Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2014-2015 оқу жылына әдістемелік жұмыс 1сем.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
243 Кб
Скачать
☆

Сабақ 41

Грамматикалық тақырыбы: Мезгіл үстеу

Лексика: «Менің күн тәртібім» (монолог)

Мақсаты: Оқуға, жазуға, ауыз екі сөйлеуге қалыптастыру. Лексикалық минимум мен грамматикалық тақырыпты меңгеру.

Жұмыс жоспары:

1.Грамматикалық мағынаны енгізу.

2.Жаңа сөздерді меңгеру.

3.Өтілген материалды бекіту.

4.Соған байланысты тапсырма, жаттығулар орындату.

Менің күн тәртібім

Менің атым Маша. Менің күн тәртібіммен таныс болыңыздар. Мен таңертең сағат 7.00 де тұрамын. 7. 15 те жуынамын. 8.00 де таңғы асымды ішемін. 8.30да мектепке барамын. 9.00 де сабақ басталады. 13.15 де сабағым бітеді. 14.00 түскі тамағымды ішемін. 15.00 де сабағымды әзірлеймін. Кешкі 17.30 ға дейін үй шаруасымен айналысамын. 18.00 де кешкі тамағымды ішемін. 21.00 ге дейін демаламын. Теледидар көремін немесе далаға шығып серуендеймін. 22.00 де жатып ұйықтаймын.

Грамматикалық материал:

2.Мезгіл үстеу (наречие времени) – қимылдың мезгілін білдіріп, қашан? деген сұраққа жауап береді. Мысалы: қысы-жазы, жуырда, енді, кешке, бұрын, күндіз.

Үстеу

Сұрақтары

Мысалдар

Мезгіл үстеулер

Қашан?

бұрын "раньше", бүгін "сегодня", ертең "завтра", жиі "часто", бүрсігүні "послезавтра", енді "теперь", ылғи "всегда", қазір "сейчас", былтыр "в прошлом году", биыл "в этом году", әдетте "обычно", жазғытұрым "летом", кейде "иногда",бағана "надавно", ертеден "издавна", әуелі "сначала", кеш "поздно", анда-санда "иногда", күндіз "днем", күні бйы "весь день", күні-түні "днем и ночью", кейін "после, потом",....

1-тапсырма.Мына сөйлемерді оқып, орыс тіліне аударыңыз.

1.Жаздыгүні сендер Астанаға барасыздар. 2.Айжан Астанаға кейін жүреді. 3. Мен Астанада көп болмаймын. 4. Марина қазір қазақша сөйлейді. 5. Мұғалім сабақты әдетте қызықты жүргізеді. 6. Мен үйге бүрсігүні жетемін. 7. Сәбит кейде дұрыс айтады. 8. Ертең жұмысқа асықпай кел. 9. Әуелі маған қара. 10. Қыстыгүні аяз қатты болады. 11. Марат енді келе жатыр. 12. Дүкенге жиі бармаймын, жек көремін.

2-тапсырма. Мына үстеулерді пайдаланып, сөйлем құраңыз.

Осы жылы, бұрын, бүгін, ертең, жиі, бүрсігүні, енді, ылғи, қазір, былтыр, биыл, әдетте, жазғытұрым, кейде, бағана, ертеден, әуелі, кеш, анда-санда, күндіз, күні бйы, күні-түні, кейін.

Сабақ 42

Грамматикалық тақырыбы: Себеп- салдар үстеуі.

Лексика: Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі.

Мақсаты: Оқуға, жазуға, ауыз екі сөйлеуге қалыптастыру. Лексикалық минимум мен грамматикалық тақырыпты меңгеру.

Жұмыс жоспары:

1.Грамматикалық мағынаны енгізу.

2.Жаңа сөздерді меңгеру.

3.Өтілген материалды бекіту.

4.Соған байланысты тапсырма, жаттығулар орындату.

16 Желтоқсан қр тәуелсіздік күні.

16 желтоқсан – Алты алаштың айбынын айғақтаған, ата-бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні. Өткен ғасырдың 1991 жылғы 16 желтоқсанында Президент Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған Конституциялық Заңнан бастау алған тәуелсіздігімізге, міне, 18 жыл толыпты. «Бақыт – бағасын білгеннің басында ғана тұрады», – деген Елбасы сөзі тәуелсіздігімізді тәу етіп тұруға шақырып тұрғандай емес пе?! Данагөй бабаларымыз: халықтың өмірі мемлекеттің өмір сүруінің мән-мағынасына айналғанда ғана адамдар рухани тірекке табан тірейді деп тегін айтпаған ғой.Тәуелсіздік – бұл азап пен төзімнің, халықтың сан ғасырлар бойы еркіндікті аңсаған шыдамының өтеуі. Тәуелсіздік – 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасында алаңға шыққан жастардың ерік-жігері, ең алдымен барша қазақстандықтардың арман-мұратының салтанат құруы. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның бүгінгі құдіретті күші ел бірлігінде, ұлттар татулығында жатыр. Сан түрлі кедергілер мен ауыр сындарға қарамастан, еліміз тәуелсіздігінің әрбір қадамы қай кезде де біздің жүрегімізді айрықша толқынысқа бөлейді, кеудемізді мақтаныш кернейді. Бұл – шынайы сезімді өзінің туған Отанының патриоты мен тек оның еркін азаматы ғана сезіне алады.Біздің мемлекет символдық мәні бар шептен әрі асып кеткелі қашан. Қазақстан үшін Жиырма бірінші ғасыр тарихының парағы парасат пен пайымға толы. Ең бастысы Мемлекет басшысы нақтылаған «Қазақстан –2030» стратегиясының мақсаттары мен міндеттері ойдағыдай жүзеге асып жатыр. Ата Заңымыздың арқасында еліміз либералды демократиялық даму жолына түсті. Сонымен қатар, ұлтаралық келісім мен саяси тұрақтылыққа негізделген сенімнің биік деңгейі сақталып отыр.Жаһандану заманында адамдар мен елдер бір-біріне тәуелді бола түспек. Сондықтан, қазір конфессияаралық, ұлысаралық келісімді жақсартуға бағытталған күш-жігер тек ішкі саяси ғана емес, сыртқы саяси өлшемдерге де ие болуға тиіс. Демек, Ел бірлігі доктринасының маңызы өте зор. Қазақстан – көпұлттылықты даму мен келісімнің көзіне айналдырған әлемдегі жалғыз мемлекет.Тәуелсіздік – ол ұлттық мемлекеттілік, оның тамыры – жасампаздық рух, ұраны – ел мен халық. Олай болса, өміршеңдік пен кемелділік аясында өмір сүріп, бейбітшілік, татулық туын биікке көтерген Қазақстан халықтары жаңа әлемнің жаңалықтарына, жақсылықтарына ұмтыла бермек.

Тапсырма 1.Мәтіннен түсінік айтыңыз.

Тапсырма.Өлеңді дәптерлеріңізге көшіріп жазып, жаттап алыңыздар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]