Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жана тех план 2мл гр.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
184 Кб
Скачать
☆

Күтілетін нәтиже:

Біледі: музыканың ырғағын ажыратуды, музыканы тыңдап, кейіпкерлердің әуеніне салып ойнайды.

Игереді: музыканың динамикалық түрлерін, сипатын ажыратуды.

Меңгереді: музыка ырғағымен  би қимылдарын жасауды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                  

№11-12 технологиялық  карталар

Білім беру саласы:  Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Музыка

Тақырыбы: «Күз байлығы»

Мақсаты: музыкадағы бейнелерді ажыратуға үйрету. Әннің ширақ сергек, сабырлы сипатын ажырата білуге үйрету.

Көрнекілік: «Жеміс бағы» суреті, күз жемістері, қоңыраулар.

Сөздік  жұмыс: алма, жүзім, алмұрт, анар, өрік, жіңішке, жуан, орташа.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Музыка жетекшісінің            іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық –қозғаушылық

Балаларды амандасу жаттығуын жасап қарсы алу.

Ө.Байділдаевтың «Көңілді би»шығармасымен балаларды қарсы алады, жүреді, әртүрлі ырғақты қимылдарды жасап үйретеді.

-Балалар, біз өткен жолы «күзгі орманға» барып, әртүрлі аңдарды көрдік.

Ал бұл жолы біз «Бақша сыйын» тамашалаймыз.

«Жеміс бағында» дейтін әдемі өлеңді суреттен оқып көруге шақырамын.

-Балалар, жемістер қай кезде піседі?

-Қандай жемістерді білесіңдер?

(балаларға суретті көрсетеді).

Балалар амандасу жаттығуын қосылып әндете айтуға тырысады.

Қимылдарды қайталап, айтуға тырысады.

Балалар ертегілер еліндегі ойнағандарын естеріне түсіреді.

 

 

 

Жемістер жазда, күзде піседі.

Алма, алмұрт, жүзім, өрік, сары өрік.

 

Музыка тыңдау:«Жеміс бағында »

( Ж.Қалжанова ) өлеңін «Айгөлек» әнін салып айтады.

Балалар тыңдайды.

Ұйымдастырушылық- ізденістік

Екінші рет суретке қарап, әнді балаларға қайталап айтуды ұсынады.

Енді «Бұл қай кезде болады? Күз» әнін ( Б. Ерзакович, Ш.Ахметов ) есімізге түсірейік.

 

Дидактикаклық ойын: «Қоңыраулардың дыбысын ажырат».

Тыңдату.

-Айтыңдаршы, балалар, қандай дыбыс естідіңдер?

Балалаларға берілген текше арқылы қоңыраудың түрін, дыбысын ажыратуды түсіндіреді. Ән үйрнеу: «Жаңбыр»

( Ә.Телғрзиев, Қ.Мүсірепов ).

 

Би :«Аңдар» биі ( Бизенің «Кармен» шығармасына қойылған ).

«Кел билейік»

( Б.Байқадамов ) биін қайталап айту.

 

Суретке қарап, көрсетіп айтуға талпынады.

 

Балалар өткен әнді тыңдап, есіне түсіруге тырысады.

 

 

Балалар берілген дыбыстарды тыңдап, ажыратуға тырысады.

Жіңішке – кішкентай қоңырау, орташа-орташалау қоңырау, жуан дыбыс-үлкен қоңырау .

Балалар әнді тыңдап, айтуға тырысады.

Балалар қасқырмен қояндар қимылын жасауға талпынады.

 

 

 

Балалар ойынға қатысып, жемістердің атын айтуға тырысады.

Рефлексиялық-түзетушілік

Ойын: «Саусақ  сезімін оят».

Дорбаның ішіне: алма, алмұрт, қара өрік, сары өрік салып қояды. Балалар қарамай, қолмен ұстап сезіну арқылы қандай жеміс екенін табуы керек.

-Балалар, бүгін қай мезгілге арналған әнді айттыңдар?

-Қандай ойын ойнадыңдар?

-Сендер өте жақсы қатыстыңдар.

-Сау болыңдар?

Балалар ойынға қатысып,жемістердің атын айтуға тырысады.

 

Күз мезгілінің әні

 

Қоңыраулардың дыбысын ажыратуды

Балалар қоштасып, шығып кетеді.