Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ФМ 2010 книга 2точный на издание2.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

2. Қаржылық менеджменттің базалық көрсеткіштері

  1. Қосылған құн = БРЭИ + еңбек ақы шығындары

Экономикалық көзқарас бойынша, ол белгілі бір кезең аралығында қоғамдық өндіріс нәтижесі ретінде жалпы ішкі өнімге әрбір экономикалық субъектінің салымы немесе белгілі бір аралықта кәсіпорында құрылған құн.

Бухгалтерлік көзқарас бойынша, ол өткізілген өнім мен оның шығындарының айырмашылығы ретінде анықталады.

  1. Инвестицияны эксплуатациялаудағы брутто нәтижелік (БРЭИ) = НРЭИ + өндірістің құралдарын қалыпқа келтіру шығындары

Экономикалық көзқарас бойынша, кәсіпорында құрылған құн бөлігі болып келеді.

Бухгалтерлік көзқарас бойынша, еңбекке кеткен барлық шығындарды алып тастағандағы қосымша құн.

  1. Инвестицияны эксплуатациялаудағы нетто нәтижелік (НРЭИ) = баланстық табыс + өзіндік құннан төленетін несиелер бойынша пайыздар

Экономикалық көзқарас бойынша, ол кәсіпорынның қосымша өніміне жақын болып келеді, НРЭИ-ді кей уақытта табысқа салынатын салықтарды және несиеге төленетін пайыздарды төлеуге дейінгі табыс деп аталады.

Бухгалтерлік көзқарас бойынша, ол кәсіпорынның негізгі өндірістік құралдарын қалыптастыруға кеткен шығындарды алғандағы БРЭИ деп атауға болады (ол баланстық табыс болып табылады).

  1. Экономикалық рентабельділік (ЭР) = НРЭИ/актив * 100% = НРЭИ/айналым * 100% = айналым / актив

Экономикалық көзқарас бойынша, ол шығындарды нәтижелермен сәйкестендіруге мүмкіндік беретін кәсіпорынның тиімді қызмет етуін көрсететін көрсеткіш. Активтердің экономикалық рентабельділігін кәсіпорынның өндіріс рентабельділігімен шатастыруға болмайды.

Бухгалтерлік көзқарас бойынша, ол НРЭИ-дің кәсіпорынның актив балансына қатынасы ретінде анықталады.

ЭР = КМ (коммерциялық маржа) * ТК (трансформация коэффиценті)

Мұндағы:

КМ - ол айналым рентабельділігін көрсетеді.

ТК - ол кәсіпорынның активтерінің тиімді қолдануын көрсетеді.

PV - келтірілген құн.

MVA - қосылған нарықтық құн.

EVA - нақты экономикалық құн.

Бүгінгі теңгенің құны ертеңгіге қарағанда артық, өйткені бүгінгі теңгені инвестициялауға болады және ол пайыз түрінде пайда әкеледі. Бұл - бірінші негізгі қаржы принципі.

Қалдырылған пайданың келтірілген құнын былай табады: коэффициент мәні 1-ден кем болғанда пайда сомасын дисконт коэффициентіне көбейтеміз. Егерде коэффициент 1- ден асса, теңгенің бүгінгі құны ертеңгіге қарағанда аз болуы мүмкін.

PV=дисконт коэффициенті * FV (1)

PV- келтірілген құн

FV-болашақ құн

дисконт коэффициенті=1/1+r (2)

r-пайданың нормасы.

Таза келтірілген құн (NPV) келтірілген құннан керек инвестицияларды алумен табылады.

Келесі формуламен пайдаланып санауға болады

NPV= PV+ FV/1+r (3)

Көрсеткіштер:

ROE - меншікті капиталдың рентабельділігі.

ROA - активтердің рентабельділігі.

ROI - инвестициялардың рентабельділігі.

Таза пайда + төлем проценті

ROA = жинақтық капитал (4)

ROE= таза пайда (5)

ж еке капитал

ROI= Таза пайда + төлем проценті (6)

инвестицияланған капитал

Шаруашылық қызметтердің жалпылама қаржылық көрсеткіштері:

EBIT (NOI)- пайыздар мен салықтарды есептегенге дейінгі табыс (таза операциялық табыс)

EBI - салықтарды есептегенге дейінгі табыс.

NI - салықтарды төлегеннен кейінгі табыс.

EPS - акциядан келетін табыс.

DPS - акцияға келетін дивиденд.

EPS=таза пайда – артықшылығы бар акция дивидендтері

жай акцияның саны (7)

DPS= дивидендтердің массасы

Айналыстағы жай акцияның саны (8)

Бақылау сұрақтары:

  1. Коммерциялық маржа дегеніміз не?

  2. Трансформация коэффициенті деген не?

  3. Акция деген не?

  4. Опцион деген не?

  5. Қаржылық-несиелік шешімдерді қабылдағанда қаржылық-экономикалық есептеулер қандай әдіспен есептеледі?

  6. Отандық және батыс практикасында қолданылатын негізгі көрсеткіштер.