Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ФМ 2010 книга 2точный на издание2.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆
  1. Инвестициялық жобалардың тәуекелін бағалау

Инвестициялық жобаның критерийлерін бағалаудың негізінде жобаның ақша ағымы жатыр. Ақша ағымының элементтері ауыспалы өлшем көрсеткіштерімен анықталады. Ауыспалы көрсеткіштерінің бірінде болған кез келген өзгеріс ақша ағымының барлық элементтерінің өзгеруіне алып келеді. Және де инвестициялық жобаны бағалау критерийлерінде де өзгеріс болады.

Сезімталдық анализі (басқаша сенситивті анализ) ауыспалы мәндердің тек біреуінде ғана өзгеріс болып қалғандары тұрақты болғандағы жобаның ағымдағы таза құны (NPV) мен рентабельділіктің ішкі нормасының (IRR) қаншалықты өзгеретінін көрсетеді. Сезімталдық анализі ауыспалы өлшемдер мәнінің негізінде құрастырылған ақша ағымының базалық нұсқаларын қалыптастырудан басталады. NPV және IRR базалық нұсқалары да есептеледі. Содан кейін ауыспалы өлшемдер мәндерінің өзгеруі жайлы болжамдар жасалады: егер сату көлемі 10 %-ға азайғанда шикізат бағасы 10%-ға жоғарылайды деген сияқты. Сезімталдық анализі барысында бәр ғана ауыспалы мән өзгеріп отырып, қалғандары тұрақты болып қалады.

Сценарийлер әдісі инвестициялық жобаның ақша ағымының анализі барысында ауыспалы мәндердің бірнешеуінде өзгеріс болған жағдайды талдайды. Сценарийлер анализі кем дегенде инвестициялық жобаның үш түрлі сценарийін құру арқылы анықталады: оптимистік, пессимистік, болуы мүмкін. Сценарийлер анализі сезімталдық әдісімен салыстырғанда инвестициялық жобаның тәуекелділігін толық анықтауға мүмкіндік береді, бірақ ол жобаның шешімінің бірнеше сценарийлерін ғана қарастырады.

Монте-Карло әдісі бұл мәселені шешуге мүмкіндік береді. Монте-Карло әдісі бойынша модельдеу процесінің кезеңдері:

  1. модельдеу бағдарламасы ауыспалы өлшемнің мүмкін болуын есепке ала отырып кездейсоқ мәнін таңдайды. Мысалы, сату көлемі натуралды түрде есепке алынады.

  2. ауыспалы мәннің әрқайсысына таңдалып алынған өлшемдер

негізінде жүзеге асырудың әр жылына арналған таза ақша ағымы анықталады. Кейін NPV берілген компьютерлік сценарийде жүзеге асырылады.

  1. бірінші және екінші кезеңдер көп рет қайталанады, мысалы

1000 рет 1000 NPV аламыз. Нәтижесінде NPV-дің күтілетін мәні және оның орта квадраттық ауытқуы есептеледі.

4. Капиталды салымдар бюджетінің құрылуы мен оптимизациясы

Инвестициялық бюджетте инвестициялау объектілері таңдалып, көлемі мен уақыты белгіленеді. Бұл құжатта жаңа инвестициялық салымдардың кәсіпорын қызметіне, табыс көлеміне әсеріне көп көңіл бөлінеді. Көп жағдайда компаниялар жеке жобаларға емес, инвестиялық портфелі бар жобаларға қызығады. Портфельдегі жобаларды таңдау және жүзеге асыру бюджеттік капитал салымдары шегінде іске асады.

Капитал салымдарының бюджетінің қалыптасуының екі нұсқасы.

Бірінші нұсқа шығыстардың максималды қатысты деңгейін көрсететін IRR критерийін қолдануға негізделген. Барлық қолжетімді жобалар IRR азаюымен реттеледі. Содан кейін оларды кезектілікпен қарастырады. Жобаны портфельге қосу жаңа қаржыландыру көздерін тартуды талап етеді. Кәсіпорынның қаржылық тәуекелінің өсуі капитал құнының өсуіне алып келеді.

Осылайша екі қарама-қайщы тенденция анықталады: іске асыруға бағытталған инвестиция портфелінің өсуі; IRR азаюымен, капитал құны өседі.

Екінші нұсқа NPV критерийіне негізделеді. NPV қарастырылып отырған жобаны қабылдаған кездегі кәсіпорынның экономикалық потенциалының өзгерісіне болжамдық баға береді. Егер ешқандай шектеулер болмаса, бюджеттеу әдістемесі өзіне келесі процедураларды қосады: дисконттау ставкасының мәні тағайындалады (барлық жобаларға немесе қаржыландыру көзінен тәуелді жеке жобаларға); NPV>0 болғандағы тәуелсіз жобалар портфельге қосылады; альтернативті жобалардан максималды NPV бар жобалар таңдалады.

Егер де уақыт және ресурстық шектеулер болып жатса, әдістеме киындайды, сонымен қатар бюджеттік капитал салымдарының оптимизациясының мәселесі пайда болады.

Капитал салымдарының бюджетін қалыптастыру шектеулерді ескере отырып жүргізіледі. Жүзеге асыру үшін инвестициялаудан максималды табыс алатын жобаларды іріктеп алу керек, бұл жағдайларда басты мақсат NPV сомасының максимизациясы.

1.Ауқымды оптимизация. Бұл жағдайда мыналар қарастырылады: нақты кезеңге қаржылық салымдардың жалпы сомасы жоғарыдан шектелген; коммерциялық ұйым қаржысынан жоғары құралды қажет ететін тәуелсіз инвестициялық жобалар болса; капиталдың жалпы сомасының өсімі бар инвестициялық портфель құру.

Қарастырылып отырған жобалар бөлшектенуге жатады. Анализделіп отырған жобаның түгел өзін емес оның кез келген бөлімдерін жүзеге асыруға болады; бұл жағдайда инвестициялық және қаржылық түсімдердің сәйкесінше үлесі ескеріледі. Қалған уақытта шарттары бірдей рентабельділік индексі жоғары жобалар инвестициялық капитал тартуда алдыңғы орынға шығады.

Қарастырылып отырған жобалар бөлшектенуге жатпайды. Бұл жағдайда NPV жалпы сомасын әр нұсқаға келтіру арқылы оптималды комбинация табылады. NPV жалпы сомасының комбинациясы оптималды болады.

2. Уақытша оптимизация. Келесі жағдай қарастырылады: болжанған жылы қаржыландыруға арналған қаржылық ресурстардың жалпы сомасы жоғарыдан шектелген; қаржылық ресурстардың аз болуынан жоспарланған жылы жүзеге асырылмауы мүмкін болжанған екі жобаның бірі; жобаларды оптималды түрде 2 жылға бөлу қажет. Жоба келесі жылы қалдырылған жағдайда NPV жоғалуын көрсететін әр жоба бойынша арнайы индекс есептелінеді. Минималды индекс мәні бар жобалар келесі жылға қалдырылуы мүмкін. Бұл әдістемені іске асыруда маңызды болып PI көрсеткіші табылады.

Бақылау сұрақтары:

  1. Инвестиция түсінігі және түрлері. Капиталды салым бюджеті.

  2. Инвестициялық шешім қабылдау критерийлері

  3. Инвестициялық тәуекелдер

  4. Инвестициялық талдау