Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Keshen_Tshe_Aygul.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
36 Мб
Скачать
☆

Қысқаша тұйықталу. Сақтандырғыштар

34-тәжірибе. Қысқаша үш патронды және аз вольтті лампалар панелі ток көзіне жалғанады. Балқымалы сақтандырыштардың жұмысын демонстрациялау үшін лампалы панельдің қысқыштарын тұйықтайтын қосқыштардың бірінің орнына диаметрі 0,15мм мыс сым қосады.

Жоғарғы лампаны бұрап алып, бос патронға қандай да бір металл нәрсені қойып, қысқаша тұйықталу демонстрацияланады. Қысқаша тұйықталу кезінде сым күйіп, жоғарғы лампа өшеді, ал төменгісі жана береді.

Сақтандарғыш қызметін сым атқарады (24- сурет).

24- сурет

Зертханалық жұмыс №9 Әр түрлі ортадағы электр тогы Металдардағы электр тогы

1-тәжірибе. Металдардағы электрондардың инерциялық өозғалысын байқайтын тәсілді көрсету үшін, гальванометрге ұзын сым оралған шарғыны (катушканы) 1–суреттегідей жалғайды. Шарғыны шапшаң қозғалысқа келтіріп, сонан соң кенет тежейді. Шарғының тежелуі кезінде гальванометр қысқа мерзімдік токты тіркейді. Бұл токтың бағыты теріс зарядталған бөлшектердің, яғни электрондардың инерциялық қозғалысынан пайда болғанын дәлелдейді.

1–сурет

Сонымен, металдардағы электр тогы еркін электрондардың реттелген қозғалысы екен.

Электролиттегі электр тогы

2-тәжірибе. Тазартылған суы бар ыдысқа екі таза көмір электродтарын салып, оларды электр шамымен тізбектей жалғап, бұл қондырғы ток көзіне қосылады. Шам жанбайды, демек тазаланған су жақсы оқшуаланған.

Енді тамызғыш көмегімен тұз қышқылының бірнеше тамшысын суға тамызса, шам жанады, демек ерітіндіде заряд тасымалдаушылар пайда болды (2-сурет). Біраз уақыттан соң электродтарды ыдыстан алғанда, олардың біреуінің бетінде мыстың жұқа қабатының түзелгенін көруге болады. Токты жіберу шамасына қарай, уақыт өткен сайын – көмір катодтағы мыс қабаты біртіндеп қалыңдайды (3-сурет).

2-сурет 3-сурет

Демек, электролиттердегі ток иондар деп аталатын зарядталған бөлшектердің қозғалысымен қамтамасыз етіледі.

Газдардағы электр тогы

3-тәжірибе. Ток көзінен, сезгіш гальванометр мен екі пластинадан тұратын электр тізбегі жиналады. Пластиналар аралығындағы (2-3см) кеңістікті спирт шамы жалынымен қыздырылады. Гальванометр тілшесі ауытқиды, яғни тізбекте тко пайда болды (3-сурет). Демек, пластина арасындағы ауа (газ) иондалады, яғни оң және теріс иондар, еркін электрондар пайда болады, олар электр өрісінде қозғалысқа келеді.

4-сурет

Вакуумдегі электр тогы

4-тәжірибе. Екі электродты (диод) электр шамының құрылысы көрсетіледі. 5-суретте оның сыртқы түрі көрсетілген. 3 – ауа сорылып алынған цилиндр формалы шыны құты, оның төменгі жағында 1 – спираль түріндегі қыздыру қыл сымы (катод), құтының жоғары жағында 2 – екінші электрод (анод) дәнекерленген. Қыздыру қыл сымы 4 – тіректер арқылы диодтың 5 – қосқыштарына жалғанған (5-сурет).

5-сурет 6-сурет

5-тәжірибе. 6-суретте көрсетілгендей қондырғы жинақталады. Диодтың қыздыру қыл сымын кілт арқылы түзеткіштің «6,3В» кернеу қосқыштарына жалғайды. Анод «+» қосқышына, «- » қосқышты реостат арқылы қыл сымға қосады. Қыл сым қосылып, оның қыздырылуы бақыланады. Анодтық тізбек қосылып демонстрациялық гальванометр тілшесінің ауытқуын бақылайды, демек тізбекте ток жүрді.

Сонымен, вакуумдегі электр тогы жоғары температурада электрондардың катодтан (металдан) шығу нәтижесінде пайда болған қозғалысы екен.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]