- •Ортаңғы топқа арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыптық үлгі жоспары
- •Күтілетін нәтиже:
- •Күтілетін нәтиже:
- •Күтілетін нәтиже:
- •Қорытынды нәтиже:
- •Күтілетін нәтиже:
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже:
- •Күтілетін нәтиже:
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Қорытынды нәтиже:
- •Күтілетін нәтиже :
Күтілетін нәтиже :
Біледі : шығарманы сезіне тыңдап,әнді табиғи дауыспен орындай білуді.
Игереді : әуен ырғағымен жалаушаларды ұстап билеуді,әнді әуенімен айтуды.
Меңгереді : әнді тыңдап,мәтінін әңгімелеуді,ырғақпен қозғалуды.
№25-26 технологилык карта
Білім саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі : Музыка
Тақырыбы : «Қыс өрнегі»
Мақсаты :әнді сезіммен,нақышына келтіріп айтуға ,әуенді тыңдап,әңгімелей білуге үйретуді жалғастыру.Таныс шығармаларды ажырата білуге,еске сақтауға дағдыландыру.Балаларға арналған аспаптарды игеруге машықтандыру.
Көрнекілік : «Қысқы ойындар» суреті,маракас,бубен,барабан,қоңырау аспаптары.
Сөздік жұмыс : шырша,полька,вальс.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Музыкажетекшісінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
«Полька»әуені орындалып,балалар шеңбер бойымен полька жүрісімен секіре басып жүреді.Польканың адымен жеңіл секірулерін қадағалап үйрету.Балалардың назарын далаға аударып,қыс мезілінің ерекшеліктерін әңгімелейді: «Қысқы пейзаж» көрмесінен суреттер көрсетеді. Қалыңдасын қары бұл, Келсін аяз мықты ма? Қарсы аламын бәрібір, Сағыныппыз қысты да . (Ә.Қайыржанқызы) -Қыс мезгілі кімге ұнайды,неліктен ұнайды?-деген сұрақтар қою арқылы қызығушылықтарын арттырады. |
Бір аяқтан келесі аяққа әуен ырғағымен жеңіл секіреді. Ұлдардың қолдары белдерінде ,қыздар көйлек етектерінен ұстайды. Суреттерді қарап,әңгімелеуге тырысады. Қыс мезгілі ұнайды. Қызықты ойындар ойнаймыз.
|
Ұйымдастырушылық -ізденістік |
Әуенді қимыл: «Көңілді полька»(И.Штраус) орындалып ,би қимылдарын көрсетіп,қайталауларын сұрайды. Музыка жетекшісі қыс көрінісін бейнелейтін суретті көрсетіп,өлең жолдарын оқиды. Өсіп,міне,қыс түсті, Бола қалды дала аппақ, Қар лақтырып үсті-үсті, Балалар жүр далақтап. Қимылды ойын: «Шана тебеміз». -Сендерге қыста ойнаған ұнай ма? -Қандай ойындарды ұнатасыңдар? «Қысқы ойындар» суретін көрсетеді. Музыка тыңдау: «Біз шадыман баламыз» (Ә.Бейсеуов,С.Қалиев). -Әннің көңіл күйі,сипаты қандай? -Әнде не туралы айтылған?-деген сұрақтар қою арқылы ән мазмұны ұғынуларына ықпал етеді. -Балалар,сендерге жұмбақ жасырып,тапқырылықтарыңды сынайын.
Қыста жерді жауып кетеді. Ал көктемде ағып кетеді. (қар) Жаздай тынығады, Қыстай зымырайды. (шана) Әндетейік жаттығып, Асықпайық аптығып,-деп балаларды дауыс жаттығуына дайындайды. Дауыс жаттығуы: «Қыс» Аппақ күміс бар әлем,ля-ля-ля... Зымыраймыз шанамен, Ля-ля-ля... (Н.Аманжолов) Жаттығуды бірнеше рет айтқызып,балалардың дауыс ырғақтарын қадағалайды. Дауысызмыз әдемі, Ән шырқайық біз енді. Ән үйрену: «Ақша қар» (К.Қуатбаев,Қ.Ыдырысов) Әннің мәтінін оқып беріп,түсінулеріне ықпал етеді.Композитор К.Қуатбаев туралы әңгімелеп береді.Әнді айтып,мәтінге сәйкес қимылдарды көрсетеді. Балалардың педагогке қарап қайталап,бірге қимылдауларын ескертеді. Ойын : «Қай аспапта ойнаймын?» Бубен,маракас,қоңырау,барабан аспаптарында ойнауды ұйымдастырыды.Ойналған аспаптың даусын ажыратып,атын атауды,аспапта ойнап көрсетуді сұрайды. «Біз өмірдің гүліміз» (Б.Ғизатов)әннің әуеніне аспаптарда ойнап үйрету.(С D «Ақжелкен» жинағынан).
|
Екеуден қол ұстасып,жеңіл секіреді,қол шапалақтайды.
Суретті қарап,қызығушылықтары оянады. Не көріп тұрғанын баяндайды.
Қар атысып ойнаймыз,шанамен сырғанаймыз.
Балалар әнді ықылас қойып тыңдайды.Ән өте көңілді ,әдемі сазды. Ойнап жүрген балалар туралы,қар жамылған дала туралы.
Жасырылған жұмбақтарды ойланып,шешуін табуға тырысады.
Жұмбақ жауаптарын тауып айтады.
Жаттығу айтуға орындықтарға жайғасып отырады. Дауыс жаттығуын бірге бастап,бірге аяқтайды,тыныс алуды,созып айтуды үйренеді. Әнді зейін қойып тыңдап,мазмұнын түсініп,әңгімелеуге,еске сақтауға тырысады. Композитор туралы біліп,суретін көреді. Шеңбер бойымен қол ұстаса жүре ән әуенін үйренеді,қайталайды. Балалар ойынға белсене қатысып,қызықты әсер алады.Аспаптардың даусын ажыратуды үйренеді.Ұнаған аспаптарда ырғақты сезіне ойнайды. |
Рефлексиялық-түзетушілік |
Торғайлар тон киеді, Аяз беттен сүйеді. Жиналып ап бар бала Тұрғызамыз қар қала! (Н.Аманжолов) -Қыста ауа райы қандай болады? -Қыс мезгіліндегі қандай ойындар ойналады? Қар жауғанда топ бала Соқтық келіп аққала Мұрны сәбіз,үп-үшкір Көзі көмір,қап-қара (С.Қалиев) Балаларға аққаланың суретін салып келуді тапсырады. |
Қыста суық,аяз болады. Біз қалың киім киеміз. Қар көп жауады. Коньки ,шаңғы тебеміз, шанамен сырғанаймыз. Қардан аққала жасаймыз. Бізге қыс мезгілі ұнайды. |
