Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Keshen_Tshe_Aygul.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
36 Мб
Скачать
☆

. Электр энергиясының алыс қашықтықтарға жеткізілуі. Трансформаторлар

7-тәжірибе. Беріліс желісінің басын және соңын екі трансформатордың жоғарғы вольтты шарғыларына жалғайды, ал төменгі вольтты шарғыларын желінің бір жағындағы магнитэлектрлік машинаның қосқыштарына, екінші жағынан электр шамының қосқыштарына жалғайды. Машинаның якорының айналуы кезінде шамның жанғанын көре аламыз (8-сурет).

8-сурет

Сонымен, тұйық өткізгіштің контурын тесіп өтетін магнит өрісінің кез келген өзгерісінде өткізгіште электр тогы пайда болу құбылысы электрмагниттік индукция деп аталады.

Зертханалық жұмыс №12 Жарық құбылыстары. Жарықтың қасиеттері Жарық көздері. Жарықтың таралуы

1-тәжірибе. Жарық көздері ретінде шырақ, электр лампалары, люминесцентті лампа демонстрацияланады.

Жарық көздері табиғи және жасанды бола алады.

2-тәжірибе. Электр лампасын бірнеше тесік саңылауы бар шардың ішіне орналастырып ток көзіне қосады. Лампа жанғанда саңылаулардан шыққан жарық сәулелері анық көрінеді (1-сурет).

Жарық көзінен жарық түзу сызықты және кеңістікке тарайды.

1-сурет

3-тәжірибе. Жарық көзінен экранға жарық түсіріледі. Жарықтың таралу жолына қандай да бір жарық өтпейтін дөңгелек шарды қойғанда экранда күңгірт дөңгелек пайда болады (2-сурет).

Жарық көзінен жарық түспейтін кеңістікті көлеңке деп атайды.

2-сурет

4-тәжірибе. 3-тәжірибедегі жарық көзін дөңгелек шарға жақындатып, немесе алыстатып көлеңкенің өлшемінің өзгеруі бақыланады.

Жарық көзі жақындағанда көлеңке ұлғаяды, керісінше, жарық көзі алыстағанда көлеңке кішірейеді (2-сурет ).

5-тәжірибе. Теллурий көмегімен (Күн –Жер – Ай моделі) Күннің, Айдың тұтылуын демонстрациялайды (3-сурет).

3-сурет

. Жарықтың шағылуы. Шағылу заңы

6-тәжірибе. Оптикалық диск арқылы жарықтың шағылуы демонстрация-ланады.

Дискінің центріне шыны пластина бекітіліп, оған жарық шоғы бағытталады. Жарықтың белгілі бөлігінің шыныдан шағылуын байқауға болады (4-сурет).

Жарық шыныға түскенде үш түрлі құбылыс: жарықтың шағылуы, жарықтың жұтылуы, жарықтың шыны денеден өтуі демонстрацияланады. Бірақ, жарықтың жұтылуы көзге көрінбейді.

4-сурет

7-тәжірибе. 6-тәжірибедегі шыны пластина айнамен ауыстырылады.

Жарықтың біраз бөлігі шағылады (4-сурет).

Жарықтың айнаға түсу бұрышын өзгерткенмен, түскен сәуле және шағылған сәуле, шағылдырушы бетке сәуле түскен нүктеден тұрғызылған перпендикуляр бір жазықтықта жатады.

Жазық айна. Сфералық айналар

8-тәжірибе. Айна алдына қолын көтеріп тұрған қуыршақ қойылады.

Оқушылар назарын кескінге аудара отырып, қуыршақтың оң қолына кескіннің көтерілген сол қолы сәйкес келетінін көрсетеді.

9-тәжірибе. Қуыршақты айнаға жақындатып немесе алыстатып, кескіннің де айнадан жақындап, не алыстайтыны демонстрацияланады.

10-тәжірибе. 4-суреттегі дискінің ортасына сфералық ойыс айна бекітіледі. Оның бетіне түсірілген параллель сәулелер, айнадан шағылғаннан кейін, айна осінде орналасқан бір нүкте арқылы өтеді. Бұл нүкте айнаның фокусы деп, ал айнаның төбесінен фокусқа дейінгі қашықтық фокус аралығы деп аталады.

Дөңес айнадан шағылған сәулелер әрқашан шашыраңқы сәулелерді береді, ал кескіндері кішірейтілген, тура және жалған болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]