Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2014-2015 оқу жылына әдістемелік жұмыс 1сем.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
243 Кб
Скачать
☆

Алматы қаласы.

Алматы қаласы – бұрынғы Қазақстан Республикасының астанасы. Ол – оңтүстік астана. Алматы - өте үлкен, әдемі қала. Алматыда Үлкен Алматы, Кіші Алматы өзендері бар. Олар қаланың орталығында. Алматының көшелері түзу және кең. Осы кең, түзу көшелерде машиналар, автобустар, трамвайлар, троллейбустар өте көп.Алматыда көп қабатты үйлер, Әуезов қазақ драма театры, лермонтов орыс драма театры, «Арман», «Алатау», «Байқоңыр» кинотеатрлары, Мәдениет сарайы, Орталық спорт кешені, мейрамханалар, дүкендер бар. Қаланың орталығында 25 қабатты қонақ үйі, цирк, «Заңғар» сауда үйі, теміржол бекеті, әуежай, орталық кітапхана және оқу орындары бар. Медеу мұзайдыны да жақын.

4-тапсырма.Ответьте на вопросы по тексту.

1.Қазақстан Республикасының бұрынғы астанасы не?

2.Алматы қандай қала? Алматыда қандай өзендер бар?

3.Алматының көшелерінде не көп?

4.Алматыда қандай театрлар, кинотеатрлар бар? Тағы нелері бар?

Сабақ 32

Грамматикалық тақырыбы: Жалпылау есімдік.

Лексика: «Менің университетім»

Мақсаты: Оқуға, жазуға, ауыз екі сөйлеуге қалыптастыру. Лексикалық минимум мен грамматикалық тақырыпты меңгеру.

Жұмыс жоспары:

1.Грамматикалық мағынаны енгізу.

2.Жаңа сөздерді меңгеру.

3.Өтілген материалды бекіту.

4.Соған байланысты тапсырма, жаттығулар орындату.

Біздің университет

Қазақстанда жоғарғы оқу орындары өте көп. Соның бірі - Шымкент қаласындағы Мирас университеті. Университеттің 3 оқу ғимараты, кітапхана, спорт кешендері студенттердің сапалы білім алуының кепілі.

Университеттің профессор-оқытушылар құрамының ғылыми деңгейі жоғары. Мұнда 20 ғылым докторы, профессорлар, 66 ғылым кандидиты, аға оқытушылар мен оқытушылар қызмет етеді. Университет қабырғасында 21 мамандық бойынша 5 мың студент сапалы білім алуда.

Біздің университет "Тәуелсіз мемлекеттер достастығы" шеңберіндегі елдермен қатар өркениетті АҚШ, Канада, Германия ғалымдарымен ғылыми тұрғыда ұдайы байланыс жасайды. Жақсы оқитын студенттерге "Болашақ" бағдарламасына қатысуға толық мүмкіндік жасалған.

Түркия, Пәкістан, Иран, Қытай т.б. шет мемлекеттерден келген жастар университетте білім алуда. Сабақ кредиттік технология негізінде топтың білім алу ерекшелігіне қарай қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жүргізіледі.

Тапсырма

  1. Біздің университет шағын әңгіме (эссе) жазыңыз.

  2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоғары оқу орындарының өзіндік ерекшеліктері. (дөңгелек үстел).

Грамматикалық материал:

Жалпылау есімдіктері деп мағына жағынан кем дегенде екі я онан көп заттар мен құбылысатарды жинақтай атау үшін қолданылатын сөздерді айтамыз.

Жалпылау есімдіктеріне бәрі, барлық, барша, бар (бар адам), күллі, бүкіл, түгел деген сөздер ғана жатады.

1-тапсырма. Жалпылау есімдіктерінің сөздерін пайдалана отырып, сөйлем құраңыздар.

Бәрі, барлық, барша, бар, күллі, бүкіл, түгел.

2-тапсырма. Мына сөйлемдерді дәптерлеріңізге көшіріп жазыңыз. Көп нүктенің орнына есімдіктің жалғауын қойыңыз.

1. Мен ... халім жаман емес. Өзің ... халің қалай? 2. Біз ... оқулық жоқ, тағы біреулер ... сұрап көр. 3. Ыстықкөлге демалуға кім ... бардыңдар? 4. Мен ... ешкім ... жұмысы болмасын. 5. Сіз ... барсын немесе ол ... барсын, мен ... қолым тимейді. 6. Бәрі ... дұрыстап түсіндір, жарай ма? 7. Ешкім ... ештеме сұрамаймын.

3-тапсырма. Сөздерді пайдалана отырып, сұхбат құрыңыз.

Сөздік минимум: Университет, негізі қаланған жыл, ашылған кез, бірінші ректор, бірінші факультет деканы, оқу ісі бөлімінің проректоры, ғылыми бөлім, оқу бөлімі, жатақхана, оқу ғимараттары, бас ғимарат, жаңа бөлім, түрлі мамандық.

Сөйлесім үлгілері: Сіз қай университетте оқисыз? С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде оқимын. Қандай мамандықтар бар? Әр түрлі мамандықтар бар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]