Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2014-2015 оқу жылына әдістемелік жұмыс 1сем.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
243 Кб
Скачать
☆

Сабақ 23

Грамматикалық тақырыбы: Модаль сөздер.

Лексика: «Қазақ батырлары»

Мақсаты: Оқуға, жазуға, ауыз екі сөйлеуге қалыптастыру. Лексикалық минимум мен грамматикалық тақырыпты меңгеру.

Жұмыс жоспары:

1.Грамматикалық мағынаны енгізу.

2.Жаңа сөздерді меңгеру.

3.Өтілген материалды бекіту.

4.Соған байланысты тапсырма, жаттығулар орындату.

Қазақ батырлары

Қазақ батырлары француздың рыцарьлары, жапонның самурайлары, индиялықтардың кшатрийлері сияқты тек әскери кәсіппен шұғылданған. Сондықтан батырлардың бар өмірі соғыста өткен. Соғыс негізінде Отанды жаудан қорғау, елді басқыншылардан азат ету, халықтың қонысын, жерін кеңейту, жау қолында өлген ата кегін қайтару мақсаттарымен жүргізілген. Үлкен соғыс алдында батырлар үлкен жекпе-жекке шығуы - олардың басты міндеттері болған. Жекпе-жек бірнеше күнге созылған.

Қабанбай батыр

(туған, өлген жылдары белгісіз)

Қабанбай (Ерасыл) - XVIII ғасырдағы қазақ батыры, әйгілі қолбасы.

Қабанбай Найман тайпасының Қаракерей руынан шыққан, сондықтан оны «Қаракерей Қабанбай», ал батырлығы үшін «Хан батыры», «Дарабоз» деп атады. Ол осы рудың биі де болған. 1745 жылы Қабанбай батыр Ресей қоластына өтуге тілек білдірді. Жоңғарларға қарсы күресте Ресейді қолдауға уәде берген билердің бірі Кіші жүз ханы Әбілқайыр болатын. Барақ сұлтан Әбілқайырды өлтірген кезде оны айыптап, оның Жоңғар хаңдығымен жақындасу әрекетіне қарсы шыққан.

Қабанбай батыр тек Орта жүзде ғана емес, Кіші жүздегі уақиғаларға араласқан. Қабанбай батырдың ерлік істері Абылай ханның жоңғарларға жасаған жорықтарына байланысты. Мұны «Ер Қабанбай» дастанынан оқып алуға болады.

Қабанбайдың қайда жерленгені туралы ғалымдар әркелкі айтып жүр. Қабанбай батыр атында Қазақстан қалаларының көбінде көшелер бар.

Бөгенбай батыр

(1690-1775)

Бөгенбай батыр - Абылай хан заманындағы атақты қолбасы, батыр. Ол Абылай ханның батырларының ішіндегі ең үлкен ағасы және Канжығалы руынан, сондықтан оны халық аңызында «Қанжығалы қарт Бөгенбай» деп атаған.

Бөгенбай батыр Сыр бойында туып, Торғай өзенінің бойында қайтыс болған. Сүйегі Түркістан қаласындағы Ахмет Иассауи күмбезінде жатыр. Оның Тұраналы, Тұрымбет деген екі баласы болған.

XVIII ғасырдың бірінші жартысында қазақ халқын торлаған көп жаудан елді қорғауда Бөгенбай батыр көп ерлік көрсетті. Оның даңқы, әсіресе, жоңғармен, кейін Қытай әскерімен соғысқанда ерекше көзге түсті. 1725-1727 жылдары қазақ жұртының астанасы Түркістанды қорғауда Абылай ханмен бірге соғысып, жоңғарларды қуып шықты. 1756-1758 жылдары Түркістанға келген Қытай әскерін Үрімшіден асыра қуды.

Бөгенбай батыр - ақылды, білгір болған адам. 1761 жылы Абылайдың Әділ деген баласымен бірге бітім жасау мәселесімен Қытайға барған. Бөгенбай батыр 1728 жылы 38 жасында 30 мың қолға қолбасшы болды.

Қазақ халқы батырын әр уақытта аса құрметтеген. Қазақстанның көптеген қалаларында оның атында көшелер бар.

Наурызбай батыр

(1706-1781)

Наурызбай Құтпанбетұлы - Абылай ханның үш батырының бірі, қолбасшы. Ол Ұлы жүз Шапырашты тайпасының Тілеміс руынан, қазіргі Алматы облысы, Жамбыл ауданындағы Жалпақтас, Серіктас деген жерлерде мекендеген. Оның бар өмірі жоңғарлармен соғыста өткен. Жоңғарлармен соғыста оның Құдайберген, Шолпан, Дүйсен деген үш бірдей бауыры да қаза тапқан.

Наурызбай батырдың 1729 жылы Шамалған мен Қаскелеңді жекпе-жекте өлтіргені қазақ даласына кеңінен тараған. 1750—1752 жылдары басқа батырлармен бірге жоңғарларды Тұрфаннан асыра қуып, жеңіске жеткен. Ол сол жылы көп қазақты тұтқыннан босатқан.

Қазақстан облыстарында, аудандарында Наурызбай батырдың аты көшелерге берілген, Наурызбай батырға арнап ескерткіштер орнатылған.

Сөздік

батыр — герой, богатырь күмбез — купол

әскери кәсіп — военное дело торлау — завоевать

қорғау - защищать даңқ - слава

ата кегін қайтару - мстить за предков көзге түсу — быть замеченным

жекпе-жек — поединок қуу — гнать

батырлық — геройство бітім — перемирие

уәде беру - обещать қаза табу - погибнуть

айыптау — обвинять жеңіс — победа

жорық — поход босату — освобождать

әркелкі — по-разному

Тапсырма: 1. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыздар.

2. Сөздіктегі сөздерге сөйлем құрыңыз

Грамматикалық материал:

Модаль сөздер (модальные слова) Модаль сөздер сөйлеушінің айтылу әрекетіне қатынасты сөздер. (Модальные слова выражают отношение говорящего к высказыванию, достоверность и оценку его содержания, обозначают чувства, которое вызывает у него сообщаемое и т.д) Модаль сөздері қазақ тілінде аса көп емес. (Модальные слова в казахском языке немногочисленны): бар, жоқ, керек, қажет, көп, аз, әрине, бәсе, мүмкін, тиіс, бәлкім, ғой, әлбетте, шынында, рас, расында, сияқты, секілді, шамасы, тәрізді, болар, шығар, екен, білем, көрінеді, кәдік, ықтимал т.б.  Модаль сөздер бастауыштың, баяндауыштың, толықтауыштың, анықтауыштың құрамында болуы мүмкін. (Модальные слова могут быть в составе подлежащего, сказуемого, дополнения, определения). Мысалы: Шаруашылыққа икемі бар сияқтылар жұмысқа қабылданды. (бастауыш) Кулаков Швабрин сықылды. /С.Мұқанов/ (баяндауыш) Әсіресе, Домбаев сияқтылардан сақтанып жүру керек. /З.Шұкіров/ (толықтауыш)

3-тапсырма. Модаль сөздерді оқып, орысша баламасына назар аударыңыз.

рас - действительно расында - на самом деле

мүмкін - наверное, возможно керек - необходимо

әрине - конечно қажет - нужно

шынында - в действительности тиіс - должен

әлбетте - непременно ғой - же

бәсе - это другое дело екен - оказывается

шығар - наверное шамасы - видимо

болар - должно быть білем - кажется

тәрізді - как будто көрінеді - кажется

секілді - как ықтимал - вероятно

сияқты - похожий

4-тапсырма. Мына сөйлемдерді оқып, модаль сөздер қай мағынада жұмсалып тұрғанын кестеге сүйеніп айтыңыз.

1.Рас, мен осы кісімен бір мектепте оқитынмын. 2.Бүгін бізде қазақ тілі сабағы жоқ қой. 3. Расында, мына көйлектің түсі әдемірек. 4. Сіз мен сияқты ақ көңіл адам екенбіз. 5. Шынын айту керек, жалқаумын. 6. Ертең жаңбыр жауатын шығар. 7. Көп нәрсені білетін көрінеді. 8.Әрине, осы аяқ киімді алу керек. 9. Жасыратыны жоқ, жұмысым оңбай жүр.

10.Шынында, саған беретінім жоқ.

5-тапсырма. Көп нүктенің орнына қажетті модаль сөздерді қойыңыз.

1. ... , домбыраны жақсы тартады. 2 ... , мұныңыз қалай? 3. ... , ертең боспыз. 4. ... , ақшасы жоқ. 5. ... , мен оны өз көзіммен көрдім. 6. ... , сені кім шақырды. 7. ... , оқуың маған ұнамайды! 8. ... , не істеп тұрсың? 9. ... , баласы нашар оқиды. 10. Мен саған адам ... айтып тұрмын. 11. ... , қашан адам боласың?

6-тапсырма.Оқып, орыс тіліне аудырыңыз.

Отырыңдар, дәптерлерді үстелге қойыңдар. Сіз мына мәтінді оқыңыз, ал сіздер мәтін бойынша сұрақтар қойыңыздар. Талғат сөйлемді тақтаға жазсын, ал Марат және Әлия тексерсін. Біз мәтінді тыңдайық. Келесі сабақта шығарма жазайық. Сендер оқу залына барып, сабаққа әзірленіңдер. Марат, есікті жап! Ал сен қатты сөйле. Тыныш отырыңдар! Мені тыңдаңдар! Сабақтан қалма, дайындал! Сау болыңыздар, сабаққа кешікпей келіңіздер!

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]