Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Keshen_Tshe_Aygul.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
36 Мб
Скачать
☆

Металл манометр

Атмосфералық қысымнан артық қысымдарды өлшеуге қолданылады.

Ішкі құрылысы 20-суретте көрсетілген.

20-сурет

21-сурет

8-тәжірибе.

Негізгі бөлігі доға тәрізді иілген 1-металл түтік, бір ұшы 4-кран арқылы қатынас ыдысқа жалғанады, екінші ұшы жабық. Түтікке ауа үрлегенде түтік түзеледі.

Осы деформацияны тіркеу үшін жетекші механизм қолданылады. 5-рычаг пен 3 тістер көмегімен 2-тілше шкала бойымен қозғалады (21-сурет).

Қысым төмендегенде түтік серіпімділігіне байланысты бастапқы қалпына, ал тілше нөлдік деңгейге келеді.

Сорғылар

9-тәжірибе.

Поршеньді шыны түтік суы бар ыдысқа батырылады. Поршеньді көтергенде, су да түтік бойымен көтеріледі (22-сурет).

Осы қарапайым тәжірибеге поршеньді сұйықтық насосотың жұмыс істеу принципі негізделеді.

Насос құрылысы 23,24-суреттерде көрсетілген. Ол сорма насос, үрме (ауа камералы) насос болып бөлінеді.

22-сурет

23-сурет

24-сурет

Сорма насос цилиндр қабырғасына кептеліп орнатылған 1-поршень жоғары-төмен қозғалады. Поршеньнің өзіне және цилиндрдің төменгі жағына 2-клапандар орнатылған. Клапандар тек жоғарыға қарай ашылады. Поршень жоғары көтерілгенде атмосфералық қысым әсерінен су да жоғары көтеріледі. Төменгі клапан көтеріліп су поршеньге ілеседі.

Поршеньді төмен түсіргенде поршень астындағы су қысымы төменгі клапан-ды жабады, ал жоғарғы клапан ашылып су поршень үстіндегі кеңістікке шығады. Поршеньнің келесі көтерілуімен су насос шүмегінен сыртқы ыдысқа құйылады. (23, 24-суреттер)

Зертханалық жұмыс №9 архимед күші Толыктыру керек су көлігі, ауада ұшу ариометрлер

1-тәжірибе.

Сұйыққа батырылған денеге әсер ететін кері итеруші күшті анықтауға арналған тәжірибе.

Серіппеге кішкентай шелек және цилиндр тәрізді дене ілінеді. Серіппенің қанша созылғанын, яғни дененің ауадағы салмағы серіппеге бекітілген тілшенің көрсетуі бойынша тағанда белгіленеді. (27,а-сурет). Денені сәл көтеріп сұйық құйылған шүмекті ыдыс қойылады да, дене түгел сұйыққа батырылады (27,б-сурет).

Көлемі дене көлеміне тең сұйық шүмекті ыдыстан ағып, қасындағы стаканға құйылады. Серіппенің көрсеткіші жоғары көтеріледі, серіппе қысқарып, сұйықтағы дененің салмағы кемігенін көрсетеді.

Бұл жағдайда денеге ауырлық күшінен басқа, оны сұйықтан кері итеруші күш әсер етеді.

Егер, стаканға құйылған сұйықты шелекке құйса, серіппенің көрсеткіші өзінің бұрынғы деңгейіне келеді (27,в-сурет).

27-сурет

Архимед күшінің шамасын анықтау үшін арнайы -суреттегі Архимед шелегі, демонстрациялық динамометр өлшемі белгілі шелек пен денесі бар арнайы құралдардың көмегімен демонстрацияланады.

Денелердің жүзуі

2-тәжірибе.

Шүмегі бар ыдыстың шүмегінің деңгейіне дейін су құйылады. Салмағы алдын ала өлшенген жүзетін дене ыдысқа салынады. Ол дене суға түскен соң, көлемі өзінің суға батқан бөлігінің көлеміндей суды ығыстырады (28-сурет). Ығыстырылған судың салмағын (Архимед күшін) өлшесе, оның дененің ауадағы салмағына тең болатыны дәлелденеді.

28-сурет

Ауада ұшу

3-тәжірибе.

Қажетті құрал жабдықтар: целофан қалта, сіріңке немесе тұтатқыш.

Демонстрациялық тәжірибенің жасалу әдістемесі: Целофан қалтаны ашып, аузын төмен қарата отырып төменгі жағына сіріңкенің бірнеше талын қоса жағу керек. Не болмаса сіріңкенің орнына тұтатқыш пайдалануға болады. От жанғаннан соң қызған ауаның әсерінен целофан қалта жоғары көтеріледі.

ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС №10

БЕТТІК КЕРІЛУ. ЖҰҒУ. ҚЫЛТҮТІКТІК ҚҰБЫЛЫСТАР

1-тәжірибе.

Қажетті құрал жабдықтар: ине, суы бар ыдыс, алмас

Демонстрациялық тәжірибенің жасалу әдістемесі: Ұстар жүзін немесе инені абайлап суға салайық. Ұстар жүзі суға батпайды, су беті сәл ғана иілгендей болады. Ал егер оны тереңірек батырсақ, батып кетеді. Демек, мұнда да беттік қабаттағы молекулааралық күштер ұстара жүзінің төмегі су қабатына өтуіне мүмкіндік бермейді.

2-тәжірибе

Қажетті құрал жабдықтар: Сымнан жасалған сақина, куб, үшбұрыш, жіп, сабын ерітіндісі немесе ыдыс жуатын ерітінді.

Демонстрациялық тәжірибенің жасалу әдістемесі: Сымнан жасалған сақина алып, оның екі жерін жіппен қосып, сақинаны сабын ерітіндісіне салып, сабын қабыршағын алайық. Егер жіптің бір жағындағы қабыршақты инемен тесіп жіберсе, онда қабыршақтың екінші жағы жиырылып жіпті өзіне қарай тартатынын байқаймыз

3-тәжірибе

Қажетті құрал жабдықтар: Серіппеге ілінген шыны пластина, суы бар ыдыс

Демонстрациялық тәжірибенің жасалу әдістемесі: серіппеге жалпақтау шыны пластинканы ілеміз. Шыныны суы бар ыдыс бетіне түсіріп, одан кейін оны қайтадан баяу жоғары көтерейік. Шыны судан бірден ажырап кетпейді, суға жабысып қалғандай болады. Серіппе бұрынғыдан да ұзарады

.

Қорытынды: Серіппенің серпімділік күші молекулалардың тартылыс күшінен басым болған кезде, әйнек су бетінен ажырайды.

4 -тәжірибе

Қажетті құрал жабдықтар: Май, су, шыны пластина

Демонстрациялық тәжірибенің жасалу әдістемесі: Шыны пластина үстіне бір жанына май тамшысын, ал екінші жанына су тамшысын тамызамыз.

Қорытынды: Сұйық қатты дененің бетіне жұғатын болса, онда сұйық тамшысы оңан жайылады, ал жұқпайтын болса, жайылмайды

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]