Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2014-2015 оқу жылына әдістемелік жұмыс 1сем.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
243 Кб
Скачать
☆

Отан туралы

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,

Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның құдіретті үнін сүйем.

Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,

Бәрі маған «Отан!» деп сыбырлаған

Жаным менің, Кеудемді жарып шық та,

Бозторғайы бол оның шырылдаған!

Отан! Отан! Бәрінен биік екен.

Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.

Отанды сүймеуің де күйік екен,

Отанды сүйгенің де күйік екен... (М. Мақатаев)

Сабақ 9

Грамматикалық тақырыбы: Етістік. Етістіктің сөйлемдегі қызметі. Дара, күрделі етістік. Болымды, болымсыз етістік.

Лексика: «Менің отбасым».

Мақсаты: Оқуға, жазуға, ауыз екі сөйлеуге қалыптастыру. Лексикалық минимум мен грамматикалық тақырыпты меңгеру.

Жұмыс жоспары:

1.Грамматикалық мағынаны енгізу.

2.Жаңа сөздерді меңгеру.

3.Өтілген материалды бекіту.

4.Соған байланысты тапсырма, жаттығулар орындату.

Қоғамдағы отбасының қызметі

Отбасы – табиғи,биологиялық, рухани және материалдық қатынастардың жиынтығы. Дүние жүзінің қай елінде болмасын мемлекет отбасын қорғайды.Қазақстан Республикасында да мемлекет отбасын өз қамқорлығына алған.Отбасындағы қатынастарды арнайы қабылданған заңдар арқылы реттейді.Біздің еліміздегі отбасы қатынастарын арнайы құқықтың дербес саласы отбасы құқығы болып есептеледі.

Отбасы – заңнамада жиі қолданылатын әлеуметтік ұғым.

1998 жылы Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» заңы қабылданды.Отбасы – дегеніміз некеден, туыстықтан, дүниеге бала әкеліп оны тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын өзара жәрдемдесуге тиісті адамдардың тобы.

Отбасы – қоғамдағы мемлекет құраушысы.Ол қоғамның әлеуметтік, саяси, экономикалық т.б.қызметтерін дамытушы.

Отбасы отбасы мүшелерінен құралады.

Тапсырма:

    1. 1. Отан – отбасынан басталады. (реферат)

    2. 2. Отбасының қоғамдағы рөлі

Грамматикалық материал:

Етістік дегеніміз заттың қимылын, іс-әрекеттің, күй – жайын білдіретін сөздер. Етістік не істеді? не қылды? қайтті? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: Көп ойласаң, дана баласың, көп ойнасаң, бала боласың (мақал).

Етістік дара және күрделі, болымды және болымсыз болып екіге бөлінеді.

Іс – әрекеттің жүзеге асу процесін білдіретін етістіктің түрін болымды етістік дейміз.

Болымды етістік барлық жақта, барлық шақта қолданыла береді. Мысалы: алдым, алдың, аласың, аласыздар, алар т.б.

Іс-әрекеттің жүзеге асу процесін теріске шығаратын етістіктің түрін болымсыз етістік дейміз.

Болымсыз етістік тудырудың екі тәсілі бар: синтетикалық тәсіл және аналитикалық тәсіл.

Синтетикалық тәсіл бойынша етістіктің түріне -ма, ме, -ба, -бе, -па,-пе жұрнақтары жалғанады: шақыр +ма + ймын, бер + ме + йсің т.б

Аналитикалық тәсіл бойынша болымсыздық етістік жасалғанда жоқ, емес сөздерінің бірі тіркеседі де, қосымша сол сөздерге жалғанады танысқан жоқ + пын, көрген емес + сің, оқыған жоқ+пыз т.б

Етістік (глагол) — часть речи, обозначающая дей­ствие и отвечающая на вопросы не icтедi? (что де­лает?), не істемек?(что будет делать?), қайтті? (что сделал?).

Етістік (глагол) в казахском языке имеет следую­щие грамматические категории: рай (наклонение), eтic (залог), шақ (время), жақ, (лицо), сан (число).

Етістік в казахском языке образуются путем при­бавления к основе слова словообразовательных суф­фиксов: -ла, -ле, -да, -де, -та, -те; -тан, -тен, - дан, -ден, -лан, -лен; - лас, -лес, -дас, -дес, -тас, -тес, -а, -е.

Мысалы: гул-де (расцветать), әдемі —ле (укра­шать), тун-е (ночуй), ақыл-дас (советуйся).

Положительные глаголы (болымды етістіктер): бар, кел, кет, оқы, жаз.

Отрицательные глаголы (болымсыз етістіктер): барма - не иди, келме - не приходи, кетпе - не уходи, оқыма-не читай, жазба - не пиши.

Простые глаголы (дара етістіктер): сөйле - говори, жаз - пиши, күл - смейся, ал - бери, возьми, әкел - принеси.

Сложные глаголы (күрделі етістіктер): бара жатыр - идет, оқып отыр - читает, сатып алды - купил, ұйықтап жатыр - спит, жазып отыр - пишет.

1- тапсырма. Төмендегі сөздердің көмегімен өзіңіздің отбасыңыз жайлы әңгіме құрыңыз:

Отбасы, жұбай, әке, шеше, ата, әже, аға, іні, ұл, қыз, қарындас, сіңлі, әпке, нағашы, жиен, немере, немере туыс, ағайын. Сөйлесім үлгілері: Бұл кім?Бұл – менің жұбайым, аты – Толқын. Ал анау ше?Ол – менің ұлым, аты – Айсұлтан.

2-тапсырма. Мына сөздерді орыс тіліне аударып, етістікке айналдырыңыз.

Принеси, помой, посчитай, исследуй, напиши, сделай, переведи, иди, толкни, жуй, танций, покружись, возьми, отнеси, заполни, разменяй, опиши, дай, назови, подай, проверь, завяжи, мечтай.

3-тапсырма. Төмендегі етістіктерге керекті жұрнақтарды жалғап, орыс тіліне аударыңыз.

Үлгі: Баста - бастама "не начинай"

Баста, айнал, зертте, кел, жу, бар, әкел, апар, жина, тексер, шарша, итер, толтыр, аудар, бейнеле, әпер, бер, ал, той, биле, шайна, ата, баянда, есепте, сана, кет, кездес, тос, жет, бас, айт, шаш, амандас, сәлемдес, шеш, тес, аш.

4-тапсырма. «Базарда» тақырыбына мәтін құраңыз. Жеміс-жидек, көкөністерді бағасымен айтыңыз.

Үлгі: Бір килограмм қызанақ екі жүз теңге тұрады.

5-тапсырма. Қандай жеміс -жидек, көкөністерді білесіздер? Жазып орыс тіліне аударыңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]