Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2014-2015 оқу жылына әдістемелік жұмыс 1сем.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
243 Кб
Скачать
☆

Сабақ 10

Грамматикалық тақырыбы: Салт, сабақты етістік. Тұйық етістік.

Лексика: Жеке адам, топ және ұғым.

Мақсаты: Оқуға, жазуға, ауыз екі сөйлеуге қалыптастыру. Лексикалық минимум мен грамматикалық тақырыпты меңгеру.

Жұмыс жоспары:

1.Грамматикалық мағынаны енгізу.

2.Жаңа сөздерді меңгеру.

3.Өтілген материалды бекіту.

4.Соған байланысты тапсырма, жаттығулар орындату.

Жеке адам топ және ұжым

Жеке адамның әлеуметтік маңызы оның ең алдымен өзін-өзі қоғамның бір бөлігі ретінде тануы, яғни өзінің «Менін» сезіну. Бұл адамдармен тіл табыса білу, қақтығыстарға ұрынбау, қақтығысты болдырмауға әрекет алу. Адам қоғамда тұрғандықтан өзін қоршаған адамдармен ынтымақтықта өмір сүруі тиіс.

Ұжымда қызмет жасаушы әрбір азамат үлкенге құрмет көрсетіп, кішілерге ізет көрсеткені абзал. Жеке адамның меемедежұмыс жасауында, маңызды болып ұжымдағы психологиялық климат үлкен рөл атқарады.

Жеке адамның ұжыммен қарым-қатынасын жақсарту мақсатында зерттеуші-психолог ғалымдар арнайы зерттеулер жүргізуде.Дейл Корнеги: «Адамдарды өзінің көзқарасына сендіруге мүкіндік беретін 12 ережесі», «Адамдардың намысына тимей және оларға әсер етуге мүмкіндік беретін 9 ережесін» жазды.

Тапсырма:

  1. Жеке тұлғаның топ пен ұжымға қарым-қатынасы. (сұрақ-жауап)

  2. Топ пен ұжымның айырмашылығы. (дөңгелек үстел)

Грамматикалық материал:

Етістік сабақты және салт болып екіге бөлінеді.

Табыс септігінде тұрған сөзді қажет ететін етістікті сабақты етіс деп аталады. Мысалы: көр (үйді көр), бер (кітапты бер), тазала (құдықты тазала) т.б.

Табыс септігінен басқа септіктердегі сөздерді қажет ететін етістікті салт етістік деп аталады. Мысалы: қуан, аралас, емдел, ашулан т.б.

Тұйық етіс дегеніміз етістіктің есімдерге ұқсас ерекше түрі. Ол етістік түбіріне –у жұрнағы жалғану арқылы жасалады да, есімдерше тәуелденеді, көптеледі, септеледі, бірақ жіктелмейді, сөйлемдерде әр түрлі қызмет атқарады.

Неопределенная форма (тұйық етістік) - при помощи суффикса у. Мысалы: ал-у - брать, кел-у - приходить, бар-у - идти, бер-у - давать, тыңда-у - слушать.

Мысалы:

Атау септік бару

Ілік септік барудың

Барыс септік баруға

Табыс септік баруды

Жатыс септік баруда

Шығыс септік барудан

Көмектес септік барумен

Мысалы:

І жақ Менің көруім Біздің көруіміз

ІІ жақ Сенің көруің Сендердің көрулерің

Сіздің көруіңіз Сіздердің көрулерің

ІІІжақ Оның көруі Олардың көрулері

1-тапсырма. Төмендегі берлген сөйлемдермен тұйық етіс жасап талдаңдар.

Кел, қара, бір, кет, қал,жап, бол, көр, ойна, сөйле, апар, әкел, әңгімеле, жөнде, таныс, көшір, есепте, дайында, жаз, зертте, өшір, орналас, сағын.

2-тапсырма. Мына сөздерді септікке айналдырыңыз.

Оқу, үйлену, сөйлеу, дайындау, жазу, зерттеу, өшіру, орналасу, сағыну, қуану отыру.

3-тапсырма. Мына сөздерді тәуелдік жалғауының үш жағына қойып жазыңыз.

Жазу, оқу, әңгімелеу, тазалау, зерттеу, қоштасу.

4-тапсырма. Мәтінді оқып шығыңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]