Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ФМ 2010 книга 2точный на издание2.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

2.Дисконттаудың әдістері

Нарықтық экономикада инвестициялардың тиімділігін бағалауда келесі қағидаларға сүйенеді:

  • есептеулер кәсіпорынның инвестициялық және өндірістік

қызметтерінің ақша ағымдарының көрсеткіштеріне негізделуі тиіс;

  • көрсеткіштердің ағымдағы деңгейге келтірілуі міндетті.

Әр уақыттағы көрсеткіштердің қазіргі уақыттағы көрсеткіштерге келтірілуі ақша ағымының дисконтталуы деп аталады. Дисконттаудағы негізгі экономикалық нормативке үлес түрінде немесе пайыз түрінде көрсетілетін дисконт нормасы ( r ) жатады. Нөлдік кезеңге келтірілу көрсеткіштің көлемінің дисконттау коэффициентіне ( ) көбейту арқылы анықталады. Дисконттың тұрақты нормасы келесідей анықталады:

, (54)

мұндағы, t- есептеу периодының номері (t=0,1,2,….,7).

Есептеу периоды айда, тоқсанда, жылда көрсетілуі мүмкін;

r- дисконттау ставкасы, бірлік

Инвестициялық талдауда дисконттау және компаундирлеу түсінігі қолданылады.

Дисконттау – болашақ ақша құнын ағымдық нақты құнына келтіру.

(55)

Компаундирлеу – дисконттауға кері процесс.

. (56)

Инвестицияны қайтарып алу мерзімін анықтау әдісі (РР) инвестициялық жобаның қайтымды мерзімін есептеуден тұрады.

Қарапайым немесе статистикалық қайта сатып алу мерзімі мерзім ұзақтығы бастапқы дәлдіктен сатып алу дәлдігіне дейін. Ғимаратқа бастапқы кезең жобасында нұсқаланады (әдетте бұл бастапқы операциялық қызмет). Ағымдағы таза кіріс (таза ақша ағымы немесе дифлировароленген баға) жасырынсыз болыа қалады және болашақта осылай қалатын қайта сатып алу дәлдігі төлем кезеңінен де басқасы ертерек дәлдігі деп аталады.

Дисконттық есеппен қайта сатып алу бастапқы моменттен дисконттау есебімен қайта сатып алу моментіне дейінгі ұзақтық кезеңі деп аталады.

Кезеңнің басталуы мен аяқталуы аралығындағы кезең дисконттауды есепке алғандағы қайтару уақыты деп аталады.

Дисконттауды есепке алғандағы қайтару кезеңі деп есептесу аралығындағы таза дисконттық табыстың [NVP] кері болмауы аталады.

Бұл әдіс - әлемдік тәжірибеде кеңінен тараған және ең қарапайымы, ол уақытша қатарланған ақша түсімін сезбейді. Өтеу мерзімі (РР) сатып алу мерзімінің төлем алгоритмі инвестициядан болжанатын кірістің бірдей бөлінуіне тәуелді. Егер кіріс жылмен тең бөлінген болса, онда сатып алу мерзімі бір уақыттағы шығынды жылдық кірісінің көлеміне бөлу арқылы есептелінеді. Бөлшек сан алған жағдайда жақын мақсаттың көбею жағына қарай дөңгелектенеді. Егер пайда бірдей бөлінбеген болса, онда сатып алу мерзімі кумулятивті кіріспен жабылатын инвестиция кезіндегі тікелей есептеу саны жылмен есептелінеді.

Өтеу мерзімін жалпы есептеу формуласы :

РР=n, егер Р › IC (57)

Бұл әдістің кемшілігіне соңғы кезеңдегі табысты есепке алмауы жатады; әдіс дисконтталмаған бағалауларға негізделген, ол кумулятивті табыстарының сомасы бірдей жобалар арасында айырмашылықтар жасамайды, бірақ оларды жылдарға бөледі.

PP критерийінің логикасы мынада: басты жобаларының ақша ағымдарының арқасында қайтарылатын шығыс инвестицияларының базалық кезеңдерін көрсетеді. Бұл критерий тек қана инвестициялардың тиімділігін бағалау үшін ғана емес, төлемқабілеттілікпен байланысты инвестициялық тәуекелдердің деңгейін анықтауға мүмкіндік береді (өтелуге дейінгі жобаны жүзеге асыру кезеңі неғұрлым ұзақ болса, инвестициялық тәуекел деңгейі соғұрлым жоғары болады).

Келтірілген таза тиімділік әдісі шығыс инвестицияларның (IC) көлемінің болжанған уақыт аралығында жалпы дисконтталған таза ақша қаражаттарының көлеміне сәйкес келтірілуі арқылы анықталады. Ақша ағымдарының келуі уақыт аралығында бөлінуіне байланысты ол, инвестормен бекітілген г коэффициентінің көмегімен анықталады.

Мысалы, инвестиция n мерзімі аралығында жылдық табысы көлемі деңгейінде сақталады деген болжам жасалды делік. Бұл жағдайда дисконтталған табыстың (PV) жалпы көлемі мен таза келтірілген тиімділік (NPV) мына формулалар арқылы анықталады:

(58)

(59)

Егер NPV>0, бұл жағдайда жобаны қабылдауға болады; егер NPV<0, бұл кезде жобаны қабылдамау керек; егер NPV=0, мұнда жоба табысты да емес, табыссыз да емес.

Егер жоба бір реттік инвестицияны емес, кезеңімен қаржылық ресурстарды m уақыты аралығында инвестициялауды ұсынса, бұл жағдайда NPV келесідей есептелінеді:

(60)

мұндағы, i-болжанған инфляцияның орташа деңгейі.

NPV көрсеткіші кәсіпорынның қарастырылып отырған жобаны қабылдауы жағдайындағы экономикалық потенциалын көрсетеді. Әр түрлі жобалардың NPV көрсеткіштерін жинақтауға болады. Бұл өте маңызды, осы арқылы инвестициялық портфель тиімділігін бағалауда аталған критерийді басқаларынан ерекше бөліп көрсетеді.

NPV әдісі арқылы жобаның коммерциялық эффектілігін ғана анықтап қана қоймай, қосымша көрсеткіштерді анықтауға мүмкіндік береді. Бұл әдістің қарапайымдылығы NPV көптеп қолданылуына мүмкіндік берді және қазіргі уақытта БҰҰ мен Халықаралық банк ұсынған инвестистициялық жобаны бағалаудың стандартты тәсілдерінің бірі болып табылады.

Әдісті дұрыс қолданудың негізгі шарттары: инвестициялық жоба барысындағы ақша ағымының көлемі жоспарланған уақыт аралығында анықталуы тиіс; инвестициялық жоба барысындағы ақша ағымы кәсіпорынның басқа қызмет түрлерінен бөлек көрсетілуі тиіс. Әдісті қолдану бірнеше жобаның эффектілігін бағалау үшін бір мөлшердегі дисконт ставкасын және бірдей уақыт аралығын қолдануға мүмкіндік береді.

Инвестициялық табыстың ішкі нормасын есептеу ( IRR) әдісінің мәні: таза келтірілген табыстың мәні нөлге тең болуы тиіс дисконт ставкасын таңдауда. IRR=r,мұнда NPV=f (r)=0 .

IRR жобамен байланысты болуы мүмкін шығыстардың қатысты көлемін бейнелейді. Практикада кез келген кәсіпорын өзінің қызметін әр түрлі көздерден қаржыландырады. Кәсіпорын қызметінде қаржылық ресурстар ретінде авансирленген қаржыларды пайдаланғаны үшін пайыздар, дивидендтер, сыйақылар төлеуі мүмкін, бұл оның өзінің экономикалық потенциалын қамтамасыз етуінде жұмсалуы айқындалған қаржыларды жоғалтуына алып келеді. Аталған шығыстардың қатысты көлемін көрсетуші көрсеткіш ретінде авансирленген капиталдың «бағасын» (WACC) айтуға болады.

Бұл көрсеткіштің экономикалық мәні мынада: WACC көрсеткішінің рентабельділігінен төмен емес деңгейде кәсіпорын кез келген инвестициялық шешім қабылдай алады. IRR осыменен салыстырылады: егер IRR>WACC, жобаны қабылдауға болады, егер IRR<WACC, қабылдауға болмайды, егер IRR=WACC, жоба табысты да табыссыз да емес.

Мамандандырылған қаржылық калькулятор болмаса, бұл әдісті қолдану қиынырақ болады. Бұл жағдайда дисконттық көбейткіштері бар табуляцияланған мәндер қолданылады.

Практикада инвестициялық жобалардың салыстырмалы анализі көп жағдайда рентабельділіктің ішкі нормаларын келтіру көмегі арқылы жасалады. Бұл жағдай анализ қорытындысына субъективті базалық пайыздық ставканының әсерін тигізбейді.

NPV әдісімен салыстырғанда рентабельділіктің ішкі нормасы әдісінде көптеген шектеулер бар: IRR әдісі үшін NPV әдісінің барлық шектеулері қолданылады; IRR әдісінің қолдану аясы таза инвестициялар облысы үшін шектеулі.

Инвестициялар рентабельділігінің индексі (PI)

Инвестициялар рентабельділігінің индексі (PI) әдісінің мәні мынада: ақша ағымының құйылуының таза құнының (P) ақша ағымының кетуінің таза құнына (IC) (бастапқы инвестицияларды есепке алғандағы) қатынасы арқылы анықталады:

(61)

Егер PI>1, жобаны қабылдауға болады, егер PI<1, жобаны қабылдамау керек, егер PI=1, жобаны табысты да табыссыз да емес.

PI критерийінің мәні мынада: шығынның бірлігіне келетін табысты бейнелеуде осы әдіс жақсы; инвестицияның жалпы көлемінде шектеу болған жағдайда тиімді портфель қалыптастыруда тәуелсіз жобаны реттеуге көмектеседі.

Таза келтірілген эффектілікпен салыстырғанда инвестиция рентабельділігінің индексі қатысты көрсеткіш болып табылады. NPV әдісінің көрсеткіштерімен бірдей мәндер болған жағдайда альтернативті жобаны таңдауға мүмкіндік береді.