Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Keshen_Tshe_Aygul.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
36 Мб
Скачать
☆

Электрмагниттер

11-тәжірибе. Катушка тізбекке амперметр және реостат арқылы қосылады. Магнит тілшесін біршама қашықтыққа қойып, тогы бар катушканың әлсіз әсерін бақылайды. Осы сәтте катушкаға темір өзекше енгізеді, магнит тілшесінің ауытқуы бірден артады.

Катушканың ішіне енгізілген темір оның магниттік әсерін күшейтеді.

Осы тәжірибені темір үгінділерін катушкаға жақындату арқылы демонстрациялауға болады (8-сурет).

8 -сурет 9-сурет

12-тәжірибе. Демонстрациялық электрмагнитті ток көзі тізбегіне қосады. Электрмагнит якорына жүк ілінеді. Тізбек тұйық болса, электрмагнит үлкен жүкті көтере алады. Тізбекті ажыратқанда, якорь жүкпен бірге электрмагниттен ажырайды (9-сурет).

М агнит өрісі

1

3-тәжірибе. Магнит тілшесі тыныштық жағдайда демонстрацияланады. Магнит тілшесінің көрсету бағытына назар аудару қажет. Тілшені қалпынан ауытқытып, қандай да бір бұрышқа бұру қажет. Аз уақыттан соң магнит тілшесі бастапқы қалпына келеді.

Тілшенің полюстері ауысатындай етіп бұрып қоя берсек, тағы да бастапқы қалыпқа келеді.

Жерді қоршаған магнит өрісі бар.

Зертханалық жұмыс №11 Электрмагниттік өріс Электр қозғалтқышы

1-тәжірибе. Алдымен магнит өрісінің тогы бар өткізгішке әсері демонстрацияланады.

АВ өткізгіші иілгіш екі өткізгішке асылып ток көзіне қосылады. АВ өткізгіш доға тәрізді магниттің полюстері арасында орналастырылған, демек ол магнит өрісінің ықпалында. Электр тізбегін тұйықтағанда өткізгіш қозғалады (1-сурет).

1-сурет

Өткізгіштің қозғалу бағыты ток бағыты және магнит полюстерінің орналасуына тәуелді.

2-тәжірибе. АВСД – жеңіл рамка оське орнатылған. Рамка изоляцияланған бірнеше сымдар орамынан тұрады. Орамның бір ұшы төменде бір жарты сақинамен, екіншісі екінші жарты сақинаға жалғасқан.

Әрбір жарты сақина металл пластинаға (щеткаға) жабыса орналасқан. Щетка арқылы рамкаға ток көзінен ток беріледі. Щетканың бірі ток көзінің оң, екіншісі ток көзінің теріс полюсіне жалғанады (2-сурет).

Рамка магнит полюстері арасына орналастырылады. Тізбекті тұйықтағанда рамка айналады (3-сурет).

Тогы бар рамканың магнит өрісінде айналуы құбылысы электрқозғалтқыштар құрылысының негізі болып табылады.

2-сурет 3-сурет

Электрмагниттік индукция

3-тәжірибе. Кедергісі аз демонстрациялық гальванометрдің қысқыштарына изоляцияланған майысқақ ұзын сымды жалғастырып, таға тәрізді магниттің арасында жоғары және төмен қозғалтады. Гальванометр тілшесінің әлсіздеу болса да көрінетіндей ауытқуынан тұйықталған тізбекте индукциялық токтың пайда болғанын байқап, оның бағытын анықтауға болады (4-сурет).

Содан соң, сымды тұзақ түрінде бірнеше орамдар жасап, оны магнит полюсіне кигізіп, жоғары және төмен қозғалтып, гальванометр тілшесінің көбірек ауытқығанын көруге болады.

4-тәжірибе. Гальванометрге универсаль трансформатордан 220 Вольтқа лайықталған шарғыны жалғап, онда түзу магниттің қозғалысымен индукциялық токты қоздырады (5-сурет). Одан кейін магнитті шарғының ішінде жәй және тез қозғалта отырып гальванометр тілшесінің қозғалысы бақыланады. Енді екі магнитті бірдей полюстерімен қосып, оларды бұрынғыдай қозғалта отырып, одан да күшті индукциялық токты алуға болады.

4-сурет 5-сурет

5-тәжірибе. (А) шарғыны гальванометрмен, (В) шарғыны кілт арқылы ток көзімен жалғайды. Енді (А) шарғыны (В) шарғыға енгізе отырып қозғалтсақ, галванометр тілшесінің ауытқығанын көреміз, ал шарғылар бір-біріне салыстырғанда қозғалыста болмаса, онда ток болмайды (-сурет).

6-тәжірибе. (А) мен (В) шарғылар қозғалыссыз болады, бірақ (В) шарғыға С өзекше енгізіп гальванометр тілшесінің ауытқуын бақылауға болады. Сол сияқты өзекшенің орнына түзу магнитті енгізіп, оның қозғалысы кезінде тізбекте индукциялық ток пайда болғанын көруге болады (7-сурет). Магнит полюстерін және қозғалыс бағыттарын өзгерте отырып ток бағытының өзгергенін бақылауға болады.

6-сурет 7-сурет

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]