Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2014-2015 оқу жылына әдістемелік жұмыс 1сем.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
243 Кб
Скачать
☆

Сабақ 19

Грамматикалық тақырыбы: Көсемше. Көсемшенің сөйлемдегі қызметі. Көсемшенің формалары. Өткен шақ көсемше.

Лексика: «Қазақстанның ұлттық байлығы».

Мақсаты: Оқуға, жазуға, ауыз екі сөйлеуге қалыптастыру. Лексикалық минимум мен грамматикалық тақырыпты меңгеру.

Жұмыс жоспары:

1.Грамматикалық мағынаны енгізу.

2.Жаңа сөздерді меңгеру.

3.Өтілген материалды бекіту.

4.Соған байланысты тапсырма, жаттығулар орындату.

Қазақстанның ұлттық байлығы.

Ұлттық байлық дегеніміз – елдің экономикалық күш – қуатының еңмаңызды көрсеткіштерінің бірі.Экономикалық әдебиеттердің Ұлттық байлық деп еңбекпен жасалынатын, өндіріспен тұтыну үшін пайдалатын материалдық игіліктердің қорын айтады.Кейбір экономистер Ұлттық байлыққа табиғи ресурстарды да қосады.Кейбіреулері ұлттық байлық ұғымы ғылыми білім мөлшерін, халықтың мәдени дәрежесін тағы да басқаларды қамтуды тиіс деп санайды.

Ұлттық байлық негізінен мына саларадан тұрады:

1.Қазақстан аймағында және сырт жердердегі ғасырлар бойы ата – бабаларының қалдырған жер асты байлығы.

2.Табиғатымыздың жер асты байлығы.

3.Әдеби, мәдени тарихи мұраларымыз – халықтың, мәдениеттің өсіп өркендеуін, байлығын көрсететін ұлттық игілігіміздің күре тамыры. Қазақстан – көп ұлтты егеменді мемлекет. Халқының саны 15 миллионнан асады. Археологтардың айтуы бойынша Қазақстан жерін алғашқы адамдар бұдан 300 мың жыл бұрын мекендеген Қазіргі Қазақстанның 19 облысында 126 ұлттың өкілдері тұрады.

Қазақстан-батысында Каспий ойпаты,шығысында Алтай тауларына дейін үш мың шақырымға, солтүстігінде Батыс Сібір, оңтүстігінде Тянь-Шань шындарына дейін бір мың бес жүз шақырымға созылып жатыр.

Жер көлемі 2,7 миллион шаршы шақырымнан асады.

Республика жерінің үлкендегі соншалық - оның оңтүстігі мен солтүстігі , батысы мен шығысындағы табиғат бір-біріне ұқсамайды. Оңтүстігінде жемістер гүлдеп,жер бетін жпқанда, солтүстігінде әлі қар жатады.

Республиканың оңтүстік аудандарында күріш, қант қызылшасы, мақта,жүзім,алма,қарбыз,қауын,әр түрлі дәрілік шөптер мен толып жатқан өсімдіктер өсіріледі. Бұл аймақта жаңбыр өте аз жауады, жазы ыстық және құрғақ болады. Оның үстіне бұлардың барлығы да суды өте көп қажет етеді. Іле, Шу, Сырдария өзендерінің мол суы – бұл аймақтың байлығы.

Республиканың солтүстігінде астық пен көкөністер жақсы өседі. Бұл өсімдіктерге су онша көп қажет емес. Мұнда күн ыстық емес, жаңбыр да жиі жауып тұрады.

Қазақстан жері пайдалы кендерге өте бай, жер шарында кездесетін кен байлықтарының бәрі бар. Олар: темір рудасы, түсті және асыл металдар ( мыс , қорғасын, қалайы, күміс, алтын және басқалары) , көмір, мұнай, фосфориттер. Осыларды игеру барысында жаңа қалалар пайда болды. Олар: Арқалық , Балқаш ,Жезқазған, Қарағанды, Қаратау, Теміртау, Ақтау, т.б.

Қазақтар бұрын көшпенді ел болып, мал шаруашылығымен айналысты. Бүгінгі Қазақстан ауыр индустриясы мен ауыл шаруашылығы дамыған, жоғары мәдениетті де білімді елге айналды.

Сөздік

Асу- превосходить Табиғат-природа

Мекендеу-поселиться Ұқсау-быть похожим

Өкіл-представитель Астық-зерно

Батыс-запад Өсімдік-растение

Ойпат-низменность Пайдалы кендер-полезные ископаемые

Шығыс-восток Мыс- медь Пайда болу-появиться

Шың-вершина Айналу-превратиться

Созылып жатыр-простирается,тянется Даму-развиваться

Жер көлемі-площадь Қорғасын-свинец

Тапсырма.

1. Сөздіктерге сөйлем құрастырыңыз..

2.Мәтінен Септiк жалғаулары бар сөздерді табыңыз

3.Мазмұнын айту .

Грамматикалық материал:

Негізгі қимыл, амалды білдіретін немесе оны айқындай түсіп, қосымша қимыл, амалды білдіру қызметінде жұмсалатын етістіктің түрі көсемше деп аталады. 

Көсемшенің жұрнақтары: 

Шарт: -майынша,- мейінше

Мезгіл: -ғанша, -генше, -қанша,-кенше

Өткен шақ: -ып, -іп, -п

Осы шақ: -а, -е, -й

Мақсатты келер шақ: -ғалы, -гелі, -қалы, -келі

Көсемше екі түрлі мәнде, екі түрлі қызметте қолданылады:

1) күрделі етістіктің құрамында келіп, негізгі іс-ірекетті білдіреді.

2) қимыл - әрекеттің әр түрлі сипатын, амал - тәсілін, себеп - мақсатын білдіреді. Мысалы: Тапсырманы орындап болды. Орындап болды - күрделі етістік; орындап - негізгі іс -әрекет; болды - көмекші мәндегі етістік.

Көсемше үш түрлі жолмен жасалады:

1) -а, -е, -й жұрнатары арқылы ауыспалы осы шақ көсемше жасалады.

Мысалы: Боран соғады, мал төлдейді, ит үреді;

2) -ып, -іп, -п жұрнақтары арқылы өткен шақ көсемше жасалады.

Мысалы: Сырпайы сызып айтады, шорқақ үзіп айтады. Көсемшелер: сызып, үзіп, айтады.

3) -ғалы, -гелі, - қалы, - келі жұрнақтары келер шақ көсемше жасайды.

Мысалы: айтқалы отыр, кеткелі жатыр, оқығалы жүр, келгелі отыр.

Көсемше тұлғасына көптік, септік, тәуелдік жалғаулар жалғанбайды, яғни көсемше көптелмейді, септелмейді, тәуелденбейді. Тек -а, -е, -й және -ып, -іп, -п тұлғалы көсемшелер ғана жіктеледі, ал -ғала, -гелі, -қалы, -келі тұлғалы көсемшелер жіктелмейді.

Көсемшенің жіктелуі:

 

I

II

 

 

 

III

 

айт-а-мын,-мыз

айт-а-сың,

-айт-а-сыңдар

айт-а-сыз,

айт-а-сыздар

айт-а-ды

 

бере-мін,-міз

бер-е-сің,

бер-е-сіңдер

бер-е-сіз,

бер-е-сіздер

бер-е-ді

 

айт-ып-пын,-пыз

айт-ып-сың,

айт-ып-сыңдар

айт-ып-сыз,

айт-ып-сыздар

айт-ып-ты

 

бер-іп-пін,

бер-іп-піз

бер-іп-сің,

бер-іп-сіңдер

бер-іп-сіз

бер-іп-сіздер

бер-іп-ті

Көсемшенің сөйлемдегі қызметі

1.Күрделі етістіктің құрамында жіктеліп келген жағдайда көсемше баяндауыш қызметін атқарады. Мысалы: Біз ақырын әңгімелесіп келеміз. (не істеп келеміз?)

2. Іс- әрекеттің амалын, мақсатын, т.б. білдіріп пысықтауыш қызметін атқырыды.

Мысалы: Марат үйге келіп, сабақ оқуға кірісті.

Деепричастия в казахском языке встречаются настолько часто, что даже простые детские рассказы без них не обходятся. Можно долго изучать все нюансы употребления деепричастий, но я, как всегда, предлагаю своё простое изложение, выбрав самое главное. Есть три вида деепричастий, которые образуются с помощью суффиксов:  1   -п , -ып,- iп 2  - а ,- е ,- й 3   -ғалы ,- гелi,   -қалы, - келi  1) Деепричастия, образованные с помощью суффиксов -п, -ып, -iп, показывают завершённость действия (проснувшись, изучив, сказав, подняв и т.д.)  Мен оянып, тұрдым. – Я, проснувшись, встал.      Есiк ашып, ол үйге кiрдi. – Дверь открыв, он в дом вошёл.       Деепричастия с суффиксами -п, -ып, -iп входят в состав сложных глаголов и в основном показывают завершённость одного действия перед другим, но иногда сложный глагол обретает новое значение, которое нужно выучить.  ойнап күлу – веселиться,   сүртiп шығу – вытереть,  

сатып алу – покупать       2) Деепричастия, образованные с помощью суффиксов -а, -е, -й, показывают длительность действия (просыпаясь, изучая, говоря, поднимая и т.д.)  Жұмыс iстемей, тоқ болмайсың. – Не работая, сыт не будешь.      Ол амандаса, маған қарады. – Он, здороваясь, на меня посмотрел.      Ағам сабақ дайындамай, теледидар көрiп отыр. – Мой старший брат, к урокам не готовясь, телевизор смотрит.       Деепричастия с суффиксами -а, -е, -й тоже могут входить в состав сложных глаголов, где показывают длительность происходящего или придают оттенок незначительности, неожиданности. Сложные глаголы с таким деепричастием могут обретать новое значение, которое нужно запомнить.  жаза бастау – начать писать,   жiбере салу – выпустить      айта қою – неожиданно сказать,   асыға күту – ждать с нетерпением       3) Третий вид деепричастий встречается реже, чем первые два. Деепричастия с суффиксами -ғалы, -гелi, -қалы, -келi имеют два значения – цели или времени.

Примеры: Сiз айтқалы мен ойландым. – После сказанного вами я задумался.      Мен сөлескелi келдiм. – Я поговорить пришёл.      Ол тақтаға жауап бергелi шықты. – Он к доске отвечать вышел.      

1-тапсырма. Мына етістіктерге көсемшенің –ғалы, -гелі жұрнағының бірін қосыңыз. Жазу, бару, көру, ашу, біту, келу, тебу, үйрену, жіберу, болу, жату, беру, алу, танысу, басу, көшіру, есептеу, тағу, дайындалу, егу, жазу, жабу, жуын, зерттеу, кету, тойлау, жату, көру, сөну, сезу, кіру, отыру, ұнату, қалу, үйрету, үйрену, қарау, куу, өшіру, қуану, жану, оқу, орналасу, өлшеу, сағыну, төгу, жүгірту, сөйлеу, табу.

2-тапсырма. Мына етістіктерге көсемшенің –а, -е, -й жұрнағының бірін жалғаңыз және жекеше түрде жіктеңіз.

Біту, келу, тебу, үйрену, жіберу, болу, жату, беру, алу, бару, көру, ашу, танысу, басу, көшіру, есептеу, тағу, дайындалу, егу, жазу, жабу, жуын, зерттеу, кету, тойлау, жату, көру, сөну, сезу, кіру, отыру, ұнату, қалу, үйрету, үйрену, қарау, қуу, өшіру, қуану, жану, оқу, орналасу, өлшеу, сағыну, төгу, жүгірту, сөйлеу, табу.

3-тапсырма. Мына етістіктерге - ып, -іп, -п жұрнағының бірін жалғаңыз және жекеше түрін жіктеңіз.

Қалу, үйрету, үйрену, қарау, куу, өшіру, қуану, жану, оқу, орналасу, өлшеу, сағыну, төгу, жүгірту, сөйлеу, табу, келу, тебу, үйрену, жіберу, болу, жату, беру, алу, бару, көру, ашу, танысу, басу, көшіру, есептеу, тағу, дайындалу, егу, жазу, жабу, жуын, зерттеу, кету, тойлау, жату, көру, сөну, сезу, кіру, отыру, ұнату.

4-тапсырма. Жақшадағы етістіктерді көсемшеге айналдырыңыз.

1.Шашын (тарау) айнаға қарады. 2. Нанға май (жағу) жеді. 3. Асан кітапты (ашу), оқи бастады. 4. Қонақтар ән (айту), би биледі. 5. Атам (емделу), жазылып шықты. 6. Данияр кітабын (іздеу) тапты. 7. Әрсен шешесін әуежайдан (қарсы алу), үйге әкелді. 8. Студенттер сұрақ (қою), жауап берді. 9. Бөлмеңді (жинау), бара бер. 10. Қазақ тілін (үйрену) қазақша сөйлей аламын.

5-тапсырма. «Менің отбасым» тақырыбына мәтін жазыңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]