Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2014-2015 оқу жылына әдістемелік жұмыс 1сем.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
243 Кб
Скачать
☆

Сабақ 29

Грамматикалық тақырыбы: Сұрау есімдігі.

Лексика: «Мен таңдаған мамандық» (монолог)

Мақсаты: Оқуға, жазуға, ауыз екі сөйлеуге қалыптастыру. Лексикалық минимум мен грамматикалық тақырыпты меңгеру.

Жұмыс жоспары:

1.Грамматикалық мағынаны енгізу.

2.Жаңа сөздерді меңгеру.

3.Өтілген материалды бекіту.

4.Соған байланысты тапсырма, жаттығулар орындату.

1-тапсырма. Оқыңыз.

Мамандық

Өмірде мамандықтың түрі өте көп. Жақсы маман болу үшін еңбек ету керек. Инженер, дәрігер, мұғалім, ғалым, жазушы, тілші,жорналшы, мүсінші, сүретші, сәулетші, экономист, есепші, ұшқыш, ғарышкер болу үшін оқу керек. Жақсы жұмысшы, кенші, металлург, жүргізуші, болатшы, құрылысшы, тоқымашы болу үшін өндірісте істеу керек. Бақташы, егінші, мал дәрігері, бағбан, сауыншы, мақташы болу үшін ауылда жұмыс істеу керек. Ал, аяқ киім жөндеуші, сатушы, шаштараз, сағат шебері, зергер болу ушін тұрмыстық қызмет көрсететін салада істеу керек. Өнер саласына жататын мамандықтар: әнші, биші, музыкант, композитор, режиссер, т.б.

Сіздің мамандығыңыз қандай? Мамандығыңыз қай салада? Өзіңіздің салаңызда жақсы маман болу үшін не істеуіңіз керек?

Грамматикалық материал:

Сұрау есімдіктері мыналар: кім? не? неше? қай? қандай? қанша? қалай? қашан?

Бұлардан басқа да бірнеше сұрау есімдіктері бар, бірақ олар - белгілі жолдармен жоғарыда көрсетілген негізгі сұрау есімдіктерінен жасалған есімдіктер.

1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Сізге қазақ тілі ұнап жүр ме? 2.Сіздің жолдасыңызға осы тілді үйрену қиын емес пе? 3.Сіздің маған қандай сұрақтарыңыз бар? 4. Сіз бұл тілді қайда және қалай үйреніп жүрсіз? 5. Мына тақырып барлық студенттерге оңай ма? 6. Өзіңіз бірін түсініп отырсыз ба? 7. Мына жаттығуды бәрі орындап отыр ма? 8. Сіздің тобыңызда ешкім ештеңі түсінбей отыр ма? 9. Ана сабақ мына сабаққа ұқсап тұр ма? 10. Мынау - қызық кітап, ал анау - онша емес, солай ма?

2-тапсырма. Сөздерді пайдалана отырып, сұхбат құрыңыз.

Сөздік минимум: Институт атаулары, кафедралар атауы, кафедра меңгерушісі, профессор, ғылым докторы, ғылым кандидаты, практикалық сабақтар.

Сөйлесім үлгілері: Сіз қай институттансыз? Мен қаржы-экономика институтынанмын. Институтыңызда қандай мамандыққа дайындайды? Әр түрлі. Банк ісі, салық қызметкері, қаржыгерлер.

3-тапсырма. «Менің мамандығым» тақырыбына өз мамандығыңыз туралы шағын әңгімелеңіз.

4-тапсырма. Мақалдарды толтырыңыз.

1) Ел мен жер....... .

2) Ел іші алтын...... .

3) Отан –........,

Отбасы – шуақ.

4) Жұрт дегенде жұмылып,

..... дегенде егіліп.

5) Отан – елдің анасы

Ел – ердің ........ .

6) Отансыз адам –

Ормансыз ......... .

7) Елуінде ер........ ,

Елу жылда ел жаңа.

8) Өз елімнің ......... болмасам да,

Сайының тасы болайын.

9) Елінен безген оңбайды,

....... безген қонбайды.

10) Отан – оттан да........ .

Керекті сөздер: Көлінен, қуат, анасы, егіз, ыстық, басы, дана , ел, бесік, бұлбұл.

Сабақ 30

Шептік бақылау

Сабақ 31

Грамматикалық тақырыбы: Өздік есім.

Лексикалық тақырып: Денсаулық – зор байлық.

Мақсаты: Оқуға, жазуға, ауыз екі сөйлеуге қалыптастыру. Лексикалық минимум мен грамматикалық тақырыпты меңгеру.

Жұмыс жоспары:

1.Грамматикалық мағынаны енгізу.

2.Жаңа сөздерді меңгеру.

3.Өтілген материалды бекіту.

4.Соған байланысты тапсырма, жаттығулар орындату.

Денсаулық - зор байлық.

Денсаулық дегеніміз не? Денсаулық дегеніміз – ол қорғауда тұрған, аурмайтын организм. Сыртқы ортадан – қорғауда болған организм. Біздін омірінізде дені сау адамдар өте аз, себебі, ең басты үш фактор әсер етеді:

  1. Темекі және оның түтіні;

  2. Арақ және спирттік сусындар;

  3. Заводтар және лас ауа.

Жай көзбен Қарағанда бұл қарапайым фактор, ал оның түбіне қарасақ, қазіргі заманда, өте көп онкологиялық аурулар, бұл осы ең біріші үш фактор туғызып жатыр, кейін жүрек ба, өкпе, тыныс алу жолдары, бауыр аурулары және т.б. Темекі шегетін және арақ ішетін адамда бауыр ауруп т.б., оның ішінде «Бауырдың церрозы» және өкпе-туберкулез ауруына шалдығады.

Неге бұрыңғы біздің ата-бабаемыз аз ауыратын? Себебі, олар темекі шекпей, арақ ішпей, жұмыс істейтін еді. Заводтар болмаған, сондықтан олар «әқ жылға дейін өмір сүретін.

Дені сау болу үшін – ауырмау керек, ол үшін дұрыс өмір сүру және спортпен айналысу. Дені сау адамның өмірге көз қарасы басқаша болады, оған қызық, бәрі ұнайды, жаңа жұмыстары, жоспарлары п.б., ал ауру адам өмірі жылайды, қандай өмір нашар және қиын екендігін айтады

Біздін ата ө бабамыз айтқандай «Дені саудың – жаны сау!»

Сұрақтар:

1.Денсаулық дегеніміз не?

2.Денсаулыққа зиян тигізетін факторлар?

3.Қандай аурулар пайда болады?

4.Аурудан қалай сақтану керек?

5.Шөп дәрілердің денсаулыққа қаншалықты қажеттілігі.

Грамматикалық материал:

Қазақ тілінде өздік есімдікке жалғыз ғана өз сөзі жатады. Бұл есімдік көбінесе өзім, өзің, өзіңіз, өзі, өзіміз, өздеріңіз деген сияқты оңаша және ортақ тәуелдеулі түрде қолданылады.

1-тапсырма. Өздік есімдігінің өзім, өзің, өзіңіз, өзі, өзіміз, өздеріңіз жалғауын қойып сөйлем құраңыз.

2-тапсырма. Көп нүктенің орнына есімдіктерді қойып жазыңыз.

1. ... ата - анаңыздың үйінде тұрып жатырсыз ? 2. Мұрат ... қызық әңгімені айтып отыр. 3. ... институттан үйге немен келіп жүрсің? 4. ... автобусты көптен күтіп тұрсың ба? 5. Жаңа тақырыпты мұғалімнен емес, ... сұра. 6. ... біліп отырсың. 7. ... қайда жүрсің? 8. ... тыныш отырсын.

3-тапсырма. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]