Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2014-2015 оқу жылына әдістемелік жұмыс 1сем.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
243 Кб
Скачать
☆

Сабақ 33

Грамматикалық тақырыбы: Белгісіздік есімдік.

Лексика: Қазақстан – Азия барысы

Мақсаты: Оқуға, жазуға, ауыз екі сөйлеуге қалыптастыру. Лексикалық минимум мен грамматикалық тақырыпты меңгеру.

Жұмыс жоспары:

1.Грамматикалық мағынаны енгізу.

2.Жаңа сөздерді меңгеру.

3.Өтілген материалды бекіту.

4.Соған байланысты тапсырма, жаттығулар орындату.

1-тапсырма. Мәтінді оқыңыз.

Қазақстанның – Азия барысы

Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді. Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, саясаттық және экономикалық факторларына байланысты жүргізіп келеді.

1991 жылы тәуелсіздік алған сәттен бастап біздің республика әлемнің 130 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Көптеген себептерге байланысты Орталық Азия мен Қазақстан аймағы әлем саясатында қазіргі кезде ерекше назарға ие. Осы ретте еліміздің болашақта даму мүмкіндіктерінің мол екендігін ескере кету керек. Бүгінгі күні қазақстандық сыртқы саясат басымдылығы ең алдымен Ресей, Қытай, АҚШ, ЕО, Орталық Азия аймағындағы көршілес мемлекеттермен, ислам әлемімен тең құқылы қарым-қатынас құруға бағытталып отыр. Бұл тұрғыда 2006 — 2007 жылдары аталмыш мемлекеттермен және аймақтармен едәуір алға басты.

Грамматикалық материал:

Белгісіздік есімдіктер деп мағыналары жағынан заттар мен құбылыстарды нақтылы түрде білдірмей, белгісіз мәнде айтылатын сөздерді айтамыз.

Белгісіздік есімдіктердің жасалауына бір, әр, әлде деген үш сөз ұйытқы болып қызмет атқарады, белгісіздік есімдіктер осы сөздердің кейбір басқа есімдіктермен бірігуі арқылы жасалады. Мысалы:

  1. Біреу, кейбіреу, кейбір, қайсыбір, әрбір, бірнеше, бірдеме (бірнеше).

  2. Әркім, әрне, әрқайсы, әрқалай.

  3. Әлдекім, әлдене, әлдеқайдан, әлденеше, әлдеқалай, әлдеқашан (алдақашан).

1-тапсырма. Белгісіздік есімдігін қолдана отырып сөйлем құрыңыз.

Әлдекім, әлдеқайдан, әлденеше, әлдеқалай, кейбір, қайсыбір, әрбір, бірнеше, біреу, кейбіреу, кейбір, қайсыбір, әрбір, бірнеше, бірдеме.

2-тапсырма. Көп нүктенің орнына керекті белгісіздік есімдігін қойып жазыңыз.

1.Үйде ... бар. 2.Алмас, Арайды шақырып .... айтты. 3.Менің туылған күнім ... өтіп кетті. 4. Марат бір айтқан сөзін ... рет қайталады. 5. ... әртүрлі айтады. 6. ... кітап оқығанды жақсы көреді.

3-тапсырма. Қазақ тіліне жазбаша аударыңыз.

1.Это мой дом, а тот - его дом. 2.Сделайте это сами. 3. У меня ничего нет. 4.Все люди гуляют на улице. 5.Кто это? 6. Пусть сейчас никто ничего не читает. 7. Это твое место? Пусть туда никто не садится. 8.Как Вы говорите по - казахски? Я Вам говорю! 9.Это упражнение выполняйте сами. 10. Ты знай это сам.

Сабақ 34

Грамматикалық тақырыбы: Болымсыздық есімдік.

Лексика: «Өсімдіктер әлемі» (ағаштар мен гүлдер)

Мақсаты: Оқуға, жазуға, ауыз екі сөйлеуге қалыптастыру. Лексикалық минимум мен грамматикалық тақырыпты меңгеру.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]