Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2014-2015 оқу жылына әдістемелік жұмыс 1сем.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
243 Кб
Скачать
☆

Жұмыс жоспары:

1.Грамматикалық мағынаны енгізу.

2.Жаңа сөздерді меңгеру.

3.Өтілген материалды бекіту.

4.Соған байланысты тапсырма, жаттығулар орындату.

1-тапсырма. «Өсімдіктер әлемі» (ағаштар мен гүлдер) танысыңыздар.

Қазақстанның табиғаты көркем, жанға жайлы әсем жерлерге өте бай өлке екендігі шүбәсіз. Халқының көңілі қандай дарқан болса, жері де сондай кең қазақ даласының әрбір тасын, әрбір шөбін, әрбір суын білу, оны қастерлеу баршамыздың парызымыз. Осы орайда Әлемтану айдары еліміздегі ең ерекше деп танылған ағаштар туралы баяндайды.

Қазақстандағы ең көне хан-ағаш – алып қарағаш. Ол Іле өзенінің «Алтын-Емел» ұлттық табиғи саябақ аумағында, Үлкен Қалқан тауының шығыс жағында өседі. Жасы 700 жылдан асқан. Бұл қарағашШыңғысхан шапқыншылығының куәгері деседі. Жергілікті халық ағашты күні бүгінге дейін қасиет тұтады.

Қазақстандағы адам денсаулығына ең пайдалы өсімдіктің бірі -  ағаш тектес немесе бұтақ тұрпатты арша. Арша – ағаш-фармацевт. Осы өсімдік бөлетін фитоноцидтер адам денсаулығына ем болатын таза ауа тудырады.

Сөздік тапсырма

ағаш - дерево

гүл - цветы

шырша - ель

арша - можжевельник

терек - тополь

бұтақ - ветка

шөп - трова

Грамматикалық материал:

Болымсыздық есімдіктер негізінде еш деген сөзбен кейбір есімдіктердің бірігуі арқылы жасалады. Мысалы: еш, ешкім, ешбір, ештеме, дәнеңе, ешқашан, ешқандай, ешқайсы. Болымсыздық сөйлемде болымсыздық мағына білдіретін емес, жоқ деген сөздермен және етістіктің болымсыз түрімен байланысты қолданылады (ешкім айтқан емес; ешкім айтқан жоқ; ешкім айтпады т. б.).

1-тапсырма. Болымсыздық есімдігінде еш, ешкім, ешбір, ештеме, дәнеңе, ешқашан, ешқандай, ешқайсы сөздерін пайдаланып сөйлем құрастырыңыздар.

2-тапсырма. Көп нүктенің орнына болымсыздық есімдіктерін қойып шығыңыз.

1. Сені ... көрген жоқ. 2. Марат маған ... айтпады. 3.Ол енді ... қалаға келмейді. 4. Менің сабақ оқуыма ... жағдай жасалмады. 5. Ерланға ... қолдау көрсеткен жоқ. 6. Мен Арманға ... сенген жоқпын. 7. Жиналысқа ... келген жоқ.

3-тапсырма. Қосымшаны дұрыс жалғаңыз. 1. Туған (жеріміз) қол үзіп, (алыс) жүрміз. 2. Тәуелсіздіктің алғашқы (он жылы) көп өзгерістер болды. 3. Қазақ ханы мен (би-батыр) рөлін (американ) ойнады. 4. Кино (түсіру) қажетті (құрал-жабдық) сатып алынды.

4-тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыз. 1. Моя дочь любит танцевать...... 2. Сколько человек было на собрании? – На собрании было десять человек. ...... 3. Я учился на юридическом факультете. ...... 4. - Познакомтесь, это мои коллеги Динара и Назира. – Я рада знакомству. ...... 5. Где расположена компания его друга? ......

Сабақ 35

Грамматикалық тақырыбы: Сын есім. Сын есімнің сөйлемдегі қызметі. Туынды сын есім жасайтын жұрнақтар. Сын есімнің шырайлары.

Мақсаты: Оқуға, жазуға, ауыз екі сөйлеуге қалыптастыру. Лексикалық минимум мен грамматикалық тақырыпты меңгеру.

Жұмыс жоспары:

1.Грамматикалық мағынаны енгізу.

2.Жаңа сөздерді меңгеру.

3.Өтілген материалды бекіту.

4.Соған байланысты тапсырма, жаттығулар орындату.

Грамматикалық материал:

Сын есім (имя прилагательное ) - заттың түсін, сапасын, белгісін, күйін білдіретін сөз табы. Сын есімнің сұраулары: қандай?қай?

Мағынасына карай сын есім:

• Түр, түсті білдіреді: ақ, сары, көгілдір.

• Сапасын, күйін білдіреді: жақсы, жаман, тәуір, ыңғайлы.

• Көлемін білдіреді: биік, аласа, кең.

• Дәмін білдіреді: қышқылтым, тұщы, дәмді.

Құрылысына карай сын есім:

• Түбір күйінде заттың, нәрсенің сынын, сапасын білдіретін сапалық сын есім. Мысалы, қара, қаралау, қап-қара.

• Өзге сөз таптарына сын есім тудырушы жұрнақ жалғау арқылы жасалып, нәрсенің сындық, сапалық қасиетінің бір затқа қатысты екендігін білдіретін қатыстық сын есім. Мысалы, ауылдық, кекшіл, сабырлы.

Сын есім тудыратын жұрнақтар:

-қы,-кі,-гы,-гі (мекендік, мезгілдік ұғымы)

-лы,-лі,-ды,-ді.-ты,-ті (басымдылық ұғымды білдіреді)

-сыз,-сіз (болымсыздық ұғымы)

-шыл,-шіл (кішірейту, салыстыру ұғымы)

-шаң, -шең (киім-кешек атауы, адам қасиеті)

-л ы қ, -л ік, -дық,-дік,-т ы қ, -т ік-

-дай, -дегі, -тай, -тей.

Тұлғалық жағынан сын есім негізгі және туынды болып белінеді.

Негізгі сын есімдерге -түбір сын есім жатады. Түбір сын есім жұрнақсыз, баска сөздермен бірікпей, тіркеспей, жеке тұрып-ак сындық мағына береді. Мысалы: көк, сары. кең, жылы, терең, таза, алыс;

Сын есімнің туынды түріне сын есімдердің бірігуі, қосарлануы, зат есім мен сын есімдердің тіркесуі арқылы және сын есімге, басқа сөз таптары түрлі жұрнақтар қосылуы аркылы жасалған сөздер жатады.

Құрамына қарай сын есімдер дара және күрделі болып бөлінеді. Негізгі түбір күйінде заттың сынын, сапасын, түр-түсін білдіретін сын есімдер дара сын есімдер деп аталады. Мысалы: кіші, мол, Сары;

Сын есімдер кейде екі не одан да көп сөзден тіркесіп құралады. Мұны күрделі сын есім деп атайды. Мысалы: көк ала, қара торы,

Сын есім мағынасына қарай екі топқа бөлінеді.

1. Сапалық сын есім (качественные прилагательные) түбір күйінде заттың, нәрсенің сынын, сапасын білдіреді. Мысалы, қара, қаралау, қап-

қара,жаман,жаманырақ,т.б.

2. Қатыстық сын есім (относительные прилагательные) дегеніміз - түбірге жұрнақ жалғану арқылы заттың. нәрсенің сынын, сапасын білдіретін сын есімнің түрі. Мысалы, сабырлы, ақылды, ашушаң, т.б.

Сын есімнің шырайлары (степени имени прилагательного):

1. Жай шырай - басқа шырай түрлеріне негіз болатын сапалық сын есімдер, яғни түбір сын есімдер.

Мысалы: биік, үзын, өткір, сүлу, үлкен, көк т.б.

2.Салыстырмалы шырай (степени сравнения) сын есімге -рақ, -рек, -ырақ, -ірек, -дау, -деу, -лау, -леу жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. Мысалы, үлкенірек, кішірек, жақсырақ, көгірек, үлкендеу, жеңілдеу, жылылау, т.б.

3.Асырмалы шырай (превосходная степень) сын есімге өте, тым, аса, ең сөздерінің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы, аса үлкен, тым күшті. өте сұлу, ең күрделі, т.б.

1-тапсырма. Мына сын есімдерден дара және күрделі сын есімдерді жеке-жеке топтастырып жазыңыз.

Нәзік, ойлы—қырлы, кызыл-ала, өткір, жақсы, үлкен, ұзын—бойлы, жақсы—жаман, білгір, сирек, кысқа бойлы, ат жақты, көгілдір;

2-тапсырма.Мына сөйлемдерден сын есімдерді тауып, тұлғасына қарай ажыратыңыз.

1. Абай үшін бұл жыл жемісті, шабытты жыл болып келеді.

2. Ауылдас қазақтар Омарды орысшаға жетік деп білетін болды.

3. Шайдың өзінің дәмі тартымды да жағымды еді.

4. Бүгін бір қызық әңгіме басталып кетті.

5. Сұлу Көкшенің әсем табиғаты көз тартады.

6. Ол кең маңдайлы, тік карайтын кісі екен.

3-тапсырма. Мына мақал-мәтелдердегі сын есімдерді тауып, турлеріне қарай ажыратыңыз.

1. Әдепті бала - арлы бала, Әдепсіз бала - сорлы бала.

2. Жақсы әйел - жігітке біткен бақ,

Жаксы жер, жайлы коныс - алтын тақ.

3. Еңбектің наны тәтті, Жалқаудың жаны тәтті.

4. Ел - елдің бәрі жақсы, Өз елің бәрінен жақсы.

4-тапсырма.Сын есімдерді тауып, турлеріне қарай ажыратыңыз.

1.Асан шұбар ала атпен шаба жөнелді.

2.Әсем қаламыз күннен күнге көркейіп келеді.

3.Ауыл шетіне жакындағанда, ұзын бойлы кісі аттан түсті.

4.Қалалық ауруханаға дейін он шақырымдай жер қалды.

5.Көгілдір аспанды енді ғана сұр бұлт торлағандай.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]