Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД анат спортморф послед.doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
41 Мб
Скачать
☆

Модуль 3. Қаңқа сүйектері және олардың байланыстары.

Қаңқа және оның қызметі туралы түсінік. Сүйек қаңқасының құрамдас бөлігі. Сүйек құрылысы. Сүйектің үстіңгі қабаты. Тығыз әрі кеуекті заттар. Ұзын, қысқа, аралас, тегіс, ауа өткізгіш сүйектердің ерекшеліктері. Сүйекті ми және оның атқаратын қызметінің мәні. Сүйектің пішіні және оның атқаратын қызметпен байланысы. Сүйектің химиялық құрамы. Сүйектің жас шамасының өзгеруіне байланысты, механикалық қасиеті мен химиялық құрамы. Сүйектің энднсмалді, энхондралді, перихондралді түрлері туралы түсінік. Сүйектің ұзындығы мен қалыңдығы жағынан өсуі. Сүйектің қартаюы, өсуі, дамуы барысындағы ішкі және сыртқы факторлар. Механикалық салмақтың сүйектің қарқынды дамуына ықпал етуі.

Сүйектердің байланыстары туралы ілім. Сүйектердің байланыстардың топтастыруы: фиброздық (синдесмоздық, сүйекаралық жарғақтар, байламдар, тігістер және сүйектенуі), шеміршекті (синхондроздар, симфиздер). Буындар. Буынның негізгі элементтері. Қосымша пайда болған буындар. Буындарды топтастыру. Байланысқан сүйектердің санына қарай, қызметтік таралу біліктердің санына қарай. Жай, күрделі, қос камералы, аралас буындар. Буындағы қозғалыс пен айналысатын біліктері, пішіндері. Буын пішіндері арасындағы қызметке қатысты тәуелділік. Қозғалыстың ауқымымен, буынның үстіңгі бетімен арақатысы. Буындағы қозғалысты тежеу, әрі шектеу.

Дене қаңқасы. Омыртқа бағаны. Оның негізгі бөлімдері. Омыртқа құрылысынң жалпы көрінісі. Мойын, кеуде, бел омыртқаларының құрылысындағы ерекшеліктер. Сегізкөз бен құйымшақтың құрылысы. Омыртқалардың байланысы: омыртқалардың денелері арасында, доғаларының және өсінділерінің аралықтарындағы байланыстар. Омыртқааралық дискілер және олардың құрылысы. Омыртқааралық буындар. Омытрқа бағананың байланыс аппараты. Омыртқа бағананың бас сүйектермен байланысуы. Сегізкөзбен құйымшақтың бірігуі. Омыртқа бағананың тұтастығы. Оның тіректік және серпімділік қасиеті. Омыртқа бағананың физиологиялық тұрғыдан иілуі және оның қызметтік мәні. Омыртқа бағананың қозғалысы.

Қозғалыс барысындағы омыртқа бағананың иілуіндегі өзгерістер.

Кеуде қуысы. Бас сүйектердің жалпы сипаттамасы. Ми және бет сүйектері. Ми сауыты сүйектер. Бас сүйектер құрылысының ерекшеліктері. Ми сауытының сыңар сүйектері: шүйде, сына тәрізді, маңдай және торлы сүйектер. Ми сауытының жұп сүйектері: төбе және самай. Бас сүйектерінің бет бөлімінің сүйектері: төменгі жақ, кеңсірік, құрмау сүйек. Бас сүйектерінің тұтастығы.

Бас қаңқа сүйектердің байланысы: тігістері, самай астыңғы жақ сүйек буындары оның құрылысы және қозғалысы. Бас сүйектерінің төбесі, сыртқы және ішкі негіздері. Көз шарасы оның қабырғалары мен хабар алу жолдары. Мұрын қуысы, оның қабырғалары, ауа өткізетін кеңсіріктері. Бет бөлімнің сүйектері. Бас сүйектерінің рентгентәнтануы. Бас қаңқасының жас шамасы, жыныстық және жеке қасиеттерге байланысты ерекшеліктері.

Қол қаңқасы. Қол сүйектерінің иық белдеуі және еркін қозғалатын бөлімдері. Жауырын мен бұғана. Тоқпан жілік, шынтақ және шыбық сүйектері, білезік сүйектер, алақан және қол басының саусақтары, олардың құрылысы мен орналасу жағдайы. Қол сүйектердің байланыстары. Кежеге (төс-бұғана) және топша (акромион-бұғана) буындар, олардың пішіндері, айналу біліктері және қозғалысты шектейтін байламдары. Иық, шынтақ, проксимальді және дистальді шыбық-шынтақ буындар, қоспа (шыбық-білезік) буын, олардың құрылыстары мен пішіндері, буын қабы, буын қуыстары, байламдары, айналу біліктері мен қозғалыстары. Қол бас буындардың және байланыс аппаратының ерекшеліктері. Білезік-аралық буын. Қол бастың үлкен саусақтың білезік-алақан буыны және 2-5 саусақтардың буындары. Алақан – саусақ және бақайшық аралық буындары. Қол сүйектерінің рентгентәнтануы. Адам денесінің сыртқы қабатындағы қолдың қаңқасының пайда болуы және жобалануы. Қол сүйектердің қозғалыстарын көрсету.

Аяқ қаңқасы. Аяқ сүйектерінің мықын белдеуі және еркін қозғалатын бөлімдері. Қасаға (екі шат сүйегінің бірігуі). Жамбас сүйек, оның үш сүйегі: мықын, отырғыш және шат. Ортан жілік, тізе тобығы, үлкен және кіші жіліншіктер, аяқ басының сүйектері тілерсек, табан және бақай сүйектері, олардың құрылыстары мен орналасу жағдайы. Аяқ қаңқасының байланысуы.

Сегізкөз-мықын буын құрылысы мен қозғалысы. Қасаға екі шат сүйегінің бірігуі. Жамбастың тұтастығы. Жамбастың үлкен және кіші астаулары. Жамбастың жас шамасына, жынысқа, жеке қасиеттерге байланысты ерекшеліктері.

Жамбас-сан (ұршық) және тізхе буындары, балтыр сүйектерінің байланысулары. Батыр – табан (тілерсек) буыны, оның құрылысы, пішіні, буынның қабы, қуысы, байлам аппараты, қосымша құрылыстары, айгалу біліктері мен қозғалыстары. Аяқ бастың буындары мен байлам аппаратының ерекшеліктері: топай асты буыны, топай-өкше-қайық буындары, өкше-текше, тілерсек –табан, табан-бақай және башпай-аралық буындары. Аяқ бастың қозғалыстары. Аяқ бастың тұтастығы. Аяқ бастың ұзыннан және көлденең орналасқан күмбездер. Аяқ бас күмбездерінің белсенді және сылбыр тартылғыштары. Жалпақтабандылық туралы түсінік.

Аяқ сүйектері мен буындардың рентгентәнтануы. Адам денесінің үстіңгі қабатындағы аяқ қаңқалық құрылымның жобалануы. Аяқ буындары қозғалыстарының көрінісі.