Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД анат спортморф послед.doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
41 Мб
Скачать
☆

Спортшылардың ішкі мүшелерінің ығысуы

Осы уақытқа дейін адам денесін белгілі бір күйде ұстап тұруда және белсенді қимылдарда, түрлі секіру, соққы кезінде түрлі қоыс қимылдарда, т.б. іс-әрекет, спорттық жағдайларда адамның ішкі мүшелерінің қызметі туралы ғылыми-зерттеулер жоқ десе де болады. Сонда да кейбір зерттеулердің қорытындысына қарай кейбір ішкі мүшелердің спорттық жаттығулар нәтижесінде қызметі мен орнының ығысуы болатынын болжауға тоқталып өтуге болады.

Жүрек

Жүректің пішіні және көлемі оның қанайналымына тікелей байланысты өзгеретіні байқалады. Мұндай жағдай турникке асылғанда көпір болып (қол мен аяққа шалқасынан тіреліп) тұрғанда, яғни қанның жүрекке қарай ағуы өзгергенде, сондай-ақ арқанға байланған дөңгелекке екі қолды кере ұстағанда және етпеттен екі қолға сүйенгенде, яғни кеуде қуысына қысым түскенде де өзгеретіні байқалды.

Дене қандай күйде болса да жүректің орналасу шекарасының өзгеруі немесе ығысуы ішке дем алғандағыға қарағанда сыртқа шығарғанда анық байқалады, мұнда әсіресе жүректің алдыңғы беті мен көлемі өзгереді.

Көкет

Орталық күмбезді сіңір бөлігіне қарағанда көкеттің бұлшық ет бөліктері жоғары немесе төмен көбірек ығысады. Сіңірлі орталық күмбезі тек жоғары немесе басқа қарай ғана қолмен тік тұрғанда гимнастикалық жаттығулар жасағанда байқалады.

Қарын

Әдетте қарынның пішіні тұрақты болмайды. Сонда да адам тік тұрғанда қарын тік немесе сәл қиғаштау, ал қолымен тік тұрғанда, басты салбыратып асылып тұрғанда ұарын көлденең күйде жатады да шамамен 18,9 сантиметрге дейін бас жаққа қарай ығысатыны байқалады. Оның ең үлкен иін жағы ең көп ығысатын бөлігі болып табылады.

Тоқ ішек

Тоқ ішектердің ең көп ығысатын бөлігі көлденең жиек ішегі, ол басқа қарай 20,0 сантиметрге дейін ығысады, оң иіні – 14,0 см, сол иіні – 11,6 см, бүйен бөлігі – 11,2 см ығысатыны анықталды. Өрлеме жиек ішектің ұзындығы мен өні өзгеретіні байқалады.

Өт қабы

Ол адам тік тұрғанда алмұрт тәрізді болады да төменгі жиегі шамамен ІІІ – ІV бел омыртқа тұсында жатады, жатқанда ІІ – ІІІ бел омыртқа тұсына тура келеді. Ал басты төмен қаратып жасайтын жаттығуларда І – ІІ бел омыртқа тұсына дейін ығысатыны байқалады. Енді етбетінен жатқанда өт қабының пішіні бұршаққа ұқсап өзгереді.

Өт қабының қсындай көп ығысуы, бауырдың да ығысуына тікелей байланысты болады. Өт қабаты адамның белгілі күйінен басқа құрсақ бұлшықеттері мен көкетте қатты әсер ететіні дәлелденді. Құрсақты сығымдайтын жағдайда, шалқадан жатқанда өь қабатының көлемі кішірейеді, жүгіргенде – бір үлкейіп, бір кішірейеід. Етбетінен жатқанда және қос аяқтап секіргенде – үлкейеді. Бұл жағдайлар өт қабатының қызметіне әсер етпей қоймаса керек, бірақ ол жағы толық зерттелмеген.

Бүйрек, зәрағар

Адам кәдімгідей тік тұрған кезде бүйрек ХІІ арқа және ІІІ бел омыртқа тұсын қамтиды. Дене шынықтыру жасағанда сол жақ бүйрек оң жақтағысына қарағанда жоғары тұратыны байқалады. Басты төмен қаратып тұратын жаттығуларда бүйрек басқа қарай ығысып, зәрағар тік болып керіледі де аздап бүйір жаққа қарай ығысады. Құрсақ бұлшық еттері мен көкет қызметі бірінші ретте бүйректі көп немесе аз ығысуға әсер ететіні ақиқат.

Жатыр, жатыр түтігі

Дене шынықтыру жаттығуларын жасаған кезде бұл мүшелер өз күйін өзгертеді. Бруста (жалғазаяқ өткелде) жаттығу жасаған кезде жатыр қушиып, кішірейеді ді жатыр түтір созылып кетеді. Сондықтан мұндай күйде құрсаққа соққы жасалынбағаны дұрыс.

Жатыр мен оның түтігі адам секірген кезде де төмен қарай және жатыр аздап алға қарай ығысады. Түрлі жаттығулар жасағанда бірінші кезекте жатырдың түбі ығысады. Осыған қарай спортшының дене құрылыс ерекшеліктеріне қарай жаттығуды таңдаған жөн. Әсіресе, секіру, тегеріш лақтыру, ядро сілтеу, арқамен жүзу мамандығына бейімделген қыз-келіншектер гинекологтардың бақылауында үнемі болуышарт.

Әдебиеттер:

1. Алшынбай Рақышев. Адам анатомиясы (1кітап), Алматы «Білім» 1994

2. Алшынбай Рақышев. Адам анатомиясы (ІІ кітап), Алматы «Білім» 1995

3. Жандар Керімбектің Ермаханы. Тәнтану (адам анатомиясы). Оқулық. 2-басылымы.-Алматы Білім», 2004.

2-дәріс

Тақырыбы: Қаңқа сүйектері және олардың байланыстары

1. Адам қаңқасын құрайтын жалпы сүйектерге сипаттама

2. Бас қаңқасы, оның байланысуы

3. Тұлға сүйектері, олардың түрлері мен байланысу ерекшеліктері

4. Иық және жамбас белдеуінің сүйектері, құрылысы

5. Сүйектің химиялық құрамы мен сүйектену процесі

Адам қаңқасы мынадай түрде бөлінеді: тұлға сүйектері-омыртқалар, қабыртқалар, төс; бассүйек қаңқасы-ми сауыты, бет сүйегі; қол-аяқ қаңқасы-қолдың қимылдайтын иық белдеуіндегі сүйектер: жауырын, бұғана және қолдың еркін қимылдайтын бөлігі: қары, білек, қол басы; аяқтың қимылдамайтын сүйектері жамбас және аяқтын қимылдамайтын сүйектері жамбас немесе мықын белдеуі: жамбас және аяқтың еркін қимылдайтын бөлігі:сан, балтыр, аяқ басы.

Омыртқа жотасы атқаратын қызметі мен пішіні және орналасқан орнына байланысты мынадай бөлімдерге бөлінеді: 7-омыртқа-мойын омыртқа, 12-омырқа-арқа (кеуде) омыртқа, 5-омыртқа-бел омыртқа, 5-омыртқа- сегізкөз және құйымшақ бөлігіндегі омыртқалар бірімен-бірі бірігіп, өз алдына сегізкөз және құйымшақ (os sacrum) және құйымшақ (сосух) сүйектерін құрайды.Бұлар сондықтан жалған деп аталады.

Омыртқалардың пішіндері мен құрылысы омыртқа жотасындағы орналасу орны мен атқаратын қызметіне қарай әр түрлі болатыны 39-суреттен анық көрініп тұр.

Омыртқаның құрылысы. Кез келген омыртқа (uertebrata) денеден (corpus uertebrae), доғадан (arcus uertebrae) және доға мен дененің аралығындағы омыртқа тесігінен (foramen uertebrale) құралады. Омыртқалардың тесігі бірімен-бірі омыртқа жотасының ұңғылын (canalis uertebralis) түзеді.

Ұңғылда жұлын орналасады. Омыртқа доғасындағы жоталық өсінді (proctssus spinosus ),екі көлденеңнен (proctssus transuersae),екі жоғарғы буын өсіндісі (proctssus articulares superiores ) орналасады.

Екі жұп буын өсінділерінің үстіңгі және астыңғы буын беттері (facies articulares superirores et inferiores )болады.

Омыртқа денесінен басталатын доғаның бастапқы екі бөлігі доға түбірі (pedunculiar cus uertebrae )деп аталады.

Омыртқа денесінің басталар жерінде және екі сағасында доғада астыңғы және үстіңгі терең ойықтар (incisurae uertebrales superiores et inferiores ) айқын көрінеді.

Екі омыртқа біріккен кезде терең ойықтар біріне-бірі тура келіп, омыртқа араылық тесік (forameninteruertebrale) түзеді. Жұлын жүйкелері мен қан тамырлары осы тесік арқылы өтеді.

Мойын омыртқалар (uertebrae ceruicales). Бұлардың көлемі басқа омыртқалардан кішірек болады,пішіндері де бір-біріне ұқсамайды.(40-сурет,А)

Мойын омыртқалары орналасу ретіне қарай рим санымен белгіленеді,VI басқа омыртқалардан қысқа,ал II-VI омырқалардың жоталық өсіндісінің ұшы айыр болып келеді.

Ал мойын омыртқада қабыртқалар қалдық ретінде сақталып, омыртқаның көлденең өсіндісіне тұтасып біткен. Сондықтан да бұл өсіндіні көлденең қабыртқалық өсінді деп те атайды.

І мойын омыртқа ауыз омыртқа немесе атлант деп аталады. Бұл омыртқада дене және жоталық өсінді болмайды. (40-сурет). Ауыз омыртқаның пішіні екі жағынан қысыңқы, сопақ болып келеді, оның ұңғылығы өте кең және екі бөліктен құралады. Артқы кең бөлігінде II мойын омыртқаның тіс тәрізді өсіндісі орнығады.

Ауыз омыртқаның қапталының үстіңгі жағында “кебіс тәрізді”буын беттері (fouea articulares superiores ) Шүйде сүйектің “етік тәрізд"ілгешегі осы буын бетіне жалғасады.Төменгі жағында II мойын омыртқамен жалғасатын төменгі буын беті ( fovea articulares inferiores) бар.

II мойын омыртқа немесе эпистрофейдің денесі тіс тәрізді өсіндімен бірігіп, тұтасып кеткен.Сырттай қарағанда бұл омыртқа ерге ұқсас,онда алдыңғы және артқы доғалар бар.Тіс тәрізді өсіндінің екі жағында екі алдыңғы және артқы буын беттері айқын көрінеді.

II мойын омыртқа денесінің үстіңгі бетінен, тістің екі жағындағы ауыз омыртқамен байланысатын үстіңгі буын беттерін көре аламыз. Доғадан төменгі қысқа буын өсіндісі шығып өсіндіде астыңғы буын беті болады

Омыртқаның жоталық өсіндісі басталатын жерде омыртқа артериясы өтетін тесіктер бар. II мойын омыртқаның жоталық өсіндісі қысқа өте көлемді және ұшы екі айыр болып келеді. (40-сурет,Б).

III, IV ,V, мойын омыртқалар. Бұлардың құрылысы басқа барлық омыртқаларға ұқсас, тек көлемі жағынан бірінен-бірі ерекшеленеді (жоғарырақ орналысқандарына қарағанда төменгі омыртқалар үлкенірек).

VI омыртқа- мұның қабыртқааралық өсіндісінің алдыңғы төмпешігі басқа омыртқаларға қарағанда жақсы дамығандығын және ұйқы төмпешігі деп аталатын жоғарыда баяндадық.

VII мойын омыртқа. Жоталық өсіндісі өте ұзын болғандықтан,мұны ұзарған шығыңқы омыртқа деп те атайды. Мойынмен қоса басты алға қарай төмен иген кезде VII мойын омыртқаны қолмен сипап білуге болады. (40-сурет,В).

Қорыта келгенде, мойын омыртқалардың басқа омыртқалардың басқа омыртқалардан айырмашылығы мынадай дей аламыз: мойын омыртқалардың көлденең өсінділерінің барлығында омыртқа атериясы өтетін тесіктер болады.

Мұндай төсіктер мойын омырқаның көлденең өсінділерінің барлығында омыртқа атериясы өтетін тесіктер болады: мұндай төсіктер мойын омыртқаның көлденең өсіндісімен тұтасып, бітісе біріккен.

Көлденең қабыртқалық өсінді өкі бөліктен тұтасып құралғандығын өсінділер ұшының алдыңғы және артқы төмпешіктерден түзілуінен көреміз.Өсіндінің үстіңгі бетінде екі төмпешіктің ортасында жұлын жүйкесінің жүлгесі орналасады.

Арқа (кеуде) омыртқалары. Бұлар мойын омыртқалардың көлденең орналасқан артқы жоталық өсінділері жақсы жетіледі. Арқа омыртқалардың саны-1,2 оларға12 жұп қабыртқа будандасады.

Қабыртқалардың буын дөңестері арқа омыртқалардың көлденең өсінділерінің алдынғы жағындағы буын бетімен қабыртқалардың басы омыртқаларында ғана көлденең өсінділердің қабыртқамен жалғасатын буын беттері болады.

Тек XI омыртқаның төменгі буындық өсінділері ғана бағытты жазықтыққа орналасады. Омыртқаның денесі жуан, ірі және жалпақ болып келеді. Басқа бөліктегі омыртқалары нашар қимылдайды және бұларда мойын омыртқаларындағыдай көлденең өсіндісінде қан тамырлары өтетін тесіктер болмайды.

Бел омыртқалары. Арқа омыртқаларына қарағанда бел омыртқалары, әсіресе, ең соңғысы жақсы жетілген. Бел омыртқалардың саны бесеу. Бұлардың денесі өте үлкен және буын беті жазық болып келеді, жоталық өсінділері мен көлденең өсінділері мен көлденең өсінділері жақсы жетілген. Бел омыртқалардың көлденең өсінділері жалпақ та жұқа болады. Осыған орай бел оыртқалар қимылдағыш келеді. Жоғарғы буындық өсіндінің үстіңгі жағыдағы буындық беттің сыртын ала емізік тәрізді өсінді және көлденең өсінді түбірінің артқы жағынан қосымша өсінді көрінеді.(42-сурет)

Сегізкөз омыртқалары. Адам 10-12 жасқа келгенге дейін сегізкөз омыртқалары жеке-жеке орналасқанымен, 25-30 жаста омыртқалар бір-бірімен тұтасып, сегізкөз сүйегіне айналады.(43-сурет) Сегізкөз үшбрыш пішінді, ол 5омыртқадан құралады. Сегізкөздің бел омыртқамен жалғасқан жағы негізгі немесе түбі деп аталады, оның ішкі жиегімсегізкөз мүйісі болып саналады.

Сегізкөздің төмен қараған ұшына құйымшақ жалғасады. Сегізкөздің бүірінде жамбас сүйектермен байланысатын құлақ тәрізді буын беті болады. Сегізкөздің ішкі беті ойыс және төгіс болып келеді.

Онда көлденең төрт сызық болады, сол сызықтардың екі шетінен екі-екіден тесікті көреміз.Тесіктердің саны-сегіз, сүйектің сегізкөз аталуы да сондықтан. Сегізкөзде де жұлын ұңғылы бар. Сегізкөздің сырт жағы бұдырлы келеді, екі бүйірі мен ортасында қырлы жоталары болады.

Сегізкөз омыртқаларының сыртқы жоталық өсінділерінің бірігуінен-көлденең өсіндіден-бүйір қырлары ал буын өсінділерінің бірігуінен аралық қырлар пайда болады.

Құйымшақ омыртқалары. Құйымшақ IV-V-омыртқалардың бірігуінен пайда болады. Құйымшақ сүйегінен омыртқалардың тек денесі ғана байқалады. Бұл-адамда қалдық мүше ретінде кездеседі. Әйелдердің құйымшағы аздап иілген сегізкөз тәрізді жалпақтау болып келеді.

Кеуде.Алдыңғы жағынан төс сүйегі,қапталынан 12жұп қабыртқалар,сырт жағынан 12 арқа омырқалары кеудені құрайды(44-сурет) Кеуде құрайтын сүйектер тұлға сүйегіне жатады. Кеуденің пішіні асты мен үсті тесіктері кеуде жарамы деп аталады. Кеуденің үстіңгі жармасы.

Үстіңгі жарма I арқа омыртқасынан, қабыртқалардың бірінші жұбынан және төстің алқасының жоғарғы жиегңнен құралады.Үстіңгі жарманың алдынғы жиегі артқы жағына қарғанда төмендеу болғандықтан, кеуде аздап алға иілген тәрізді болып байқалады. Бұл- кеуде құрылысының жоғарғы шекарасы.

Кеуденің ішкі жағы кеуде қуысы деп аталады. Адамның жас ерекшелігіне, жынысына қарай кеуде қуысының пішініде әр түрлі болып келеді. Мешел балалардың кеуде қуысы екі бүйірінен қысыңқы келеді.

Ересек адамдардың кеуде құрылысында оның физиологиялық жетілуі дірежесіне және кәсібіне қарай өзгеріп отырады. Әйелдердің кеудесі көп жағдайда жинақы болады.

Қабыртқалар. Қалақ тәрізді ұзын,имек сүйектер қабыртқалар деп аталады, олар12 жүптан тұрады. Қабыртқаның ортасы-дене, алдындағы және артқы ұштары болады. Артқы ұшы жуан болғандықтан басы деп аталады. Қабыртқада мойын және буын дөңестері болады.

Әр қабатқалардың әрқайсысы омырқалардың екі беттері арқылы ұштасады. бірінші буын беті қабыртқаның басында, екінші-қабыртқа мойны түбіндегі дөңесте (45-сурет )Ал XI-XII қабыртқалар омыртқалармен тек бір ғана буын арқылы жалғасады.

Қабыртқаның артқы ұшы омыртқадан тіке басталып, қабыртқа денесіне жеткенде бұрыш жасап, алға қарай бұрылады , ал алдыңғы ұшымен төс сүйекке бекінеді .

. XI-XII қабыртқаларда ондай бұрыш болмайды. Қабыртқаның алдынғы ойыс бетінде қан тамырлары өтетін жүлге бар. Қабыртқалардың сүйекті және шеміршекті бөліктері болады.

I қабыртқаның құрылысыда орналасуы да басқа қабыртқалардан ерекше. Ол жалпақ, қысқа және көлденең орналасады.Төс сүйек денесінің жиегінде қабыртқалар мен байланысатын буын ойысы бар.

I қабыртқа төс алқасына тікелей, ал II қабыртқа төс сүйек алқасы мен төс сүйек денесі жалғасқан арлыққа кірігеді.

Тұлға сүйектерінің дамуы және оның жасқа сай қалыптасуы

Қабыртқалар, төс сүйек және омыртқа жотасы тұлға сүйек және омыртқа жотасы тұлға сүйектеріне жататыны мәлім. Ұрықтың эмбриогенездік дамуы кезінде (екі айға толған сол мезгілде) қабыртқа шеміршекке айнала бастайды.

Жоғарығы 9 жұп қабыртқа алдынғы ұштарымен бірігіп, төс сүйегін түзеді де төс сүйектене бастайды.

Төс сүйектің алқасы 6 айлық кезеңде, ал төс сүйек денесі 7-9 айда қалыптасады.

Омыртқа жотасы үш кезеңде толық дамиды.Екі айлық эмбриогенездік даму барысында омыртқалардың денесі мен доғалары сүйектене бастайды.

Әдебиеттер:

1. Алшынбай Рақышев. Адам анатомиясы (1кітап), Алматы «Білім» 1994

2. Алшынбай Рақышев. Адам анатомиясы (ІІ кітап), Алматы «Білім» 1995

3. Жандар Керімбектің Ермаханы. Тәнтану (адам анатомиясы). Оқулық. 2-басылымы.-Алматы Білім», 2004.

3-дәріс

Тақырыбы: Қаңқа бұлшық еттері, пішіндері, құрылыстары. Бұлшық еттердің құрылысы меи жұмысы

1.Бұлшықет ұлпасы, оның түрлері мен орналасуы

2. Қаңқа бұлшықеттерінің пішіні, қызметі

Бұлшық еттердің қызметі мен физиологиялық қасиеттеріне қарай оларды екі топқа боледі: көлденең жолақты бұлшық еттер, бірыңғай салалы бұлшық еттер.

Барлық бұлшық еттерге тән қасиет - олардың тітіркендіргіштер әсерінен жиырылу қасиеті.

Көлденец жолацты бцлиіыц еттер. Олар адамның барлық қозғалыстарын қамтамасыз етеді. Көлденең жолақты бұлшық еттердің жиырылуынан барлық қозғалыстар, қимылдар жүзеге асады. Көлденең бұлшық еттер саны 400- дей. Қаққа бұлшық еттерінің жолақтары қосылып 1, 2, 3- ші реттік шақтарды құрайды. Әрбір шақ дәнекер ұлпа деп аталатын қабатарқылы бір-бірінен бөлініп тұрады, ал барлық бұлшық еттің сырты қапталған.

Бұлшық еттер сіңірлер арқылы сүйектерге бесиді. Сіңірлер мен дәнекер ұлпалардың жиырылғыштың қасиеттері болмайды. Орналасқан орнына және атқаратын қызметіне қарай бұлшық еттер төмендегідей болып бөлінеді:

• Шеңберлі бұлшық еттер (көз, ауыздың айналасындағы бұлшық еттер);

• Жалпақ бұлшық еттер (құрсақ, арқа, кеуде бұлшық еттері);

• Ұзын бұлшық еттер (қол мен аяқ бұлшық еттері);

• Қысқа бұлшық еттер (омыртқа, қабырға аралық бұлшық еттеріне бөлінеді).

Бұлшық еттер атқаратын қызметіне байланысты бугілдіретін және жазылдыратын бұлшық еттерге бөлінеді. Олар бір-біріне антогонистік немесе синергестік сипатта болады. Қол қарының екі басты және үш басты бұлшық еттері бір-біріне антогонистік, ал белгілі бір әрекетті орындайтын шынтаң буынның бүгілдіретін бұлшық еттері синергистік болады.

Бірыңғай салалы бцлшық еттер. Олар ішкі мүтнелердің қабырғасын түзеді. Ішектің, өңештің, қарынның, қан тамырларының кеқірдек қырлары (стенка брон¬хи) бірыңғай салалы бұлшык еттерден құралған. Олардың қызметі адам еркінен тыс баяу жиырылады. Ішкі мүшелердің колемі бірыңғай салалы бұлшық еттердің жиырылуынан өзгереді. Бірыңғай салалы бұлшық ет¬тер өздігінен қозғалыстың және қиырғыштың қасиет көрсете алады.

Ересектерде бұлшық еттердің салмағы дене салмағының 40-45% , 7 жастағы балада 27,2% , қарт адамдарда 30% -ға тең болады. Бастауыш мектеп жасындағы бала¬да денесін тік ұстауды және саусақ қозғалыстарын қамтамасыз ететін бұлшық еттер ерекше қарқынды дамиды. Қолдың күші біртіндеп өседі, 10 жастан кейін ерек¬ше артады. Бастауыш мектеп жасындағы балаларда тұлға, иек, балтырды жазатын қасиеті бар бұлшық еттердің күші біршама артады.

Бала бұлшық етінің дамуы. Бұлшық еттер ана құрсағындағы дамудың алғашқы жартысындағы кезеңнің өзінде-ақ оздеріне тән түр мен құрылымдылық сипат алады. Бүдан былай олардың ұзындығы мен қалықдығы тез ұлғаяды. Олар сүйек қаққасының өсуіне сәйкес бұлшық еттер талшықтарының әсіресе, тарамыстардың ұзаруы арқылы ұзыннан өседі, солардың көмегімен бұлшық еттер сүйекке бекиді. Тамалы дәрежеде бұлшық еттердегі алғашқы бұлшық ет ұлпасының қалықдығынан өсу талшық диаметрінің ұлғаюы арқылы жүреді.

Жақа туған нәрестеде ол миллиметрдің 10-15 мыңнан бір үлесінен аспайды, ал 3-4 жаста 2-2,5 есе ұлғаяды. Келесі жылдары бұлшық ет талшықтарының диаметрі айтарлықтай дәрежеде ағзанътң жеке ерекшелігінен, ең бастысы қимыл белсенділігіне байланысты болады.

Жақа туған нәресте бұлшық етінің үлесіне бүкіл дене салмағының 20-22% тиеді, яғни ересек адамдікіне дарағанда шамамен екі есе аз. Ал ересектердің бұлшық еттері көбінесе дене салмағының 35-45% құрайды. Демек, туғаннан ержеткенге дейінгі бүкіл кезең ішінде бұлшық еттер салмағының артуы жалпы дене салмағының артуынан екі есе қарқынды болуы тиіс. Алайда алғашқы уақытта, сәби жүре қоймаған кезде, бұлшық еттер бүкіл ағзаны тұтас алғандағыға қарағанда баяу өседі. Мәселен, туғаннан кейінгі алғашқы 4 ай ішінде дененің жалпы салмағы екі есе артады, ал бұлшық ет салмағы тек 60% ғана өсіп, дене салмағының 16%-ын құрайды. Бір жасқа толғаннан бастап табиғи жаттығудың әсерінен бұлшық еттердің өсуі бірте-бірте шапшақдай береді, ал алты жаста бұлшық еттің үлесіне дененің жалпы салмағының тағы да 22% -на жуығы, ал сегіз жаста 27% тиеді. Әсіресе бұлшық еттің өсуі 14-15-тен 17-18 жзсқн дейін қарқынды болады. Сөйтіп, бұлшың еттің үлесіне 14 лсаста орташа алғанда дене салмағының 30%, ал 18- 20 жаста 40% тиеді.

Бұлшық еттің жиырылу қабілеті ана құрсағындағы тіршіліктің екінші айының соқында пайда болады. Бұлшық ет тонусы бірте-бірте дамиды, сонымен бірге ана құрсағындағы даму кезеңінде және емшек жасында бүгілгіш бұлшық ет тонусы жазғыш бұлшық ет тонусынан басым келеді де, оның жатырдағы үрықтың табиғи жағдайын сақтау үшін маңызы болады. Бұл қимылдау деп аталады. Ол бірте-бірте жиі болады әрі соншалықты айқын білінеді, сондықтан оны жүкті әйел анық сезеді. Аяқ-қолды бүгіп, жазу үшін және тыныс алу мақсатында басты қозғалту үшін қажет қимылдардың тек туғанға дейін пайда болатындығында күмән жоқ. Алайда, қимыл өте баяу өтеді.

Бала өмірінің алғашқы күндерінде-ақ белсенділігін байқатады. Бұл — негізінен алғанда, аяқ-қолдың ретсіз қимылдары. Бала етпетінен жатқан жағдайда басын бүрады, одан кейін бүкіл денесімен аунап, шалқасынан жатады. Егер оны тік жағдайда ұстаса, басы алга қаряй еңкейеді, өйткені оның салмақ түсу орталығы алда, яғни бас сүйектің омыртқамен буындасқан жерінде, тірек иүктесінде болады, ал артқы мойын бұлшық етінің тонусы басты дұрыс қалыпта ұстап түруы үшін жеткіліксіз.

Бала өмірінің екінші айында басын жарыққа қарай, одан кейінірек дыбыс шыққан жаққабұрады. Етпетінен жатқанда ол басын көтереді, ал екінші айдың соқында, қолмен сүйеніп, басын ғана емес, кеудесін де көтереді.

Үш айлық бала шалқасынан етпетіне аунап түседі. Оның қолдарының қимылы бірте-бірте түрліше болады және бесінші айда затқа көз тоқтатып қарай бастайды. Жақа бір нәрсені көргенде бала қолын созады, ұстайды және оны әдеттегідей ауызға апарады.

Жеті айға аяқ басқанда бала дұрыс отыра алатындай жағдайға жетеді, ал тағы бір айдан кейін өзі отырып, әр түрлі заттан ұстап, аяғымен тұрып көтеріледі. Ол бірте- бірте еңбектей бастайды да, бі п жаста немесе екінші жастың алғашқы айларында бастапқыда құлап-жығылып, одан соң неғұрлым еркінірек, ешкімнің көмегінсіз-ақ бөлмеде жүретін болады.

Тұлғаны немесе бүкіл денені тік жағдайда ұстауды игеру қимыл аппаратында бірқатар айтарлықтай өзгерістер енгізеді, біріншіден, тонус пен жазылғыш бұлшық еттің қысқару қабілеті кенеттен артады, екіншіден, тепе-теңдікті сақтауға жағдай жасайтын, жүрудің, жүгірудің, секірудің икемді болуына әсер ететін және дененің тік жағдайын ұзақ сақтаған кезде бұлшық еттің жұмысын жеңілдететін омыртқа иіндері пайда болады. Жақа туған нәресте омыртқасында ұзына бойына артқа шығыңқы әлсіз ғана білінетін дөңес бар, оның төменгі бөлігінде доңестік күшті білінеді, бұл - сегізкөз- құйымшақ иіні.

Мойын иіні екінші айдың соқында, артқы мойын бұл- иық етінің тонусы артқанда пайда бола бастайды да, алғашқыда бала етбетінен жатқан қалпында басын кө- тереді, содан кейін оны тұлғаның тік жағдайында ұстайды. Омыртқаның мойын бөлігінің алғашығыңқы дөңестігі бала өзінше және үзақ уақыт отыру қалпын сақтағанда едәуір кішірек жақсы білінетін болады. Сонымен бір мезгілде омыртқаның орта бөлігінің - көкірек иінінің артқы шығыңқы дөңес болуы мұлде анық байқалады. Жиі отыру, әсіресе, көп түру дөңестігі алға шығыңқы бел иінінің пайда болуына жәрдемдеседі. Әдетте, бұл иін екі жаста ғана байқалады.

Мектеп жасына дейінгі балаларда иіндер әлі де қалыптаса бастайды да, ол едәуір дәрежеде дененің тұрған қалпына байланысты болады. Үзақ жатудан кейін, мысалы түнгі ұйқыдан соң, мойын, әсіресе бел иіні жазылып кетеді де, отыру мен жүрістің әсерінен қайтадан пайда болып, жұмыс күнінің соқында ол күшейе түседі. Тіпті, 7-10 жастың өзінде түнгі уақытта иіндер едәуір жазы¬лып теңеледі. Бүдан былайғы жерде иіндердің өзгергіштігі бірте-бірте жойылып кетеді.

Мектеп жасына дейінгі балаларға тұлғасының ерекше иілгіштігі тән, мұны омыртқа аралық шемірпіектердің аса қалықдығы мен икемділігімен және омыртқа эпифиздерінің кеш сүйектенуімен түсіндіруге болады. Омыртқа иіндері пайда болады да, соқынан дененің жоғарғы бөліктерінің қысымы әсерінен бекиді. Қысым барыты дене сымбатына, яғни оның отырған, тұрған және жүрген кездердегі қалпына байланысты болады.

Қимыл аппаратының негізгі цасиеттерінің да¬муы. Денені тік жағдайда ұстау үш жүзге жуық үлкенді- кішілі бұлшық еттердің бір мезгілде жақсы үйлестіріле әрекет етуін талап етеді. Әрбір бұлшық ет басқа да бұлшық еттермен бірге белгілі бір қалыпта бір-бірімен қозғала біріккен қаққа сүйектерін бекіту үшін қатаң түрде белгілі бір күшпен жиырылуы тиіс. Бұлшық еттің 50-ге жуың бұлшық ет кернеуін үздіксіз өзгерте оты¬рып, аяқты алға жылжытуға қатысады. Бір аяқ алға қадам басарда басқа аяқтың бұлшық еті түла бой бұлшық еттерімен бірге тепе-теңдікті сақтауДы қамтамасыз етеді, бұл ауырлық орталығының үздіксіз ауысуымен күрделенеді.

Баланың тұрған және жүрген кездегі бұлшық еттерінің жұмысын үйлестіру бірден ретке келмейді. Бастапқыда бала аяқтарын алшақ басып, екі жағына жайған қолдарымен денесін тең ұстай отырып жүреді. Тек бірте- бірте, 3-4 жасында ғана қимыл үйлесімінің болатындығы сонша, сәби тепе-теңдікті жақеы сақтай отырып жеңіл жүреді, жүгіретін болады.

4-5 жаста бала алуан түрлі және күрделі қимылдарды жасай алады. Ол секіріп, бір аяғымен қаргиды, мүз жолдарында сырғанап, коньки тебеді, әр түрлі гимнастикалық және акробатиқалық жаттығулар жасай алады. Әрине, жақа қимылдар жасауға бірдең қол жете қоймайтыны даусыз. Ондай қимылдар дағдыны, үнемі жаттығу жасауды талап етеді, сонымен бірге кейбір балалар оларды тез, ал енді біреулері үлкен қиындықпен меңгереді.

Қол басының үсақ бұлшык еттерінің қозғалысы бір жастан соң немесе екі жастың бастапқы кезінде меңгеріле бастайды. Мәселен, бала ұсақ заттарды бас салып, барлық саусақтарымен ғана ұстап қоймайды, сонымен қатар басбармақпен сұқ саусағымен де ұстай алады. 3-5 жаста оған саусақтардың әр алуан жақсы үйлесімді және дәл қимылдары төн: бала сурет салып, рояльда ойнауды, қайшымен қиюды үйрене алады.

Ересек адамдарға тән әр түрлі бұлшық еттер тобының қозгалысын үйлестіру ерекшелігі 6 жаста қалыптасады деп есептеуге болады. Басқа да көптеген қимыл дағдыларды шын мәніндегі меңгеруге келетін болсақ, ол ағзаның жеке ерекшеліктеріне, сондай-ақ көбінесе тиісті жаттығуларга, үйренуге байланысты болады.

Қозу толқынының өту жылдамдығы. Жоғарыда айтылғандардан алты жаста баланың қимыл аппаратының дамуы тоңтайды екен деген қорытынды жасалмауы тиіс. Бұлшық ет талшықтарының қасиеттері алты жастан кейін де өзгереді. Қозу жағдайы, демек бұлшың еттердің жиырылуы белгілі бір жиілікпен жүйке талшықтары бойымен қозғалатын импульстердің өсерімен пайда болады. Әрбір импульс бұлшық етте кезекті қозу толқы- нын тудырады. Келесі қозу толқыны алдыңғылары тоқтаған соң ғана пайда болуы ықтимал. Тітіркендіру табалдырығының шамасымен аяқталатын бұлшық ет талшықтарының қозуы өмір сүрген алғашқы жылдардың өзінде-ақ ересектердікіне сәйкес дәрежеге ететіндігі аныңталғаи. Бірақ кейбір бұлшық еттердегі қозу толқындарының өту жылдамдығының артуы бұлшық ет күштерін көптеп жұмылдыруға жағдай жасайды.

Қимыл қарқыны. Жас әскен сайын бұлшық еттің жиырылудан босақсуға және қайтадан жиырылуға, яғни қимылды алмастыру жиілігіне көшу жылдамдығы ар¬тады. Әр түрлі бұлшық еттер тобының қозғалыс қарқыны (мысалы, білезіктің, саусақтардың, аяқтың тізеден ұдайы бүгіліп, жазылуы) әсіресе, мектеп жасына дейінгі ересек балаларда және кіші шәкірттік шақта интенсивті түрде осіп, 15-16 жасқа қарай өзінің шегіне жетеді.

Бұлшық еттер күші. Бұлшың еттер күші бірдей мезгілде жиырыла отырып, оның барлық талшықтарын дамыта алатын кернеуге байланысты болады. Бұлшық ет талшықтары неғұрлым ұзын әрі жуан болса, ол соғұрлым күшті болады. Туғаннан бастап ержеткенге дейін барлық кезең ішінде көптеген бұлтиың еттер талшықтары не бары 2-3 есе ұзарғанда, бұлшық ет күші он есе артады. Мұның мәнісі мынада: осы кезең ішінде барлық талшықтардың көлденең қимасы кейбір бұлшық еттерде 10-12 есе өсуі ықтимал, ал балтыр тәрізді бұлшық етте бұдан да едәуір көбірек все алады.

Бұл пішің еттердің жуандауы, яғни бұлшық ет талшықтары диаметрінің артуы (бір-екілі жақа талшықтардың пайда болуы) оның белсенділігімен тығыз байланысты: бұлшық ет неғұрлым жиі және ауырырақ жұмыс істесе, ол соғұрлым жуан, демек күштірек болады. Бір жастың ішінде аяқтың жамбастан буыны жазатын бұлшық еттердің салмағы оны бүгетін бұлшық еттерге Караған¬да шамамен екі есе ауыр болады. Бала жүре бастағанда және ұзақ уақыт бойы денесін тік ұстау жағдайын сақ- тағанда, созып-жазатын мүшелердің үлесіне көп салмад тиеді. Соның нәтижесінде бір жарым ясасар баланың бу- ынды жазатыы бұлшық ет салмағынан 3 есе көп болады.

Көп қозғалатынына қарамастан мектеп жасына дейінгі балалардың бұлшық еттерінің жұмысы коп күш жұмсағанына қарамастан тек қысқа мерзімдік болады. Басқаша айтқанда, бұлшық еттер өте баяу дәрежеде жаттығады. Мектеп жасына дейінгі балалардың бұлшық еттерінің салыстырмалы түрде алғанда баяу осіп, күштерінің аз болуын осымен түсіндіруге болады. Тіпті, 6 жастағы баланың бұлштлң еті үлесіне бүкіл дене салмағының не бары 22% ғана келеді.

Бұлшық еттің интенсивті түрде өсуі және оның күшінің едоуір артуы алты жастан кейін байқалады. Сегізге жақындағанда бұлшық еттер дене салмағының 27%-ға жуығын құрайды.

Қимыл белсенділігінің маңызы бұлшық ет күшінің артуымен шектелмейді. Бұлшық еттің жиі және қарқынды түрдегі кернеуі сүйектердің жуандауын және олардың інткі құрылымының қайтадан құрылуын шап- шақдатады. Атап айтқанда, бұлшық ет бекитін учаскедегі сүйек күшті өседі, ал сүйек копіршелерінің орналасу жағдайы сүйек берік болып, созылып-жазылу және қысым күпттеріне дұрые қарсылық көрсете алатындай өзгеріп отырады.

Бцлшық еттердің төзімділігі. Төзімділік-ағзаның орнықтылығы, ұзақ уақыт жұмыс істегенде оның қажуға сондай-ақ, әр түрлі қолайсыз жағдайларға қарсы түру қабілеті. Жүруге, статиқалық күш жұмсауға немесе ой еңбегіне қатысты төзімділік жонінде, сондай-ақ суыққа, төмен атмосфералық қысымға, жұқпалы аурулар микробтарына қатысты және басқа да әсерлерге төзімділік жонінде айтуға болады. Ұзақ уақыт бойы динамиқалық және атқару қабілетін айқындайтын қозғалыс аппаратының төзімділігі бірнеше жылдар ішінде өте баяу және бірте-бірте артады. Ол 30-40, ал кейде 50-60 жасқа дейін арта береді. Жасқа карай төзімділік артуының негізгі шарты тиісті жаттыгулар болып табылады.

Мектеп жасына дейінгі балалар өте қозғалғыш келеді, сөйтіп, мұның өзі қимыл аппаратының табиғи түрде айтарлықтай жаттығуына жағдай туғызғандай болады. Әдетте бала 3-4 жаста жай, бірқалыпты қадаммен ұзақ жүре алмайды. Оның бұлшық еттерінің статиқалық кернеуі тек қысқа мерзім ішінде ғана өзгермеуі ықтимал. Мектепке дейінгі сәбилік шақта балалардың қозғалмай тұра алмайтын себебі де, міне, сондықтан. Ол өз қалпын үздіксіз өзгертіп, түрліше қимылдар жасайды.

Мектепке дейінгі ересек жастағылардың қимыл белсенділігі көп және әр алуан болады. Шамамен алғанда, бір күн ішінде, әсіресе, жазғы мезгілде бала 15-20 шақырымға дейін жүреді екен. Жүрген кезде оның қимылы дұрыс ырғаққа не болады, бірақ ол шамалы уақытқа, мысалы, 5-10 минутқағана созылады. Әсіресе, отырған сәтте қимылсыз қалыпты сақтау қабілеті артады, бірақ бұл ұзаққа созылмайды. Күштің ең жоғарғы кернеуі тұрғысынан алғанда төзімділік өте төмен болып қала береді.

Шамадан тыс куш түсудің зияны. Эмоционалдық қозудың әсерінен, мысалы, ойынға алданғанда, аса қауіпті жағдай төнгенде, жарыс кезінде мектеп жасына дейінгі бала, өдеттегі жағдайда оның өзіне тән емес аса көп күш және қозғалыс аппаратының төзімділігін көрсетуі ыңтимал. Алайда, ондай шамадан тыс кернеу ағзаның жағдайына әсіресе, жүрек-қан тамырлары жүйесіне зиян келтіріп, ауыр патологиялық аурулардың тууына себепші болады. Барлық дене күшін қимыл-қозғалысқа, спорт ойындарына, гимнастикамен айналысуға, серуендеуге және т.с.с. белгілі бір мөлшерде жүмсау қажет.

Әдебиеттер:

1. Алшынбай Рақышев. Адам анатомиясы (1кітап), Алматы «Білім» 1994

2. Алшынбай Рақышев. Адам анатомиясы (ІІ кітап), Алматы «Білім» 1995

3. Жандар Керімбектің Ермаханы. Тәнтану (адам анатомиясы). Оқулық. 2-басылымы.-Алматы Білім», 2004.

4-дәріс

Тақырыбы: Бұлшықет жұмысы. Антогонистер мен синергистер.

1.

2.

3.

4.

Спорттық жоғары дәрежеге көтерілу үшін спортшы өте кеп еңбек етіп, тер төгеді, яғни ағзаның барлық жүйесіне спортшы еместерге қарағанда үлкен күш салып, жаттығулар жа-сайды. Осындай жағдайда спорт-шылардың бүлшықеттерін макроско-пиялық, микроскопиялық-субмикро-скопиялық дөрежеде зерттеудің тәжірибе және теориялық маңызы зор.Өйткені, бүлшықет қүрылысының осындай әзгерісін анықтау арқылы оның қызметтік мүмкіндігін болжайды.

Спорттык тәжірибеден жаттығуды белгілі максатқа бейімдеп жүргізсе, бүлшықеттердің күші және басқа да қызметтік қасиеті өзгеретіні байқа-лады.Бірақ бүлшықетке түсетін күш ете көп болып, ол тынықпаса, бүлшық-еттің күші төмендейді де спортшы кездеген мақсатына жете алмайды.Сондықтан бүл жағдайда бүлшықетте қандай өзгеріс болғанын біліп, спорт-шыға толық тыныштық (адинамия), ете аз қозғалу (гиподинамия) немесе жаттығуды жеңілдету арқылы көмек көрсетеді.Бүлшықет жүйесіндегі өзгерісті зерттеудің түрлі өдістері бар.