Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД анат спортморф послед.doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
41 Мб
Скачать
☆

Спорттық морфологияның негізгі мазмұны мен мақсаты және міндеттері

Спорттық морфология спортшы ағзасының сезімталдығын, бейімделу мүмкіндігін зерттеу кезінде дене құрылысын қарастырады. Бұл пәннің негізгі мақсаты: біріншіден, студенттерге спортшының дене ерекшеліктерін есекре отырып жаттығу барысын ғылыми тұрғыда жүргізу; екіншіден, студенттерге спортшылардың әрбір спорт түріне бейімділігін зерттегенде дене өлшеу (антропометрия) әдістерін еркін қолдануға дағдыландыру. Спорттық морфологияның негізгі міндеттері мынадай:

  1. спорттың негізгі табиғилығына студенттердің көзін жеткізу;

  2. дене шынықтыру және спорт бойынша келещек мамандарға жалпы биологиялық және әдістемелік шындықты тереңжетіп түсіндіру;

  3. студенттерді спотршының ағзасындағы (жасуша, ұлпа, мүше, жүйе дәрежесіндегі) кәсіптік жаттығудан пайда болған өзгерістерді дұрыс бағалап, олардың дертті (потологиялық) өзгерістен айырмашылығын ажыратуға үйрету;

  4. студенттерге жаттығу барысын ғылыми тұрғыда жүргізіп, спортшының жетістігіне олардың дене құрылысындағы морфологиялық көрсеткіштеріне сүйене отырып, олардың келешек мүмкіндігіне болжау айту тәжірибесін жаттықтыру;

Спорттық сабақтардың әсерінен дененің сыртқы және ішкі құрылысының өзгерістерін зерттеп табу арқылы келешек жаттықтырушы – педагогтың биологиялық заңдылықтарға сенімі артады. Өйткені олар спорттық жаттығу нәтижесінде ағзаның қандай қасиеттері қалай өзгергенін байқайды, сондай-ақ, дене бөліктерінің бір-біріне үйлесімді өзгергенін, жалпы дене құрылысының спортпен мамандануға қаншалықты ұтымдылығын байқай алады. Бұларға көз жеткізу үшін тәжірибеде жинақталған мынадай дене өзгерістеріне назар аударған жөн.

Ауыр жүк көтерушілер (ауыр атлетика) спортта жоғары дәрежелі нәтижеге жетуі үшін тұлға, қол-аяқ ұзындықтары және олардың мөлтектері (сегменттері) өскелең (ұзын) болғаны дұрыс. Жаттығу кезінде олардың ұсталығы артқан сайын аяқ-қолдарының ұзындыұтары, әсіресе денеге жақын бөлігі едәуір қысқарады және қол-аяқ бұлшық еттерінің көлемі артады. Дене пішіні бойынша қарасақ, жауырыны қақпақтай (иығы кең), кеуде қуысы үлкен (әсіресе көлденең бағыты), тірек ауданы мол (аумақты) болып келеді. Олардың табанының жазылуы және иық буынының қозғалғыштығы артып, дененің, балтырдың және аяқ басын жазатын бұлшықеттердің жетілуі күшті болады.

Ауыр жүк көтерушілер тәрізді гимнастикашылар да бойшаң болуы керек. Олардың бойы аздап қана қысқа болса, дененің айналу екпінін толық пайдалана алмайды. Ептілік жағынан қарағанда олардың иық, қоспа буындары және омыртқа жотасының қозғалысы жақсы болғаны дұрыс. Бұл жағдай шаңғы, коньки тебушілерге және терегіш лақтырушыларға оңтайлы бола бермейді.

Жүзушілердің бойшаң болуы міндетті емес, керісінше олардың денесі жалпақ болса, суға батпай, қалқып жылжуы (гидродинамикалық жетістігі) артады.

Спортшының жоғары дәрежелі көрсеткішке жетуі үшін оның денсаулығын сақтау үшін де спортшыны жаттықтырушы спорттық морфология пәнін жете меңгеруі қажеттігін аңғарып отырған боларсыздар.

Спорттық морфологияны үйрену П.Ф.Лесгафтың айтуы бойынша ертеде гректерден басталған. Сондықтан олар спортта алда болып келген. Біздің жыл санауымыз бойынша бойынша ІІІ ғасырда өмір сүрген Кіші Флавий олимпиадалық ойында үлкен табысқа жететін спортшылардың дене құрылысының ерекшеліктерін сипаттап берген.

1924 жылдары Ф.Бах, В.Кольдрауш гимнастшылардың тұлғасы ұзын, иығы кең, желаяқтардың аяқтары ұзын, тұлғасы қысқа, ал палуандардың денесі мұғал, әсіресе, мықыны күшті дамитындығын анықтады.

Осы кездерде спорттық морфология бойынша зерттеулер жүргізіп жүрген ғалымдардың арасында екі түрлі пікір бар. Норвегия ғалымдары Х.Тьенн, Х.Саннес, К.Ланг және австрия ғалымы Л.Проков спортшымен жай адамның арасында морфологиялық жағынан аз да болса айырмашылық бар екенін дәлелдеген.

Соңғы жылдары спортшылардың морфологиясы бойынша – С.Ф.Баронов (1925) – желаяқтардың дене сәйкесиігін зерттеген, ал И.М.Краковяк (1940) – жүзушілер дене құрылысын зерттеумен шұғылданған. А.Арнольд 1933 жылы «сСпортшылардың дене құрылыс ерекшеліктері» деген үлкен кітап(монография) жазса, Польшада Я.Мидлярский 1935 жылы «Шаңғышылардың морфологиялық ерекшеліктері» деген еңбектерін жариялаған.

Бұл салада К.И.Машкар, Я.И.Кушнаревский, М.Э.Кальвейт, А.И.Кураченков, А.П.Астанин, В.В.Ананьев, Д.А.Жданов, Н.В.Крылова, Б.А.Никитюк, Ю.В.Букин, З.П.Рязанова, М.А.Джафаров, Г.Мустафина, М.Ф.Иваникий, А.А.Гладышева, С.Қ.Жұмашқызы т.б. ғалымдардың еңбектерін ерекше атауға болады.