Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ФМ 2010 книга 2точный на издание2.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

12 Есеп

Нарықтық портфельдің стандартты ауытқуы 30% құрайды. Нарықтық табыстылықтың арасындағы және Я акцияларының табыстылығының коварияциясы 800ге тең.

а) Я акциясының бетасы қандай?

б) Осындай акциялардың толығымен диверсификацияланған портфельдің стандартты ауытқуы қандай?

в) барлық акциялардың орташа бетасы қанша?

г) егер нарықтық портфель қосымша 5% табыстылық көрсетсе, Я акциясынан қосымша қанша табыстылықты күте аласыз?

13 Есеп

Сіздің портфеліңіз қаншалықты диверсификацияланғанын білгеніңіз жөн. Оны бағалау бойынша екі әдіс бар:

а) портфельдің толығымен диверсификацияланған табыстылық дисперсиясы портфельдің табыстылықтық дисперсиясының қатынасына тең;

в) портфельдегі акциялар саны (1) сіздің тәекелділік деңгейіңізбен бірдей, (2) кәдімгі активтердің инвестицияларымен және (3) әрбір акцияға бірдей инвестициямен.

Сіз 8 акция алдыңыз деп болжайық. Олардың барлығы жылына 0,40 коэффициентімен стандартты ауытқиды. әрбір жұптың корреляциясы 0,3-ке тең. 20% сіздің құралдарыңыз 1 акцияға инвестицияланған. Екіншісіне және қалғанына 60% бірдей пропорцияда орналастырылды. Портфельдің диверсификация дәрежесін анықтаңыз.

14 Есеп

Графиктегі портфельдердің тәуекелділігін көрсетіңіз:

Портфель

А

Б

В

Г

Д

Е

Ж

З

Күтілетін табыс

(%)

10

12,5

15

16

17

18

18

20

Стандартты ауытқу, σ (%)

23

21

25

29

29

32

35

45

Б) 5 портфель тиімді, 3 тиімсіз! Қайсысы тиімсіз?

В) Сіз 12 % ставкамен несие алдыңыз. Осы жағдай бойынша қай портфель тиімді?

Г) Сіз стандартты ауытқуды қолданамын деп шештіңіз, ол 25%. Күтілетін табыстылықтың максималды мөлшері қанша, егер несие алу мен қарыз беру шарты болса?

Д) Сіз 12 % ставкамен несие алсаңыз және 25% стандартты ауытқуды қолданамын деп шешсеңіз қандай стратегияны қолданасыз? Күтілетін табыстылықтың максималды мөлшері қанша?

15 Есеп

Келесі тұжырымдамалар дұрыс па дұрыс емес пе?

а) ұзақ мерзімді активтерді бағалау шарттарына сәйкес, инсетициялардың теріс бетасын таба алатын едіңіз, бірақ олардың күтілетін табыстылығы пайыздық мөлшерлемелерден төмен болатын еді.

б) бетамен инвестициялардан күтілетін табыстылық 2,0, күтілетін нарықтық табыстылықтан екі есе үлкен.

в) егер акциялар нарығының линияларынан төмен орналасса, онда баға түсірілген.

16 Есеп

Инвестор Х және Υ компанияларына акцияларды инвестициялауды ұсынады. Ол Х акциясынан 12% кірісті күтеді, ал Υ – 8%. Табыстылықтың стандартты ауытқуы Х – 8%, Υ – 5%. Табыстар арасында корреляция коэффициенті 2 тең.

а) күтілетін табыстылық пен стандартты ауытқуды келесі портфельдер бойынша есептеңіз:

Портфель

Х үлесі

Υ үлесі

1

50

50

2

25

75

3

75

25

б) Х және Ү құралған портфельдердің графикалық тобын қарастырыңыз.

в) инвестор 5% ставкамен несие алды деп болжайық. Суретте оның мүмкіндігінің қалай өзгеретіндігін көрсетіңіз.