Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Keshen_Tshe_Aygul.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
36 Мб
Скачать
☆

Булану және конденсация

19-тәжірибе. Үш шыны әйнек бетіне спирт, су, бензин жағылады. Алдымен спирт, одан соң бензин, соңында судың іздерінің жойылғаны байқалады.

Булану және кебу сұйықтың тегіне тәуелді.

20-тәжірибе. Екі шыны әйнегі алынып, бірі аздап қыздырылады. Екі шыны-ға да су тамшысы жағылады. Қызған шыны бетіндегі су ізі тезірек жойылады.

Булану мен тебу сұйық температурасына тәуелді.

21-тәжірибе. Жабық цилиндрге аздап су құйылады. Цилиндрдің жоғары-дағы саңылауына түтік орналастырылады. Цилиндрді қыздырғанда түтіктен бу шығады. Шыққан будың алдына тосқауыл ретінде шыны пластинаны ұстаса, шыны бетінде су тамшылары пайда болады.

Будың сұйыққа айналуы құбылысын конденсация деп атайды.

Қайнау

22-тәжірибе. Суы бар стакан қыздырғышқа қойылады. Судың температура-сы термометрмен өлшеніп бақыланады. Судың қайнау температурасы анықталады.

Суды қыздыру жалғастырылады, бірақ судың температурасы өзгермейді.

23-тәжірибе. Қыздырғыштан суы бар стакан алынады, судың қайнауы тоқтайды, аз уақыттан соң су температурасы төмендейді. Стакан ішіндегі суға спирт құйылған пробирка батырылады. Спирт қайнайды. (16-сурет)

Әртүрлі сұйықтың қайнау температурасы әртүрлі.

Жылу қозғалтқыштары

24-тәжірибе. 15-тәжірибе қайталанады.

25-тәжірибе. Жылжымалы поршені бар цилиндр түтік арқылы суы бар пробиркамен жалғанады. Пробиркадағы суды қайнатқанша қыздырады. Осы кезде пайда болған бу жүкті көтеріп жұмыс істейді.

Газ ұлғайғанда да жұмыс жасайды. Оның ішкі энергиясы механикалық энергияға айналады.

Отынның ішкі энергиясының бір бөлігін механикалық энергияға айналдыратын машиналарды жылу қозғалтқыштары деп атайды.

Іштен жанатын қозғалтқыш

І штен жану қозғалтқышы – жылу қозғалтқыштарының ең көп тараған түрі, онда отын тікелей цилиндрде, қозғалтқыштың өзінің ішінде жанады.

18-сурет

26-тәжірибе. Төрт тактілі іштен жану қозғалтқышының моделі демонстрацияланады. (18-сурет)

§16. Бу турбинасы

27-тәжірибе. Түтігі бар су қыздырылады. Түтіктен шыққан будың жолына турбина қалақшалары қойылады, нәтижесінде турбина айналады (19-сурет).

19-сурет

Зертханалық жұмыс №7 электр құбылыстары. Электр өрісі Денелерді электрлендіру

1-тәжірибе. Эбонит таяқшаны теріге үйкеп, үшкір тағанға ілінген металл түтікшеге жақындатқанда металл түтікше эбонит таяқшаға жақындап тартылады (1-сурет).

Үйкелгеннен кейін өзіне басқа денелерді тартатын денені электрленген немесе электр заряды берілген деп айтады.

1-сурет

2-сурет

Зарядтардың екі тегі. Зарядталған денелердің өзара әсері

2-тәжірибе. Жіпке ілулі тұрған эбонит таяқшаны теріге үйкеп электрлеу қажет. Екінші эбонит таяқшаны да теріге үйкеп электрлеп, ілеулі тұрған таяқшаға жақындату керек. Таяқшалар бір-бірінен тебіліп қашықтайды (2-сурет).

Таяқшалар бірдей заттан жасалғандықтан және бір денеге үйкеліп электрленгендіктен олардағы зарядтардың тегі бірдей.

Бір тектес зарядтары бар денелер бірін-бірі тебеді.

3-тәжірибе. Жіпке ілінген эбонит таяқшаны теріге үйкеп электрлендіру қажет. Оған жібекке үйкеліп электрленген шыны таяқша жақындатылады. Шыны таяқша мен эбонит таяқша бір-біріне тартылады.

Жібекке үйкелген шыны таяқшадағы заряд пен теріге үйкелген эбонит таяқшадағы заряд - әртектес зарядтар.

4-тәжірибе.Электрофор машинасының екі полюсіне екі сұлтанды жалғап, одан соң олардың екеуін бір полюске жалғап шашақтарының қалай қозғалатынын баұылайды.

5-тәжірибе.Стаканға немесе шүмегі бар ыдысқа су құйады. Одан аққан судың ағынына эбонит таяқшасын киізге үйкеп алып жақындатады. Судың ағыны бағытынан аздап бұрылады.

сурет

сурет

Әр тектес зарядтары бар денелер бір-біріне тартылады.

2, 3-тәжірибеден шығатын қорытынды электр зарядтарының екі тегі болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]