Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ФМ 2010 книга 2точный на издание2.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

2. Кәсіпорынның қаржылық эксплуатациялық қажеттілік ұғымы (қэқ). Оларды төмендету тәсілдері

Жалпы айналым капиталы – кәсіпорынның барлық ағымдық активтері.

Таза айналым капиталы – ағымдық активтер мен ағымдық міндеттемелердің арасындағы айырма.

Ағымдық активтер ақша қаражаттарына айналуы мүмкін немесе 1 жыл ішінде толығымен қолданылуы мүмкін; Ағымдық міндеттемелер 1 жыл ішінде өтелуі тиіс.

Таза айналым капиталы немесе таза жұмыс жасайтын капитал, - бұл фирманың ағымдық жедел қызметте қолданылатын құралдары: Тауарлы материалды құндылықтарды сатып алу, төленуге тиіс шоттардың жабылуы (дебиторлық берешек) және т.б.

Таза айналым активтерінің жалпы құны қысқа мерзімді міндеттемелерден жоғары болуы тиіс және қызметті жүзеге асыруға қажетті шығындарды қаржыландыруға, сонымен қатар фирмаға алдын ала болжанған жағдайлардан сақтануға мүмкіндік беру, мысалы, өнімді сату қиыншылықтары, дебиторлық берешектің өтелмеуі немесе кейінге қалдырылуы. Қаржылық менеджердің ең басты міндеттерінің бірі фирманың қалыпты жұмыс жасауына қажетті таза айналым активтерінің оптималды көлемін анықтау.

Қаржылық эксплуатациялық қажеттілік немесе кәсіпорынның жұмыс жасаушы капиталының көрсеткіші, айналым активтері мен кредиторлық берешектің баланстық қалдықтарын ескере отырып, меншікті қаржыландыру көздерінің сомасын бағалайды. ҚЭҚ баланстық көрсеткіштер бойынша, кез келген мерзімге, келесі формуламен есептеледі:

ҚЭҚ берешек (100)

ҚЭҚ көлемі теріс болған жөн.

Тактикалық қаржылық менеджменттің негізгі міндеттерінің бірі ҚЭҚ тың теріс көлемге айналуы.

Бұл үшін:

  1. Банктердің кредиттерін пайдалану

  2. Вексельдерді қолдану

  3. Факторингтік операцияларды пайдалану

  4. Қарызгерлердің өз қарызын өтеуге арналған шегерімдер жүйесін қолдану

  5. Қымбат сатып алу және арзан сату принциптері пайдалану

3. Ағымдағы активтер мен ағымдағы пассивтерді басқару

Айналмалы құралдарды басқару саясаты келесі екі сұрақты қамтиды:

1- айналмалы құралдарының қандай деңгейі тиімдірек (бүтіндей және элемент бойынша)?

2- оларды қандай көздермен қаржыландыруға болады?

Айналым капиталын басқару ағымдық активтердің оптималды деңгейін қолдау мен анықтау, сондайақ көздер арасында қажетті байланысты, сонымен қатар оларды ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді қаржыландыруын қолдау және таңдауды қамтиды.

Айналым капиталын басқару келесілерді өзіне қосады: тауарлы материалды қорларды, сатып алу, маркетингті жүргізу, несиелік және инвестициялық саясатты қолдаудың коммерциялық және қаржылық аспектілері.

Ағымдық активтерді басқарудың агрессивті, консервативті және қалыпты саясаттары және ағымдық пассивтердің агрессивті, консервативті және қалыпты саясаттары бар.

Ағымдық активтерді басқарудың агрессивті саясаты: ағымдық активтердің фирманың жалпы активтеріндегі үлкен үлесімен және олардың айналымының төмен жылдамдығымен сипатталады. Осыған орай, кәсіпорын шикізат, материал, сатылмаған өнім, дебиторлық берешек көлемін өсіреді. Сонымен қатар, кәсіпорынның қаржылық эксплуатациялық қажеттілігі өседі. Активтердің экономикалық рентабельділігі төмендейді. Сонымен бірге техникалық төлемқабілеттілік тәуекелі де төмендейді. Бұл саясат белгісіздік және экономиканың инфляциялығында қолданылады.

Ағымдық активтерді басқарудың консервативті моделі – ағымдық активтердің фирманың жалпы активтеріндегі үлесінің төмендеуі мен олардың айналымының жоғарылығымен сипатталады. Бұл жағдайда кәсіпорын қорлар көлемін рационалды мөлшерге дейін жеткізіп, дебиторлық қарыздың көлемін азайтады. Кәсіпорынның қаржылық эксплуатациялық қажеттілігін ұстап тұру пайда болады. Активтердің экономикалық рентабельділігі өседі, бірақ техникалық төлемқабілеттілік тәуекелі жоғарылайды. Бұл саясат болашақ жағдайлардың мерзімі белгілі, төлемнің жоғары дисциплинасы болғанда немесе кәсіпорын барлық жерде үнемдеу керек болса қолданылады.

Ағымдық активтерді басқарудың қалыпты саясаты – ағымдық активтердің фирманың жалпы активтеріндегі орташа үлесі мен олардың орташа айналымымен сипатталады. Активтердің экономикалық рентабельділік, техникалық төлемқабілеттілік тәукелі орта деңгейде.

Кәсіпорынның ағымдық пассивтеріне келетін болсақ, ағымдық пассивтерді басқарудың агрессивті моделі жалпы активтердегі қысқа мерзімді міндеттемелердің орын алуымен сипатталады. Қаржылық рычаг тиімділігінің күші артады. Операциялық рычаг күшінің өсуіне алып келетін несие бойынша пайыздар өсуі негізіндегі тұрақты шығындар өсімі. Белгісіздік және жоғары инфляция кезінде қолданылады. Бірақ кәсіпорынмен байланысты жалпы тәуекел өседі.

Ағымдық пассивтерді басқарудың консервативті саясаты – қысқа мерзімді несиелердің кәсіпорын пассивтеріндегі аз үлесімен сипатталады. Активтерді қаржыландыру көздеріне ұзақ мерзімді несиелер және займдар, сондай- ақ меншікті құралдар. Қысқа мерзімді кезеңде қаржылық рычаг әсерінің күші бәсеңдейді. Бірақ өндірістік рычагтың әсер ету күші өседі (ең алдымен ұзақ мерзімді несиелер бойынша төлемдер негізінде). Бұл жағдайда кәсіпорынмен байланысты тәуекелдің сезілуі жоғарылайды. Негізінен бұл саясатты жалпы шаруашылық конъюнктураның қалыпты жағдайында қолданады.

Ағымдық пассивтерді басқарудың қалыпты саясаты – кәсіпорынның жалпы пассивтеріндегі қысқа мерзімді несиелердің орташа үлесімен сипатталады. Қаржылық және операциялық рычагтың әсер ету күші орта деңгейде (бұл кәсіпорынның тәуекеліне де байланысты).

4. Тауарлы материалды қорларды (ТМҚ) басқару

Айналым құралдары (айналым капиталы) –ағымдағы активтеріне салынған кәсіпорын капиталының бөлігі. Материалды заттай сипаты бойынша айналым капиталының құрамына мыналар кіреді: еңбек заттары (шикізат, материалдар, отын және т.б.), кәсіпорын қоймаларындағы дайын өнім, ақша қаражаттары, есеп айырысу құралдары.

Айналым құралдарының ерекшелігі олардың айналымының жылдамдығы.

Өндірістік процестегі айналым капиталының функционалды ролі негізгі капиталдан ерекшеленеді. Айналым құралдары өндірістік процестің үздіксіздігін қамтамасыз етеді.

Айналым капиталының заттық элементтері әр өндірістік циклда қолданылады. Олар өзінің натуралды формасын толығымен жоғалтады, сондықтан дайын өнімнің құнына толығымен қосылады.

Қаржылық менеджер үшін айналым капиталының 3 тобы ерекше қызығушылық білдіреді: өндірістік қорлар, дебиторлық берешек, ақша қаражаттары.

Өндірістік қорларға келесілер жатады: шикізат және материалдар, МБП, НЗП, дайын өнім және т.б. Қаржылық менеджер үшін қорлар – бұл иммобилизациялық құралдар, яғни айналымнан алынып тасталған құралдар.

ТМҚ -ны басқарудың мақсаты ТМҚ- ға салынған салымдардың оптималдылығына жетуге көмек беретін саясатты жасау. ТМҚ ны тиімді басқару ТМҚ ның көлемін азайтады, шығындарды төмендетіп, табысты жоғарылатады. Көптеген факторларға, соның ішінде сату көлемі, ағымдық қорларды қаржыландыру, жаңа тапсырыстарды алдағы тұрып қалулар және олардың маусымдылығына байланысты ТМҚ- ның қажетті көлемін анықтай білу.

Егер кәсіпорында сұранысы жоқ тауарлар болса, онда сақтау шығындарын азайту және ақша түсімін көбейту мақсатында ол тауарларды төмен бағамен сату қажет.

Сатып алу, дайындау, бөлу процестері бойынша тапсырыстарды орындау уақытын азайту, яғни тапсырысты алғаннан кейін, жабдықтаушылардан тауарды алу қанша уақыт алатынын анықтау. Тапсырысты орындау мерзіміне байланысты қоймадағы қорлар және сатып алулар реті жоғарылауы мүмкін.

Сондай ақ ескірген және бұзылған ТМҚ тәуекелін ескеру керек.

Қорларды басқарудың маңызды рычагтарының бірі айналыс құралдарын нормалаумен жоспарлау процесі болып табылады.

Айналым құралдары оның 2 саласының айналымында қатысады: өндіріс процесінде және қатынасу саласында. Сондықтан айналымды өндірістік қоры мен қатынысу саласындағы қорды айыруға болады.

Басқару дәрежесінде байланысты айналым құралдары нормаланатын және нормаланбайтын болып бөлінеді. Нормаланатын құралдарға барлық айналымды өндірістік қорлар және кәсіпорынның қоймасында іске асыра алмаған түрде тұрған қатынас қорлары жатады.

Нормаланбайтын құралдарға қатынас қорларының қалған элементтері жатады, яғни олар тұтынушыларға жіберілген, бірақ әлі төленбеген өнім, ақша құралдарының барлық түрлері. Нормалардың жоқтығы бұл айналым құралдары элементтерінің көлемі өз бетімен өзгеретіндігін және олар қадағаланбайтындығын білдірмейді.

Нормаланатын айналыс құралдары кәсіпорынның қаржылық жоспарында көрініс табады, ал нормаланбайтын айналыс құралдары жоспарлау объектісі болып табылмайды.

Қаржылық құралдарды есептеудің 3 тәсілі белгілі: аналитикалық, тікелей шот тәсілі, коэффициенттік тәсіл.

Аналитикалық әдістің мәні мынада: мұнда тауарлы-материалдық қорларды талдау кезінде нақты қорлар түзетілді, ал қалған қорлар есепке алынбайды.

Тікелей шот әдісі есептеу аймағында, Тауарлары – материалдың қорларды тасымалдау кезінде, өндіріс ұйымдарында техника мен технологияның дамуындағы барлық өзгерістерді есепке алып отыратын ұйымдық-техникалық дәрежедегі кәсіпорындардың айналыс құралдарының запастарының әрбір элементі бойынша ғылыми негізделген есепті көрсетеді.

Коэфициенттік әдісте алдыңғы кезеңдегі жиынтық нормативінің құралдарының айналымдылығының жылдамдығы мен өндіріс көлемінің жоспарланатын өзгерісіне өзгертулер енгізіледі.

Егер нармативтер тікелей есептеу арқылы белгілі бір уақыт аралығында расталып отырса, онда айналыс құралдарының жекелеген элеметтері бойынша дифференциалдық элементтер қолданылуы мүмкін.

Нормалаудың негізгі әдісі болып айналыс құралдарының жекелеген элементтері бойынша тікелей есептеу табылады.

Айналыс құралдарының жекелеген элементерінің нормативті формуласы келесідей болуы мүмкін:

Негігі құрал нормативі = Бір күндік шығын * Қордың нормасы, күнмен

Қорларды басқару кезінде қорлардың көмегімен байланысты шығындарды анықтау қажет:

  • Сақтау бойынша шығындар;

  • Тапсырысты орындау мен орналастыру бойынша шығындар. ТМҚ-ны сақтау бойынша шығындарға қоймалау, өңдеу, сақтау және ТМҚ-ның салыстырмалы құны жатады.

Бұл құрамның құны анықталады:

СС = (101)

- ТМҚ орташа саны;

Н – тауар бірлігін сақтау құны

Тауар тапсырысының құны – бұл тапсырысты орналастыру құны мен тауарды алу құны.

Тапсырыс құны:

СЗ = ; (102)

S – ортақ тұтыну;

Q – тапсырылған мөлшері;

F – тапсырысты орналастыру құны.

Тапсырылған тауар мөлшерінің көп бөлігін оны сақтау құны өсіреді, бірақ ол оның құнын төмендетеді.

Экономикалық негізделген тапсырыс көлемі (ЭОО) ТМҚ-ның жалпы құнының минимизациясы мен тапсырысқа қажет тауардың оптималды құнының көрсеткіші болып табылады.

Уилсон моделі.

ЭОО = (103)

ЭОО – экономикалық негізделген тапсырыс көлемі;

S – кезең ішіндегі шикізаттағы қажеттіліктің жалпы құны, бірілікпен;

F – тапсырысты орналастыру құны (тапсырыстың бір партиясының орындалу құны);

Н – шикізат бірлігін сақтаудың шығындары.

Кезең ішіндегі тапсырыс көлемдері келесідей формула арқылы анықталады:

КЗ = (104)

Тапсырыстың қайталану нүктесі (ТПЗ) – қорлар деңгейін анықтау негізінде келесі тапсырысты орындау көрсеткіші.

ТПЗ = Т3*ПС; (105)

Т3 – тапсырысты орындау құны;

ПС – шикізатта қажеттілік Т3, бірлікпен.