Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ФМ 2010 книга 2точный на издание2.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

43 Есеп

Фирма 1000 мың. тг. капиталды иеленеді. КТС 20%. Несие бойынша пайыздық ставка 16%. Бұған байланысты капиталды қалыптастырудың екі нұсқасы бар: тек қана меншікті қаражаттарынан және ½ тартылған қаражаттар.

Фирманың меншікті қаражаттарының рентабельділігінің өзгеруін салыстырыңыз. Есептеулердің жауабын таблицаға жазыңыз.

Кесте

Көрсеткіштер

Нұсқа

1

2

Салық және несие бойынша пайыздар төлегенге дейінгі табыс мың.тг.

200

200

Меншікті капитал (МК), мың.тг.

1000

500

Тартылған капитал (ТК), мың.тг.

-

?

Заемдық қаражаттардың қаржылық ұсталымдары, мың.тг.

?

?

Салық төлегеннен кейінгі табыс, мың.тг.

?

?

КТС, мың.тг.

?

?

Таза табыс, мың.тг.

?

?

Меншікті қаражаттардың таза рентабельдігі (Рсс), %

?

?

44 Есеп

Орташа өлшенген капитал құнын (WACC) төменде келтірілген кестенің мәліметтері және бойынша есептеңіз. Табыстылықтың ішкі нормасы 18%-ды құрайтын инвестициялық жобаға салымның мақсаттылығы туралы қорытынды жасаңыз.

Кесте

Құралу көздері

Құралу көздерінің орташа құны

Пассивтегі үлесі

Артықшылығы бар акциялар

20

0,1

Жай акциялар және таратылмаған пайда

25

0,5

Несиелік қарыздарды қоса тартылған қаражаттар

20

0,4

45 Есеп

«Восток» компаниясының жай акцияларының баланстық құны 700 мың.тг., артықшылығы бар акциялар – 150 мың.тг., заемдық капитал – 500 мың.тг. Жай акциялардың құны 14%, артықшылығы бар акциялар – 11%, компанияның облигациялары – 10%. Табысқа салынатын салық – 24% болса, компанияның орташа өлшенген капитал құнын анықтаңыз.

46 Есеп

Х Акционерліқ қоғамының β -коэффициент 1,2-ге тең. Тәуекел үшін нарықтық қосу 8%, тәуекел болмағанда пайыздық ставка - 6%. Акция бойынша соңғы дивидендтер 2 тг, олардан күтілетін өсу қарқыны 8%. Қазіргі уақытта акциялар 30 тг сатылады. Фирманың акционерлік капиталын 2 әдіспен есептеңіз: қаржылық активтердің табыстылығын бағалау әдісі және дивидендтер әдісі бойынша.

47 Есеп

Келісім-шартта мынадай жағдайлар қарастырылған: сатушы жеткізшілерге өнімнің келісілген құнын екі апта ішінде өткізуі қажет. Келісілген бағасы + 10% - 2 айдан соң. Фактілік есеп айырысу екі айдан соң жүзеге асты. Жеткізушілердің несие сомасын анықтаңыз. Егер ҚҚС 24 пайыз болса.

48 Есеп

Х компания 14% экономикалық рентабельділікке ие. Қарыздық құралдардың құны 12%. Міндеттемелердің қатнасы акционерлік капиталға 2 тең. Меншікті капиталдың құнын анықтаңыз. Салық есептелінбейді.

49 Есеп

«Дельта» компаниясында келесідей мәліметтер белгілі: салық салынғанға дейінгі табыс (EBIT) 125 100 мың.тг.; ҚҚС (Тс) = 0,20; қарыз көлемі (қарыздық капитал) D = 375 500 мың.тг.; қарыздық капиталды қоспағандағы компанияның экономикалық рентабельділігі (RU) = 0,20; қарыздық құралдар құны = 0.16. компанияның құнын анықтаңыз (VU) және леверидж қолдануды (VL), акционерлік капитал көлемін (Е) және оның құнын (RE), соынмен қатар алынған қарыздар бойынша компанияның мақсатты қаржыландырылған орташа өлшенген капитал құынын анықтау керек.