Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД анат спортморф послед.doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
41 Мб
Скачать
☆
  1. Тәжірибелік жұмыстарды орындаудың әдістемелік нұсқауы

1- тәжірибелік сабақ

Тақырыбы: Бас, дене, аяқ-қол сүйектері. Сүйектің байланысуы

Сұрақтар:

1. Бас қаңқасын құрайтын сүйектердің пішіні, құрылысы және байланысуы

2.Самай-төменгі жақ буындарына және беттің сыртқы жағындағы буын қуыстарына анатомиялық сипаттама.

3. Ми сауытын құрайтын сүйектерді атай отырып,олардың байланысу ерекшелігін анықтау, салыстыру.

4. Бет сүйегіндегі астыңғы жақ сүйегінің қозғалмалы байланысуы, тіл асты сүйегіне бекуі.

5. Жақ сүйектеріне бекитін тістердің құрылысы мен орналасу тәртібі.

6. Иық белдеуін құрайтын сүйектердің құрылысы және байланысу ерекшелігі

7. Иық белдеуінің иық алды, шынтақ, шыбық сүйектерінің құрылысы мен байланысу түрлері

8. Жамбас белдеуінің сүйектері: жамбас, сан, сирақ, тізе буындары мен табан сүйектерінің анатомиялық құрылысы мен қозғалу түрлері.

9. Түтік тәрізді сүйектердің проксимальды және дистальды эпифиздерін анықтап көрсете білу.

Әдістемелік нұсқау. Жалпы бас қаңқасының және бас қаңқасының жеке сүйектерінің, бет сүйектерінің құрылымдық ерекшеліктері мен орналасуын оқып үйрену.

Бас сүйегінде кездесетін ойыстарды түзетін сүйектерді, негізгі саңылауларды тауып көрсете білу.

Бас қаңқасынан самай, таңдай, көз жас, мұрын қуыс, жас баладағы еңбек сүйектерін ажырата білу.

Суреттен иық белдеуін тауып, оның құылысын оқып үйрену. Жауырын сүйегінің қабырғалық және дорзальды бөлігін, осьін, иықтық немес акромионды, бұғана сүйегінен денесін, көкіректік, буынмен жалғасқан иықтық бөлімдерін анықтап көрсете білу.

1-сурет. Адам қаңқасы мен бас сүйегінің құрылысы

Иықтың қозғалмалы сүйектерінен: түтік тәрізді сүйектердің денесі-диафиз, проксимальды және дистальды эпифиздерін анықтау.

Иық сүйектерінің проксимальды эпифизинен суреттен иық белдеуін тауып, оның құрылысын оқып үйрену. Иық сүйектерінің проксимальды эпифизинен жауырынның басын, анамиялық мойнынын, хирургиялық мойнынын, үлкен және кіші төмпешіктер мен төмпешік аралық ойықтарды ажырату.

Алақанның шыбық сүйектерінен проксимальды (жартыай, үш қырлы, бұршақтәрізді) және дистальды (трапеция, трапеция тәрізді, басты, қармақтәрізді), саусақ сүйектерінен проксимальды, дистальды, орта саусақтарды, әрбір саусақтардың денесін, басын, негізін зерттей отырып, сипаттама беру.

Анатомиялық препараттардан буындардың құрылысы мен олардың белдеуде байланысу түрлерін оқып үйрену.

Жамбас белдеуін құрайтын негізгі сүйек жамбастан шот, шонданай, қасаға сүйектерін ажырата білу. Жамбас ойығына келіп бекитін ортан жілік және асық жіліктің проксимальды және дистальды бөлігін анық көрсете білу.

Табан сүйектерінен өкше, табан, кубтәрізді және аралық латериальды, бақай суйектерін рет ретімен таныстыру.

Рентгеннограммадан буындардың пішіні, буын капсулаларының құрылымы, байланысу ерекшеліктерін оқып үйрену.

Жамбас белдуі буындарының қарапайы қозғалысы мен осы қозғалыстағы айналу осьін анықтап уйрену.

2-сурет. Буын капсулаларының құрылымы

2- тәжірибелік сабақ

Тақырыбы: Қаңқа бұлшықеттері. Бас және тұлғаның бұлшық еттері. Қолдың және аяқтың бұлшық еттері

Сұрақтар:

1. Бұлшық еттің микроскопиялық құрылысы. Бұлшық еттің қосалқы аппараттары мен олардың функциялық мәні. Бұлшық еттер классификациясы.

2. Бас және мойын бұлшықеттерінің құрылысы

3. Арқа бұлшық еттерінің құрылысы

4. Құрсақ бұлшық еттерінің құрылымдық ерекшелігі.

5. Диафрагманың (көк ет) құрылысы мен функциясы. Тыныс алу процесіне қатысуы.

Әдістемелік нұсқау. Муляждар мен кестелерден бастың бұлшық еттерін, сақина тәрізді бұлшықеттерді (көздің сақина бұлшық еттері, ауыз қуысының сақиналы бұлшық еттері) қарап танысу.

Шайнау бұлшық еттерін, төменгі жақ пен доңес бет сүйегінің аралық бұрышында орналасқан, жоғарғы жақ пен қанатты сүйектер арасында орналасқан самай сүйектерінің бұлшық еттерін табу.

Мойын бұлшық еттерін оқып үйрену кезінде қабаттарда орналасу ерекшеліктеріне мән беру. Планшеттен мойынның латериальды беткі жағында орналасқан теріасты бұлшық етін, оның жоғарғы жағындағы кеуде-бұғана бұлшық еттерін анықтау. Атлантты қарақұс сүйегінің бұлшық еттерінің вертикальды қозғалысына анализ жасау.

Плакаттан кеуденің латериальды беткі қабатында бекитін үлкен және кіші кеуде сүйектері мен алдыңғы тісті бұлшықеттердің топографиясын оқып танысу.

Қабырға аралық бұлшық еттердің орналасу бағыты мен олардың тыныс алу кезіндегі рөлін анықтау.

Планшеттен құрсақ бұлшықетінің қабаттарын зерттеу. Бұл кезде бұлшық еттердің бағытталуы мен жатыр бұлшықетіне қатысатын құрсақтың тегіс бұлшықеттерінде апоневроздардың түзілуіне көңіл бөлу. Иілу және жазылу бұлшық еттерінің функциясына тоқталу.

Кестеден немес макеттен жамбас белдеуін бүгіп, жазатын бұлшық еттерді ажыратып, проксимальды және дистальды тіректерді бұлшықеттерінің қызметін анықтау.

Жамбастың артқы бөлімінде орналаса отырып, жамбас белдеуін қозғалысқа келтіретін жамбастың үлкен бұлшық еті, жартылайжарғақты және жартылай сіңірленген, екі басты жамбас бұлшық еті, тізе қақпақшасының артқы жағында орналасқан бұлшық еттерді анықтап, олардың қызметіне сипаттама беру.

Сирақты иілуін жүзеге асыратын санның төртбасты бұлшық еті. Ал табан сүйектерін иілтіп қозғалысқа келтіретін сирақ табан буынының көлденең жолақты бұлшық еттерін кестеден көрсетіп, бүгілу, жазылу механизміне толық тоқталу.

3-сурет. Бұлшықеттердің пішіндері:

А — ұршык тәрізді бүлшыкет, Б — жартылай қауырсын тәрізді бүлшықет, В — толык кауырсын тәрізді бүлшыкет, Г — екі басты бүлшыкет, Д — жалпак бүлшықет, Е — қос қарынды бүлшықет, 1, 4 — бүлшықеттің сіңірі (іеікіо); 2 — бүлшықеттің басы (сариі); 3 — бүлшықеттің қарыны (уепіег); 5 — бүлшықеттің қүйрығы (саисіа); Ж — дельта тәрізді бүлшыкет; 3 — ромба тәрізді бүлшыкет; И— санның шаршы бүлшықеті; К — трапеңия тәрізді бүлшықет; Л — алдыңғы тісті бүлшыкет; М — камбала тәрізді бүлшықет; Н — алмүрт тәрізді бүлшықет; О — күрт тәрізді бүлшықеттер; П— көздің шеңберлі бүлшықеті; Р — пирамидалы бүлшықет; С — үлкен шеңберлі бүлшықет; Т — үш бүрышты езуді төмен тартатын бүлшықет.

4-сурет. Арқаның батыңқы (тереңдігі) және құрсақ бұлшықеттері

INCLUDEPICTURE "C:\\DOCUME~1\\Admin\\LOCALS~1\\Temp\\FineReader10\\media\\image1.jpeg" \* MERGEFORMATINET

5-сурет. Мойын және қол бұлшықеттері

3- тәжірибелік сабақ

Тақырыбы: Ішкі мүшелер: Ас қорыту жүйесі, тыныс алу аппараты, зәр шығару мүшелері.

Сұрақтар:

1. Ас қорыту жүйесі мүшелерінің құрылысы

2. Тыныс алу мүшелері

3. Зәр шығару жүйесінің құрылысы мен функциясы

Әдістемелік нұсқау. Жеке ішкі мүшелерді оқып уйрену барысында олардың орналасу ерекшелігіне үлкен мән берілуі керек.

Ас қорыту жүйесін танып білу ауыз қуысынан, яғни ауыздың кіре берісінен, ауыз қуысының қабырғаларынан және ауыздың ішінде орналасқан мүшелерінен: тіл, оның ұшы, денесі, түбірін, тіл түбінде орналасқан бадамша бездерді ажырата білуден басталады.

Тістер: тіс коронкасынан, мойнынан, түбіріне тұрады. Тістің формуласын білу қажет.

Бездер: құлақмаңы, төменгі жақасты, тіласты бездер деп бөлінеді. Жұтқыншақ үш бөліктен: бұрын, ауыз, жұтқыншақ және жеті саңылаудан: хоаны, есту түтігінің саңылауы, жұтқыншаққа және асқазанға кіре берістен тұрады.

Асқазан. Алдымен асқазанның орналасу ерекшелігі мен құрсақтың алдыңғы қабырғасының проекциясын танып білу қажет.

6-сурет. Ауыз, жүтқыншак, көмекей және мұрын қуыстары

7-сурет. Аскорыту жүйесі

Тік ішек он екі елі ішектен және тік ішектен құралады. Он екі елі ішек омыртқа жотаына жақын оралып жатса, тік ішектің иірімдері қарынның үстіңгі жағында орналасады. Тік ішектің құрылысын анықтау барысында тік ішекте астық қорытылу ерекшелігі мен тамақтың сіңірілу механизмін міндетті ажырата білу қажет.

Тоқ ішек: соқыр ішектен, көлденең, сигматәрізді сақиналы және тік ішектен тұрады. Олардың орналасу ерекшеліктеріне көңіл аудару.

Бауыр. Бауырдың беткі қабаты мен бөліктері: оң, сол, квадратты және артқы. Бауырдың жеке бөліктерінің құрылысымен танысу.

Ұйқы безі. Оның басын, денесін, артқы бөліктерін анықтап көрсету.

Құрсақ. Құрсақ қуысының сірлі қабығы екі жапырақшаға ие: париетальды қабырғаға таяу жатқан бөлігі, мүшелерді көмкеріп тұратын ішкі висцералды жапырақшадан тұрады.

8-сурет. Тоқ ішек және тік ішек

Тыныс алу жүйесі. Бұл жұйеге тыныс алу жолдары: мұрын қуысы, жұтқыншақ, кеңірдек, трахея, бронхылар және ағза мен қоршаған орта арасында газ алмасуды реттейтін мүше өкпе жатқызылады.

9-сурет. Тыныс алу жүйесі

Шеміршекті кеңірдектің үш жұп үш жұп емес шеміршектерінің құрылысына, бронхылардың орналасуына, окпенің құрылымдық бірлігі ацинустардың құрылысына ерекше зер салып қарау.

10-сурет. Зәр шығару жүйесі

Зәр шығару мүшесі. Бүйректің топографиясына, нефронның құрылымдық бірлігіне, бүйректе қанның жинақталып, таралуын оқып үйрену.

4- тәжірибелік сабақ

Тақырыбы: Жүрек-қан тамырлар жүйесі: жүрек, артерия, веноздық жүйе, лимфалық жүйе

Сұрақтар:

1. Тамырлардың жалпы сипаттамасы

2. Қан тамырлар қабырғасының құрылысы

3. Жүректің құрылысы мен қызметі

4. Жүректің өткізгіш жүйесі

5.Улкен қан айналым тамырлары

6. Кіші қан айналым тамырлары

Әдістемелік нұсқау. Артерия, вена, каппилияр қан тамырларына анықтама беру. Қантамырлары мен лимфа түтіктерінің қабырғаларының құрылысын қарап, танысу.

Содан соң жүрктің қрылысына көшу. Оң жақ жүрекке келетін жоғарғы және төменгі веналармен жақсы таныс болу: оң жақ қарынша мен оң жақ жүрекшенің арасыда 3 айырықша клапан болады, оң жақ жүрекшеден өкпе артеряисы шықса, сол жақ жүрекшеден 4 өкпе артериясы ашылады. Сол жақ қарынша мен сол жақ жүрекше арасында 2 айырықша клапан ашылады. Сол жақ қарыншадан басталған аортадан үлкен қан айналым шеңбері басталады. Жүректің қабырғасы 3 қабаттан тұрады: сірлі эпикард, бұлшықетті миокард (жүрекше екі қабаттан: циркулярлы және көлденең, қарынша 3 қабаттан: сыртқы, және ішкі көлденең, ортаңғы циркулярлы); эндокард.

Қолқа артериясы (аорта) және оның тармақтары. Өкпе бағандары және оның тарамдары.

5- тәжірибелік сабақ

Тақырыбы: Ішкі секреция мүшелері

Сұрақтар:

1.Эндокринді жүйенің жалпы сипаттамасы

2. Қалқанша безінің құрылысы, орналасуы, қызметі

3. Айырықша бездің құрылысы, орналасуы, қызметі

4.Гипоталамо-гипофизарлы жүйенің құрылысы, орналасуы, қызметі

5. Бүйрекүсті безінің құрылысы, орналасуы, қызметі

6. Қарынасты безінің құрылысы, орналасуы, қызметі

7. Жыныс бездерінің құрылысы, орналасуы, қызметі

Әдістемелік нұсқау. Қалқанша безі.

Бездің орналасуы мен массасын анықтаңыздар. Без екі бөлікті қамтиды: оң жақ және сол жақ бездер. Олардың арасында пирамидалы бөлік

Шығыңқы орналасқан. Трахеяға, кеңірдекке жақын орналасады. Қалқанша безі фолликулалар мен тироцит клеткаларынан тұрады. Бездрдің сырты днекер ұлпасымен көмкерілген. Қалқанша безінен қандай гормон бөлінетінін анықтап, гипофункция кезінде организмде болатын өзгерістерді анықтаңдар.

Қалқанша маңы безі. Бездің орналасу ерекшелігіне улкен мән бере отырып, одан бөлінетін ұлпалардан сүйек және жүйке, бұлшықет ұлпаларына тигізетін әсерін анықтаңыздар.

Гипталамо-гипофизарлық жүйе. Орналасуы, құрылысы, гормондарының адам ағзасын тигізетін әсері.

Бүйрекүсті безі. Бездің пішіні мен орналасуы. Бүйрекүсті безінің қабық заты үш аймақтан құралады: беткі (ұсақ аденокартикоциттерден құралып, минералды картикоидтарды жасап шығаратын түйнектер бүйректің қызметін реттеп отырады), ортаңғы (глюкокортикоидты және кортикостреоидты түзуші шоқтар организмдегі ақуыз бен көмірсуларды реттей отырып, қабынуға қарсы әсер етеді), терең қабаты (борпылдақ тор түзей отырып, андроген, эстроген, прогестерон жыныс бездерін түзеді). Бүйрекүсті безінің милы ақ заты ірі түйіршікті клеткалардан құрала отырып, алреналинді және норадреналинді жасап шығарады.

Ұйқы безі. Лангерганс аралшығының құрылысымен таныса отырып, ұйқы безінен бөлінетін гормондардың адам организмндегі зат алмасу процесіндегі рөлін анықтау.

Жыныс бездері. Бездердің орналасу ерекшелігі мен құрылысын анықтаңдар. Аталық жыныс безі-тірек қимыл аппаратына, екінші реттік жыныс белгілеріне, сыртқы жыныс мүшелерін дамуын қалыптастыратын андроген (тестостерон) гормонын жасап шығаратын интестициалды эндокриноцитті клеткадан тұратын жұмырқа клеткасы.

Аналық жыныс безі-сыртқы жыныс мүшелерін қалыптастыратын және тірек қимыл жүйесіне, екінші реттік жыныс белгілерін дамытатын эстроген гормонын түзетін фолликулярлы клеткадан және жатырдыңшырышты қабатына , ұрықтың өсуі мен дамуына, плацентаның дамуына, сүт бедерінің жетілуіне әсер ететін прогеростерон гормонын жасаушы лютеоцит клеткасынан тұрады.

6- тәжірибелік сабақ

Тақырыбы: Жүйке жүйесінің құрылысы мен функциясы. Ми және жұлын. Шеткі жүйке жүйесі

Сұрақтар:

1. Нерв клеткасының құрылысы

2. Жүйке ұлпасының құрылысы

3. Жүйке жүйесінің классификациясы

4. Жұлынның құрылысы мен функциясы

5. Мидың бөлімдері мен құрылысы, қызметі

6. Жұлыннан шығатын нерв талшықтары, олардың иннервациялық орталықтары

7. Мидың нерв талшықтары, олардың құрылысы.

Әдістемелік нұсқау. Жүйке жүйесі нейрон деп аталатын нерв клеткаларынан тұрады.

Нерв клеткалары қысқа өсінділер-саны бір немесе бірнеше болатын дендриттерден, бір ғана ұзын өсінді аксоннан тұрады. Нерв клеткаларына тән қасиет: нерв ұштары мен синапстардың болуы. Дендриттердің ұшындағы тармақтар рецепторлар, сезімтал және қимылдатқыш талшықтар, аксондар жұмыс клеткаларында аяқталатын эффекторлар. Синапс дегеніміз екі нейронның бір бірімен байланысқан жері. Қозудың ағзада берілуі арнайы медиаторлар, яғни ацетилхолин және норадреналин арқылы жүзеге асады.

20-сурет. Жұлынның орналасуы мен құрылысы

Жүйке жүйесінің негізіг қызметін оқып үйрену кезінде рефлекстік доғаға үлкен мән берілуі қажет. Рефлекс дегеніміз организмнің ішкі және сыртқытітіргендіргіштеріне орталық жүйке жүйесі арқылы жауап қайтару реакциясы. Рефлекс былай жүзеге асады:

1. Рецептор-қозуды қабылдап, нерв импульстарына өткізуші

2. Сезгіш (афферентті) нерв талшықтары

3. Орталық жүйке жүйесі

4. Қимылдатқыш (эфференттік) нерв талшықтары

5. Эффетор (жұмыс мүшесі).

Жұлынды оқып үйрену барысында оның орналасуы мен омыртқа жотасының проекциясын (І мойын омыртқасынан І-ІІ бел омыртқасына дейін) анықтап алу қажет. Жұлынның ішікі және сыртқы құрылысын қарап байқау. Жұлынның сегменттерін анықтау. Жұлынның сегменттері оның сұр заттары болып табылады: 4 жұлын тамыршасынан, 2 жұлын түйінінен, екі жұлын нервтерінен тұрады. Жұлынның сұр заты. Алдыңғы өсінді, аралық заттан, артқы өсіндіден құралады.

Ми. Бас миының сыртқы қабықшасы алынып тасталған арнайы препараттан мидың бөліктерін анық байқауға болады: жұлынның жалғасы сопақша ми, сопақша мидың жоғағы жағында орналасқан көпірше, сопақша мидың артқы жағына қарай созыла орналасқан мишық, аралық мидың төмпешігінде орналасқан гипоталамус, ар жағында орталық мидың жоғарғы төмпешігінде эпифиз орналасқан метаталамус анық байқалады.

Жұлынның алдыңғы бөлігінен мойын, иық, бел, сегізкөз және құйымшақ нерв талшықтары шығып бүкіл денеге тарайды.

Шеттен орталыққа қарай тебетін сезімтал нерв талшықтары мен орталықтан тебетін қимылдатқыш нерв талшықтарын тауып анықтау.

Муляждан немесе кестеден нерв талшықтарының мидан шыққан жерін байқай отырып, олардың бағытын анықтау.

7- тәжірибелік сабақ

Тақырыбы: Анализаторлар. Көз, құлақ сезім мүшелері

Сұрақтар:

1. Көру мүшесі көздің құрылысы, функциясы

2. Есту және тепе теңдік мүшесінің құрылысы, функциясы

Әдістемелік нұсқау. Көз алмасының құрылысымен танысу. Көз алмасы шар тәрізді көз шара сүйегінде орналасқан. Ол алдыңғы және артқы және оптикалық оське ие. Сыртқы қоршаған ортаның механикалық кедергілерінен сақтайтын арнайы қабатпен қапталған. Көз алмасы үш қабаттан тұрады: сыртқы фиброзды, ортаңғы қантамырлы, ішкі сезімтал қабаттан.

Көз алмасының алдыңғы және артқы камерасы ылғалмен толтырылған хрусталик және шынытәрізді дене деп аталады. Көз алмасының қосымша мүшелеріне:

21-сурет. Көз алмасы

Көз бұлшықеті төрт тегіс бұлшықеттен: жоғарғы, төменгі, медиальды, латериальды, екі көлденең жолақты: жоғарғы және төменгі, ослардың арқасында көз үш бағытта қозғалысқа келе алады.

Көз жас безі, олардың жолы латериальды жоғарғы бұрышта орналаса отырып, көз алмасын ылғалдандырып тұратын сұйықтық бөледі.

Қабақ: жоғарғы және төменгі, қорғаныстық қызмет атқарады.

Конъюктива қабақтың жоғарғы ішкі шырышты қабаты.

Кірпіктер.

Жарық сәулесі көздің торлы қабатына түсіп ганглиозды клетканың өсіндісі миға баратын көру нервісін жасайдыда, түрк ерінде жарық шағылысып улкен ми сыңарларындаы көру төмпешігіне тасымалданады.

Есту мүшесінің құрылысымен танысу. Құлақ үш бөлімнен тұрады: сыртқы, ортаңғы, ішкі. Сыртқы құлақ құлақ қалқанын, ішкі есту түтігін, жарғақты түзсе, ортаңғы құлақ: жарғақ кеңістігін, есту сүйектерін: балға, төс, үзеңгі, евстахиев түтігін құрайды.

Ішкі құлақ: тепе теңдікті сақтайтын мүше лабиринт, сүйекті, ішкі жарғақты құрайды. Сүйекті лабиринт орталыққа кіреберістен, үш жартылай спиральданған канал, иірімдерден тұрады. Бұлардын арасы перилимфа сұйықтығымен толтырылған және өзара байланыстырушы түтіктен геликотремедан, түкті клеткалардан тұрады.

А. Б.

В. С.

22-сурет. Талдағыштар.

А. Тіл; Б. Көз шарасы; В. Құлақ; С. Көз алмасы

8- тәжірибелік сабақ

Тақырыбы: Антропометрия

Сұрақтар:

1. Антропометриялық нүктелерді, антропометриялық инструменттерді оқып үйрену

2. Еденнен санағандағы антропометриялық нүктелердің биіктігін анықтау

3. Антропометриялық өлшеу техникасы

4. Дененің әрбір сегменттерінің көлденең өлшем бірліктерін анықтау

5.Антропометриялық инструменттер құрылғысы

Керекті құрал-жабдықтар: ростомер, медициналық таразы, антропометр, калипер, сантиметрлік таспа, динамометр,

Әдістемелік нұсқау. Адамның сомаметрикалық сипаттамасын анықтау үшін антроскопия (жазба әдісі), антропометрия (өлшеу әдісі) қолданылады.

Бұл әдістерге:

Соматометрия-тірі адамныңденесін өлшеу;

Краниометрия-бас қаңқасын өлшеу;

Остеометрия-қаңқа сүйектерін өлшеу.

Өлшеу жұмыстарын жүргізгенде нақты дұрыс есептейтін инструменттер қолданылады. Антропометрия инструменттерін қолданған кезде стандарттау талабы мен инструкциясына сүйену қажет. Адам денесін өлшеу кезінде мынадай талаптарды сақтаған жөн:

  1. Денені түске дейін өлшеу қажет. Себебі түстен кейін адамның бойы аздап шөгеді.

  2. Денені өлшейтін бөлігі жалаңаш болуы шарт, жалаң аяқ немесе носкимен тұруы керек.

  3. Зерттеуге алынған обьект белгілі бір жағдайда, яғни денесі, өкшелері қосылған, аяқтару түзу, іш құрсағы тартылып, қолдары денесінің жанында бос күйде ұсталынған, саусақтары тіктелген жағдайда болуы қажет.

  4. Денені өлшеу кезінде бір көрсеткішті 2-3рет қайталап өлшегенде олардың бір бірінен айырмашылығы 2-3ммден аспауы қажет.

  5. Тексерілетін адамның қандай көрсеткіштерінің өлшемін алу қажеттігін күні бұрын ойластыру арқылы көрсеткіш анықтамасы жасалады.

Денені өлшеген кезде дене ыңғайына арналған аспаптар қолданған жөн. Ол үшін мынадай аспаптар қолданылады:

  1. Темірден жасалған Мартиннің жылжымалы өлшеуіші (антропометр Мартина)

  2. Ағаштан жасалған бой өлшеуіш

  3. Жуандық өлшейтін үлкен және кіші өлшеуіш

  4. Темірден жасалған жылжымалы циркуль

  5. Темірден, металдан немесе резинадан жасалған ұзындығы 1,5-2миллиметрлік таспа

  6. 50 грамдық медициналық таразы

  7. Семіздік өлшеуіш (калипер)

  8. Күш өлшегіш (динамометр)

  9. Бын өлшегіш (гониметр)

  10. Табан өлшегіш (стопомеры)

23-сурет. Мартиннің жылжымалы дене өлшеуіші

24-сурет Жуандық өлшеуіштер (циркульдер)

25-сурет. Күш өлшеуші (динамометр)

Спорттағы дене өлшемдерін талдағанда оларды үш топқа: бойы, көлденеңі және аумағы деп бөледі. Дене өлшемдердің тексерілетін адамдарда бірдей болу үшін арнайы дене өлшем нүктелері белгіленеді:

  1. Тас төбе-адам денесін тік ұстап, алға қараған кезде көз шарасы мен құлақ бір деңгейде болғандағы төбенің ең жоғарғы нүктесі.

  2. Төс басы-төс сүйектің алқа тәрізді бөлігіндегі мойындырық ойғының терең ортасы

  3. Төс етегі-төс сүйектің семсер тәрізді өсіндісіндегі төс денесіне жалғасқан жерінің ортасы

  4. Топшалық-жауырын топшыс өсіндісінің төменгі жиегі

  5. Шыбықтық-шыбық сүйектің ең жоғарғы басындағы сыртқы-алдыңғы беті

  6. Қоспалық-шыбық сүйектің төменгі басындағы біз өсіндісінің тұсы

  7. Саусақтық-алақан-саусақ буыны

  8. Ортан саусақ ұшы-ортан саусақтағы тырнақ бақашағының тырнақ асты жұмсақ бетінің төменгі ұшы

  9. Мықынның жоғарғы алдыңғы мүйісі-мықын сүйектің алдыңғы шығыңқы мүйісі

  10. Қасаға-шаттағы екі сүйектің қоспасы

  11. Мықын-қалқан қыры-мықын сүйектің оң және сол жағына сфртқа қарай шығыңқы қыр нүктесі

  12. Жіліншіктің жоғарғы басының ішкі жағы-тізе буынының ортаңғы бетіндегі байлам тұсы

  13. Жіліншіктің төменгі басының ішкі жағы-тілерсек буынының ортаңғы беті, оның тобық басының асты

  14. Өкше-өкшенің ең артқы нүктесі

  15. Аяқ ұшы-1,2,3 тырнақ башпайының жұмсақ бастары.

Денедегі өлшеу нүктелерін жоғарыдан төмен қарай өлшейді.

26-сурет. Дене өлшем нүктелері