Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД анат спортморф послед.doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
41 Мб
Скачать
☆

Модуль 9. Ішкі секрециялық мүшелер.

Ішкі секрециялық мүшелердің жалпы көрінісі жіктелу қан және жүйке жүйелерімен қызметтік байланысы. Гормондар олардың адам ағзасына әсері. Эпифаз, гипофиз, қалқанша маңы безі, қалқанша маңы бездері, ұйқы безінің эндокринді бөлігі, бүйрек үссті бездері, олардың орналасыуы, құрылысы және атқаратын қызметі. Хромаффиндік жуйе.

Жыныс бездерінің ішкі секторлық бөлігі. Аталық безі және аналық бездерінің ішкі секрециялық маңызы. Ағзаның жалпы қызметін реттеуде ішкі секрециялық бездердің мән. Тура және кері байланыстары.

Модуль 10. Жүйке жүйесінің жіктелуі.

Жүйке жүйесінің жалпы көрінісі. Ағзаның өмір сүру әрекетіндегі жүйке жүйесінің атқаратын маңызы. Рефлекторлық доға – рефлекістік материалдық негізі. Оның анатомиялық құрамы. Жүйке жүйесін талдау. Орталық, шеткі,соматикалық және вегатативтік (автономдық) жүйке жүйесі құрамы. Жүйке жүйесінің құрамы. Жүйке жүйесінің дамуы.

Орталық жүйке жүйесі. Жұлын. Орналасуы, пішінің құрылысы. Жұлынның сегменті және оның құрамдық элементтері, түбірлері, түйіндері, жұлын тармақтары. Жұлын тармақтары жуындаулары, салалары, жұлынның ақ затының бауы. Жұлындағы сұр зат, оның ядролары, олардың жергілікті қызметтері. Орталық канал. Жұлынның түйіндері және жұлынның тармақтары. Жұлынның қабыршықтары: қатты, тор, тамырлы. Қабыршық арасындағы кеңістіктер және олардың сипаттамасы. Жұлынды байлаттыру аппараттары.

Бас миы. Мидың жалпы көрінісі. Ми бөліктері. Ми діні.

Сопақша ми. Оның орналасуы, ақ және сұр заттардың құрылыстары. Ромб тәрізді щұңқыр. Сопақша мидың негізгі ядролары, олардың жергіліктері және атқаратын қызметтері.

Артқы ми. Оның бөліктері. Ми көпірі, оның құрылысы орналасуы, атқаратын қызметі. Ми көпірінің ядролары. Мишық оның орналасуы, құрылысы және басқа жүйке жүйенің бөлімдерімен анатомиялық байланысы. Мишықтың ядролары және оның қызметтік маңызы. Мидың төртінші қарыншасы.

Ортаңғы ми. Оның бөлімдері, олардың орналасуы, вқұрылысы, байланыстары. Ортаңғы мидың төбесі және оның қызметінің мәні. Ми сабақтардың ядролары және олардың қызметтері. Мидың суағары

Аралық ми. Оның бөлімдері. Таламус, эпиталамус нетаталамус және гипоталамус, олардың орналасуы, құрылысы және атқаратын қызметінің мәні. Мидың үшінші қарыншасы және оның қатынастары. Ми діні мен жұлынның ретикулярлы фармациясы туралы түсінік. Оның қызметтік мәні.

Шеткі ми. Үлкен мидың жарты шарлары, олардың қабығы. Мидің иіс сезу бөлігі. Жарты шарлардың сыртқы беттерінің көрінісі: бөлімдері, салалары, қатпарлары. Жарты шарлардың сұр және ақ заттары. Жарты шарлардың қыртысы және құрылысы. Ми қыртысындағы анализаторлардың қыртыстық шеттердің жинақты орындары және олардың қызметтік мәні. Ми негізінің базальдік ядролары, олардың орналасуы және қызметтік мәні. Мидің бүйір қарыншалары, олардың қатынасулары. Қарыншалардың тамырлы өрімдері. Жұлын ми сұйықтығы. Сүйелді дене.

Ми қабықтары: қатты, торлы, тамырлы. Бас мидың қатты қабы. Мидың қатты қабының тамырлары. Торасты кеңістіктер,цистериалары. Жұлын-ми сұйықтықтың айналмалары. Жұлынның қабы, олардың орналасу ерекшеліктері.

Орталық жүйке жүйесінің өткізгіш жолдары және олардың рефлекторлық доға құрауына қатынасуы. Өткізгіш жолдардың топтастырылуы. Ассоциативтік, комиссуралдік және жобалық жолдары. Қысқа және ұзын жобалық өткізгіш жолдары. Өрлеу жолдары: латералді жұлын-таламус жолы, жіңішке және сыңарлы бұталары, артқы және алдыңғы жолдары. Төмендеген жолдары: латералді және алдыңғы қыртыс-жұлын (пирамидалық) жолдары. Нейрондық құрамы, ядролардың жинақтығы (нейрондардың денелері) және олардың қызметтік маңызы. Экстрапирамидалық жүйе. Қызыл ядро – жұлын ми жолы, оның нейрондық құрамы ядролардың жинақтығы және қызметтің маңызы.

Шеткі жүйке жүйесі. Бас мидың тармақтары (қиян жүйкелері). Бас сүйек жүйкелерінің сипаттамасы. Жұлын мен бас сүйек жүйкелерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары. Сезім мүшелерінің дамуындағы ерекше сезімталдығы қиян жүйкелерінің иіс сезу (І), көз көру (ІІ) және кіреберіс – құрыш (VIII) ерекшелік құрылыстары. Қозғалтқыш бас сүйек қиян жүйкелердің: көз қимыл (ІІІ), блок тәрізді (І V), әкеткіш (VІ), бет (VІІ), қосымша (ХІ), тіл асты (ХІІ) құрылыстардың ерекшеліктері. Ядролардың орналасуы, мидың негізінен, бас сүйек қысымынан шығу орындары және жүйкелендіру орындары және жүйкелендіру орындары. Аралас қиян жүйкелер: үшкіл (V), тіл жұтқыншақ (ІХ), кезбе (Х), олардың сипаттамасы, ядролары жүйкелендіру орындары.

ІІІ, V, VІІ, ІХ, Х қиян жүйкелердің вегетативті жеке жүйесі байланыстырады. Қиян жүйкелердің бас және мойын жоғары қабатына жобалануы.

Жұлынның жүйкелері. Олардың құрылуы, орналасу жағдайы, жүйке талшықтары мен тармақтарының құрамы. Жұлын жүйкелерінің артқы тармақтары, олардың жолдары жұлын жүйкелендіретін орындары. Жұлын жүйкелерінің алдыңғы тармақтары. Жүйке өрімдері.

Мойынның жүйке өрімі, құрылуы, орналасу жағдайы, немесе тармақтары мен жүйкелендіру аймақтары. Адам денесінің жоғары қабатындағы мойын өрімдері тармақтарының жобалануы.

Иық жүйке өрімі. Оның құрылуы, бөліктері мен орналасу жағдайы. Бұғана үстіңгі бөліктің тармақтары және олардың жүйкелендіру аймақтары. Бұғана асты бөліктің тармақтары: қол асты, ортаңғы, шыбық, шынтақ, тері-бұлшық ет жүйкелері, олардың жолдары және жүйкелендіру аймақтары. Қолдың бұлшықет жүйке топтарының және аймақтарының жүйкелері. Қол жүйкелері адам денесінің жоғарғы қабатына жобалануы.

Кеудедегі жұлын жүйкелерінің алдыңғы тармақты (қабырға аралық жүйкелері) олардың жолдары мен жүйкелендіру аймақтары.

Белдің жүйке өрімі. Оның құрылуы, орналасу жағдайы, негізгі тармақтары (мықын-құрсақ асты, мықын-шат, сан-жыныс сан, жапқыш, санның сыртқы терілік жүйкесі), олардың жолдары мен жүйкелендіру аймақтары.

Сегізкөз жүйке өрімі. Оның құрылуы, орналасу жағдайы, тармақтары (бөксе, жыныстық, санның артқы терілік отырғы олардың жолдары және жүйкелендіру аймақтары. Отырғы жүйкенің бұтақтары: үлкен жіліншіктереңді, кіші жіліншік жалпы беттегі, олардың жолдары мен жүйкелендіру аймақтары. Құймышақ жүйке өрімі. Аяқ бұлшықет жеке топтарының және аймақтарының жүйкелендірілуі. Аяқ жүйкелерінің адам денесінің жоғарғы қабатына жобалануы.

Рефлекторлық доға-рецепторлар, өткізгіш жолдары, дененің жеке бөлімдерінің проприорецептивтік талдағыштар. Афференттік орталық (қыртыс асты, қыртыс) эфференттік бөлімдері.

Вегетативтік (автономдық) жүйке жүйесі. Вегетативті жүйке жүйенің жалпы сипаттамасы, оның бөліктері. Вегетативтік жүйке жүйесінің (симпатикалық, парасимпатикалық) соматикалықты құрылыс-қызметінің айырмашылығы. Вегетативті жүйкесінің жоғарғы бөліктері. Вегетативті жүйке жүйенің бас мида және жұлында шеткі орталықтары. Вегетативті жүйке жүйесінің омыртқа аралықтағы мен мүшелердің ішіндегі (интрамуралды) түйіндері.

Вегетативтіжүйке жүйесінің симпатикалық бөлімі. Симпатикалық жүйке жүйесінің орталық және шеткі бөліктері. Симпатикалық діні, оның орналасу, құрылысы, түйіндері және бөлімдері. Ішкі ұйқы, жүрек және ішкі мүшелердің жүйкелері. Симпатикалық жүйке жүйенің құрсақ (сәулелі) қолқа, жамбас және басқа өрімдері, жоғарғы және төменгі шажырқай түйіндері. Симпатикалық жүйенің рефлекторлық доғасы.

Вегетативті жүйке жүйесінің парасимпатикалық бөлімі. Вегетативті жүйке жүйенің парасимпатикалық бөлімінің ортаңғы ми және сопақша ми бөліктері бас ми діні бөліктің вегетативтік және жұлындағы ядросы, олардың жинақты орындары және қызметтері. Парасимпатикалық жүйке жүйенің шеткі бөлігі. Парасимпатикалық талшықтары: көз қозғалтқыш, бет, тіл-жұтқыншақ, кезбе және жамбас жүйелер, олардың жұптасқан орны және қызметтік маңызы. Вегетативті жүйке жүйенің бейімделу – графикалық қызметі, оның спортшыларға тиісті маңызы.