- •1 Сабақ
- •Жұмыс жоспары:
- •«Сәлемдесу» (диалог)
- •Сәлемдесу және қоштасу мәдениеті
- •Сабақ 2
- •Жұмыс жоспары:
- •Қоштасудың түрлері
- •Мамандық әлемінде.
- •Сабақ 3
- •Жұмыс жоспары:
- •Сабақ 4
- •Жұмыс жоспары:
- •Анамның асыл қасиеті
- •Сабақ 5
- •Жұмыс жоспары:
- •Жыл мезгілдері
- •Жыл мезгілдері
- •Сабақ 6,7
- •Жұмыс жоспары:
- •Білім – байлығымыз.
- •Сабақ 8
- •Жұмыс жоспары:
- •Ұлы іс отаншылдықтан туады.
- •Отан туралы
- •Сабақ 9
- •Жұмыс жоспары:
- •Қоғамдағы отбасының қызметі
- •Сабақ 10
- •Жұмыс жоспары:
- •Жеке адам топ және ұжым
- •Қазақстан Республикасының ұлттық мерекелері.
- •Сабақ 11, 12
- •Жұмыс жоспары:
- •Қазақстан Республиксының рәміздері.
- •Сабақ 13
- •Жұмыс жоспары:
- •Сабақ 14
- •Жұмыс жоспары:
- •Адам және қоғам
- •Сабақ 17
- •Жұмыс жоспары:
- •Туыстық қарым – қатынас
- •Сөздік тапсырма
- •Сабақ 18
- •Жұмыс жоспары:
- •Қазақ тілі мемлекеттік тіл.
- •Сабақ 19
- •Жұмыс жоспары:
- •Қазақстанның ұлттық байлығы.
- •Сабақ 20
- •Жұмыс жоспары:
- •Сабақ 21
- •Жұмыс жоспары:
- •Экономикалық тәуелсіздік
- •Сабақ 22
- •Жұмыс жоспары:
- •Қазақ билері.
- •Қазыбек би
- •Әйтеке би
- •Сабақ 23
- •Жұмыс жоспары:
- •Қазақ батырлары
- •Қабанбай батыр
- •Бөгенбай батыр
- •Наурызбай батыр
- •Сабақ 24
- •Жұмыс жоспары:
- •Сабақ 25
- •Жұмыс жоспары:
- •Жабайы аңдар орысша- қазақша атауы
- •Сабақ 26
- •Жұмыс жоспары:
- •Қазақтың ұлы ақыны – Абай.
- •Сабақ 27
- •Жұмыс жоспары:
- •Ыбырай Алтынсарин
- •Сабақ 28
- •Жұмыс жоспары:
- •Сабақ 29
- •Жұмыс жоспары:
- •Мамандық
- •Алматы қаласы.
- •Сабақ 32
- •Жұмыс жоспары:
- •Біздің университет
- •Сабақ 33
- •Жұмыс жоспары:
- •Қазақстанның – Азия барысы
- •Сабақ 34
- •Жұмыс жоспары:
- •Сабақ 35
- •Жұмыс жоспары:
- •Сабақ 36
- •Жұмыс жоспары:
- •Дене мүшелері
- •Сөздік тапсырма
- •Жұмыс жоспары:
- •Адамның келбеті
- •Сабақ 37
- •Жұмыс жоспары:
- •Сабақ 38
- •Сабақ 39
- •Жұмыс жоспары:
- •Сабақ 40
- •Ұлттық теңге
- •Жұмыс жоспары:
- •Сабақ 41
- •Жұмыс жоспары:
- •Сабақ 42
- •Жұмыс жоспары:
- •16 Желтоқсан қр тәуелсіздік күні.
- •Бәрінен Отан сен қымбат.
- •Сабақ 43
- •Жұмыс жоспары:
- •Қазақстан көп ұлтты мемлекет.
- •Сабақ 44
- •Жұмыс жоспары:
- •Қарағанды көмірін кім тапқан?
- •Сабақ 45
Сабақ 4
Грамматикалық тақырыбы: Жіктік жалғаулар. Жіктік жалғаудың сөйлемдегі қызметі.
Лексика: Анамның асыл қасиеті.
Мақсаты: Оқуға, жазуға, ауыз екі сөйлеуге қалыптастыру. Лексикалық минимум мен грамматикалық тақырыпты меңгеру.
Жұмыс жоспары:
1.Грамматикалық мағынаны енгізу.
2.Жаңа сөздерді меңгеру.
3.Өтілген материалды бекіту.
4.Соған байланысты тапсырма, жаттығулар орындату.
Анамның асыл қасиеті
"Ана" деген ардақты есімді естігенде кез-келген ет пен сүйектен жаралған жұмыр басты пенденің жандүниесі тебіренбей отыруы мүмкін емес. "Ана" деген аяулы жанға жер бетінде теңесер жан жоқ шығар. Дүниенің есігін ашып, шыр етіп жерге түскен күннен бастап түнімен іңгәлаған дауысыңды анадан басқа жан тыңдаған ба? Былдыр-былдыр тіліңе, тәй-тәй басқан қадамыңа қуанып, жылағаныңда жұбатып, қуанғанда қуанышыңды бірге бөлісетін де ананың кең пейілі ғой. Ананың жұмсақ алақаны, аялы ақ жүрегі сәбиіне күш-қуат бітіреді. Ананың ақ сүтін емген баланың бойында мейірім мен адамгершілік, инабаттылық, ізгілік шуағы мол болады. Өмірдің бар қызығы да, бар асылы да анада. Ана -отбасының тірегі . Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды. Анасы бар үй-береке. Барлық ана бейбітшілікті және баласының бақытты болуын ғана тілейді. Даңқы асқан патша да, найзасы көк тіреген батыр да, алып та анадан туылады. Анаға мәңгілік қарыздармыз. Жұмақтың төріне үш рет арқалап апарсаң да ол қарызды өтей алмайсың, өйткені ана сүтінің қарызы-өтелмейтін парыз. Өзін жарық дүниеге әкеліп, ақ сүтін беріп, құлыным деп еміреніп, еркелеткен анасын сыйламаған перзентке ешқашан бақыт қонбас деп ойлаймын.
1. Ана – асыл жан атты тақырыбына мазмұндама жазу.
Грамматикалық тақырыбы: Жіктік жалғау
Сөздің жіктік жалғауларын қабылдауын жіктелу дейді. Жіктік жалғауы бастауыш пен баяндауышты байланыстырады. Сондықтан жіктік жалғаулы сөз әрқашан баяндауыш болады да сөйлемді тиянақтап тұрады.
Жіктік жалғау негізінде етістікке жалғанады. Сондай-ақ есім сөздергеде жалғана береді. Бірақ жіктік жалғауы кез келген есім сөздерге жалғана бермейді, тек адамның кім екенін, қандай екенін білдіретін және кәсібін көрсететін есім сөзге жалғанады. Мысалы: мен оқушымын, сен ақылдысың, сіз үшіншісің, мен кіммін? т.б.
Жіктік жалғауының да үш жағы бар, бірақ үшінші жақтың арнайы қосымшасы (зат есім, сын есім, сан есім және есімдікте) жоқ.
Жекеше түрі (ед.чис) |
Көпше түрі |
Қолданылуы |
||
После твердых слогов |
После мяхких слогов |
После твердых слогов |
После мяхких слогов |
|
І жаққа (для первого лица) |
||||
-мын |
-мін |
-мыз |
-міз |
После гласных и сонорных |
-бын |
-бін |
-быз |
-біз |
После звонких ж,з |
-пын |
-пін |
-пыз |
-піз |
После глухих и звонких б,в,г,д. |
І жаққа (Для второго лица) |
||||
-сың |
-сің |
-сыңдар |
-сіңдер |
|
-сыз |
-сіз |
-сыздар |
-сіздер |
Вежливая форма |
ІІІ жақтың жалғауы болмайды (Третье лицо не имеет окончания) |
||||
Есім сөздің жіктелуі
Жақ |
Жекеше |
Көпше |
І |
Мен дәрігермін, оқушымын |
Біз дәрігерміз, оқушымыз |
ІІ |
Сен дәрігерсің, оқушысың Сіз дәрігерсіз, оқушысыз |
Біз дәрігерміз, оқушымыз Сіздер дәрігерсіздер, оқушысыздар |
ІІІ |
Ол дәрігер, оқушы |
Олар –дәрігерлер, оқушылар |
1 – тапсырма. Жіктік жалғаулардың лайықтысын жалғап, жекешесін бір бағанға, көпшесін екінші бағанға көшіріп жазыңыз.
Мен Абзал... . Біз егіз... . Мен мұғалім... . Біз дәрігер... . Мен жігіт... . Мен қазақ... . Мен жалқау... . Мен елуде... . Біз жас... . Мен студент... . Мен жаман... . Біз қонақ... . Біз еркек... . Мен күшті... . Мен Ораз... . Біз отызда... .
2 – тапсырма. Төмендегі сөздерді жіктеңіз.
Бірінші, мұғалім, үлкен, адам, жас, бала, дәрігер, ана, оқытушы, жалқау.
3-тапсырма. Қазақ тіліне жазбаша аударыңыз.
1.Вы студенты (сендер). 2.Вы хорошие. Вы хорошие студенты.
2.Вы инжинеры (сіздер). Вы хорошие. Вы на заводе (зауыт). Вы на заводе хорошие инжинеры.
3.Ты ученик. Ты в школе. Ты ленивый. Ты в школе ленивый ученик.
4.Вы преподаватель. Вы в университете. Вы строгий (қатал). Вы в университете строгий преподаватель.
4-тапсырма. Жіктік жалғауын жалғай отырып сөйлемді аяқтаңыздар.
Мен Абзал... . Біз егіз ... . Мен мұғалім ... . Біз дәрігер ... . Мен жігіт ... . Мен қазақ ... . Мен жалқау ... . Біз орыс ... . Мен жалғыз ... . Мен биолог ... . Біз осында ... . Мен елуде ... . Біз қыз ... . Біз үлкен ... . Біз жас ... . Біз бай ... . Мен жұлдыз ... . Мен оқытушы ... . Біз оқытушы ... . Біз күшті ... . Мен бірінші ... . Мен жаман ... . Мен инжинер ... . Мен кішкентай ... . Біз жақсы ... . Біз отыз ... . Біз шаштараз ... . Мен Ораз ... . Мен студент ... . Мен қонақ ... . Біз еркек ... . Мен дүнген ... . Мен әйел ... . Біз корей ... . Біз балалар ... . Мен адам ... .
5-тапсырма. Сөйлемдерді аяқтаңыз.
1.Мен мұғаліммін, сен ... . 2. Мен қазақпын, сен ... . 3.Ол үлкен, сендер ... . 4. Біз отыздамыз, сендер ... . 5.Сен қаладасың, ол ... . 6. Ол әжесінде, Сіз ... . 7. Мен Алматыдамын, сендер ... . 8.Бала сабақта, мен ... . 9.Сендер үйдесіңдер, олар ... . 10. Мен дүкендемін, сен ... .
6 – тапсырма. Төмендегі сөздерді пайдалана отырып ең жақын досыңыз туралы әңгімелеңіз:
Менің досым, оның аты, есімі, бір мектепте, көрші, өнерлі, ақылды, сабырлы, шылым шекпейді, ақ көңіл, жақын, ең, өте.
Сөйлесім үлгілері: Сіздің досыңыз кім? Менің ең жақын досым – Болат. Ол қандай адам? Ол өте сабырлы, ақылды жігіт.
