасуы
- •51.Алғашқы түбір және қазіргі тілдергі «өлі түбірлер» туралы.
- •52. Орта түркі жазба мұраларының түркі жазба тілдерінің қалыптасуындағы орны.
- •53. Тіл дамуындағы заңдылықтардың сөздің морфологиялық құрамына тигізетін әсері.
- •55.Ондық сан есімдер.
- •66. Сан есімнің басқа сөз таптарынан айырмашылығы
- •68. Түркі тілдеріндегі фузия
- •69. Кейбір сан атауларының этимологиялық негізі
- •70. Есімдіктердің қалыптасу, даму жолы
- •76. Моносиллабтардың морфонологиялық құрылысы
- •77. Көптік категориясының тарихи қалыптасуы
- •78 Сурак Кыпшак тобы тилдериндеги тарихи дыбыстык сайкестиктер
- •79Сурак Казак тили жане турки тилднринин морфологиялык курылымы:
- •80 Сурак Салыстырмалы тарихи адисти колданудын басты шарттары
- •81. Салт-сабақтылық мән және етіс категориясы
- •82 Генеалогиялық классификация жасаудың негізгі ұстанымы.
- •83. Септік категориясының тарихи қалыптасуы
- •84. Сын есімнің қалыптасуында адъективтену процесінің атқарған рөлі
- •86. Сын есім жасайтын жұрнақтар.
- •87.Дара және күрделі сан есімдер
- •88. Түркі тілдерін зерттеуде қолданылатын әдіс – тәсілдер
70. Есімдіктердің қалыптасу, даму жолы
Түркі тілдеріндегі айрықша грамматикалық топ ретінде танылатын есімдіктердің негізгі ерекшеліктері:1) қай сөз табы болмасын, оның өзіне тән (немесе жартылай тән) сөз жасау жүйесі болады. Осындай жүйе есімдіктерде жоқ. Жалпы бүгінгі тіл заңдылықтары тұрғысынан есімдіктер басқа сөздерден жасалмайды; 2) есімдіктер тек грамматикалық өзгерістерге ғана ұшырайды, септік, көптік, тәуелдік жалғаулары арқылы түрленеді. 3) тек есімдіктерге ғана тән грамматикалық, категориялар жүйесі жоқ. Бұл ерекшеліктер ҮІ-ІХ ғасыр түркі жазба мұралары тіліне де, қазіргі түркі тілдеріне де ортақ.
Жіктеу, сілтеу есімдіктерінің тарихи даму барысы Г.Рамстедт, Н.Поппе, В.Котвич, А.Габен, Ж.Дени, К.Н.Менгес, О.Прицак, В.Банг, Й.Бензин, Б.А.Серебренников, А.Н.Кононов, Н.К.Дмитриев т.б. белгілі алтаист – түркітанушылардың зерттеулерінде арнайы қарастырылып, олардың арғыалтайлық және арғытүркілік тұлғаларын жаңғыртуға айрықша назар аударылды. Жіктеу есімдіктері белгілі бір жақты көрсету үшін қолданылатын сөздер тобы. Сол себепті жіктеу есімдіктері үнемі адаммен, яғни сөлеуші, тыңдаушы және бейтарап бөгде кісіге қатысты қолданылады. Арғыалтай тілінде *min ‘мен’, *sin‘сен’, *in ‘ол’ тұлғасында жаңғыртылатын жекеше түрдегі жіктеу есімдіктері түркі тілдерінде men/ben ‘мен’, sen‘сен’, моңғол тілдерінде bi ‘мен’, či(<*ti) ‘сен’, тұңғыс тілдерінде si ‘сен’, маньчжур тілінде i ‘ол’ түрлерінде қолданылады41. Г.Рамстедт пікірі бойынша: түрк., моңғ., тұңғ. *min ‘мен’, моңғ. *tin және түрк., тұңғ. *sin ‘сен’ архитұлғалары түркі тілдерінде екпін күшінің салдарынан немесе деиктикалық күшейту жолымен män, sän болып өзгерген, ал негіз соңындағы -n атау септігінде өте ерте кездерде-ақ жойылып кеткен. Жіктеу есімдігінің III жағы (атау сеп. i, негіз – in-) тек маньчжур тілінде ғана септелетін жеке сөз ретінде сақталып қалған, ал корей тілінде i энклиттік қолданыста атау септігінің детерминденген тұлғасын жасауға негіз болады (čip‘үй’, čibi ‘(нақ осы) үй’), ал түркі тілдерінде -i, -in- тәуелдіктің III жағының қосымшаларына айналған42. Түркітанушылардың көбі bä-n /mä-n ‘мен’ және sä-n ‘сен’ жіктеу есімдіктері соңындағы -n тұлғасын жекелікті білдіретін, я болмаса негізгі түбірге жалғанатын ‘посессивтік көрсеткіш’, *bi-z және *si-z соңындағы –z тұлғасын көптіктің көрсеткіші деп санайды. Түркітануда біршама орныққан ой-пікірлер қатарына септелетін bän-/män- және sän- негіздерінің жалпыланып, атауыштық мәндегі *bi және *si тұлғаларын алмастырғаны жайлы, яғни түркі тілдерінің көбінде о бастағы bä/ bi және sä/ si тұлғаларының орнына атау септігінде bän (>män) және sän, biz және siz қолданыла бастағаны туралы пікір де жатады. Тарихи даму барысында өзінің жеке сөз ретіндегі дербестігінен айырылған жіктеу есімдігінің III жақ арғытүркілік *i (*n) ‘ол, сол’ тұлғасының із-сілемдері септіктерде (көне түрк. inärü~ïnaru ‘арырақ, ана жаққа қарай’, якут. innä ‘анда, ана жақта’), тәуелдіктің III жағының қосымшаларында (-ï/-i, -sï/-sï: чув.-i/-e,-ěšě/-ěš; якут. -ä/-a, -tä/-ta), сілтеу есімдіктерінде (түркім. ine ‘мынау’, балқ. in-ol ‘анау, ана біреу’, inanda ‘анау жақта’), қыстырма сөздерде (көне түрк. inčip~ïncïp‘сонымен’, хал. ïnaγda, ïna‘γča ‘былайша айтқанда’) т.б. сақталып қалған.
71. Зат есім және оның категорияларының өзіндік ерекшеліктері. Зат есімдердің түрлену жүйесі оның грамматикалық категорияларымен сипатталады. Зат есімдердің сан-мөлшерлік, тәуелділік немесе меншіктілік-объективтілік сияқты грамматикалық мағыналары және олардың сөйлемде басқа сөздермен грамматикалық қарым-қатынасқа түсуі көптік, тәуелдік және септік жалғаулары арқылы жүзеге асады. Алтайтану бағытындағы зерттеулерде жіктік және тәуелдік жалғауларының шығу тегі, әр форманттың жалпыалтайлық архетипі жіктеу есімдіктерінің жақтық жіктелісімен байланыстырылады. Мәселен, Э.В.Тенишев түркі, моңғол және тұңғыс-маньчжур тілдерінің материалдарын салыстыра отырып, түркі тілдеріндегі бірінші жақ жіктіктің -man/-mun, -m/-n, тәуелдіктің -m жалғауларының шығу тегін жіктеу есімдігінің арғыалтайлық 1-жақ жекеше *min ′мен′ тұлғасынан; түркі тілдеріндегі екінші жақ жіктіктің -san/-sïn/-sïŋ/-ïŋ /-n, тәуелдіктің -ŋ/-n жалғауларының шығу тегін ′сен′ жіктеу есімдігінің арғыалтайлық ІІ жақ жекеше *sin тұлғасынан; түркі тілдеріндегі тәуелдіктің үшінші жағының -ï/-sï/-ïn жалғауларының шығу тегін қалпына келтірілген арғыалтайлық *in ′ол′ жіктеу есімдігінен таратады. Көптік категориясы - есімдер жүйесіндегі басты грамматикалық категориялардың бірі. Көне түркі, орта түркі тілдерінде кең таралған өнімді жалғау -lar қазіргі түркі тілдерінде әр түрлі дыбыстық вариантта актив қолданылады -lar /-lär қосымшасының құрамы мен шығу тегі туралы пікірлерге зер салсақ, ол пікірлердің әр қилылығы байқалады. Мәселен, поляк ғалымы Т.Ковальский -lar жалғауының түп-төркінінде болжамды білдірген бірнеше, көп сияқты қандай-да бір сөз жатуы мүмкін десе, В.А.Богородский бұл қосымшаның қалыптасуын 3 жақ жіктеу есімдігі ol мен -ar жұрнағының кірігуінен іздестіреді. Н.А. Баскаков -lar қосымшасын іс-әрекеттің қайталатынын білдіріп, есімнен етістік тудыратын -la жұрнағы мен келер шақ есімшенің -r тұлғасының бірігуінен тұратын, ішкі семантикалық өзгерістің нәтижесінде көптік мәнге ие болған күрделі аффикс деп санайды. Түркітану саласындағы зерттеулер бойынша түркі тілдерінде 6, кейбір тілдерде 7 немесе 8 септік көрсетіледі.
72. Түркі тілдері дамуындағы метатеза құбылысы. Сөздердің, грамматикалық тұлғалардың тарихи дамуында із қалдырған құбылыстардың бірі – метатеза. Метатеза – сөздің өз ішіндегі дыбыстардың өзара орын алмастыруы, сөйтіп соңғы қалпында қалыптасып, орнығуы. Метатезалық құбылысты айқындау үшін туыстас тілдер мен көне жазбалар тілінің фактілерін бүгінгі біздің тіліміздегі сондай фактілермен салыстыру қажет. Сонда ғана дыбыстардың орын ауысуын анықтауға болады, сол арқылы олардың қандай сөздермен түбірлестігін, құрамын айқындауға мүмкіндік туады. М.Қашқари «Диуани луғат-ит түркі» (1074) еңбегінде сол заманғы түркі тайпалары тілдерінде қ мен ч, ғ мен д, ш мен н, ғ мен м, ғ мен л дыбыстарының түбір сөз ішінде метатезалық өзгерістерге түсетінін көрсетеді. Қашқаридің айтуынша, қарлығаш, қоңсы, жаңбыр сөздерінің бастапқы тура түрі қарғылач, қошны, йағмур. Егер бұрынғы сипатын еске алсақ, этимологиялық жақтан қарлығаш сөзі қар (қол, иық мәнінде) сөзінен шыққанын, ал қоңсы сөзінің қос, қосақталу сөздерімен түбірлестігін, жаңбыр сөзінің арғы түбірі йағ («жауу» етістігі) екенін байқаймыз.
73. Көне түркі тіліндегі есімдіктер жүйесі. Жіктеу, сілтеу есімдіктерінің тарихи даму барысы Г.Рамстедт, Н.Поппе, В.Котвич, А.Габен, Ж.Дени, К.Н.Менгес, О.Прицак, В.Банг, Й.Бензин, Б.А.Серебренников, А.Н.Кононов, Н.К.Дмитриев т.б. белгілі алтаист – түркітанушылардың зерттеулерінде арнайы қарастырылып, олардың арғыалтайлық және арғытүркілік тұлғаларын жаңғыртуға айрықша назар аударылды. Жіктеу есімдіктері VI-IX ғасыр ескерткіштері тілінде Ж е к е ш е bеn/mеn sіn/sеn ol К ө п ш е biz siz ol Сұрау есімдіктері VI-IX ғасыр ескерткіштері тілінде kim /kem(кім) kimke (кімге) Nе nеkе/nеgе (не, неге) Kаč(қанша) qanї(қайда) qаntаn(қайдан) аntеg(қандай) Өздік есімдігі Öz(өз) Özim (өзім) Öziŋ (өзің) Özi (өзі) Kentü Kentüm Kentüsi (бұл 3 қазір қолданылмайды) Жалпылау есімдіктері Орхон, Енисей ескерткіштері тілінде жалпылау, жинақтау мәні бар qamuγї «бәрі», ükül «бүкіл», üküš «барлық»сөздері қолданылады. Болымсыздық есімдігі Қазіргі қазақ тілінде еš, еškіm, еštеŋе, еšnäрsе, еšbіr, еšqаšаn, еšqанdаj, еšqаjsï т.б. болымсыз есімдіктер қолданыста.
74. Жақ мен тәуелдік қосымшалары арасындағы тарихи тектестік. Жіктік және тәуелдік жалғауларының шығу тегін мен, сен, ол жіктеу есімдіктерімен байланыстыратын Г.Й.Рамстедт және В.Л. Котвич пікірлерін қолдай отырып, Н.А.Баскаков алтай тілдеріндегі жіктік және тәуелдіктің 1-жағының көпше түріндегі қосымшалардың шығу тегі түркі тілдері үшін: bі (1-ші жақ жекеше түрдегі жіктеу есімдігінің негізі) + z (көптіктің көрсеткіші) тұлғасында жаңғыртылатын biz жіктеу есімдігіне, немесе бірінші жақтағы bi (<*min) және екінші жақтағы si (<*sen) жіктеу есімдіктерінің бірігуінен жасалатын инклюзивті biz <bi+si ‛мен және сен’ есімдігіне барып саятынын айтады. Н.А.Баскаков жіктік және тәуелдік қосымшаларының екінші жақтағы көпше түрінің құрамын түркі тілдері үшін: sаn~sun (2-ші жақ жекеше түрдегі жіктеу есімдігі) + көптіктің көрсеткіші -lar- > -sïnlar- sïnlar-sïņ(l)ar-(sï)ņ(l)ar деп көрсетеді. Демек, түркологиядағы «тәуелдік жалғауларының арғы тегі жіктеу есімдіктеріне барып саятыны туралы» пікірді толық қалыптасқан ғылыми пікір деп санауға болады.
75. Қазақ тілінің дамуындағы дыбыс өзгерістері (протеза, эпентеза, элизия, редукция). Тіл білімінде протеза, эпентеза деп аталатын құбылыстар этимологиялық тұрғыдан сөз құрамында болмаған, тілдің даму барысында пайда болып, қалыптасқан дыбыстарға қатысты болып келеді. Түркі сөздері, оның ішінде қазақ сөздері де іргелес айтылған екі дауыссыздан және л, р дыбыстарынан басталмайтыны белгілі. Сырттан, басқа тілдерден енген сөздердің барлығы да тілімізде қалыптасу процесінде осы заңдылық бойынша меңгеріледі. Мәселен ырас, ырза, ірет, үстел. Протезалық дыбыс ретінде кейде ашық о дыбысы да айтылады: орыс, ораза (бастапқы түрі русь, руза).Эпентеза немесе сөз ішінде қатар айтылуға тиіс екі дауыссыз дыбыстың арасындағы дауыстының түсіп айтылуы да қазіргі әдеби тіл құрамындағы кездесіп отыратын құбылыс. Эпентезалық дыбыстар, әсіресе, араб-парсы тілдерінен енген сөздер құрамынан көптеп кездеседі: пікір, уақыт, өмір, ресім. Орыс тілінен енген кереует, бөрене, тұрба тәрізді сөздер де эпентеза құбылысы орын алады. Түркі тілдеріне тән ғ, г дыбыстарының элизиясы ( буғдай – бидай, сығыр – сиыр, бігіз – біз (ине), сарығ – сары т.б.) қазақ тіліндеде торын алады: мағына – мән, мағлұм – мәлім Түркі тілдерінде негізгі етістік пен көмекші етістік тіркесінің редукцияға ұшырауы жиі кездесетін құбылыс: келатыр, түрегел, баратыр. Қазіргі түркі тілдерінің көпшілігінде кездеспейтін көмектес септігінің жалғауы да біле, іле, білен шылауларының редукциялануы арқылы қалыптасқан. Өзі бағынышты, жетегінде айтылатын есім сөзбен бір екпінге бағынудың нәтижесінде бірле шылауы редукцияланып, қазіргі тіліміздегі –мен тұлғалы жалғауға айналған.
