Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Keshen_Tshe_Aygul.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
36 Мб
Скачать
☆

Ауырлық күшінің әрекетінен сұйықтар мен газдардағы қысым

9-тәжірибе.

Бүйірінде тесіктері бар цилиндр қолданылады. Цилиндрді суға толтырғанда тесіктерден ағатын судың траекториясы әртүрлі және ағып шығатын судың жылдамдықтары әртүрлі болады. Тесік төмен болған сайын, ағып шығатын сұйық жылдамдығы артық болады (6-сурет).

Сұйықтың ыдыс қабырғасына түсіретін қысымы тереңдікке тәуелді.

6-сурет

Қатынас ыдыстар

10-тәжірибе.

Екі шыны түтіктер резеңке түтікпен жалғастырылады. Резеңке түтікті қысқышпен қысып, бір түтікке су құйылады. Қысқышты ашқанда, екінші түтікке су аға бастайды. Екі түтіктегі су деңгейі бірдей болғанда ғана ағу тоқтайды. Түтіктің біреуін штативке орнатып қойып, екіншісін көтеруге, төмен түсіруге, қисайтып қоюға болады (7-сурет).

Пішіні әртүрлі қатынас ыдыстарда тыныштықта тұрған сұйықтардың еркін беттері бір деңгейде тұрады (сұйықтардың үстіңгі жағындағы қысым бірдей болған жағдайда) (8-сурет).

7-сурет

8-сурет

11-тәжірибе.

Қатынас ыдыстардың екі тармағына екі түрлі (мысалы: су мен сынап және су, керосин) сұйық құйылса, қысқышты ашқанда сұйықтар деңгейі бірдей болмайды (9-сурет).

Сұйықтың ыдыс түбіне түсіретін қысымы сұйық бағанының өлшеміне және сұйықтардың тығыздығына тәуелді.

9-сурет

10-сурет

12-тәжірибе.

Су құйылған шыны түтікше резеңке түтікпен және тамызғышпен жалғастырылған. Резеңке түтіктегі қысқышты ашқанда тамызғыш ұшынан су фонтанша атқылайды (10-сурет).

Фонтандардың жұмыс істеу принципі осыған негізделген.

13-тәжірибе.

Шыны түтік резеңке түтік арқылы бүйірінде краны бар екінші түтікпен жалғастырылған. Түтіктерді суға толтырғанда кез келген краннан су ағады. Бірінші түтіктегі су деңгейі кран деңгейінен биік болуы шарт (11-сурет).

Су құбырларының жұмыс істеу принципі осыған негізделген.

11-сурет

Зертханалық жұмыс №8 атмосфералық қысым. Манометрлер Атмосфералық қысым. Ауа массасын өлшеу.

1-тәжірибе.

Ауа массасын өлшеуге арналған шыны шар таразы арқылы өлшенеді. Одан соң шар ішіндегі ауа сорылып алынып қайта өлшенеді.

Шардың жеңілдегендегі массалар айырмашылығы ауа массасын көрсетеді (12-сурет). Қалыпты жағдайда 1 м3 көлемдегі ауа массасы 1,3 кг.

12-сурет

13-сурет

2-тәжірибе.

Ауасы сорылып алынатындай цилиндрдің беті резеңке қабатпен керіліп жабылған. Цилиндрдегі ауа сорылып алынған жағдайда резеңке қабаттың цилиндр ішіне қарай майысуы байқалады (13-сурет).

Паскаль заңы бойынша резеңке қабатқа түсірілетін қысым жоғарыдан төмен және төменнен жоғары түсірілетіндіктен бастапқыда резеңке бет майыспай керіліп тұрған болатын.

Егер цилиндр беті резеңке қабат орнына қағаз қабатпен жабылса, ауа сорылып алынғанда, атмосфералық қысым қағаз қабатын жыртып жібере алады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]