- •Зертханалық жұмыс №1
- •Демонстрациялық эксперименттің әдістемесі және қойылу техникасы мен оған қойылатын талаптар
- •Зертханалық жұмыс №2 оқу экспериментті даярлау және көрсету кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережелері
- •Зертханалық жұмыс №3 заттардың құрылысы туралы алғашқы мағлұматтар Атомдар мен молекулалар. Заттардың молекулалық құрылысы
- •Молекулалардың қозғалысы. Диффузия. Дене температурасының молекулалар жылдамдығына тәуелділігі
- •Заттың үш күйі
- •Қыздырылған денелер көлемінің ұлғаюы
- •Молекулалардың өзара тартылуы мен тебілуі
- •Зертханалық жұмыс №4 қозғалыс
- •Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар
- •Бірқалыпты қозғалыстың жылдамдығы
- •Инерция
- •Зертханалық жұмыс №5 масса. Заттың тығыздығы Денелердің өзара әсері
- •Дене массасы
- •Заттың тығыздығы
- •Зертханалық жұмыс №6 күш. Динамометр
- •Динамометр
- •Дене салмағы. Серпімділік күші. Гук заңы
- •Дененің Жердің тартылысы нәтижесінде тағанға немесе аспаға түсірген күшін дене салмағы деп атайды.
- •Тартылыс құбылысы. Ауырлық күші
- •Денеге бір түзудың бойымен әсер ететін күштерді қосу
- •Үйкеліс күші
- •Зертханалық жұмыс №7 қысым Қысымның берілуі
- •Сұйықтар мен газдардың қысымы. Паскаль заңы
- •Гидравликалық пресс
- •Газдың қысымы
- •Ауырлық күшінің әрекетінен сұйықтар мен газдардағы қысым
- •Қатынас ыдыстар
- •Зертханалық жұмыс №8 атмосфералық қысым. Манометрлер Атмосфералық қысым. Ауа массасын өлшеу.
- •Т орричелли тәжірибесі
- •Магдебург табақшалары
- •Манометрлер
- •Барометр
- •Сұйықты манометр
- •Металл манометр
- •Сорғылар
- •Зертханалық жұмыс №9 архимед күші Толыктыру керек су көлігі, ауада ұшу ариометрлер
- •Қ ылтүтіктік құбылыстар
- •Жұмыс және қуат. Энергия. Механикалық жұмыс.
- •Энергия
- •Потенциалдық және кинетикалық энергиялар
- •М аксвелл маятнигі
- •Зертханалық жұмыс №12 жай механизмдер. Күш моменті. Жай механизмдер
- •Күш моменті. Иінтірек. Иінтірекке түскен күштердің тепе-теңдігі.
- •Механиканың «Алтын ережесі»
- •Механизмдердің пайдалы әсер коэффициенті
- •Зертханалық жұмыс №13 жылу құбылыстары Жылулық қозғалыс
- •Ішкі энергия
- •Дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдері
- •Жылу өткізгіштік
- •Конвекция
- •Зертханалық жұмыс №14 Жылу мөлшері
- •Заттың меншікті жылу сыйымдылығы
- •Отын энергиясы. Отынның меншікті жану жылуы
- •Заттың агрегаттық күйлері
- •Қатты денелердің балқуы және қатаюы
- •Булану және конденсация
- •Жылу қозғалтқыштары
- •Іштен жанатын қозғалтқыш
- •§16. Бу турбинасы
- •Зертханалық жұмыс №7 электр құбылыстары. Электр өрісі Денелерді электрлендіру
- •Зарядтардың екі тегі. Зарядталған денелердің өзара әсері
- •Электроскоп. Электрөткізгіштер және электр тогын өткізбейтіндер
- •Е кі денені бір уақытта зарядтау
- •Электр өрісі
- •Электр зарядының бөлінгіштігі. Электрон
- •Электр құбылысын түсіндіру
- •Зертханалық жұмыс №8 Ток күші, кернеу, кедергі Электр тогы
- •Ток көздері
- •Электр тізбегі және оның құрамды бөліктері
- •Электр тогының әсерлері
- •Электр өлшеуіш құралдар
- •Демонстрациялық амперметр
- •Демонстрациялық вольтметр
- •Ток күшін өлшеу
- •Кернеуді өлшеу
- •Ток күшінің кернеуге тәуелділігі
- •Тізбек бөлігі үшін Ом заңы
- •Меншікті кедергі
- •Реостаттар
- •Өткізгіштерді тізбектеп қосу
- •16. Өткізгіштерді параллель қосу
- •Электр тогының жұмысы
- •Электр қыздырғыш құралдар тұтынатын қуатын анықтау
- •Қысқаша тұйықталу. Сақтандырғыштар
- •Зертханалық жұмыс №9 Әр түрлі ортадағы электр тогы Металдардағы электр тогы
- •Электролиттегі электр тогы
- •Газдардағы электр тогы
- •Вакуумдегі электр тогы
- •§5. Шала өткізгіштердегі электр тогы
- •Зертханалық жұмыс №10 Электрмагниттік құбылыстар. Магнит өрісі Тұрақты магниттер
- •Түзу токтың магнит өрісі
- •Тогы бар катушканың магнит өрісі
- •Электрмагниттер
- •Зертханалық жұмыс №11 Электрмагниттік өріс Электр қозғалтқышы
- •Электрмагниттік индукция
- •Жазық айна. Сфералық айналар
- •. Электр энергиясының алыс қашықтықтарға жеткізілуі. Трансформаторлар
- •Зертханалық жұмыс №12 Жарық құбылыстары. Жарықтың қасиеттері Жарық көздері. Жарықтың таралуы
- •. Жарықтың шағылуы. Шағылу заңы
- •Жарықтың сынуы. Жарықтың толық шағылуы
- •Зертханалық жұмыс №13 Геометриялық оптика
- •§1. Линзалар
- •Линзадан кескін алу
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Глоссарий
- •«Физика және математика» кафедрасына қарасты «Мектеп экспериемнтінің техникасы» пәні бойынша 2015- 2015 оқу жылында пайдаланылатын арнайы дәрісханалардың тізімі
Электр өрісі
7-тәжірибе. Зарядталған жеңіл гильзаны жіпке іліп электрлеген таяқшаны жақындатқанда, гильза таяқшаға қарай жақындайды. Таяқшаны гильзаның екінші жағынан жақындатқанда гильза таяқшаға қарай бұрылады (5-сурет).
|
|
5-сурет
Жоғардағы тәжірибе қайта жасалады. Гильзаға таяқшаны жақындатып және алыстатады. Гильзаның ауытқу бұрышы өзгереді.
Зарядталған денелерге жақын жерде өріс күштірек болады да, олардан алыстаған сайын өріс әлсірейді.
Электр зарядының бөлінгіштігі. Электрон
8-тәжірибе. Екі электроскоп алынып біріне электр заряды беріледі. Екі электроскоп өткізгішпен жалғастырылады. Бірінші электроскоптағы тілше зарядтың кемуін, екіншісінде зарядтың пайда болғаны байқалады (2,3-сурет).
Бастапқы заряд тең екіге бөлінеді. Жоғарыдағы тәжірибедегі екінші электроскоп зарядсыздандырылсын (мысалы, қол тигізу арқылы).
Одан соң бірінші электроскоппен өткізгіш арқылы қайта жалғанады. Бастапқы зарядтың тағы екіге бөлінгені байқалады. Электр зарядының бөліну шегі бар.
Электр құбылысын түсіндіру
9-тәжірибе. Екі электроскоп өткізгішпен жалғанады. Бір электроскоптың шарына зарядталған таяқша жақындатылады. Екі электроскоптың тілшелері заряд пайда болғанын көрсетеді. Таяқшаны алыстатқанда электроскоптағы заряд жойылады (6-сурет).
6-сурет
10-тәжірибе. Жоғарыдағы тәжірибе қайталанады, бірақ таяқшаны жақындатып тұрып, екі электроскопты жалғап тұрған өткізгішті алып тастағанда да электроскоптағы зарядтар сақталады.
11-тәжірибе. 10-тәжірибедегі электроскоптардың заряд таңбасы анықта-лады. Ол үшін зарядталған таяқшаны кезекпен электроскоптарға жақындату қажет. Бірінші электроскопқа таяқшаны жақындатқанда тілшенің ауытқуы артады, екіншісіне жақындатқанда кемиді.
Электроскоптар қарама-қарсы таңбалы зарядтарға ие болады.
12-тәжірибе. 11-тәжірибеден қарама-қарсы таңбаға ие болған электроскоп-тарды өткізгішпен жалғайды. Тілшелер зарядтардың жойылғанын көрсетеді
Зертханалық жұмыс №8 Ток күші, кернеу, кедергі Электр тогы
1-тәжірибе. Жіпке ілінген зарядталған шарды екі металл пластина ортасына орналастырады. Шар қозғалыссыз қалады.
Шарды зарядсыздандырып электростатикалық машинадан пластиналарға әртекті заряд беріледі. Пластиналар арасында электр өрісі пайда болады. Шар тағы да қозғалыссыз қалады (1-сурет).
1-сурет
2-тәжірибе. Жоғарыдағы тәжірибедегі шар мен пластиналарды бір сәтте зарядталса, шар пластиналар арасында зарядтар тасымалдай отырып тербеледі. Пластиналар жалғанған электроскоптар зарядсызданады.
Зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы электр тогы деп аталады.
Электр тогын алу үшін электр өрісі және электр зарядын тасымалдаушылар болуы шарт.
Ток көздері
3-тәжірибе. Екі электроскоп электростатикалық машина арқылы зарядталады.
Электр зарядының бөлінуі механикалық жұмыс істеу нәтижесінде болады (1 сурет).
Зарядталған электроскоптарды люминисцентті лампа арқылы жалғастырады. Лампа арқылы зарядтардың қозғалысы лампаның жануын туғызады (2-сурет).
|
|
1 сурет |
2-сурет
|
Электр машинасында механикалық энергия электр энергиясына айналады.
4-тәжірибе. Термопараны гальванометрмен жалғастырып, одан соң қыздырса, гальванометр тілшесінің ауытқуы байқалады. Мұндай ток көзі термоэлемент деп аталады (3-сурет).
Ішкі энергияның электр энергиясына айналуы нәтижесінде электр тогы пайда болады.
3-сурет |
4-сурет |
|||
|
|
|||
|
|
|||
-сурет |
|
-сурет |
|
|
5-тәжірибе. Фотоэлементті гальванометрмен жалғап оған жарық түсіреді. Гальванометр тілшесі ауытқиды (4-сурет).
Электр тогы жарықтың электр энергиясына айналуы нәтижесінде пайда болады.
6-тәжірибе. Күкірт қышқылы құйылған стаканға мырыш және мыстан жасалған электродтар батырылады. Электродтарды электр шамына жалғағанда лампа жанады (5-сурет).
Электр тогы химиялық энергияның электр энергиясына айналуы нәтижесінде пайда болады.
Гальвани элементі мен аккумуляторлар құрылысы, жұмысы осыған негізделген.
5-сурет
