Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД анат спортморф послед.doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
41 Мб
Скачать
☆

Спортшылардың сүйек жүйеснің бейімделу өзгерістері

Мұндай езгерістер мынадай дөрежеде өтеді: молекулалық жасушаның қалыптасуы кезіндегі жасушалық, мүшелік жөне жүйелік түрде өтеді. Олардың молекулалық дөрежесі кезінде сүйек үлпасында сүйектің мықтылығын қалыптастыратын ақу-ыздың жинақталуы (белок синтезі), ферменттер, т. б. органикалық зат-тардың тездеп шогырлануы, сондай-ақ бейорганикалық заттардың тездеп қатталып түзілуі артады. Ұлпа дөрежесінде сүйек үлпа-ларыньщ сүйектенуі күшейеді.Ғылыми зерттеулердің қорытындысына қара-ғанда жаттығу кезінде сүйек үлпасында сүйек түзетін жөне жетілген остеондар пайда болады.Осы кезде ескі остеондар бүзылып ыдырайды.Сон-дықтан сүйек үлпасының қүрамына кіретін остеобласттар, остеоциттер жвне остеокластар қызметі арқылы да қайта қүрылым барысында біріне-бірі қатынасты болады. Мүше дәрежесінде қаңқаның бар-лық сүйектерінде химиялық, қүрылым-дық, пішіндік ішкі қүрылыстың жөне сүйектену мерзімімен өсу өзгерістері болады. Мүшеге күш артқан кезде сүйектің химиялық қүрамындағы бейоргани-калық заттардың қүрамы артып, кальций жөне фосфор көбейе бастай-ды.Түздардың артуынан сүйектің тығыздығы күшейеді.Бүлшықет қызметінің артуынан қаңқа сүйекте-рінің ггітттіні өзгере бастайды.Бүлшық-ет сіңірінің сүйекке жабысқан жерінде белдеу, бүдыр, шорлар пайда болады. Айталық, ауыр жүк көтеруші-лердің, өсіресе, жауырын жөне бүғана сүйектерінің пішіні күшті өзгереді.Бұғана жуандайды, жауырыннын қолтыққа қараған жиегінің бір тегістігі өзгереді, бірақ үш бұрыштык пішіні сақталады. Жүзгіштердің дельта тәрізді бұлшықеттерінің күшті дамуына (гипертрофия) байланысты тоқпан жіліктің басы үлкейіп, ондағы хирургиялық мойын білінбей кетеді. Тізерлеп қайық ескіштердің (гребцов на байдарке) қарындағы екі басты бүлшықет қызметінің артуынан оның шыбық сүйекке жабысқан жерінің бұдыры шорланып, сүйектегі мойын жабылып қалады. Боксшы мен ауыр жүк көтерушілердің шыбық сүйектерінің диафиздік иіні де өзгеретіні байқалады. Гимнасттардың білезігі сүйірленіп, өсіресе трапеция тәрізді, томпақ жөне қайық тәрізді сүйектері ерекше өзгереді.С ай-ақ көркем гимнастика (худ. гимнастика), қылыштасу (фих-тование) және үзбелі шоқпар (метание солота) лақтырушылардың білезік сүйектеріндегі қайық тәрізді, жарты ай сүйектерінің пішіні өзгеріп, жұмырланып кетеді. Желаяқтардың (легкоатлетов), гимнасттардың шаңғышылардың мықыны күшті дамып, ұршық шұңқырының пішіні өзгереді. Тегеріш немесе жалпақ тас лақтырушылардың (метателей диска) ортан жілігінің төменгі басы жуандайды. Жүгіргіштердің (желаяқ) үлкен жіліншіктерінің бұдырлы аймағы және кіші жіліншіктің басы өте күшті жуандайды. Хоккеистер мен палуандардың балтыр сүйектерінің ортан бөлігіндегі жоғарғы жағының ені ұлғаяды. Спортшылардың көпшілігіне омыртқаларының пішіні төрт бұрышты немесе сүйір болып өзгереді. Төрт бұрышты омыртқалар кебінесе жүзгіштерде кездеседі. Ауыр жүк көтерушілер (велосипедшілер мен қайык ескіштердің омыртқалары алдыңғы жағына қарай сүйірленеді де палуандардың омыртқалары арқа жағына қарай сүйір болады. Сондықтан олар тік жүрген кезде аздап шалқақ қалыпта жүреді. Спортшылардың сүйек жүйесіндегі морфологиялық өзгерістер сүйек қабығындағы сүйектің кемікті жөне қатты (тығыз) заттарындағы жөне жіліктің май қуысындағы құрылысына байланысты болатынын ескерген жөн. Сүйектің қабығы дене шынықтыру сабақтарының барысында оның ішкі, камбийлі немесе сүйек түзетін қабатының қызметін күшейтуге байланысты қалыңдайды. Сүйектің тығыз заты спортшыларда қалыңдайды. Мұндай өзгерістер жүзгіштердің, желаяқтардың, ауыр жүк көтерушілердің, конькишілердің, аяқдопшылардың (футболшылардың) аяқ-қолдарының сүйектерінің симметриялы болып келуі жиі кездеседі.Теннис және диск лақтырушыларда жұмыс түрі біркелкі болмауына байланысты, әсіресе қолдарыңдағы сүйектердің тығыз заттары да біркелкі болмай (ассимметриялы) қалыптасады. Кылышшылардың жұмысына байланысты олардың қолының тоқпан жілігі мен алақанының 1 -сүйегінде, ал аяқ сүйектерінде көбінесе өкше төмпегінде күшті өзгеріс болады. Сүйектерде тығыз заттардың біркелкісіз (асим-метриялы) қалыптасуы боксшыларда да кездеседі. Олардың I, III, V алақан сүйектерінің бастарына күштің көп түсуінен тығыз заттары қалыңдап, физиологиялық қызметі артады.

Желаяктар мен секіргіштерде көбінесе қатты тебетін (жүгіріп, секіруге күш алатын) аяғының сүйегіндегі тығыз затының қайта қүрылымы болады. Олардың тебетін ортан жіліктерінің екі жақтарынан (диафиздерінің) көлденең өлшемі теппейтініне қарағанда 1—5 мм жалпақ болып келеді. Велосипедшілердің (аяқарбашы) ортан жілігінің тығыз заты барлық жерінде бірдей қалыңдықта, балтыр сүйегінде тығыз заттардың қалыңдығы әр түрлі болып қалыптасады. Сондай-ақ үлкен жіліншігінің тығыз заттары оның ішкі және сырткы бетінде (орта шенінде — 15—16 мм), ал кіші жілішігінің — артқы бетінде (төменгі үшында — 17—18 мм) қалыңдайды. Мергеншілердің (стрелков) қолдарын рентгенге түсіргенде мылтықпен ататындарға қарағанда білек сүйектерінде шоғырланған өзгерістер бар. Шыбық сүйектің тығыз затының қалыңдауынан онын екі бас жағы (диафиздері), мойыны және ортаңғы бөліктері (эпифизі) (жуандап, шынтақ сүйектің — бас жағы (диафизі) және денесівің жоғарғы бөлігі (эпифизі) жуандап өзгереді. Оның себебі мылтықты ұзак уакыт көтеріп тұруға білек сүйектердің көбірек қызмет атқаруы кажет. Тапанша мергендерінің оң қолдаына күш түседі. Мылтықпен ататындарга қарағанда тапаншамен атушылардың қолдарындағы (қар, білек, қолбасы) барлық бөліктері бірдей өзгереді. Тоқпан жіліктің жоғарғы эпифизінде, төнтанулық мойнында жөне жіліктің басында (өсіресе, дельта бұдырында, шынтақ сүйекте — жоғарғы басы мен денесінде, сондай-ақ қолбасы қаңқасында — алақанның III, IV, V сүйектерінің басындағы) тығыз заттары қалыңдайды. Тапаншаны ату үшін қолды барынша жазып көтеріп тұру қолдың тартылу күшін жөне иық буынының айналу білігі мен буын орталығының қатынасын арттырады. Бұл дельта және жауырын қырының үстіңгі бұлшықеттерін бұралған күйге келтіріп, тоқпан жіліктің басына күш түсіреді. Шынтақ сүйектегі өзгерісті шынтақ буынының алшақтауынан қолдың тартылу күші артуымен дәлелдеуге болады. Қол басындағы өзгерісті алакан саусақтарымен тапаншаның тұтқасын қысып ұзақ ұстаудан кеп күш III, IV, V алақан сүйектердің негізіне түсетініне қарай дәлелденеді. Соңғы кездерде сүйектің кемікті заттарын үш түрге (майда, орташа және ірі ұялы) бөледі. Спортпен шұғылданбайтын адамдардың сүйегіндегі кемікті заттар жілік басының айнала жиегінде майда, ал ортасында — ірі ұялы болып келеді. Спорттық күшті жаттығулар жа-сап, мамандық дөрежеге еткен спорт-шылар жіліктерінің бастарындағы кеміктер біркелкі ірі үялы болып әзгереді. Ауыр жүк кетерушілердің (штан-гистов) қолбасы сүйектеріндегі кемік-тердің ұялары текше ттітттінді ірі немесе дөңгелек тәрізді, аяқбасындағы кемік арасындағы табақшалар ұзына бойына карай орналасады, мұнда келденең : рналасқан табақшалардың жобасы ғана байқалады. Ірі ұялы кеміктер

палуандардың, гимнастардың және велосипедшілердің сүйектерінде де пайда болады. Спортшылардың сүйегіндегі тығыз заттар қалыңдайтыны жоғарыда айтылды.Осыған орай жіліктердің май қуысы тарылады.Рентген суретінде жіліктің май қуысы сызық төрізденіп кәрінеді. Сүйектің есуі эпифиздік шеміршек-тің сүйекке айналуына дейін жүреді.Спорттық жаттығу, жалпы денеге күштің түсуі, сүйектің өсуіне оның әсер етуі туралы жануарларға өте кеп ғылыми жұмыстар жасалды.Сондай жұмыстардың қорытындысына қара-ғанда спорттық, әсіресе жүгіру секілді жаттығулар сүйектің өсуін тездететіні байқалды. Шындығында денеге шамадан тыс күш түсіріп жаттығу сүйекті қысқар-тады, бірақ ол ұзын бойы өсуін тоқтату арқылы емес, сүйекке айналуын түзеу арқылы әсер етеді.Сүйектің өсу аймағы денеге түекен күштің аз-кәптігіне қарамайды, егер спорттық жаттығудың мөлшері шамадан артпаса, онда сүйектің өсу қарқыны артады. Кейбір ғылыми зерттеулерге қара-ғанда жүгіру, секіру, лақтыру, ауыр жүк кетеру, бокс, аяқдоп, теннис, қылыштасу жөне коньки тебу секілді спорт түрлерімен шүғылданып жүрген жас өспірім спортшылардың өсу қар-қыны немесе сүйек жүйесінің қалып-тасу мерзімі бүзылмағаны дөлелденсе, кейбір ғылыми зерттеулер, әсіресе өнеркәсіп училищесінде оқып жүрген оқушылардың әсуі оқу мерзімінде тоқталып, кешіккенін дөлелдейді. Бұл спорттан ба, өлде басқа тұрмыстық жағдайдан ба — ол жағы келешекте анықталар, солай болғанмен де сырт-қы жөне ішкі орта ағзаға, оның ішінде сүйек жүйесіне қатты әсер ететіні анық. Сүйек жүйесін ағза дөрежесінде қарайтын болсақ, ондағы бейімделу өзгерісі өте жағымды, үдемелі жөне жұмыстың артуы бойынша жүреді. Рентгендік зерттеулердің қорытындыларына қарағанда спортпен шұғылданған жас өспірім де сүйек жүйесінін бейімделу өзгерістері жаттығу басталған күннен есептегенде 6—7 айда, ал орта жөне ересек жастарда — 1—1,5 жылда басталады. Жалпы бейімделу өзгерістері барлық сүйектерде, ал арнайы өзгерістер спорттың түріне қарай, мүшелердің қайсысына күштің көбірек түсуіне орай сол жерде қалыптаса бастайды. М. Г. Привес және К. И. Машкара (1961) тәрізді ғалымдардың ғылыми еңбектеріне қарағаңца спорттық жаттығу, яғни күштің денеге түсуі тоқталса, жоғарыда айтылған өзгерістер, әсіресе мүшелердің жүмысқа қабілеттігінің дамуы керісінше дами бастайды.