Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2014-2015 оқу жылына әдістемелік жұмыс 1сем.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
243 Кб
Скачать
☆

Сабақ 5

Грамматикалық тақырыбы: Тәуелдік жалғаулар.I, II әдістері. Тәуелдік жалғаудың сөйлемдегі қызметі.

Лексика: «Жыл мезгілдері. Ай аттары. Апта күндері».

Мақсаты: Оқуға, жазуға, ауыз екі сөйлеуге қалыптастыру. Лексикалық минимум мен грамматикалық тақырыпты меңгеру.

Жұмыс жоспары:

1.Грамматикалық мағынаны енгізу.

2.Жаңа сөздерді меңгеру.

3.Өтілген материалды бекіту.

4.Соған байланысты тапсырма, жаттығулар орындату.

Жыл мезгілдері

Көктем - жазғытұрым - жылдың 4 мезгілінің бірі, бұл мезгілде күн ұзара береді, жер шары өз орбитасын күн мен түннің жазғытұрымғы теңелу нүктесінен жазғы күн тоқырау нүктесіне дейін болады.

Астрономия тұрғысынан көктем 93 күн әдетте наурыз, сәуір, мамыр көктем айлары болып есептеледі. Көктемде күн жылынып, қар кетіп, тоң жібиді, жер көктейді. Қыста ұйықтайтын жәндіктер мен хайуанаттар ұзақ ұйқысынан оянып, тіршілік ете бастайды. Жыл құстары қайтып келіп ұя салады, мал төлдейді. Қыстан жүдеп тоңып жұқарып шыққан малдар, аңдар мен құстар татынып масайрайды, түлейді. Көктемде тал егу, егін салу, су бөгеу сияқты жұмыстары қауырт жүргізіледі.

Сондықтан көктемнің бір күні - жылға азық - дейді дихандар. Қазақстанның жерлерінің көктемдегі сипаты біркелкі емес, қар оңтүстік облыстарында ерте, солтүстік облысында кеш кетеді. Бұл жайт шаруашылыққа да зор әсер етеді. Бізде жер шарының Солтүстік жартысында (Оңтүстік Америка, Австралия, Антрактидада) күз болады.  

Жаз - жылдың 4 мезгілнің бірі. Бұл мезгілде жер шары өз орбитасының жаздағы тоқырау нүктесінен күн мен түннің күзгі теңелу нүктесіне дейінгі аралығында болады. Астрономия тұрғысынан 93 күн әдетте жер шарының Солтүсітік жартысында маусым, шілде, тамыз жаз айлары болып есептеледі. Жан- жануарлардың тіршілігіне жайлы шаруашылыққа қолайлыкез. Жазда табиғат жадырап күн ұзақ және жылы болады. Мал семіреді, егін бойлап өседі. Ауылшаруашылық, құрылыс, тасымал тағы басқа жұмыстың қауырт жүргізіледі. Қазақстан жерінің жаздағы сипаты біркелкі емес, ауа райы жаз айлары оңтүстік облысы ыстық, солтүстік қоңыржай болып келеді, кейде күнделікті тұрмыста көктем мен күздің жылы кезеңдерін қосып жазда 6 ай деп есептейді.

1-тапсырма. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз.

Жыл мезгілдері

Бір жылда төрт мезгіл бар: қыс, көктем, жаз, күз. Бір мезгілде үш ай бар. Үш ай – бір тоқсан. Жылда он екі ай бар. Қыс айлары – желтоқсан қантар , ақпан; көктем айлары – наурыз, сәуір, мамыр; жаз айлары – маусым, шілде, тамыз; күз айлары – қыркүйек, қазан қараша.Көктем - тамаша кез. Көктемде күн жылы, салқын емес, кейде жаңбырлы, кейдк құрғақ.Жаз – ең жақсы кез. Жазда күн ыстық, жаңбыр аз. Жаз – демалыс кезі. Күзде күн салқын, жаңбыр көп. Күзде жеміс-жидек, көкөніс өте көп. Қыста күн суық, қысқа, ал түн ұзақ. Қыс - өте әдемі, ақ қарлы, керемт кез! Әр айда төрт апта, әр аптада жеті күн бар. Олар: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі. Демалыс күндері – сенбі, жексенбі, қалған күндері - жұмыс күндері.

Грамматикалық тақырыбы:

Тәуелдік жалғау. Сөзге грамматикалық мағына үстейтін, сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаны жалғау дейміз. Мысалы: Туыстарымызға қонаққа келдік. Мұндағы - тар жалғау сөзге көптік мағына берсе, -ға,-ка қосымшалары сөз арасын байланыстырып тұр, ал-мыз қосымшасы сөзге жақтық мағына үстейді. Қазақ тілінде 4 түрлі жалғау бар көптік, жіктік, септік, тәуелдік. Тәуелдік жалғау иеленуші жақтың біріне белгілі бір заттың меншікті екенін білдіреді:

Сөздің соңғы дыбысы

(Конечный звук слова)

Жақтар

(лица)

Жекеше түрі

(ед.число)

Көпше түрі

Дауысты

(гласный)

1

2

3

-м

-ң

-ңыз, ңіз (вежл.ф)

-сы, -сі

-мыз, -міз

-ң

-ңыз, -ңіз (вежл.ф)

-сы, -сі

Дауыссыз

(согласный)

1

2

3

-ым, -ім

-ың, -ің

-ыңыз, -іңіз (вежл.ф)

-ы, -і

-ымыз, -іміз

-ың, -ің

-ыңыз, -іңіз (вежл.ф)

-ы, -і

2-тапсырма. Образуйте притяжательную форму в трех лицах единственного числа от следуюших существительных и запишите.

Образец: 1.Менің әкем 2. Сенің әкең; Сіздің әкеңіз 3. Оның әкесі

Ата, қала, дәрісхана, ана, терезе, жер, кітапхана, су, әже, кесе.

3-тапсырма.Төмендегі сөздерге -нікі, -дікі, -тікі жұрнақтарын жалғаңыз.

Үлгі: мұғалім - мұғалімдікі

а) мұғалім, асхана, кітапхана, мектеп, студент, оқушы, үй, бөлме, терезе, көше, қала, сынып, дәрісхана, жатақхана, теміржол, өзен, теңіз, дүкендікі, балабақша.

ә) Жазира, Жапар, Кәрім, Салтанат, Әсем, Назым, Арман, Болат, Айжан, Әсел, Абылай, Гауһар, Абзал, Ләззат, Сәкен, Сәуле, Бану, Абай, Данияр, Дана, Балжан, Самат, Ермек, Ерлан, Нұржан, Анар, Әлия, Әсет.

4-тапсырма. Жақша ішіндегі сөздерді қолдана отырып , сұраққа жауап беріңіз.

1.Мына кітап кімдікі? (Мұғалім). 2. Ана үй кімдікі? (Марат). 3.Мына бала кімдікі? (Абзал). 4.Ана қалам кімдікі? (Оқушы). 5.Мына сурет кімдікі? (Немересі). 6.Мына машина кімдікі? (Көрші). 7.Ана тәрелке кімдікі? (Сәния). 8.Мына өлең кімдікі? (Абай). 9.Мына компьютер кімдікі? (Сәбит). 10.Мына жатақхана ненікі? (Университет).

5-тапсырма. Төмендегі сөздерді пайдалана отырып сұхбат құрыңыз.

Жыл, мезгіл, мерзім, уақыт, маусым, көктем, жаз, күз, қыс, наурыз, суық, жаңбыр, қар, аяз, боран, жел, самал жел, жылы, ыстық, ашық, бұлтты. Сізге жылдың қай мезгілі ұнайды? Маған көктем ұнайды.

6-тапсырма. Сұраққа жауап беріңіз.

1. Қаңтар күз айы ма? 2. Көктем айлары не? 3. Шілде күз айы ма, жаз айы ма? 4. Жаз айлары кай айлар? 5. Қыркүйек күз айы ма? 6. Қaзip жаз ба? 7. Қазір маусым ба? 8. Қазір қай ай? 9. Демалыс жазда ма, қыста ма? 10. Демалыс қай айда? 11. Наурыз, cәyip, мамыр жаз айлары ма? 12. Желтоқсан, каңтар, ақпан күз айлары ма?

7-тапсырма. Тиісті жалғауларды қойыңдар.

Менің әке.... жақсы адам. Оның бес немере..... бар. Олардың екеу..... қыз. Бізді ата..... – оқытушы. Сенің ата..... қандай адам? Сіздің әке...... кім?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]