Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Keshen_Tshe_Aygul.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
36 Мб
Скачать
☆

Сұйықтар мен газдардың қысымы. Паскаль заңы

2-тәжірибе.

Ауа насосының қалпағы астына аз ғана ауасы бар резеңке шар, аузы байланып ілінеді. Қалпақ астындағы ауа сорылып алынғанда, шар дөңгелек пішінді түрге келеді. (2а-сурет)

Газ ыдыс қабырғасына бірдей қысым түсіреді.

3-тәжірибе. «Паскаль шары» құралындағы пластмасса шарды алып тастап орнына резина шар бекітіледі. Поршеньді төмен қарай жылжытқанда резеңке шардың үрленгені байқалады. Керісінше, поршеньді жоғары көтергенде, резеңке шар солыңқырайды (яғни көлемі кішірейеді) (3-сурет).

Көлем кішірейгенде газ қысымы артады, көлем үлкейгенде газ қысымы кемиді.

3-сурет

4-сурет

4-тәжірибе.

Түбі резеңке цилиндр шыны шарға жалғастырылады. Ауасы бар шарды қыздырғанда резеңкенің созылып торсиғаны байқалады. Суытса, қайта қалпына келеді (4-сурет).

Газ температурасы артқанда қысымы да артады.

5-тәжірибе.

«Паскаль шары» құралын ақ түсті ұнтақпен (мысалы үгітілген бор) толтырады. Поршеньді төмен түсіргенде ауа қысымы артады. Ұнтақ ауамен бірге шар саңылауынан барлық бағытта бірдей шашырайды. (5а-сурет).

5а-сурет

6-тәжірибе.

Жоғарыдағы тәжірибе қайталанады, ұнтақ орнына су құйылады. Поршень суға қысым түсіреді, су шар саңылауларынан бірдей барлық бағытта атқылайды (5-сурет).

Газдар мен сұйықтар өздеріне түсірілген қысымды барлық жаққа бірдей жеткізеді.

5-сурет

Гидравликалық пресс

7-тәжірибе.

Гидравликалық престің жұмысы Паскаль заңына негізделеді.

Гидравликалық машинаның негізгі бөлігі түтікпен өзара жалғастырылған, диаметрлері әртүрлі екі цилиндр. Поршеньдер астындағы кеңістік пен түтік сұйықпен толтырылады. Поршеньдерге күштер әсер етпегенде екі ыдыстағы сұйық бағандарының биіктіктері бірдей болады.

25-сурет

26-сурет

Гидравликалық престің құрылысы сұлба түрінде 26-суретте беріледі. Престелетін А дене үлкен В поршеньмен жалғасқан платформа үстіне қойылады. Кіші Д поршень көмегімен сұйыққа үлкен қысым түсіріледі. Бұл қысым цилиндрдегі сұйықтың барлық нүктелеріне өзгеріссіз беріледі. (Паскаль заңы). Сондықтан В поршеньға да сондай қысым әсер етеді. В поршенінің ауданы Д поршеньнен үлкен болғандықтан, В поршеньге әсер ететін күш те үлкен болады. Осы үлкен күш әсерінен А дене қозғалмайтын платформаға тіреліп қысылады. М манометр арқылы сұйық қысымы өлшенеді. Р – сақтандырғыш клапан, қысым шектен асқан жағдайда өзінен-өзі ашылады.

Д поршень қайта қозғалғанда сұйық кіші цилиндрден үлкен цилиндрге қарай ауысады. Кіші поршень көтерілгенде К клапан ашылады да Д поршені астындағы кеңістікке сұйық сорылады.

Кіші поршень төмен түскенде сұйық қысымының әсерінен К клапан жабылып К/ клапан ашылады, сұйық үлкен ыдысқа ауысады.

Газдың қысымы

8-тәжірибе.

Қажетті құрал жабдықтар: Ауа сорғысы, ауа қалпағы, резеңке шар.

Демонстрациялық тәжірибенің жасалу әдістемесі: Ауа сорғысы қалпағының асытан аузы байлаулы, ішінде аздаған ауасы бар резеңке шар орналастырылады (1-сурет). Одан кейін сорғымен қалпақтың ішіндегі ауаны сорып шығарады.

1-сурет 2 сурет

Айналасындағы ауа сирей бастағанда шардың шала толтырылған резеңке қабығы біртіндеп торсия бастайды да, ақырында шар пішініне келеді (2- сурет). Бұл тәжірибеде алғашқыда ауаның қозғалыстағы молекулалары шардың қабырғасын ішінен де сыртынан да үздіксіз соққылайды. Қалпақтың шіндегі ауаны сорып шығарғанда шардың айналасындағы молекулалар саны азаяды. Бірақ аузы байлаулы болғандықтан, шардың ішіндегі молекулалар саны өзгермиді. Сонда шардың ішкі бетіне соқтығысатын молекулалар саны оның сыртқа бетіне соқтығысу санынан көбірек боладыү Сөйтіп резеңке қабығының серпімділік күші газдың қысым күшіне теңелгенше, шар торсия береді. Бұл газдың шар қабырғасына барлық бағытта бірдей қысым түсіретінін көрсетеді.

Қорытынды: газдың ыдыс қабырғасына барлық бағытта бірдей қысым түсіретінін көрсетеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]