Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД анат спортморф послед.doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
41 Мб
Скачать
☆

Модуль 8. Жүрек-қан тамырлар жүйесі.

Тамырлары жүйесінің жалпы көрінісі. Қан өткізу жүйесінің қызметі. Тамырлардың топтастырылуы. Қан тамырлар қабырғаларының құрылысы. Артерия мен вена тамырларының айырмашылығы. Бұлшық етті және эластикалық артериялар. Мушелердің сыртындағы және ішіндегі тмырлары.

Капиллярлар. Қанның микроцеркуляторлық жолдары артериялар, капериярлар, соңғы капериярлар және венулалар. В.В.Купряновтың мектебі, соның әдісімен шағын айналымындағы қан ағысын зерттеу. Қан айналым шеңберлері: үлкен, кіші және жүректің. Артерия тамырларының заңдық жалпы қалыптасуы. Вена арнасының қуысы. Мүшелердің ішкі қан айналымы. Ғажап торы веноздық қойнаулары (синустар). Анастомоз және коллатераль қан айналымы туралы түсініктер В.Н.Тонковтың жұмыстары және оның коллатеральдік қан айналымы туралы мектебі.

Жүрек. Пішіні, орналасу жағдайы,жоғарғы қабаты,шеттері шекарасы. Жүректің фиброздық құрамы. Жүректің құрылысы эндокард, миокард, эпикард, перикард. Жүрек бөліктері, жүрекшелер, қарыншалар, олардың құрылысы мен атқаратын қызметі. Оң жақ және сол жақ жүрекше – қарынша саңылаулары. Жүректің қақпақшалары, олардың құрылысы, орналасыуы және атқаратын қызметі. Жүректің емізік бұлшық еттері мен сіңірілу шектері. Жүректен қанды алып шығатын тамырлар ( қолқа, өкпе, тамыр ), жүрекке қан алып келетін тамырлар ( жоғарғы және төменгі қуысты веналар). Жүректің қанмен қамтамасыз етілуі және жүйкелендірілуі. Жүректің откізу жуйесі және атқаратын қызметінің мәні.

Үлкен қан айналымындағы тамырлар. Қолқа. Оның бөліктері мен орналасу жағдайы. Қолқаның өреу бөлімінің тамырлары. Қолқа ағзасының бұтақтары: иық – бас күремтамыры, жалпы оң және сол иық жалпы ұйқы артериялар, олардың жолдары және қамтамасыз ететін орындары. Сыртқы ұйқы артерия және оның негізгі шрамдары. Ішкі ұйқы артерия оның орналасуы, жолы негізгі адамдары, қамтамасыз ететін аймақтары. Үлкен ми негізіндегі қан айналымы. Бұғана асты артерия оның орналасу жағдайы шрамдары қамтамасыз ететін орындары. Қолдағы артериялар: қолтық асты, қар, шынтақ, шыбық, қол бас, олардың жолдары және қамтамасыз ететін орындары. Төмендеген қолқаның бөліктері: кеуде қолқасы және құрсақ қолкасы. Қолқаның кеуде бөлігі, оның париеталді және висцералді тарамдары. Жарты мықын артериялар, олардың ішкі және сыртқы артерияларға бөлініуі. Ішкі мықын артериясыныңқамтамасыз ету аймақтары. Сыртқы мықын артерияның бұтақтары, аяқты қамтамасыз етуі.

Аяқтағы артериялар: сан, тізе асты (тақым) артериялар, улкен жіліншіктің артқы және алдыңғы артериялар, аяқ бастын артериялары.

Веналар. Жоғарғы қуысты вена орналасуы мен ағысы. Мойын мен бас вена тамырлары. Бұғана асты вена. Қолдың сыртқы және терең веналары. Төменгі қуысты вена, орналасуы мен ағысы. Қақпа венасы. Терең және сыртқы аяқ веналары.

Кіші қан айналымындығы өкпе тамырлар. Өкпе діңі, өкпенің артериялары мен өкпе веналары.

Иммуногенез мүшелер мен сарысу жүйесі. Лимфатикалық жүйе және оның жалпы көрінісі. Лимфа капиллярлары ,тамырлар, лимфа тармақтары және лимфа өзегі, олардың құрылысы, ерекшеліктері және атқаратын қызметтері. Лимфаның құрамы. Шеткі, аралық және орталық лимфалар. Массаждың теориясы мен тәжірибесі үшін лимфалық жүйе бойынша білімнің маңызы.

Иммуногенез мүшелері. Айрықша безі, огың орналасуы, құрылысы, атқаратын қызметі. Бадамша беездері, топтастырған және жеке лимфалық түйіндері, олардың орналасқан жерлері, құрылыс мен атқаратын қызметі.