- •1 Тақырып. Қаржылық менеджменттің мазмұны
- •Қаржылық менеджмент пәні, түсінігі
- •Қаржылық менеджменттің функциялары және принциптері
- •Қаржылық менеджмент пәні, түсінігі
- •2. Қаржылық менеджменттің функциялары және принциптері
- •Қаржылық басқару түсінігінің детерминанттары
- •1. Қаржылық менеджменттің базалық концепциялары
- •2 Тақырып Қаржылық менеджменттің базалық концепциялары және көрсеткіштері
- •Қаржылық менеджменттің базалық концепциялары
- •Қаржылық менеджменттің базалық көрсеткіштері
- •2. Қаржылық менеджменттің базалық көрсеткіштері
- •3 Тақырып Тәуекел және табыстылық
- •2.Портфель теориясы
- •3. Тәуекелдерді бағалау әдістері
- •4. Инвестициялық портфельдің табыстылығы және тәуекелі
- •4 Тақырып Активтер портфелін басқару
- •Қаржылық активтердің табыстылығын бағалау үлгісі .
- •Альтернативті (Баламалық) теориялар.
- •Қаржылық активтердің табыстылығын бағалау үлгісі.
- •2. Альтернативті (Баламалық) теориялар
- •2.Операциялық рычаг тиімділігінің түсінігі
- •3.Операциялық анализ элементтері
- •6 Тақырып Қаржылық рычаг (тетік) тиімділігі
- •2. Капиталдың орта өлшенген құны
- •Капиталдың негізгі көздерінің құны
- •Капиталдың шекті құны
- •5.Капитал құрылымының негізгі теориялары
- •8 Тақырып Дивидендтік саясатты басқару
- •1 Акцияға таза табыс (51)
- •Дивидендтік төлемнің негізгі әдістемесінің сипаттамасы
- •9 Тақырып Инвестициялық жобаны талдау әдістері
- •Инвестиция түсінігі, түрлері
- •Инвестициялық жобаны таңдау әдістері және критерийлері
- •2.Дисконттаудың әдістері
- •Инвестициялық жобалардың тәуекелін бағалау
- •4. Капиталды салымдар бюджетінің құрылуы мен оптимизациясы
- •Тақырып. Ақша ағымдарын бағалау
- •Ақшаның уақытқа байланысты өзгеруі
- •Ақша ағымдарының түрлері және оларды бағалау
- •Рента түсінігі және түрлері
- •Жай пайыздар
- •Күрделі пайыздар
- •Ақша ағымдарының түрлері және оларды бағалау
- •3 Рента түсінігі және түрлері
- •2. Кәсіпорынның қаржылық эксплуатациялық қажеттілік ұғымы (қэқ). Оларды төмендету тәсілдері
- •3. Ағымдағы активтер мен ағымдағы пассивтерді басқару
- •5. Дебиторлық қарызды басқару
- •Ақшалай активтерді басқару
- •Банкроттықтың түсінігі және белгілері
- •Банкрот жағдайында борышқорға қолданатын шаралар
- •Ұйымды қайта ұйымдастыру
- •Банкрот жағдайында борышқорға қолданатын шаралар
- •Ұйымды қайта ұйымдастыру
- •Бақылау сұрақтары:
- •«Қаржылық менеджмент» пәні бойынша глоссарий
- •5 Есеп
- •8 Есеп
- •10 Есеп
- •12 Есеп
- •13 Есеп
- •14 Есеп
- •15 Есеп
- •16 Есеп
- •17 Есеп
- •18 Есеп
- •19 Есеп
- •20 Есеп
- •21 Есеп
- •22 Есеп
- •23 Есеп
- •24 Есеп
- •25 Есеп
- •26 Есеп
- •27 Есеп
- •28 Есеп
- •29 Есеп
- •30 Есеп
- •31 Есеп
- •32 Есеп
- •33 Есеп
- •34 Есеп
- •35 Есеп
- •36 Есеп
- •41 Есеп
- •42 Есеп
- •43 Есеп
- •44 Есеп
- •50 Есеп
- •51 Есеп
- •64 Есеп
- •65 Есеп
- •Әдебиеттер:
5.Капитал құрылымының негізгі теориялары
Кәсіпорын өзінің құнын қаражаттардың қайнар көзін өзгерту арқылы өсіруі мүмкін бе? - деген сұраққа капитал құнының теориясында жауаптың екі нұсқасы бар:
Дәстүрлі. Оның қолдаушыларының айтуынша, капиталдың құны оның құрылымына байланысты және кәсіпорын құнын максималдайтын және капиталдың орташа өлшенген құнын минималдайтын қайнар көздердің оптималды құрылымын табуға болады.
ҚК үлесінің өсуімен капиталдың орташа өлшенген құны төмендейді, бірақ қаржылық левередждің белгілі бір деңгейіне қол жеткізгеннен кейін капиталдың орташа өлшенген құнының мәні қарқынды өседі, өйткені қаржылық тәуекел өседі.
Модельяни-Миллер теориясы (1958ж). Кейбір жағдайларда кәсіпорын құнына және капитал құнына оның құрылымы әсер етпейді және тиісінше оларды оптималдауға, капитал құрылымын өзгерту арқылы кәсіпорынның нарықтық құнын өсіруге болмайды.
Модельяни-Миллер теориясының логикасы салықты есепке алмаған.
Осы теорияның авторы 2 қағиданы дәлелдеген:
Капиталдың нарықтық құны капитал құрылымына байланысты емес және осы кәсіпорын бойынша тәуекел класына сәйке келетін, ставка бойынша операциялық табысты капитализациялау жолымен анықталады.
Vu=Vg= NOI (EBIT) / keu (35)
мұндағы Vu - u қаржылық тәуелсіз компанияның нарықтық құны;
Vg - g қаржылық тәуелді компанияның нарықтық құны;
keu - қаржылық тәуелді компанияның МК қайнар көзінің құны;
NOI - салықтарды және % төлегенге дейінгі табыс (таза операциялық табыс).
Қаржылық тәуелді компанияның меншікті капиталының құны қаржылық тәуелсіз компания мен оның қаржылық леверидж көлеміндегі меншікті капитал мен займдық капитал құндарының айырмасы бойынша тәуекеліне сыйақысы түрінде анықталады.
; (36)
мұндағы,
- тәуекел үшін сыйақы,
-
займдық капитал көздерінің құны;
- қаржылық леверидж;
D- займдық капиталдың нарықтық құны;
E- меншікті капиталдың нарықтық бағасы.
Бұл қағидалардың көрсетуінше, арзан қарыздық қаражаттарды тарту жолымен қайнар көздер құрылымының өзгерісі, компанияның нарықтық құнының өсуіне әкелмейді, өйткені арзан көздерді тарту тәуекелдің өсуіне әкеледі.
1 Тұжырымдама. Қаржылық тәуелді компанияның нарықтық бағасы тәуекелі және табысқа салық ставкалары, нарықтық бағамен займдық капитал көлемі бойынша анықталған қаржылық леверидж әсерлері бірдей қаржылық тәуелсіз компанияның нарықтық бағасына тең.
(37)
Мұнда
көрініп тұрғандай,
-мәні
займдық капитал болмағанда Е-ге тең
болып,былай анықталады:
(38)
Бірінші формуламен көрсетілген үлгіні қаржылық тәуелді компанияның нарықтық бағасын анықтаудағы Модельяни-Миллердің идеалды үлгісі деп атайды. Мұнда мынадай фактордың әсері ескерілмейді: агенттік қатынастармен негізделген мүмкін қаржылық қиындықтар мен шығындар тәуекелінің жоғарылауы.
2 Тұжырымдама. Қаржылық тәуелді компанияның меншікті капиталының құны, қаржылық тәуелсіз компанияның меншікті капитал құны мен салықтың азаюын ескере отырып жасалған меншікті және займдық капитал құндарының арасындағы айырманы ескеретін қаржылық левериджді ала отырып төленетін тәуекел үшін сыйақы көлемінен тұрады.
Қаржылық тәуелді компанияның капиталының орташа өлшенген құны қаржылық леверидждің өсуімен азаяды.
(40)
Формуладан көріп тұрғандай, салықтық төлемдердің болуы шартында қайнар көздердің құрылымындағы займдық құралдардың пайда болуы капиталдың орташа өлшенген құнының төмендеуімен сипатталады, ал қаржылық леверидждің өсуі капиталдың орташа өлшенген құнының азаюына алып келеді.
Бұл тұжырымдамалардан бақылағанымыз, компанияның нарықтық бағасы қаржылық леверидждің көбеюінен жоғарылайды және 100 %-дық займдық капиталмен қаржыландыру кезінде максимумға жетеді, оның мәні жоғарылайды, бірақ салықтың жоқ болу жағдайы шартындағыдан төменірек болады.
Компанияның нарықтық бағасы мен оның табысы және орташа өлшенген құны арасындағы тәуелділік келесі формуламен анықталады:
(41)
Формула компанияның нарықтық құнын анықтаудағы негізгі көрсеткіштерді бейнелейді: операциялық табыс, капиталдың орташа өлшенген құны, салықтар деңгейі.
1976 жылы Миллермен заңды және жеке тұлғалардың салықтары ескерілген қаржылық леверидждің компанияның нарықтық құнына әсер етуінің моделі ұсынылды.
(42)
(43)
Компромистік үлгілер
Банкроттық байланысты агенттік шығындар мен ұсталымдарды есепке алатын Модельяни-Миллер теориясының дамуы компромистік модельдің пайда болуына алып келді:
(44)
-
күтілген қаржылық қиындықтардың
келтірілген құны;
-
күтілген агенттік шығындардың келтірілген
құны.
Белгілі бір этапта займдық капиталды тартуы компанияның нарықтық құнының өсуіне әкеледі, бірақ қаржылық қиыншылықтар тәуекелі мен агенттік қатынастар тәуекелімен негізделген қаржылық леверидж деңгейінің өсуімен байланысты шығындар пайда болады. Бұл шығыстар займдық қаржыландырудың дұрыс әсерін бұзады.
Бақылау сұрақтары:
Капитал құрылымы теориясы: дәстүрлі теория, Модельяни-Миллер теориясы
Миллер теориясы
Компромистік теориялар
