Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ФМ 2010 книга 2точный на издание2.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

1 Акцияға таза табыс (51)

Инвесторлардың таңдауы акцияға дивидендтер өсімінің тұрақты темптегі баға қалыптастыру әдісінің көмегімен жүргізілуі мүмкін.

Гордон формуласы:

Po =(Dо * (1+g) : (ks –g)) = D1 : (ks-g) (52)

мұндағы Р0 - акцияның нарықтық құны;

D0 - соңғы нақты төленген жылдық дивиденд;

D1-t=1жылына бір акцияға күтілетін дивиденд мөлшері;

g - күтілетін жылдық өсім темпі;

ks – акцияның күтілетін табыстылық нормасы.

Тең өспелі дивиденді бар жай акциялардың табыстылығының нормасы келесі формуламен анықталады:

(53)

Формула мынаны білдіреді: егер кәсіпорын төлемнің нормасын жоғарылатқанда күтілетін дивиденд мөлшерін көбейтеді, бұл жағдай акцияның бағасының өсуіне алып келеді. Басқа жағынан қарасақ, күтілетін дивидендтің көлемінің көбеюі қайта инвестициялау көлемінің азаюына алып келеді, кәсіпкерліктің күтілетін өсу деңгейі төмендейді және акцияның бағасы төмендейді.

Дивидендтік саясаттың басты сұрағын шешуге арналған екі жағдай:

  1. дивидендтік саясатты таңдау кәсіпорынның акциясының бағасы мен кәсіпорынның нарықтық құнына әсер етпейді. Дивидендтік саясат қаржыландыру мәселелерін шешуге арналуы жағынан қарастырылады, соның нәтижесінде дивидендтік шығыстар кәсіпорынға арналған инвестициялық жобаларға байланысты 0 және 100% аралығында өзгереді. Табысты және меншікті капиталды басқару механизміндегі дивидендтік саясаттың пассивті рөлі дивидендтік шығыстар көлемін оптимизациялауға қатыса алмайды.

  2. – дивидендтік саясатты таңдау кәсіпорынның акциясының бағасы мен кәсіпорынның нарықтық құнына әсер етпейді.

  • дивидендтік төлемдер көрсеткіштерінің жоғары болуы кәсіпорынның нарықтық кұнын жоғарылатады (дәстүрлі теория).

  • дивидендтік шығыстар көрсеткіштерінің төмен болуы жағдайында кәсіпорынның нарықтық құнын жоғарылатады.

  1. Дивидендтер төлеудегі шектеулердің көздері және нысандары

Дивидендтік саясаттың негізгі элементі болып ақшалай төленетін, кей жағдайларда мүліктік төленетін (қайта шығарылған акциялар көлемі, облигациялар көлемі, тауарлар) дивидендтер нысандары табылады.

Дивидендтерді қосымша акциялармен төлеу келесі жағдайда ұсынылуы мүмкін:

  • кәсіпорынның тұрақсыз қаржылық жағдайындағы өтімділік

мәселелерді шешу үшін;

  • ұйымның қаржылық тұрақтылығының жылдам өсуі жағдайында;

  • инвестициялық жобаларды жүзеге асырумен байланысты

кәсіпорынның қаржылық құралдарының уақытша болмауы кезінде;

  • басқа фирманы жою мақсаты қойылған уақытта;

  • қаржылық құралдар көздерінің құрылымын өзгерту үшін;

  • капиталды өсіру және жеке табыс салығын азайтуды мақсат етіп қойған акционерлер үшін;

  • кәсіпорын акциялары бар басшыларға ынта беру үшін.

Акцияларды сатып алудың негізгі әдістері:

  1. акцияларды ашық нарықта сатып алу;

  2. жеке акционерлерден сатып алу;

  3. нақты баға бойынша акцияларды сатып алу туралы немесе сатып алу бағасының белгілі бір интервалда ауытқуы жағдайындағы сатып алатын акцияның жалпы сомасына барлық акционерлерге тендерлік ұсыныс.

Дивидендтер үшін негізгі шектеулер:

  1. инвестициялық сипаттағы шектеулер (ақша қаражаттарын салу);

  2. қаржылық сипаттағы шектеулер (ақшаның жоқтығы);

  3. ұйымдастырушылық-басқарушылық сипаттағы шектеулер.