Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ФМ 2010 книга 2точный на издание2.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

2.Портфель теориясы

Портфель теориясы - бұл табысты бағалау және бағалы қағаздар портфелінің тәуекелін тиімді үлестіру арқылы жүзеге асыратын статистикалық әдіс шеңберіндегі қаржылық инвестициялар теориясы.

Уильям Шарп және Гарри Марковицтің инвестициялық портфель теориясы кең таралған болып саналады (Нобель сыйлығының лауреаттары).

Осы теорияда сипатталған негізгі принциптер:

  1. Инвестициялардың тиімділігі активтер типі бойынша дұрыс үлестірілген қаражаттарға байланысты. Табыс анықталады:

    • 94%-на қолданылатын инвестициялық құралдар түрлерін таңдау әсер етеді;

    • 4%-на анықталған түрдегі нақты бағалы қағаздарды таңдау әсер етеді;

    • 2%-на бағалы қағаздарды сатып алу кезіндегі бағалау әсер етеді.

  2. Бағалы қағаздың бір түрі бойынша инвестициялардың тәуекелі күтілетін мәннен табыстың ауытқу мүмкіншілігімен анықталады;

  3. Жалпы табыстылық және инвестициялық портфельдің тәуекелділігі оның құрылымының ауытқуымен өзгеруі мүмкін;

  4. Инвестициялық портфельді құруда қолданатын барлық бағалаулар, ықтималдық сипатқа тән.

Инвестициялық портфель теориясында негізгі түсініктердің бірі «тиімді портфель» - бұл күтілетін табыстылықтың максималдылығын қамтамасыз ететін портфель.

«Оптималды портфель» тиімді портфельдер арасындағы барынша жоғары табысты портфель.

3. Тәуекелдерді бағалау әдістері

Тәуекелді есептеуге статистикалық, сараптамалық, аралас (комбинирленген) әдістерді қолданамыз.

Статистикалық әдіс негізгі болып варияция, дисперсия және стандартты ауытқулар есептеледі.

Вариация – бір жағдайдан екіншіге ауысу кезіндегі көлемді бағалар белгілерінің өзгеруін (толқуын) айтамыз. Мысалы: экономикалық рентабельділіктің жылдан жылға өзгеруі.

Вариация ауқымы- осы қатардағы нышандардың мәнінің арасындағы максималды және минималды айырмашылығы. Вариация дисперсия арқылы ( σ2), оның орташа мәнінен нақты мән белгілерін бөліп-бөліп беру өлшемімен бағаланады.

Дисперсия белгілі мәннің өзгеруінің орташа квадраты болып саналады. Мына формула бойынша есептеледі:

(9)

Стандартты ауытқу (орташа квадраттық ауытқу) тарату ортасына қатысты орташа ауытқу мәніндегі өзгермелі белгіні көрсетеді, оның көлемі дисперсияның түбір астындағы квадратымен анықталады:

Вариация коэфиценті келесі формуламен есептеледі:

(11)

Корреляция көрсеткіші – қызмет түрлері арасындағы ара-қатынастарды есептеуге немесе экономикалық статистика өндірісінде қолданылады. Бұл белгілер арасындағы байланыс, басқаларының мәнінің өзгеруіне байланысты орташа көлем ұлғаюынан тұрады.

Оң және теріс корреляцияны ажыратады.

Егер басқа белгі мәнімен бір бағытта тағы бір белгі мәні өзгерсе, онда олардың арасында оң корреляция, ал егер әртүрлі бағытта өзгеретін болса, онда теріс корреляция болады.

Ковариация қызметі екі акцияның өзгеру денгейін өлшеу болып саналады. Акция ковариациясы екі акция арасындағы қарым-қатынасты анықтауға мүмкіндік береді. Ковариация корреляциясы p12-ге екі стандартты ауытқуды көбейтумен көрсетіледі.

Cov=P12*σ1*σ2 (12)

P12-екі акция арасындағы корреляция.

Сараптамалық әдіс- тәжірибелі мамандардың көзқарастарын талқылау.

Қолайлы әдіске комбинирленген әдісті алуға болады, яғни статистикалық және сараптамалық әдістердің жиынтығы.