- •1 Сабақ
- •Жұмыс жоспары:
- •«Сәлемдесу» (диалог)
- •Сәлемдесу және қоштасу мәдениеті
- •Сабақ 2
- •Жұмыс жоспары:
- •Қоштасудың түрлері
- •Мамандық әлемінде.
- •Сабақ 3
- •Жұмыс жоспары:
- •Сабақ 4
- •Жұмыс жоспары:
- •Анамның асыл қасиеті
- •Сабақ 5
- •Жұмыс жоспары:
- •Жыл мезгілдері
- •Жыл мезгілдері
- •Сабақ 6,7
- •Жұмыс жоспары:
- •Білім – байлығымыз.
- •Сабақ 8
- •Жұмыс жоспары:
- •Ұлы іс отаншылдықтан туады.
- •Отан туралы
- •Сабақ 9
- •Жұмыс жоспары:
- •Қоғамдағы отбасының қызметі
- •Сабақ 10
- •Жұмыс жоспары:
- •Жеке адам топ және ұжым
- •Қазақстан Республикасының ұлттық мерекелері.
- •Сабақ 11, 12
- •Жұмыс жоспары:
- •Қазақстан Республиксының рәміздері.
- •Сабақ 13
- •Жұмыс жоспары:
- •Сабақ 14
- •Жұмыс жоспары:
- •Адам және қоғам
- •Сабақ 17
- •Жұмыс жоспары:
- •Туыстық қарым – қатынас
- •Сөздік тапсырма
- •Сабақ 18
- •Жұмыс жоспары:
- •Қазақ тілі мемлекеттік тіл.
- •Сабақ 19
- •Жұмыс жоспары:
- •Қазақстанның ұлттық байлығы.
- •Сабақ 20
- •Жұмыс жоспары:
- •Сабақ 21
- •Жұмыс жоспары:
- •Экономикалық тәуелсіздік
- •Сабақ 22
- •Жұмыс жоспары:
- •Қазақ билері.
- •Қазыбек би
- •Әйтеке би
- •Сабақ 23
- •Жұмыс жоспары:
- •Қазақ батырлары
- •Қабанбай батыр
- •Бөгенбай батыр
- •Наурызбай батыр
- •Сабақ 24
- •Жұмыс жоспары:
- •Сабақ 25
- •Жұмыс жоспары:
- •Жабайы аңдар орысша- қазақша атауы
- •Сабақ 26
- •Жұмыс жоспары:
- •Қазақтың ұлы ақыны – Абай.
- •Сабақ 27
- •Жұмыс жоспары:
- •Ыбырай Алтынсарин
- •Сабақ 28
- •Жұмыс жоспары:
- •Сабақ 29
- •Жұмыс жоспары:
- •Мамандық
- •Алматы қаласы.
- •Сабақ 32
- •Жұмыс жоспары:
- •Біздің университет
- •Сабақ 33
- •Жұмыс жоспары:
- •Қазақстанның – Азия барысы
- •Сабақ 34
- •Жұмыс жоспары:
- •Сабақ 35
- •Жұмыс жоспары:
- •Сабақ 36
- •Жұмыс жоспары:
- •Дене мүшелері
- •Сөздік тапсырма
- •Жұмыс жоспары:
- •Адамның келбеті
- •Сабақ 37
- •Жұмыс жоспары:
- •Сабақ 38
- •Сабақ 39
- •Жұмыс жоспары:
- •Сабақ 40
- •Ұлттық теңге
- •Жұмыс жоспары:
- •Сабақ 41
- •Жұмыс жоспары:
- •Сабақ 42
- •Жұмыс жоспары:
- •16 Желтоқсан қр тәуелсіздік күні.
- •Бәрінен Отан сен қымбат.
- •Сабақ 43
- •Жұмыс жоспары:
- •Қазақстан көп ұлтты мемлекет.
- •Сабақ 44
- •Жұмыс жоспары:
- •Қарағанды көмірін кім тапқан?
- •Сабақ 45
Бәрінен Отан сен қымбат.
Алтын бесік секілді,
Туып өскен жер қымбат.
Ақыл, сезім,ой,сана,
Адалдық, достық, ар қымбат.
Өзің егіп өсіріп,
Орып татқан нәр қымбат.
Ұлтарақтай болса да,
Ата қоныс жер қымбат.
Адамзатқа дүниеде,
Өмір-ау десем ең қымбат.
Дарқан тірек мекенім.
Бәрінен, Отан сен қымбат .
Дихан Әбілев.
Грамматикалық материал:
Себеп- салдар үстеу (наречия причины и следствия) – қимылдың себебін білдіріп, не себепті? деген сұраққа жауап береді. Мысалы: құр босқа, бекерге, амалсыздан, шарасыздан.
Үстеулер |
Сұрақтар |
Мысалдар |
Себеп - салдар үстеулері |
қалай? неге? не себепті? |
Босқа "зря", бекер "зазря", бекерге "зазря", текке "зря", құр босқа "только зря", себепсіз "без причины", амалсыздан "вынужденно", шарасыздан "из безысходности"... |
1-тапсырма. Төмендегі себеп - салдар үстеулерді пайдаланып сөйлем құраңыз.
Босқа, бекер, бекерге, текке, құр босқа, себепсіз, амалсыздан, шарасыздан.
2-тапсырма. Мына сөйлемдерді оқып, орыс тіліне аударыңыз.
1.Босқа әуре болма. 2. Текке жұмыс тоқтап тұр. 3. Амалсыздан қонаққа бара жатырмын. 4.Шарасыздан тоқтаймыз. 5. Бекер мұны бастап отырмыз. 6. Құр босқа барма. 7.Себепсіз қонақ шақырып отырмыз. 8. Текке ұрықсат бересің. 9. Босқа уақытып өтіп бара жатыр.
Сабақ 43
Грамматикалық тақырыбы: Қимыл – сын үстеуі.
Лексикалық тақырып: Қазақстан көп ұлтты мемлекет.
Мақсаты: Оқуға, жазуға, ауыз екі сөйлеуге қалыптастыру. Лексикалық минимум мен грамматикалық тақырыпты меңгеру.
Жұмыс жоспары:
1.Грамматикалық мағынаны енгізу.
2.Жаңа сөздерді меңгеру.
3.Өтілген материалды бекіту.
4.Соған байланысты тапсырма, жаттығулар орындату.
Қазақстан көп ұлтты мемлекет.
Қазақстан - көп ұлтты егеменді мемлекет.Халқының саны 15 миллионнан асады.Археолгтардың айтуы бойынша Қазақстан жерін алғашқы адамдар бұдан 300 мың жыл бұрын мекендеген. Қазіргі Қазақстанда 130 ұлттың өкілдері тұрады.
Қазақстан – егеменді тәуелсіз мемлекет. 1991 жылы 1 желтоқсанда Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның тұңғыш президенті болып сайланды.
Қазақстан батысында каспий ойпаты, шығысында Алтай тауларына дейін үш мың шақырымға, солтүстігінде Батыс Сібір, оңтүстігінде Тянь – Шань шыңдарына дейін бір мың бес жүз шақырымға созылып жатыр.
Жер көлемі 2,7 миллион шаршы шақырымнан асады. Республика жерінің үлкендігі соншалық – оның оңтүстігі мен солтүстігі, батысы мен шығысындағы табиғаты бір – біріне ұқсамайды.Қазақстан жері пайдалы кендерге бай, жер шарында кездесетін кен байлықтарының бәрі бар.Олар : темір рудасы, түсті және асыл металдар ( мыс, қорғасын, қалайы, күміс, алтын және басқалары)
, көмір, мұнай, фосфориттер.Осыларды игеру барысында жаңа қалалар пайда болды.Олар: Арқалық,Балқаш, Жезқазаған, Қарғанды, Қаратау,Теміртау, Ақтау, Кентау т.б.
Қазақтар бұрын көшпенді ел болып, мал шаруашылығымен айналысқан.Бүгінгі Қазақстан ауыр индустриясы мен ауыл шаоруашылығы дамыған, жоғары мәдениетті де білімді елге айналды.
Тапсырма 1.Мәтінді мәнерлеп оқып шығыңыз.
Грамматикалық материал:
Қимыл - сын үстеу (наречия образ действия и времени) – қимылдың алуан түрлі сыны, сапасы, жасалу тәсілін білдіріп, қалай? деген сұраққа жауап береді.
Мысалы: лезде, көзімше, шалқасынан, етпетінен.
Үстеулер |
Сұрақтар |
Мысалдар |
Қимыл - сын үстеу |
қалай? қалайша? қайтіп? |
әзер "с трудом", дұрыс «правильно», дереу «тотчас», жорта «нарочно», зорға «еле -еле», осылай «так», әрең «насилу», әбден «совсем», бірге «вместе», тікелей «напрямую», әдейі «специально», баяу «медленно», бірден «сразу», шапшаң «быстро», жылдам «быстро», өзгеше «по-другому», тез «быстро», меніңше «по-моему», ептеп «по-тихоньку», бірге «вместе», ауызша «устно», жақсы «хорошо», жазбаша «письменно», нашар «плохо»,.... |
1-тапсырма. Мына сөйлемдерді оқып, орыс тіліне аударыңыз.
1.Самат дұрыс айтады. 2.Әдейі айтып тұр. 3. Гауһар жақсы оқиды. 4. Сен нашар жазасың. 5. Осылай болсын! 6. Бірге жаз. 7. Наташа қазақша әрең сөйдейді. 8. Ол тез жүреді. 9.Зорға шыдап отыр. 10. Біз орысша шапшаң жазамыз. 11. Сен ақырын сөйлейсің, ал мен тез қатты сөйлеймін. 12. Тікелей хабарласыңыз.
2-тапсырма. Мына үстеулерді пайдаланап сөйлем құраңыз.
әзер, дұрыс, дереу, жорта, зорға, осылай , әрең, әбден, бірге, тікелей, әдейі, баяу, бірден, шапшаң, жылдам, өзгеше, тез, меніңше, ептеп, бірге, ауызша, жақсы, жазбаша, нашар.
