Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД анат спортморф послед.doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
41 Мб
Скачать
☆

Спортшылардың әр түрлі мамандануындағы байлам-буын мүшелердің бейімделу өзгерістері

Спорт жаттығуларының әсерінен сүйектердің байланысуында да қүрылым-қызметтік (морфофункция-лық) езгерістер болатыны дөлелденіп отыр.Мүндай езгерістер тек буынның қозғалғыштығын арттыру ғана емес, керісінше, қозғалғыштықтың тербе-лісін тарылтып өсер ететінін де ескеру қажет.Мысалы, қай мүшенің қозғалуы күшті болса, ол буынның қозғалғыш-тығы артады, ал кей буынның аз қоз-ғалуы буынның қозғалу тербелісін кішірейтеді. Буындардың қүрылым-қызметінің бейімделу өзгерістері негізінде буын беттері мен пішінінің, шеміршегі мен байламдарының өзгеруі жүмсақ үл-палардың қайта қүрылымы арқылы жүреді. Мүндай езгерістер көбінесе жасеспірімдерді бір мақсатта (спорттың бір түрінен) жоғары нөтижеге жету

үшін үзақ уақыт бір жақты жаттық-тырғанда болады. Қолбасының қызметі өте күшті болатын қылыштасушы, баскетболшы, қолдоп ойнаушы жөне керкем гим-настикашылардың білезік буынының сопақ пішіні шар төрізденіп кетеді.Спорттық гимнастардың білезік буынының пішіні созыңқы болып өзгереді.Олардың білезік сүйектерінің арасы тығыз, ал байламдары күшті жетіледі.Әсіресө гимнастшылардың үршық буыны жалпаяды.

Футболшылардың үршық буыны-ның ернеуі, сүйек жиегі шорланып кетеді.Осыған байланысты ортан жіліктің шоқпар басындағы тіректік аумағы артады да үршық буыны мекем болады.Олардың үршық буынының солқылдақтың жүйелі мүшелері (байламдары) біршама жетілген, үршық шүңқыры үлкейген.

Футболшылардың (аяқдопшылар-дың) жамбас сүйектеріне күш өте көп түседі.Өйткені олар бір аяқпен допты тепкен кезде екінші аяғы барлық денесіне (еспінін қоса) тірек болуы керек.Жамбас қуысының (астауының) сегізкөз-мықын және қасаға буындары аяқдопшыларда ерекше әзгеріп кетеді.Олардың ішінде сегізкөз-мықын буы-нын алсақ, оның буын саңылауы саги-тальды емес, қиғашталып (сагитальды мен маңдай жазықтық арасында) орналасады.Мықын сүйектің қалқаны сегізкездің бүйір бөлігіне қарай еңкіштенеді, олардың арасында сүйек-аралық қатты байлам болады.Оның үстіне сегізкөз бен мықын сүйегінің байланысқан бөлігінің қалыңдап, өзгергені байқалады.Осының нөти-жесінде мықын белдеуі берік болып, оның сүйеніштік қызметі артады. Аяқ доппен 10 жылдан астам ойнап, кәсіпшілік дөрежесіне жеткен спортшылардың қасағалық буын беттері үлкейіп, жиектері шорланады да жалпы жамбас астауы мекемдікке тен бағытта тарылып өзгереді.

Ауыр күш түсетін буындардың қозғалысы баяу, буын-буындары күшті жетілген бүлшықеттердің талшықтары мен сіңірлері жуан болады. Қол-аяқ буындарындағы қозғалу тізбегі бір-біріне байланысты болатындықтан, ауыр күш түсетін буын ғана өзгермей, оныц маңында орналасқан буындарда өзгеріс пайда болады. Бұл жағдайды спортшының колындағы буындардың қозғалғыштығын зерттегенде, яғни өте жөңіл және тез қозғалатын-шынтақ және қоспа буындарының баяу қоз-ғалып, ал топша (бұғана-топша өсіндісі) және кежеге (бүғана-төс), білезіктің ортаңғы (бідезік сүйектері) және білезік-алақан сүйектерінің буындарыңда қоз-ғалғыштықтың артқаны анықталды.Ауыр жүк көтерушілерде тілерсек буы-ны қозғалысының баяулауьша байла-нысты топай-өкше-қайық арасьщдағы буындардьщ қатайғаны пайда болады. Шамадан тыс ауыр жүк көтеру жә-не жаттығуға машықтанудың сөйкес келмеуі немесе ағзаның бейімделу қасиетінің нашар болуынан буьшдарда (қозғалу жүйелі мүшесінде) алғашқы дерттік (патологиялық) өзгерістер көрініс береді.Ондай дерттік өзгерістер көбінесе гимнастикашылардьщ шын-тақ буындарында, боксшыларда — шынтақ, қоспа және қолбасы буында-рында жиі кездеседі. Сондай-ақ желаяқ және аяқдопшылар (футболистер) да тізе, тілерсек жөне аяқбасы буын-дарында өзгерістер болады. Кейбір ауыр жүк көтерушілердің (шангистердің) омыртқа жотасьш рент-гендік зерттеу кезіндегі қорытын-дыларына қарағанда олардың әсіресе кеуде жөне бел бөліктерінің омыртқа аралық тесіктері мен тегеріштерінің сығылып тартылғаны байқалады.Осындай тарылып сығылып езгерген омыртқаларда өте ауырсыну пайда больш, оларды емдеу өте қиынға соғады.Сондықтан да ондай дерттік езғеріс-тердің алдын алу үшін спортшыларды жаттықтырған кезде дәрігерлік бақы-лаудан өткізіп түрған жен. Спорт түрлеріне байланысты буын-дардың қозғалғыштығы өзгеретіні туралы жоғарыда айтылды.Осыған орай спорттың жоғары дөрежеге жет-кен спортшылардың буындарының қозғалғыштығы баскаларға карағанда ерекше жетіледі.

Спорт түрінің ішіндегі кейбір кәсіпік маманданған спортшылардың буындарында ерекшеліктер де байқа-лады.Атап айтсақ, жүзушілердің ара-сында брас әдісімен жүзушілерде аяк буындарының козғалғыштығы күшті.Мысалы, браспен жүзушінің аяқ буын-дарының козғалғыштығы — орташа жиынтығы — 605°, дельфин әдісімен жүзушіде — 587°, арқамен жүзуіттіде — 572°, ңосаяктап (кроль) жүзушіде — 557° көрсеткішке тең болған.

Буындардағы козғалғыштыкты арттыру үшін буындардағы табиғи қүрылымдык және кызметтік коз-ғалысқа кедергі болатын жағдайларды (механизмдерді) жоғалту мақсатындағы өдістерді жүйелі колданады.Сондай-ақ бүлшықеттің ауырлық көтеру күшін дамытуға және буынның қозғалу тербелісін барынша кеңейтетін жат-тығуға көп көңіл бөлінеді.Бүл жерде спортшының жас ерекшеліктеріне үлкен мән беріледі.Спорттың белгілі түріне арнайы дайындықты 10—14 жастан бастаған жөн, өйткені бүл жас-тарда буын қүрамы біршама жетілсе, екінші жағынан сүйектер байланысына қатысатын жүмсақ үлпалар созылғыш, серпімді болып келеді.

Спорттың түріне қажет болған буындардың қозғалысын арттырып, жетілдіруге жаттығуларды неше рет қайталау жөне қанша уақыт (апта, ай) керек болатыны бүлшықет жүйесі мен буын жүйелі мүшесінің адам дене-сіндегі қай белікте орналасуына да байланысты болады.Мысалы, үршық буынының қозғалғыштығын арттыруға тілерсек буынына қарағанда көбірек жаттығу қажет етеді.

Тәжірибелерге қарағанда буынның қозғалу белсенділігін арттыру бүл-шықет жүйесінің күшіне тікелей байланысты.Сондыктан жаттығу ке-зінде бүлшықеттің күтттін шынықтыру арқылы буынның қозғалуын молайтып отырған дүрыс.