Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2014-2015 оқу жылына әдістемелік жұмыс 1сем.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
243 Кб
Скачать
☆

Сабақ 36

Грамматикалық тақырыбы: Сан есім. Сан есімнің сөйлемдегі қызметі.Сан есімнің түрлері. Дара және күрделі сан есім. Есептік сан есім. Реттік сан есім.

Лексика: «Дене мүшелері»

Мақсаты: Оқуға, жазуға, ауыз екі сөйлеуге қалыптастыру. Лексикалық минимум мен грамматикалық тақырыпты меңгеру.

Жұмыс жоспары:

1.Грамматикалық мағынаны енгізу.

2.Жаңа сөздерді меңгеру.

3.Өтілген материалды бекіту.

4.Соған байланысты тапсырма, жаттығулар орындату.

1-тапсырма. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз.

Дене мүшелері

Адамның дене мүшелеріне бас, мойын, қол, аяқ, тізе, шынтақ, саусақ, кеуде, қарын, иық, т.б. жатады. Мұны адамның қанқасы дейді. Адамның бас мүшесінде шаш, бет, көз, құлақ, мұрын, ауыз, маңдай, шеке, иек, қас, ерін, тіс, тіл, таңдай, т.б. мүшелер орналасқан. Адамдар баспен ойлайды, көзбен көреді, мұрынмен дем алады, құлақпен естиді, ауызбен тамақтаннады, тілмен сөйлейді, тіспен тамақ шайнайды, аяқпен жүреді, қолмен ұстайды. Бұлардың бәрі – көзбен көруге болатын дене мүшелері.

Сөздік тапсырма

бас - голова

мойын - шея

шаш - волосы

құлақ - ухо

мұрын - нос

көз - глоза

қас - брови

кірпік - ресница

ауыз - рот

ерін - губы

тіс - зубы

тіл - язык

бет -лицо

жақ - челюсть

маңдай - лоб

иек - подбородок

қол - рука

кеуде - грудь

арқа - спина

тізе - колени

аяқ - нога

қарын - живот

шынтақ - налокотник

саусақ - палец

Грамматикалық материал:

Сан есім (имя числительное) - заттың санын, ретін, мөлшерін, бөлгегін білдіретін, неше? қанша? нешінші? деген сұрақтарға жауап беретін сөз табы. Мысалы: Мен бірінші (нешінші) курс студентімін.

Сан есім мағынасына қарай 6 бөлінеді. (по значению)

1.Есептік сан есім (количественное)

2.Реттік сан (порядковое)

3.Жинақтық сан есім (собирательное)

4.Болжамдық сан есім (приблизительное)

5.Топтау сан (группирующие)

6.Бөлшектік сан есім (дробное)

Сан есім құрамына қарай ( по составу) дара және күрделі сан есім болып екіге бөлінеді. Дара сан есімдер бір сөзден тұрады. Олар: бес, он, екеу, мың т.б.

Күрделі сан есімдер екі не одан да көп сан есімдерден кұралады. Олар: он бес, тоқсан тоғыз, жүз бес, екі мың төртінші.

Тұлғасына қарай (по форме) негізгі және туынды болып екіге бөлінеді.

Негізгі сан есім тек түбірден ғана жасалады.(непризводные - образованы только из корня)

Мысалы: екі, төрт, алпыс, тоқсан, жүз т.б.

Туынды сан есім түбірге жұрнақ қосылу арқылы жасалады. (производные - образуются путем прибавления к корню суффикса).

Мысалы: бір-інші, алты-ншы, тоғыз-ыншы т.б.

Есептік сан есім дегеніміз заттың нақты санын білдіреді. (обозначает конкретное количество предмета) қашан? неше? (сколько?). Мысалы: бес, он, үш, бір мың қырық жеті.

Реттік сан есім дегеніміз заттың реттік қатарын білдіреді. (обозначает порядковый номер предмета) нешінші? қаншасыншы? (который?). Сан есімге – ыншы, -інші, -ншы, -нші жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. Араб цифрымен берілсе жұрнақтың орнына қойылады. Рим цифры болса – дефис қойылмайды. Күн, жыл аттарымен тіркескен реттік сан есімнен кейін дефис қойылмайды.(после арабских цифр ставится тире, после римских цифр дефис не ставится). Мысалы: бір- інші, аты-ншы, тоғыз-ыншы. 11-сынып, 2-пәтер, ХХ ғасыр, І том т.б.

2-тапсырма. Сөздерді пайдалана отырып, сұхбат құрыңыз.

Сөздік минимум: Бас, көз, құлақ, ауыз, мұрын, бет, жақ, маңдай, тіс, тіл, шықшыт, иек, кеңсірік, мойын, иық, кеуде, жауырын, іш, аяқ, жамбас, буын, бармақ, тырнақ.

Сөйлесім үлгілері: Адам ауырмау үшін не істеу керек деп ойлайсыз?Алдын ала сақтану керек. Дене мүшелерінің қызметін айтып бере аласыз ба? Әрине, баспен ойлайды, көзбен көреді, құлақпен естиді, мұрынмен иіс сезеді, дем алады, ауызбен сөйлейді, ас ішеді т.б.

3-тапсырма. Төмендегі сан есімдерге сөйлем құраңдар.

Он, тоғыз, жиырма, сексен бес, тоғыз, жеті, бір, алпыс жеті, отыз тоғыз, қырық, он тоғыз т.б.

4-тапсырма. Бос орындарды толтырыңыздар.

1.Бір жылда .... ай бар. 2.Бір жылда ...мезгіл бар. 3.Ақпан - қыстың .... айы. 4.Қорада жиырма .... қой бар. 5. ... тугел болса, төбедегі келеді, ... ала болса, ауыздағы кетеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]