Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ФМ 2010 книга 2точный на издание2.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

2. Капиталдың орта өлшенген құны

Кез келген компания бірнеше көздерден қаржыландырылады. Компанияның капитал құны орташа арифметикалық өлшенген формуламен анықталады, яғни көрсеткіш капиталдың орта өлшенген құны деп аталады. (WACC) көрсеткіш пайызбен есептелінеді.

Капиталдың орта өлшенген құны мына формуламен анықталады:

WACC = жеке капиталдың құны* пассивтегі үлесі + қарыздық капитал құны* пассивтегі үлесі (28)

Капиталдың орташа өлшенген құнын анықтауға мүмкіндік беретін 5 негізгі капиталдың қайнар көзін бөліп көрсетуге болады:

  1. Банктік несиелер және қарыздар;

  2. Облигациялық қарыздар;

  3. Артықшылығы бар акциялар;

  4. Жай акциялар;

  5. Үлестірілмеген табыс.

Капиталдың орташа өлшенген құны инвесторлар мен акционерлер үміт артатын табыс деңгейінің минималды мөлшерін бейнелейді.

Қарастырылатын жобалардың табыстылығының ішкі нормасы бойынша IRR капиталдың орташа өлшенген құнынан көп болуы керек.

  1. Капиталдың негізгі көздерінің құны

Капитал құны меншікті және заемдық капиталдан тұрады.

Заемдық капиталдың әртүрлі көздерінің құны:

  1. Банк несиесі – займдық қаражат құны пайыз болып табылады. Егер несиені қолданғаны үшін пайыз өзіндік құнға кірсе, онда банкке төленетін пайыз. Мұндай қаражат көздерінің құны төмен болады.

(29)

Т – табыс салығы

Jr – несие бойынша пайыз ставкасы

  1. Облигациялық займ көздерінің құны:

Облигация бойынша табыс:

(30)

М – облигацияның номиналды құны

Pm – облигацияның ағымдағы нарықтық бағасы

Кк– купондық пайыздық ставка

(31)

Р – облигациялық займның пайыздық ставкасы

М – облигация

Рdp – бір облигацияны орналастыру бойынша таза пайда

К – займ мерзімі

Т – салық ставкасы

Облигация құны:

(32)

Артықшылығы бар акциялар құны:

(33)

Д – артықшылығы бар акцияның жылдық дивиденді

Pрр – акцияны сату бойынша болжанған таза пайда

Жай акциясы бойынша эмиссияның капитал құны:

(34)

Мұнда, Д1 – күтілетін дивиденд

Р0 – бағалау бойынша акция бағасы

rfc – акцияны орналастыру бойынша шығындар

д – дивидендтердің өсу темпі.

Анықталмаған пайда көздерінің құны (Krp) қаражаттың жай акция көздерінің құнына тең.

  1. Капиталдың шекті құны

Капиталдың шекті құны – болжанған шығын бойынша анықталынады. Капиталдың шекті құны тұрақты болады, бірақ тартылған ресурстардың критикалық көлеміне жетсе, сонымен бірге қайнар көздердің құрылымын өзгерткенде, капиталдың орта өлшенген құны, ереже бойынша тез өсуі мүмкін.

Ішкі көздерден капиталдың жоғары құнмен ақша қаражаттарын тарту графикте капиталдың шекті құнын көрсетуге болады.

Капиталдың шекті құны сызбасы Капиталдың шекті құны ашық нүктесімен

WАСС

Объем вновь инвестируемых средств

WАСС

Объем вновь инвестируемых средств

Капиталдың шекті құны тартылатын қаржылық ресурстар көлемінің функциясы болып табылады.

Капиталдың жоғарғы құндылығымен болатын сыртқы көздерден алынатын жаңа ақша қаражаттарының көлемі капиталдың шекті құнының сызбасында үзіліске әкеледі.

Капиталдың шекті құны (КШҚ) қосымша тартылатын қаржыландыру көздерінің сомасына капиталдың орташа өлшенген құнының қатынасының өсімін сипаттайды.

КШҚ = WАСС / қосымша тартылған қайнар көздер соммасы