- •Зертханалық жұмыс №1
- •Демонстрациялық эксперименттің әдістемесі және қойылу техникасы мен оған қойылатын талаптар
- •Зертханалық жұмыс №2 оқу экспериментті даярлау және көрсету кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережелері
- •Зертханалық жұмыс №3 заттардың құрылысы туралы алғашқы мағлұматтар Атомдар мен молекулалар. Заттардың молекулалық құрылысы
- •Молекулалардың қозғалысы. Диффузия. Дене температурасының молекулалар жылдамдығына тәуелділігі
- •Заттың үш күйі
- •Қыздырылған денелер көлемінің ұлғаюы
- •Молекулалардың өзара тартылуы мен тебілуі
- •Зертханалық жұмыс №4 қозғалыс
- •Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар
- •Бірқалыпты қозғалыстың жылдамдығы
- •Инерция
- •Зертханалық жұмыс №5 масса. Заттың тығыздығы Денелердің өзара әсері
- •Дене массасы
- •Заттың тығыздығы
- •Зертханалық жұмыс №6 күш. Динамометр
- •Динамометр
- •Дене салмағы. Серпімділік күші. Гук заңы
- •Дененің Жердің тартылысы нәтижесінде тағанға немесе аспаға түсірген күшін дене салмағы деп атайды.
- •Тартылыс құбылысы. Ауырлық күші
- •Денеге бір түзудың бойымен әсер ететін күштерді қосу
- •Үйкеліс күші
- •Зертханалық жұмыс №7 қысым Қысымның берілуі
- •Сұйықтар мен газдардың қысымы. Паскаль заңы
- •Гидравликалық пресс
- •Газдың қысымы
- •Ауырлық күшінің әрекетінен сұйықтар мен газдардағы қысым
- •Қатынас ыдыстар
- •Зертханалық жұмыс №8 атмосфералық қысым. Манометрлер Атмосфералық қысым. Ауа массасын өлшеу.
- •Т орричелли тәжірибесі
- •Магдебург табақшалары
- •Манометрлер
- •Барометр
- •Сұйықты манометр
- •Металл манометр
- •Сорғылар
- •Зертханалық жұмыс №9 архимед күші Толыктыру керек су көлігі, ауада ұшу ариометрлер
- •Қ ылтүтіктік құбылыстар
- •Жұмыс және қуат. Энергия. Механикалық жұмыс.
- •Энергия
- •Потенциалдық және кинетикалық энергиялар
- •М аксвелл маятнигі
- •Зертханалық жұмыс №12 жай механизмдер. Күш моменті. Жай механизмдер
- •Күш моменті. Иінтірек. Иінтірекке түскен күштердің тепе-теңдігі.
- •Механиканың «Алтын ережесі»
- •Механизмдердің пайдалы әсер коэффициенті
- •Зертханалық жұмыс №13 жылу құбылыстары Жылулық қозғалыс
- •Ішкі энергия
- •Дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдері
- •Жылу өткізгіштік
- •Конвекция
- •Зертханалық жұмыс №14 Жылу мөлшері
- •Заттың меншікті жылу сыйымдылығы
- •Отын энергиясы. Отынның меншікті жану жылуы
- •Заттың агрегаттық күйлері
- •Қатты денелердің балқуы және қатаюы
- •Булану және конденсация
- •Жылу қозғалтқыштары
- •Іштен жанатын қозғалтқыш
- •§16. Бу турбинасы
- •Зертханалық жұмыс №7 электр құбылыстары. Электр өрісі Денелерді электрлендіру
- •Зарядтардың екі тегі. Зарядталған денелердің өзара әсері
- •Электроскоп. Электрөткізгіштер және электр тогын өткізбейтіндер
- •Е кі денені бір уақытта зарядтау
- •Электр өрісі
- •Электр зарядының бөлінгіштігі. Электрон
- •Электр құбылысын түсіндіру
- •Зертханалық жұмыс №8 Ток күші, кернеу, кедергі Электр тогы
- •Ток көздері
- •Электр тізбегі және оның құрамды бөліктері
- •Электр тогының әсерлері
- •Электр өлшеуіш құралдар
- •Демонстрациялық амперметр
- •Демонстрациялық вольтметр
- •Ток күшін өлшеу
- •Кернеуді өлшеу
- •Ток күшінің кернеуге тәуелділігі
- •Тізбек бөлігі үшін Ом заңы
- •Меншікті кедергі
- •Реостаттар
- •Өткізгіштерді тізбектеп қосу
- •16. Өткізгіштерді параллель қосу
- •Электр тогының жұмысы
- •Электр қыздырғыш құралдар тұтынатын қуатын анықтау
- •Қысқаша тұйықталу. Сақтандырғыштар
- •Зертханалық жұмыс №9 Әр түрлі ортадағы электр тогы Металдардағы электр тогы
- •Электролиттегі электр тогы
- •Газдардағы электр тогы
- •Вакуумдегі электр тогы
- •§5. Шала өткізгіштердегі электр тогы
- •Зертханалық жұмыс №10 Электрмагниттік құбылыстар. Магнит өрісі Тұрақты магниттер
- •Түзу токтың магнит өрісі
- •Тогы бар катушканың магнит өрісі
- •Электрмагниттер
- •Зертханалық жұмыс №11 Электрмагниттік өріс Электр қозғалтқышы
- •Электрмагниттік индукция
- •Жазық айна. Сфералық айналар
- •. Электр энергиясының алыс қашықтықтарға жеткізілуі. Трансформаторлар
- •Зертханалық жұмыс №12 Жарық құбылыстары. Жарықтың қасиеттері Жарық көздері. Жарықтың таралуы
- •. Жарықтың шағылуы. Шағылу заңы
- •Жарықтың сынуы. Жарықтың толық шағылуы
- •Зертханалық жұмыс №13 Геометриялық оптика
- •§1. Линзалар
- •Линзадан кескін алу
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Глоссарий
- •«Физика және математика» кафедрасына қарасты «Мектеп экспериемнтінің техникасы» пәні бойынша 2015- 2015 оқу жылында пайдаланылатын арнайы дәрісханалардың тізімі
Заттың үш күйі
7-тәжірибе.
Химиялық стаканға мұз кесегі салынады. Мұздың белгілі пішіні бар. Мұзы бар стаканды қыздырғанда мұз еріп суға айналады, еріген су деңгейі белгіленеді. Қыздыруды жалғастырғанда су қайнайды. Қайнаған судың деңгейі буға айналып төмендей береді. Табиғаттағы заттар қатты, сұйық және газ күйінде бола алады.
8-тәжірибе.
Әр түрлі пішіндегі қатты заттарды демонстрациялап, олардың пішіндерін сақтайтындығы көрсетіледі. Қатты заттардың пішіні мен көлемі сақталады.
9-тәжірибе.
Цилиндрлік стаканға су деңгейі белгіленеді. Осы суды әртүрлі формадағы мензурка, конустық стакан, дөңгелек пішінді колбаға құйып, қайтадан бастапқы цилиндрлік стаканға құю қажет (7-сурет).
Сұйықтар көлемін сақтайды, бірақ пішінін жылдам өзгертеді.
|
|
|
7-сурет |
|
8-сурет |
10-тәжірибе.
Көмірқышқыл газын стаканға құюды көлеңкесі арқылы демонстрациялауға болады (8-сурет). Газдар пішінін де, көлемін де сақтай алмайды.
Қыздырылған денелер көлемінің ұлғаюы
11-тәжірибе.
Шар тәрізді ауасы бар ыдыс резеңке түтік арқылы жылжымалы поршеньді цилиндрмен жалғастырылады. Шар тәрізді ыдысты қыздырғанда цилиндрдегі поршень жоғары көтеріледі. Поршеннің төмен түсуі ыдыстағы ауаның суығанын көрсетеді (1-сурет).
Ауа көлемі қыздырғанда және суытқанда өзгереді.
12-тәжірибе.
Сақинадан еркін өтетін металл шар, қыздырылғанда сақинадан өтпейді. Салқындағаннан кейін қайтадан еркін өтеді (2-сурет).
|
|
Қатты денелердің көлемі қыздырғанда немесе суытқанда өзгереді.
13-тәжірибе.
Суы бар колба жіңішке түтік орналасқан тығынмен жабылған. Түтік бойында судың бар екенін байқауға болады. Суы бар колбаны қыздырғанда түтік бойындағы су деңгейі көтеріледі, салқындағанда төмен түседі (3-сурет).
Сұйықтар көлемі қыздырғанда немесе суытқанда өзгереді.
|
|
|
3-сурет
Молекулалардың өзара тартылуы мен тебілуі
14-тәжірибе.
Шыны пластина горизонталь жағдайда серіппеге ілінеді. Суы бар ыдысты пластинамен жанасқанша жақындатады. Одан соң суы бар ыдысты жайлап төмендетеді. Шыны пластина сумен бірге серіппені созады (5-сурет).
|
|
|
4-сурет |
5-сурет |
6-сурет |
15-тәжірибе.
Екі қорғасын цилиндрлердің жаңа кесілген тегіс беттерін бір-біріне қатты тиістіріп қойса, олар жабысады. Кейбір жүктерді көтере де алады (6-сурет).
Молекулалар арасында өзара тартылыс бар.
16-тәжірибе.
Поролон губка үстіне жүк (гирь) қойылады. Жүк алдымен губканы сығады, одан соң тоқтайды, яғни сығылмайды.
Молекулалар бір-біріне өте жақындаса, өзара тебіледі.
Зертханалық жұмыс №4 қозғалыс
1-тәжірибе. Демонстрациялық столға өзі жүретін кішкентай арбаша және ағаш білеуше санақ денесі орнатылады. Арба қозғалысы столға қойылған білеушемен салыстырғандағы орынның өзгеруі арқылы бақыланады (1а-сурет).
2-тәжірибе. Арбаша үстіне білеуше қойып тәжірибе қайталанады. Білеушемен салыстырғанда, арба тыныштықта, ал столмен салыстырғанда білеушемен бірге қозғалады (1а-сурет).
3-тәжірибе. Арбаны платформаға қойып, платформаны стол үстімен қозғалысқа келтіреді. Арба платформамен салыстырғанда тыныштық, ал столмен салыстырғанда қозғалыста болады. (1б-сурет)
Осы тәжірибелер арқылы механикалық қозғалыс, траектория, түзу сызықты, қисық сызықты қозғалыс жүргізілген жол ұғымдары қалыптастырылады.
а) 1-сурет б)
