- •1,2. Қазақ тілінің дауысты дыбыстар жүйесінің түркі тілдеріндегі дауыстылар сәйкестігімен байланысы.
- •9. Қазақ тіліндегі қатаң дауыссыз дыбыстар және олардың қыпшақ тобы тілдерімен сәйкестік құрауы
- •11. Қазақ тіліндегі ұяң дауыссыз дыбыстар және олардың қыпшақ тобы тілдерімен сәйкестік құрауы
- •12. Етістіктің өткен шақ тұлғаларының тарихи қалыптасуы.
- •13. Хх ғасырдағы түркітану саласындағы жетістіктер
- •14.Етістіктің осы шақ тұлғаларының тарихи қалыптасуы
- •15. Қазақ тіліндегі үнді дауыссыздардың қыпшақ тобы дауыссыздар жіктелісіндегі орны
- •16. Салыстырмалы-тарихи әдіс және лингвистикалық түркология
- •21 Сұрақ Етістіктің салт, сабақты және болымды, болымсыздық категориялары
- •23 Сұрақ Түркі тілдеріндегі езулік дауыстылардың сәйкестігі
- •24 Cұрақ Етістіктің есімше тұлғасының тарихи қалыптасуы
- •25 Cұрақ . Түркі тілдерін топтастыру мәселесі: ең жаңа классификациялар (г. Ахатов, а. В. Дыбо, о. Мудрак)
- •31. Түркі тілдерінің классификациялау мәселесі және м. Қашқаридың « Диунаи лұғат ат түрк» еңбегі.
- •32. Етістіктің дербес грам категория рет ерекшеліктері
- •33. Үстеу және оның сөзжасам жүйесі
- •34. Түркі тілдерін топтастыру мәселесі: Радлов және Корштың класиф
- •35. Сілтеу есімдіктерінің тарихи қалыптасуы
- •36. Тілдердің даму жолын тарихи тұрғыдан зерттеудің ретроспективті және проспективті бағыттары.
- •39. Алтай дәуірі және «Алтай гипотезасы туралы түсінік».
- •40. Түркі тілдерін топтастыру мәселесі: в.А.Вогородскийдің, а.Н.Самойливичтің , й.Рамстедтің классификациялары.
- •46. Батыс хун тілдері жіктелісі
- •47.Түркі тілдері дамуының орта орта түркі дәуірі
- •48. Сұрау есімдіктерінің таррихи қалыптасуы
- •51.Алғашқы түбір және қазіргі тілдергі «өлі түбірлер» туралы.
- •52. Орта түркі жазба мұраларының түркі жазба тілдерінің қалыптасуындағы орны.
- •53. Тіл дамуындағы заңдылықтардың сөздің морфологиялық құрамына тигізетін әсері.
- •55.Ондық сан есімдер.
- •66. Сан есімнің басқа сөз таптарынан айырмашылығы
- •68. Түркі тілдеріндегі фузия
- •69. Кейбір сан атауларының этимологиялық негізі
- •70. Есімдіктердің қалыптасу, даму жолы
- •76. Моносиллабтардың морфонологиялық құрылысы
- •77. Көптік категориясының тарихи қалыптасуы
- •78 Сурак Кыпшак тобы тилдериндеги тарихи дыбыстык сайкестиктер
- •79Сурак Казак тили жане турки тилднринин морфологиялык курылымы:
- •80 Сурак Салыстырмалы тарихи адисти колданудын басты шарттары
- •81. Салт-сабақтылық мән және етіс категориясы
- •82 Генеалогиялық классификация жасаудың негізгі ұстанымы.
- •83. Септік категориясының тарихи қалыптасуы
- •84. Сын есімнің қалыптасуында адъективтену процесінің атқарған рөлі
- •86. Сын есім жасайтын жұрнақтар.
- •87.Дара және күрделі сан есімдер
- •88. Түркі тілдерін зерттеуде қолданылатын әдіс – тәсілдер
86. Сын есім жасайтын жұрнақтар.
Заттық-сапалық
атаулардың біртіндеп заттық мағыналарын
жоғалту құбылысының сілемдері қазіргі
түркі тілдерінде сын есімдердің
семантика-функционалдық қолданыс
аясынан айқын байқалады. Мәселен, тув.
sooq'суық,
аяз', ažïg
sooq
'қатты аяз', sooq
qïš 'суық
қыс', sooq
suï 'суық
су', bögün
sooq-
tur
'бүгін суық'; алт. boš:
kolïm boš dök
' қолым бос',
kiligiboš 'жігерсіз';
әз., алт., гаг., башқ., қаз., ноғ., тув.,
түркім. т.б. dar/tar
'тар,
қысыңқы, сыйымдылығы аз': алт. tar
d`er
'тар жер', mïnda
tar
'мұнда тар', түрік. darda
olmak
'қиын жағдайда қалу', әз. dara
düšmek
қиындыққа тап болу, таршылыққа
ұшырау'43. Морфологиялық
құрылымы жағынан сын есімдер жалаң,
туынды және күрделі болып келеді. Сын
есімдердің қайсы біреулері жалпытүркілік
бір буынды түбірлерден өрбиді: көне-түрк.
sariγ,
түркм. sāri,
түрік., қаз. sari
'сары', чув. sară
'сары'
т.б.
Шығыс септігінде тұрған зат есімнің
сын есіммен тіркесіп келуі (өзб. Jaχši
sǔz baldan širin
'жақсы сөз – жарым ырыс'.
Қаз. Sütten
aq, sudan taza),
сондайақ сын есімнің белгілі бір
күшейткіш сөздермен тіркесуі (eη/iη
'ең':
тат.
iη tirän, тув.
eη uluγ, қаз.eη
taza)
арқылы жасалатын салыстырмалы шырай
түрлері көптеген түркі тілдеріне тән
құбылыс. Ал сын есімнің кішірейту-еркелету
мәніндегі тұлғасын жасауға оғыз тобындағы
тілдерде -ǯa/-ǯe,
-ǯaq/-ǯek/-ǯyq/-ǯik жұрнақтары
өнімді қатысады:түркім. aqǯa
ǯüjǯe 'ақ
балапан',
garaǯa
guzï
'қара қозы', mïsenǯaq
čörek 'жұмсақ
нан'. Орхон,
Енисей, Талас ескерткіштері тіліндегі
сын есімдер мен қазіргі түркі тілдеріндегі
сын есімдердің табиғаты жайлы ой түйген
ғалым А. Есенқұлов: «Көне түркі жазба
ескерткіштері тіліндегі сын есім мен
қазіргі түркі тілдері, оның ішінде қазақ
тіліндегі сын есім категориясының
арасында мағыналық та, тұлғалық та
айырмашылық жоқ. Тек аздаған ғана
фонетикалық ерекшеліктері кездеседі»,
- дейді44.
Ғалым пікірі сын есім тудыратын қосымша
морфемаларға да қатысты болып келеді.
А.Есенқұловтың көзқарасы бойынша,
-q/-k,-g/-γ,-ïq/-іk-ïγ/-іg/,-uq/-ük,-uγ/-üг
Орхон, Енисей жазбаларында зат есімге
де, сын есімге де жалғанып, туынды сын
есім жасайды, көбіне етістікке жалғанып
қатыстық сындық қасиетке ие болады45.
Н.К. Дмитриев түркі тілдерінде зат
есімдер мен сын есімдер жасауда белсенді
қолданылатын
-q/-k,-g/-γ,-ïq/-іk-ïγ/-іg/,-uq/-ük,-uγ/-üг
форманттарының
шығу тегін есім сөздер тудыратын
-qаq/-kеk,-γаq/-gеk/-gök
жұрнақтарынан таратады46.
Көне түркі тіліндегі сын есім тудырушы
қайсы бір жұрнақтарды қазақ тілімен
салыстырсақ:VI-
IX
ғасыр ескерткіштері тілінде-lï/-lі/-lü:
еrіklі→еrіk+lі«ерікті»;
küčlі→küč+lі«күшті»
- қазақ тілінде -lï/-lі,
-dï/-dі,
-tï/-tі,
ЕСкерт.тіл.де -lïγ/-lіg,
-luγ/-lüg:
аdаqlïγ→аdаq+lïγ«аяқты»,atlïq/atlïγ→
at+lïq/lïγ«атты»,
bašlïγ→baš+lïγ
«басты» - қазақ тілінде: -lïq/-lіk,
-dïq/-dіk,
-tïq/-tіk;
ЕСкерт.тілінде: -g/-γ,-ïγ/-іg/-ijg:
turuq→ tur+uq «арық,
арық-тұрық»; іsіg→*іs+іg«ыстық»:
tirig→*tir+ig«тірі,
жаны бар, өлмеген» - қазақ тілінде -q, -k.
87.Дара және күрделі сан есімдер
Ескерткіштер тіліндегі күрделі сан есімдердің құрылымы қазіргі түркі тілдерінің көпшілігінен өзгешелеу екені белгілі. Көне түркілер белгілі бір күрделі сан есімді айту үшін бірінші бірлік сан есімді, содан кейін айтылып отырған ондық сан есімді емес, одан кейінгі ондықты қолданған (аltï оtïz «жиырма алты», йеті йегірмі«он жеті» т.б.). Сондай-ақ кейбір ондық сан есімдер құрамындағы дербес лексемалық деңгейдегі морфемалардың жігі айқын көрінеді (sekiz оn «сексен», tоquz оn «тоқсан»). Мұндай ерекше белгілердің кейбірі хакас және сары ұйғыр тілдерінде кездеседі.
Сан атаулары өте ерте замандардан келе жатқан лексемалар қатарына жататындықтан түркі тілдеріндегі сан есімдердің қалай жасалғаны айқын көріне бермейді. Дегенмен сан есімнің сөзжасам жүйесінің өзіндік үлгілері бар. «Сан есімнің сөзжасамдық бірліктеріне сан атаулары және сөзжасамдық жұрнақтар жатады. Сан атаулары сөзжасамда негіз сөз қызметін атқарады. Сан есімнің жұрнақтары сөзжасамдық қосымшалар қызметін атқарады»47.
