Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Keshen_Tshe_Aygul.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
36 Мб
Скачать
☆

Реостаттар

20-тәжірибе. Тізбектегі ток күшін реттеу үшін көптеген жағдайда реостаттар қолданылады.

Ең қарапайым реостат ретінде меншікті кедергісі үлкен материалдан (никель немесе нихром) жасалған сым алынады. Мұндай сымды А және С контактілері арқылы амперметрмен тізбектей жалғау қажет. Жылжымалы С контактіні қозғай отырып сымның ұзындығын кемітуге немесе арттыруға болады. Солайша тізбек кедергісі өзгереді, демек ток күші де өзгеріп отырады (17-сурет).

17-сурет

21-тәжірибе. Құрылымы әртүрлі реостаттар (кедергілер магазині, жылжымалы, тиекті) көрсетіледі.

Өткізгіштерді тізбектеп қосу

22-тәжірибе. Өзара тізбектей жалғанған лампалар, амперметр, ток көзінен тұратын тізбек құрастырылды. Тізбек тұйықталған соң тізбектегі ток күші өлшенеді. Одан соң амперметрдің тізбектегі орнын өзгертіп, ток күшін өлшейді (18-сурет).

Тізбектегі өткізгіштер тізбектей жалғанғанда ток күші тізбектің кез келген бөлігінде өзгеріссіз қалады.

18-сурет

23-тәжірибе. Электр тізбегі өзара тізбектей жалғанып ток көзіне қосылған екі лампадан тұрады. Вольтметрлермен әрбір лампаның кернеуі және тізбектегі толық кернеу өлшенеді (19-сурет).

Тізбектегі толық кернеу тізбек бөліктеріндегі кернеулер қосындысынан тұрады.

19-сурет

24-тәжірибе. Ток көзінің тізбегіне демонстрациялық кедергілер магазині жалғанады. Әртүрлі кедергілерді тізбектей жалғағандағы токтың жүру бағыты бақыланады.

Тізбектегі толық кедергі тізбек бөлігіндегі өткізгіштер кедергісінің қосындысынан тұрады.

16. Өткізгіштерді параллель қосу

25-тәжірибе. Ток көзінің тізбегіне өзара параллель жалғанған лампалар қосылады (20-сурет).

20-сурет

26-тәжірибе. Жоғарыдағы тәжірибедегі электр тізбегіне амперметрлер қосылады (21-сурет).

21-сурет

Тізбекті тұйықтаған соң ток күші өлшенеді.

Тізбектің тарамдалған бөлігіндегі ток күші, тізбектің параллель жалғанған бөліктеріндегі ток күштерінің қосындысына тең болады.

27-тәжірибе. 22-суреттегі сұлба бойынша электр тізбегі жалғанады. Оқушылардың назарын үш вольтметрдің көрсетулері бірдей болғанына аудару қажет.

Өзара параллель жалғанған өткізгіштер ұштарындағы кернеу бірдей.

22-сурет 23-сурет

28-тәжірибе. Жоғарыдағы тізбектегі бір лампаны алып тастағанда екіншісі жанып тұра береді (22-сурет).

29-тәжірибе. Жоғарыдағы 22-суреттегі лампа орнына электрдвигателін қосқанда, лампа жанады, двигатель жұмыс істейді.

Бір электр тізбегіне өзара параллель бірнеше электр энергиясының тұтынушыларын қосуға болады.

Электр тогының жұмысы

30-тәжірибе. 29-тәжірибе қайталанады.

31-тәжірибе. 29-тәжірибедегі тізбекке қосымша электр шамына немесе өткізгішке тізбектей амперметр, өткізгішке параллель вольтметр жалғанып, олардың мәндері уақыт өткен сайын өлшеніп отырады.

Электр тогының жұмысы ток күші, кернеу және уақыттың көбейтіндісіне тең екендігі көрсетіледі.

Электр қыздырғыш құралдар тұтынатын қуатын анықтау

32-тәжірибе. Физика кабинетінде айнымалы токтың жарық беретін электр желісі болса, кез келген ток қабылдағыштың қуатын анықтау үшін, көп таралған электр лампа,электр плиткасы, үтік сияқты тұрмыстық құралдардын пайдалануға болады.

Тәжірибе алдында амперметр мен вольтметр айнымалы ток пен кернеуді өлшеуге дайындалып, қажетті шкаласы қойылады.

Мысалы, қуаты 600 Вт, 220 вольттік электр плиткасы арқылы 3А ток жүреді, Сондықтан 3А шунт пайдаланылады. Ал қуаты 600 Вт, 127 вольттік электр плиткасын тізбекке қосу үшін 10А шунт қажет.

23-суреттегі кілтті ажыратқанда плитка мен амперметр ажырап, вольтметр тізбекте қосулы күйінде қалады да, желідегі кернеуді көрсетеді. Плитканы қосқанда ток келтіретін өткізгіштердегі кернеудің түсуі нәтижесінде вольтметр көрсетуі төмендейді.

Тізбектегі ток күшін және плитка қысқыштарындағы кернеуді өлшеп, қуатты анықтайды.

Есептелген қуат плитка паспортында көрсетілген шамаға жуық болатынына назар аударады. Электр желісі болмаған жағдайда ток көзі ретінде аккумулятор-лар батареясын пайдаланып, аз вольтті лампа немесе қандай да бір қабылдағыш қуатын анықтауға болады.

33-тәжірибе. Қыздыру лампасының әр түрлері демонстрацияланады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]