Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД анат спортморф послед.doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
41 Мб
Скачать
☆

Спортшы ағзасының қүрылым-қызметпк ерекшеліктерш зерттеу әдістері

Кәдімгі құрылымдық (морфологиялық) әдістермен қабат ағзаның бейімделу заңдылықтары үлпа мен жасуша дөрежесінде казіргі гистоло-гияльщ және тәжірибелік әдістерді қолданады.Спортшының күшті жат-тығуға (әлеуеттік күшке) дайындығы қандай, соны анықтау үшін ағзаның үлпа жөне жасуша дөрежесінде тек-серуге оның денесінен кішкене бөлігін кесіп алу өдісі (биопсия) пайдаланылады.Сондай-ақ, спортшы ағзасын зорықтырмау үшін ауру белгісін (симптом) морфологиялық жолмен анықтау өдістері де қолданылады. Ал, спортшыны қүрылымдық зерттеуге жалпылама екі түрлі өдіс пайдаланылады, олар: дене өлшеу (антропометрия) жөне рентгенге түсіру (рентгенография) өдістері. Соңғы кездерде спортшылардың қүрылым-қызметіндегі ерекшеліктерді тексергенде ағзаның қызметтік барысьш сипаттау үттгін дененің жалпы бетінің көлемін, бүлшықеттің даму дөре-жесін керсететін бүлшықет аумағын (периметрін) жөне омыртқа жотасы мен кеуде қуысының күшін білдіретін серпімділікті, кеуде қуысыньщ басқа да керсеткіштерін анықтайды. Спортшыны салмағына қарай бөлетін жағдайда оның сүйек, май жөне бүлшықет күрамдарын зерттеудің маңызы зор. Тірек-қимыл жүйелі мүшесін рентгентпен тексерген кезде олардың беліктерін, мөлтектерін көлденеңінен жөне қозғалыс кезінде суретке түсіреді.Мүндай тексеру тірек-қимыл жүйелі мүшесінің тек бейімделу жағдайын ғана емес, олардың дерттік белгілерін алдьш ала анықтауға жөрдемдеседі.

Адам денесін өлшеу (антропомет-рия). Бүл өдіс (anthropos — адам, metгео - өлшеймін) негізінде адам денесінің күрылымдық жөне қызметтік нышандарын өлшейді. Адам денесін өлшеуден басқа дененің кейбір өлшеуге қолайсыз бөліктерін көзбен бақылау арқылы көрген нышандарын тіркеп отырады. Адам денесін ©лшеу өдісі қолайлы, оңай болғандықтан, оны спортшының дене шынықтыруын үнемі бақылау кезінде қолданады. Бүл көрсеткіштердің езгеруіне қарай спортшының қандай спорт түрінен жақсы нөтиже көрсете алатынын болжайды жөне спортшының жеке басына өлеуметтік күшті (жаттығу мелшерін) есептеп беруге жөрдем етеді. Сондықтан адам денесін өлшеу өдісін өрбір студент (келешек үстаз) бес саусағындай жатқа білетін болуы қажет.

Адам денесін өлшеу кезінде мынадай белгілі талаптарды сақтаған жөн:

  1. Денені түске дейінгі уақытта елшеуі керек. Өйткені түстен кейін, өсіресе кешке қарай адамның бойы аздап шөгеді.

2. Дененін; елшейтін бөлігі жалаңаш болуы шарт. Тексерілетін адам жа-лаңаяқ немесе жұка аяккаппен (носки) тегіс жерде тұрады.Сондыктан өсіресе қыста бөлме температурасының 18— 20°-тан төмен болмағаны дұрыс.

3. Өлшенетін адам денесін тік ұстап, тұлғасын тұзу, екі қолын екі жағына салбырата, тізесін түзу (жазылған қалыпта), екі әкшені бір-біріне тиіс-тіріл, аяқ басын аздап алшақтата үстап түруы тиіс. Қүрсағын аздап ішке тар-тып, басын тік үстаған кезде көзі мен қүлағы бір деңгейде, дөлірек айтқанда, оң көз шарасының төменгі жиегі қүлақ бүртігімен бір деңгейде болатындай қалыпта түруы керек.Мүндай талап үш жасқа дейінгі балаға қойылады, керісінше оларды тегіс жерге жатқызып өлшесе де болады.

4. Әрбір адамның денесін ©лшегенде оны зарықтырмай, өлшеуді өте тез (аз уақытта) бітіруге тырысу керек.

5. Денені өлшеу кезінде бір көрсет-кішті 2 — 3 рет қайталап өлшегенде олардың бір-бірінен айырмашылығы 2 — 3 миллиметрден аспауы шарт. Осылай өлшенген нәтижеден шыққан санды орташа есеппен алған кезде, өлшем дүрыс болып шығады.

6. Тексерілетін адамның қандай көрсеткіштерінің өлшемін алу қажет-тігін күні бүрын (мақсатқа лайықтап) өлшеудің жеңіл жолын ойластыру арқылы көрсеткіш анықтамасы жаса-лады. Денені тез олшеу үшін өлшем көрсеткішін сауатты жөне анық етіп жазу көмекшінің міндеті.

7. Дене әлшемін алғанда дене ың-ғайына арналған арнайы аспаптар (қүралдар) қолданған жөн.

Дене өлшеуге арналған мынадай аспаптар бар:

1) темірден жасалған Мартиннің жылжымалы өлшеуіші (антропометр Мартина);

2) ағаштан жасалған бой өлшеуіш;

3) жуандық әлшейтін үлкен және кіші өлшеуіш;

4) темірден жасалған жылжымалы циркуль;

5) темірден, металдан немесе резина араластырып жасалған үзындығы 1,5—2 метрлік миллиметрлік таспа;

6) өлшем дәлдігі 50 грамдық меди-циналық таразы;

7) семіздік өлшеуіш (калипер);

8) күш елшегіш (алақанға, табанға арналған) — динамометр;

9) буын өлшеуіш (гониметр)

10) табан өлшегіш (стопомеры) қолданады.

Адам тік түрғанда және отырғанда бойының үзындығын өте дөл елшейтін құралдар — темірден жасалган Мартиннің жылжымалы дене әлшеуіші (185-сурет) жөне ағаштан жасалған бой өлшеуіш (0,2—0,5 см дәлдікке дейін өлшей алады). Осы өлшеуіштермен қол-аяқтың, түлғаның

-сурет. Мартиннің металды дене өлшеуіші (антропометр). Бөлшектеніп көрсетілген.

(қар, білек, қолбасы, сан, балтыр, аяқбасы) үзындықтарындаөлшеугеболады.

Жуандықөлшеуіш (186-сурет, а) жөнежылжымалыциркуль (197-6,-сурет) құралдарымен жуан және жұмыр мүшенің екі бүйір нүктелерінің арасын (қалыңдығын), қабаттасып жатқан білікті өлшеу үшін қол-данылады.

-сурет. Жуандықты олшеуіштер (циркульдер).

а — шеңберлі өлшеуіш; б — жылжымалы тік өлшеуіш.

Мүшенің шеңберін, айнала жиегін және олардың мөлтектерін милли-метрлік таспамен өлшеуге болады.

Тері астындагы май кабатының қатпар қалыңдығын семіздік өлшеуішпен (калипермен) анықтайды.Қатпар-лардың қалыңдығына қарай тері астындағы майдың жиналу дәрежесі (семіз-арықтығы) айқындалады.

Күш өлшеуіштерді (динамометр) тек алақанга салып, саусақтармен сығу және табанға салып, түлғаны жазу

-сурет.Күш өлшеуіші (динамометр).

а — сығым кушін өлшеуіш; б — тарту күшін өлшеуіш.

үдерістерін анықтау үшін ғана емес, дене бөліктеріндегі күшті зерттеуге де пайдалануға болады (187-сурет).

Буын өлшеуіші арқылы буынның қозғалу мүмкіндігін градус арқылы анықтайды (188-сурет). Денедегі

-сурет.Буынның козғалғыштығын өлшеуіш (гониометр).

буындардың қозғалгыштығын анықтау арқылы спортшының ептілігіне, денесінің иілгіштігше баға беріледі. Адамның дене қүрылысына, дамуына (жетілуіне) баға беруде спортшыны арнайы қүрылым өлшеуіші (мор-фометрия) торының түсында суретке түсіру өдісі де пайдаланылады.

Спорттағы дене өлшемдерін талдағанда оларды үш топқа: бойы, көлденеңі (диаметрі) жөне аумағы деп бөледі. Спорттағы дене елшемдершің

барлығы тексеретін адамда бірдей болуы жөне салыстырмалы дәлділігі тура келуі үшін дене өлшем нүктелері белгіленеді. Ондай белгілер: сүйектің томпақ жерлері, өсінділер, айдаршалар, байланысқан сүйек жиектері, тері-бүлшықет қатпары (бәкседе айқын керінеді), емшек емізігі, кіндік, мықын, т.б. белгілерге қарай анықталады.

-сурет. Дене өлшемінің нүктелері (антропометриялық өлшемдер):

А — алдынан көрінісі:

1 - тас төбе нүктесі; 2 - маңдайдың жоғарғы нүктесі; 3 - маңдай нүктеміүктесі нүктесі; 4 - пешенер нүктесі; 5 - тіс түбірі (ұясы) нүктесі; 6 - иек нүктесі; 7 — алка нүктесі; 8 - кежеге нүктесі; 9 - төс нүктесі; 10 - семсер нүктесі; 11 - шыбык нүктесі; 12 -кіндік нүкт^сі; 13 - мықын нүктесі; 14 -жамбас алды (кыры) нүктесі; 15 - касаға нүктесі; 16 - үршык нүктесі; 17 - саусак нүктесі; 18 - қол басының үшы (тырнак бакашағы) нүктесі; 19 - тізе нүктесі; 20 -тілерсек нүктесі.

Б - капталдан көрінісі:

1 - тас төбе нүктесі; 2 - пешене нүктесі; 3 - ауыз нүктесі; 4 - иек нүктесі; 5 - мойын нүктесі; 6 - алқа нүктесі; 7 - иық нүктесі; 8 -төс нүктесі; 9 - емшек нүктесі; 10 - шыбык нүктесі; 11 - кіндік нүктесі; 12 - жамбас алды (кыры) нүктесі; 13 - касаға нүктесі; 14 -ұршык нүктесі; 15 - коспа нүктесі; 16 - саусак нүктесі; 17 - қолбасының үшы (тырнак бакайшағы) нүктесі; 18 - өкше нүктесі: 19 -аякбасы үшы (тырнак башпай) нүктесі.

Мұндай дене өлшемдері (белгілері) алгашкыда (өсіресе жаттығу кезінде) саусақпен сипалап, денені ауыртпай абайлап басып аныкталады да бір неше рет өлшеу үшін анықталган белгіні (нүктені) арнайы теріге жүғатын қаламмен (дермография қарында-шымен) сызып, белгілейді ( -сурет.).

Төмендегідей дене өлшем нүктелері өте жиі қолданылады:

1. Тас төбе — адам денесін тік үстап, алға қараған кезде көз шарасы мен қүлақ бір деңгейде болгандағы төбенің ең жоғаргы нүктесі.

2. Төс басы — төс сүйектің алқа төрізді бөлігіндегі мойындырық ойығының терең ортасы.

3. Төсетегі — тес сүйектің семсер төрізді өсіндісіндегі тес денесіне жалғасқан жерінің ортасы.

4. Топшалъщ — жауырын топшысы өсіндісінің төменгі жиегі (топша буыны).

5. ІПыбыктыц—шыбық сүйектің ең жоғарғы басьщцағы сыртқы-алдыңғы беті,.шынтақ буынының қар-шыбық бөлігіндегі саңылаудың түсы.

6. Қоспалық — шыбық сүйектің теменгі басындағы біз әсіндісінщ түсы (қоспа буыны).

7. Саусақтық — алақан-саусақ буыны.

8. Ортан саусац ушы (III) — ортан саусақтағы тырнақ бақайшағының тырнақ асты жүмсақ бетінің төменгі үшы.

9. Мыцынның алдыңгы жогареы муйісі — мықын сүйектің алғы шығың-қы мүйісі.

10. Қасага — шаттағы екі сүйектің қосылған қоспасы.

11. Мықын-қалқан қыры— мықын сүйектің оң сол жағына сыртқа карай шығыңқы қыр нүктесі.

12. Жіліктің жоғарғы басының ішкі жағы—тізе буынының ортаңғы бе-тіндегі байлам түсы.

13. Жіліншіктің төменгі басының ішкі жағы — тілерсек буынының ортаңғы беті, оның тобық басының асты. \

14. Өкше — өкшенің ең артқы нүктесі.

15. Аяқ ұшы — 1 немесе 2 немесе 3 тырнақ башпайының жүмсақ бастары.

Дене өлшеуіштерін үнемі жоғары қаратып үстау керек.Денедегі өлшеу нүктелерін жоғарыдан тәмен қарай өлшейді.Жүп нүктелер (симметриялы дененің оң жағьшан), ал жеке нүктелер (симметриясыз) дененің сол жағынан өлшенеді.

Дененің ұзынша өлшемінің анық-тамасы.Дененің үзынша өліпемін анықтағанда екі дене елшем аралығын кескінді түрде тік жазықтықта қарастырады.

Кескінді елшеудің екі жолы бар.Бірінші жолы - адам тегіс жерде тік түрған кезде еденнен бастап өлшенетін ең жоғарғы нүкте анықталады.Одан төмен орналасқан нүкте орталықтары-ның ұзындығын табу үшін еденнің ең жоғарғы нүкте орталықтарының үзын-дығын табу үнгін еденнің ең жоғарғы нүкте аралығының көрсеткішінен төменде орналасқан еденнен нүктеге дейінгі кез келген көрсеткішті алып (айырып) тастайды.Сонда топша (буы-ны) нүктесінің көрсеткішінен шыбық (шыбық-қар буыны) нүктесінің көрсеткішін шегеріп тастаса, қолдың қар белігінің үзындығы табылады.Екінші жолы — дене бөліктерінің қайсысын болса да елшеу қажет болса (үзынды-ғын), оның жоғарғы жөне төменгі шекаралық өлшеу нүктесінің аралы-ғын тікелей өлшейді.Сонда шыбық (буыны) нүктесімен оның біз өсіндісі (қоспа буыны) нүктесінің аралығы білек үзындығын көрсетеді.

Адамның бойы — еденнен тас-төбе нүктесі аралығындағы қашықтық.

Тұлга ұзындығы — еденнен төс басы жөне қасаға нүктелерінің айырмасына (немесе төс басы мен қасаға арасына) тура келеді.

Дене ұзындыгы — аяқтан басқа дейінгі бөлік.

Қолдыңұзындығы — еденнен топшы жөне ортан саусақтың үшы нүктелерінің айырмасына (немесе топшы мен ортан саусак арасына) тең өлшем.

Қардыңұзындығы — еденнен топшы жөне шыбықтық нүктелердіңайырмасы (немесе шыбықтық пен шыбықтың біз өсіндісі арасына) тура келетін елшем.

Қолбасы ұзындығы — еденнен шыбыктың біз өсіндісі және ортан саусақ ұшы нүктелерінің айырмасы (немесе шыбыктың біз өсіндісі мен ортан саусак үшының арасына) тең өлшем.

Аяқтыңұзындыгы — еденнен мықынның алдыңғы жоғарғы мүйісі және қасағаға дейінгі өлшемге тең.

Санның ұзындығы — еденнен үршық (буыны) және жоғарғы жіліншіктің жоғарғы басының ішкі беті (тізе буыны) нүктелерінің айырмасы (немесе үршық пен тізе буыны арасына) тең өлшем.

Балтырдың ұзындығы — еденнен жіліншіктің жоғарғы басының ішкі беті (тізе буыны) жөне жіліншіктің төменгі тобық басының асты (тілерсек буыны) нүктелерінің айырмасы (немесе тізе буыны мен тілерсек буынының арасына) тең өлшем.

Аяқбасының ұзындыгы — өкше мен аяқ ұшы нүктелерінің арасына тең өлшем.

Адам денесінің көлденең (диаметр) өлшемінің анықтамасы. Дененің кәл-денең өлшемдерін анықтаған кезде жуандық өлшегіштерін қолданып, маңдай және сагитальды жазықтық-тарда циркульмен өлшейді.Келденең өлшемді анықтағанда алдымен дене әлшем нүктелерін саусақпен сипалап тауып, өлшегіш қүралдың аша үш-тарын сол жерге тірейді.

Дененің көлденең өлшемдері мынадай болады:

Жауырын кеңдігі немесе топша аралыц диаметрі — екі қолды түсіріп, денені еркін үстаған күйдегі оң жөне сол топша нүктелерінің ара қашықтығына тең өлшем.

Мықынкеңдігі немесе топша-қалқан қырының диаметрі — оң және сол мықын-қалқан қырының ара қашық-тығына тура келетін өлшем.

Кеуденің көлденең өлшемі — екі қолтық астындағы ең кеңейген қабыртқа иіңдершің ара қашықтығына тең.

Кеуденің алды- арты өлшемі — төстің етегі (кеуденің алды) мен осы нүктенің деңгейіндегі арқа омыртқа жоталық өсіндісінің (кеуденің арты) нүкте ара қашықтығына тең.

Шынтақтың көлденең өлиіемі немесе цардың төменгі бөлігінің диаметрі — жілік басының сыртқы жөне ішкі (ортадағы) айдаршаларының ара қашықтығы.

Қоспаның көлденең өлшемі немесе білектің төменгі бөлігінің диаметрі — шыбық жене шынтақ сүйектердің біз тәрізді өсінділерінің ара қашықтығы.

Тізенің көлденең өлиіемі немесе санның төменгі бөлігің диаметрі — ортан жіліктің сыртқы жөне ішкі (ортадағы) айдаршаларының ара қашыктығы.

Тілерсектің көлденең өлшемі немесе балтырдың төменгі бөлігінің диаметрі— үлкен жөне кіші жіліншіктердің тобық бастарының ара қашықтықтары.

Адам денесінің жуандық (қүшақ) өлшемінің анықтамасы. Бүл өлшем-нің миллиметрлік таспа арқылы өлше-нетіні жоғарыда айтылды. Өлшейтін адамға бетпе-бет түрып, таспамен қүшақтай өлшеген кезде көлденең жазықтықтағы таспаньщ нелдік белгісі түсындағы сан керсеткіші алынады. Таспамен өлшегенде оның ізі денеге батпауын және теріні таспаның қатпарлап қыспауын қадағалау керек. Егер таспа матадан жасалса, оны пайдаланар алдында бір неше рет созып, босату арқылы реттеп алған жөн жөне мүндай таспаны 30 — 50 адам өлшеу соңынан міндетті түрде ауыстыру керек.

Адам денесінің жуандық өлшемдері мынадай:

Тыныштық қалыптағы кеуде жуандығы — миллиметрлік таспамен өлшейтін адамның кеудесін қүшақтап, арқа жағынан екі жауырынның төменгі үшының астынан екі қолтық аркылы алдыңғы жағынан, еркекте емшек емізігін, ал өйелде емшектің жоғарғы жиегін баса таспамен орап, елшемін алады. Осылай 2—3 рет өлшеген кезде өлшемнің дүрыс болуы үшін тексерушіні сөзге айналдырған дұрыс. Тыныс алғандагы кеуденің жуандығы. — өлшеу төсілі жоғарыдағыдай, бірақ тыныс ішке тартылған кезде ғана өлшем алу керек. Бүл кезде тексерілуші екі иығын жоғары көтермей, бір қалыпты тұратын болсын.

Тыныс шығарғандағы кеуденің жуандығы—өлшеу тәсілі бұрышындай, бірақ тыныс барынша шығарылған кезде ғана өлшеу керек. Сонда тыныс толық шығарылып, тыныс алынған кезде кеуде аумағының көрсеткіштерінің айырмасына карай кеуде куысының қызметі (мүмкіндігі) толық аныкталады. Қар бұлшықетінің жуандығы, бос күйінде — кол еркін төмен салбырап түрғанда кардың алдыңғы және арткы топ бұлшықеттерінің аумағы келденең жазықтықта таспаны орап (таңып) өлшенеді. Білектің жуандығы — қол еркін төмен салбырап түрғанда білектің ең жуан жері жоғарғыдағыдай әдіспен өлшенеді.

Санның жуандығы — өлшеу әдісі жөғарыдағыдай, таспаны екі бөксенің төменгі жиегінен (қатпарынан) таңып, санның сыртқы бүйір жағына түйістіру арқылы өлшемі алынады. Балтырдың жуандығы. —балтырдың үш басты бұлшықетінің күшті дамыған тұсынан бұрынғы әдіспен өлшем алынады. Тері-май қатпарының қалыңдығын анықтау. Тері-май қатпарының қалыңдығын арнайы құрал — калипермен өлшейді.

Өлшеу кезінде тері бетінің 1 мм2 аумағына 10 г салмақтан аспауына, сондай-ақ саусақпен камтып ұстайтын тері аумағы 20—40 мм2 шамадан кем болмауына көңіл аудару керек. Оның үстіне тері-май қатпарының қалыңдығын тек белгіленген нүктелерден ғана анықтау қажет.

Мүндай нүктелердің 8 белгіленген аймақтары бар:

1) арқа аймағында — жауырынның төменгі бүрышы астындағы қатпардың қалыңдығы;

2) көкірек аймағында — көкіректің үлкен бұлшықетінің қолтық жиегіндегі қатпардың қалыңдығы;

3) құрсак аймағында — кіндікке жақын оң жағындағы қатпардың қалындығы;

4) қардың алдыңғы аймағында — екі басты бүлшықеттің (орта шенінде) үстіндегі қатпардың қалыңдығы;

5) қардың артқы аймағында — үш басты бұлшықеттің (орта шенінде) үстіңгі қатпарының қалыңдығы;

6) қолбасының сырты — үшінші алақан сүйегінің үстіндегі тері-май қабаттарының қалыңдығы;

7) санның алдыңғы беті — шат байламынан аздап төмен, санның тік бұлшықетінің үстіндегі тері-май қатпарының қалыңдығы;

8) балтырдың артқы беті — нағыз балтыр бүлшықетінің сыртқы басын-дағы аймақтың тері-май қатпары қалыңдығын атауға болады.

Дене өлшемдеріне негіздеп есептеу жолымен (талдау әдісімен) дененің бетін, сүйек, май және дене бұлшықеттерінің салмақтарын анықтайды. Ондай есептеу жолдары тиісті тарауларда керсетіледі. Дене өлшемдерінің қорытындысы жазылатын арнайы анықтама (10-кесте) төменде үсынылып отыр.

Дене өлшемін зерттеу анықтамасы

Аты-жөні___________

Факультеті________курсы___тобы_

Туған жылы, айы, күні__________

Спорттық мамандануы____

Спорттағы еңбек мерзімі_______

Спорттық мамандығы__

Анықтамадағы көрсетілген ауырлык салмағы, бойы, кеуденің жуан-дығы, т. б. сан көрсеткіштері аркылы жеке адамды сипаттауға болады, бірақ ол жеткіліксіз. Өйткені жеке адамнын, каншалықты калай жетілгенін (дамы-ғанын) бақылау үшін дене өлшемі уа-қытқа қарай бірнеше рет қайта өлше-ніп, олардың айырмашылықтары, қа-рым-қатынасы, проценті анықталады.Осындай есептеулерден кейінгі қоры-тындыларға (көрсеткіштерге) қарай адамның жеке басының дамуын және бір-бірімен салыстырып, спорттың әр түріне таңдауға мүмкіндік туады. Рентгенге түсіру әдісі.Рентген сөу-лесінің адам денесінен ету касиетіне байланысты адам денесінің бейнесі суретке түсіріледі.Рентген сәулесі адам денесінен өткенде оның қалыңдығына, жүмсақ-қаттылығына (тығыз-дығына) қарай өтеді.Рентгенге түсіре-тін дене бөлігі неғүрлым қалың, әрі тығыз болса, оның сәулесі соғүрлым күңгірт болады.Бүл жағдай рентгенде керісінше түсіріледі.Кейде адамның денесі біркелкі болып, түсірілген сурет бойынша бірін-бірінен ажырата алмайтын жағдай да болады, ондайда рентген суреті қажет болған мүшенің ішіне айқын көрінетін зат жіберу арқылы сүретке түсіру қажет.