Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2014-2015 оқу жылына әдістемелік жұмыс 1сем.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
243 Кб
Скачать
☆

Сабақ 44

Грамматикалық тақырыбы: Мөлшер үстеулері.

Лексика: Қазақстанның кен байлықтары.

Мақсаты: Оқуға, жазуға, ауыз екі сөйлеуге қалыптастыру. Лексикалық минимум мен грамматикалық тақырыпты меңгеру.

Жұмыс жоспары:

1.Грамматикалық мағынаны енгізу.

2.Жаңа сөздерді меңгеру.

3.Өтілген материалды бекіту.

4.Соған байланысты тапсырма, жаттығулар орындату.

Қарағанды көмірін кім тапқан?

1833 жылы Қарқаралыдағы Көкпекті өзінің бойындағы Қарағанды жайлауына малшы Байжан Игілік байдың малын айдап келген. Байжанның кіші баласы Аппақта жылқышы болған.Аппақ қылдан тұзақ жасап тышқан аулап джүріп, іннің қасынан жалтыраған қара тасты тауып алады. Онымен қамшысының сабын сызғанды, қара із қалдырғанын көреді. Аппақ бұл тасты қара бояу дееп ойлайды. Бірақ жұрт оның қара бояу еместігін білгенненсоң тасты отқа лақтырып жібереді.Күтпеген жерден тас лапылдап жанып жұртты таң қалдырды.Содан „Аппақ керемет тас тауыпты„ деген лақап ауылдан ауылға тарап кетеді.

1856 жылы наурызда керемет тастың хабары Қызылжар саудагері Ушаковқа жетеді.Ол Ақтай болысыИгіліков Ордабайдың ертіп баруын сұрайды. Аппақ оларды апарып көрсетеді.Бұдан соң Ушаков Қарағанды жайлауын Игілікпен 250 сомға сатып алады.

1856 жылы тамызда Қарағандыға Қызылжардан Ушаковтың керуені келіп, оның көмірін қазуға кіріседі. Аппақ ағасымен осы көмір кәсіпшілігінде жұмыс істейді.

Тапсырма.

Сөздерге сөйлем құрастырыңыздар.

Богатыство – байлық, мед-мыс, нефть – мұнай, свинец – қорғасын, золото- алтын, Добывают – өндіреді, поля – егістік, степь – дала, луга – жайылым, хлопок – мақта, растут- өседі,огромный – өте үлкен, пщеница – бидай, овес – сұлы,рожь – қара бидай, ячмень -арпа.

Тапсырма. Мына мақал – мәтелдерді көшіріп жазып, жаттап алыңыздар.

1.Ер дәулеті – еңбек. 6.Бірлік болмай тірлік болмайды.

2.Еңбегіне қарай өнбегі. 7.Білекті бірді жығар,

3.Еңбек ерлікке жеткізеді. Білімді мыңды жығар.

4.Енбек түбі – береке 8.Еңбек етсең ерінбей,

Көптің түбі – мереке. Тояды қарның тіленбей.

5.Еріншектің ертеңі бітпес.

Грамматикалық материал:

Мөлшер үстеу (наречия количества и меры) – қимылдың және сынның түрлі дәрежесі, шамасын білдіріп, қанша? деген сұраққа жауап береді.

Мысалы: неғұрлым, әжептеуір, көптеген, осынша, бірталай.

Үстеулер

Сұрақтар

Мысалдар

Мөлшер үстеулер

Қанша?

Қаншама?

Қаншадан?

Неше?

Нешеден?

Нешелеп?

сонша "столько", соншама "столько", қаншама "столько", осынша "столько", едәуір "достаточно", бір-бірден "по одному", талай "много", біраз "намного", көп "много", қырау "много", әжептәуір "достаточно", көптеген "много", аз "мало",...

1-тапсырма. Мына сөйлемдерді оқып, орыс тіліне аударыңыз.

1.Едәуір жұмыс бітірмекпіз. 2.Соншама кісі. 3. Қаншама адам жүр! 4. Қаншама адам күтіп тұр. 5. Мына сөйлемді екі рет жаз. 6. Мира біраз ойнап тұр. 7. Кітапты көп оқу керек. 8. Бір-бірден сана. 9. Әжептәуір сал. 10. Әлі талай жұмыс істерміз. 11. Осыншама қонақ келеді. 12. Төле би көшесінде көптеген машина жүр.

2-тапсырма. Мына үстеулерді пайдаланып сөйлем құраңыз.

сонша, соншама, қаншама, осынша, едәуір, бір-бірден , талай, біраз, көп, қырау, әжептәуір, көптеген, аз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]