Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2014-2015 оқу жылына әдістемелік жұмыс 1сем.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
243 Кб
Скачать
☆

Сабақ 27

Грамматикалық тақырыбы: Өзгелік етіс. Жасалу жолдары.

Лексикалық тақырып: Ы.Алтынсарин.

Мақсаты: Оқуға, жазуға, ауыз екі сөйлеуге қалыптастыру. Лексикалық минимум мен грамматикалық тақырыпты меңгеру.

Жұмыс жоспары:

1.Грамматикалық мағынаны енгізу.

2.Жаңа сөздерді меңгеру.

3.Өтілген материалды бекіту.

4.Соған байланысты тапсырма, жаттығулар орындату.

Ыбырай Алтынсарин

(1841 – 1889)

Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы Торғай облысында туған. Оның әкесі ерте қайтыс болды.Ыбырайды атасы Балқожа тәрбиеледі. 1850 жылы Балқожа өзінің немересін қазақ баларына арнап ашылған мектептке оқуға береді. Мектепте ол алғаш татар тілінде оқиды. Кейін ол оқуды орыс тілінде аяқтады. Ыбырай жеті жылдық мектепті бітірген соң, туған халқы үшін қызмет етеді. Ең алдымен тоілмаш, кейін мектепте мұғалім болып істейді. Ол қазақ балалар үшін мектептер ашып, жаңа мектептерге арнап көп жұмыс атқарды. Дарынды педагог 1879 жылы мектеп оқушыларына арнап „Қазақ хрестоматиясы„ мен „Қазақтарға орыс тілін оқыту құралы„ деген екі кітап жазып бастырды. Ыбырай бар еңбегін жастарды тәрбиелеуге кітап жазып бастырды. Ыбырай бар еңбегін жастарды тәрбиелеуге жұмсады.Ол балаларға арнап көптеген өлең әңгімелер жазды. Ыбыра Алтынсарин И.А. Крыловтың, Л.Н. Толстойдың, К.Д. Ушинскийдің әңгімелерін қазақ тіліне аударды.

Ы.Алтынсариннің „Өзен„, „Жаз„ деген өлеңдері табиғат туралы. „Бай баласы мен жарлы баласы„ , „Атымтай Жомарт„, „Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш„ деген әңгімелері – өмірдің әр салсына арналған әңгімелер.Ыбырай Алтынсарин қай шығармасын алсаң да, баларды білімге, еңбекке, адалдыққа, іскерлікке шақырады.Оның „Кел, балалар, оқылық„ деген қазір барлық балалар жатқа біледі.

Ыбырай Алтынсарин әрі педагог, әрі ақын, әрі жазушы болған. Қазақ халқы Ыбырай Алтынсаринді әрқашан жоғары бағалайды. Қазақстанда бірқатар жалпы және арнаулы орта оқу орындарында Ыбырай Алтынсарин есімі берілді.Ы.алтынсарин туралы ақын Ғ.Қайырбеков „Дала қоңырауы„ атты поэма, драматург М.Ақынжанов „Ыбырай Алтынсарин„ деген пьеса жазды. Қостанай қаласында оған ескерткіш орнатылды. Республикадағы педагогика ғылыми – зерттеу иниституты Ыбырай Алтынсариннің есімімен аталды.

Сөздік

жеті жылдық мектеп – школа семилетка жастар – молодежь

тілмаш – перводчик табиғат – природа

салу – строить жарлы – бедняк

атқару – исполнять өрмекші – паук

дарынды – талантливый әрқашан - всегда

еңбегін жұмасды – направил свою работу бірқатар – целый ряд

Тапсырма. Мәтінді орыс тіліне аударыңыз.

Тапсырма 1. Кел балалар оқылық өлеін жатап алыңыз.

Кел балалар оқылық,

Оқығанда көңілге

Ықыласпен тоқылық.

Оқысаңыз балалар,

Шамнан шырақ жағылар.

Тілегенің алдыңнан

Іздемей – ақ табылар.

Грамматикалық материал:

Өзгелік етіс дегеніміз іс –қимылдың басқа біреу арқылы орындалатынын білдіретін етістің түрі айтамыз. Жұрнақтары: -дыр, -дір, -тыр, -тір, -ғыз, -гіз, -қыз, -кіз, -ыр, -ір, -т. Мысалы: ойлан +дыр, киін +дір, боса+т, арт+қыз т.б.

Өзгелік етіс - Понудительный залог

Понудительный залог образуется при помощи суффиксов -дыр, -дір, -тыр, -тір, -ғыз, -гіз, -қыз, -кіз. Этот залог отсутствует в русском языке. Он обозначает “заставить, понудить, попросить, позволить, совершить какое-либо действие или принять иную форму состояния” и образуется при помощи суффиксов. Например: Біз оған өлең айт-қыздық. - Мы заставили его читать стихи. Мен көйлек сатып ал-ғыз-дым. - Я попросила себе купить платье.

2-тапсырма. Мына сөздерге өзгелік етістің -ғыз, -гіз, -қыз, -кіз, -дыр, -дір, -тыр, -тір, -т жұрнақтарын қосыңыз. Орыс тіліне аударыңыз.

а) жуу, тию, жіберу, ашу, тұру, өшіру, әперу, теру, кесу, шашу, шешу, тосу, тесу, демалу, апару, келу, бұзу, құю, сүрту, ұру, жұму, ішу, сату, бөлу, қосу, ілу, деу, жабу, кіру, салу, буу.

ә) сыну, болу, қою, тебу, жуыну, буыну, танысу, айналу, кездесу, жану, жеңу, шешіну, ойлану, озу, басу, аттану, күлу, үйлену, ұйымдасу, тозу, орналасу, қону, жолығу, білу, тоңу.

б) билеу, қимылдау, жинау, сыпыру, бітіру, ауыру, үйрету, істеу, жасау, аудару, тексеру, шайнау, шегелеу, толтыру,терлеу, арнау, майдалау, аттау, байлау, бастау, есептеу, шаршау, жүгіру, үтіктеу.

3-тапсырма. Мәтінді оқып, өзгелік етісте тұрған етістіктерді дәптеріңізге жазып алыңыз. Жұрнақтардың астын сызыңыз.

Кеше бізде қазақ тілі сабағы болды. Мұғаліміміз өте білімді адам. Ол бізді қазақша сөйлетеді. Кеше бізді жаңы тақырыппен таныстырды, тақырып бойынша жаңа сөздерді үйретті, сөздердің мағынасын түсіндірді. Сабақта бізге көп жұмыс істетті: мәтінді оқытты, мәтінге сұрақтар қойғызды, сұрақтарға жауап бергізді, жаттығуларды орындатты. Сергейге мәтінді қазақша оқытып, орыс тіліне аудыртты. Машаға тақтаға сөйлемдерді жазғызып, синтаксистік талдау жасатты.

Сабақтың көпшілік бөлігін ауызша сөйлеуге арнады. Магнитафоннан бізге бізге өте қызықты әңгіме тыңдатты. Сол әңгімені бізге баяндап айтқызды, содан кейін қысқаша мазмұндама жазғызды.

Мұғаліміміз дыбыстарды, сөздерді, сөйлемдерді дұрыс айтуымызға көп көңіл бөледі. Кеше қателерімізді өзімізге тапқызып, түзетті, сөздерді, сөйлемдерді қайтадан айтқызды. Сабақтың аяғында үй тапсырмасын берді. Сабағымызды әдеттегідей өте қызық өткіздік.

4-тапсырма. Сөздерді пайдалана отырып, сұхбат құрыңыз.

Сөздік минимум: Кітапхана, оқу залы, тіркелу, құжаттар, оқырман билеті, кітап, оқулық, әдебиеттер, библиография, оқырман, тұрақты оқырман, үйге кітап алу, мерзімді баспасөз, каталогтар жүйесі.

Сөйлесім үлгілері: Маған әліпбилік каталогты көрсетіп жіберіңізші. Бірінші қабаттан табасыз. Кешіріңіз, оқу залы нешінші қабатта?

5-тапсырма. “Алғыспен ер көгерер” тақырыбына жақын туысыңызға алғысыңызды білдіріңіз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]